Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Нұқайұлы Т.

ШҚОММ; қ.1330, т.1, 86 сақт.бірл, 1960-2003 ж.ж.

Нұқайұлы Тұрғазы (27.06.1937 ж. – 2001 ж.) - белгілі ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Шығыс газеті редакторының бірінші орынбасары, өлкетанушы.

Нұқайұлының шығармашылық кұжаттары: әңгімелер, очерктер «Қарт ана әңгімесі» (2000), «Ата көрген оқ жанар»,  «Елімнің алтан алқасы», «Үш кездесу», «Әке мен бала», «Балықшы», «Ана» (2000), «Ақынның оралуы», «Әзіл-шыны аралас», «Менің майдангер командирім»; бағдарлама «Оқу жылы барысында 10 және 11 сыныптарында өткізілетін «Қазақ журналистикасы, оның тарихы және баспасөздің жанрлары» курсының бағдарламасы» (1998); аударма «Көңіл-күй өрнектері»; кітаптар – «Ұлы даланың ұлымын» (1995), «Жарқыраған қос жұлдыз» (1999); өлендер (1961-1997), мақклалар (1990-1998). 

Т.Нұкайұлының өмірбаяндык кұжаттары: жеке басының кұжаттары – дипломның көшірмесі, кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс қағаздары, өмірбаяны, өндірістік мінездемелер, өндірістік бұ»рықтардың көшірмелері (1960-1997); мерейтой кұжаттары – салтанатты мәжілістерге, мерейтой кештерге шақырған шақыру билеттері, туған күндерімен және басқа мерекелерімен кұттықтаған открыткалар, «Қазақ әдебиеті», «Дидар» газеттінде жарияланған кұттықтаулар, «Жарқыраңан қос жүлдыз», кітабының түсау кесеріне билеті енгізілді (1898-1999).

Нұқайұлының бейнелеу құжаттары: жанұясының, туыстарының ортасында, демалыс сәттерінде және жеке түскен фотосуреттері, Қанай мектебінде ұстаздық еткен сәттерінде оқушылармен түскен фотосуреті, қоғамдық жұмыстар барысын дағы фотосуреттері, әлемге әйгілі ғалым Алтай Сәрсенұлы Аманжоловпен түскен фотосуреті енгізілді. Тағы да бұл бөлімге Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің қызметкерлерінің ұжымдық фотосуреттері және Т.Нұқайұлының әріптестерімен газет редакциясында қонақта болған Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, Халифа Алтаймен, М.Чистяковпен және Ә.Нұршаиховпен түскен фотосуреттері енгізілді. Оның тілшілік қызметінде пайдаланған фотосуреттерінен Шығыс Қазақстан облысындағы белгілі адамдардың фотосуреттері алынып бөлек бір іске біріктірілді (1960-1996).

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru