Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Байдельдинов В. Н.

ШҚОММ: қ.1466, т.1, 78 сақт.бірл., 1951, 1956-1957, 1960, 1963-1964, 1967-1969, 1970, 1974-1975, 1978-1979, 1980-1987, 1990-2000, 2002-2008, 2010 ж.ж.

Байдельдинов Валиахмет Нұрахметұлы (1932 ж.) - Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі,  ССР ағарту ісінің үздігі (1980), Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері (2002), еңбек ардагері, Өскемен қаласының құрметті азаматы.

В.Н.Байдельдиновтің шығармашылық құжаттары: кітап - «Ақ ордасы білімнің» (2002); мақалалар (1990-1995).

В.Н.Байдельдиновтың өмірбаяндық құжаттары: аттестаты, комсомолдық билеті, еңбек кітапшасы, «Тың жерлерді игергені үшін» медалінің куәлігі, кәсіподақ билеттері, Халық ағарту ісінің озық қызметкерінің куәлігі, «Владимир Ильич Ленинің 100 жыл толуына арналған ерен еңбегі үшін» мерекелік медалінің куәлігі, 1973, 1974, 1979 жылдардағы Социалистік жарыстың жеңімпазы белгісінің куәлігі, депутаттық билеті және куәлігі, республиканың білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін берілген құрмет грамоталары: Қазақ ССР оқу министрлігінен, Қазақ ССР физкультура және спорт жөніндегі мемлекеттік комитетінен, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінен, Облыстық Совет атқару комитетінен, «Отан» республикалық саяси партиясынан, санитарлық қоғам инспекторының куәлігі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімінің куәлігі, «Еңбек ардагері» медалінің куәлігі, ССР ағарту ісінің үздігі белгісінің куәлігі, Еңбек Қызыл Ту орденінің орден кітапшасы, жұбайы Байдельдинова Тенгебике Успановнаның құжаты (бұйрық), қоғамдық саяси өмір мен қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін және кәсіподақ жұмысына көп жыл белсене қатысқаны үшін берілген алғыс хаттар: Өскемен қаласының әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының корпорациясынан, «Отан» республикалық саяси партиясынан, «Қазақстан спортына сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісінің куәлігі, Өскемен қаласының құрметті азаматы атағының куәлігі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісінің куәлігі, «Тыңға 50 жыл» және «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерейтойлық медальдарының куәліктері, Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидат Н.Ә.Назарбаев сенім білдірілген куәлігі және сайлау жұмысының жоспары, «Белсенді қызметі үшін» омырау білгісінің куәлігі, «Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін» мерекелік медалінің куәлігі, Шығыс Қазақстан халықтарының тарихи, мәдени және рухани мұрасын дамытуға қосқан үлесі үшін мараппатау куәлігі, өмірбаяны, анкетасы. Тұрақты сақтауға аталған құжаттардың түгел түп нұсқасы алынды.

В.Н.Байдельдинов туралы құжаттар: В.Н.Байдельдиновты Жамбыл атындағы мектеп-интернаттың директорлығына тағайындау туралы бұйрық, 1967 жылы сайланған Шығыс Қазақстан облыстық еңбекші депутаттар Кеңесінің депутатары және облыстық Кеңес депутатыққа кандидаттар тізімі, Ж.Игісінов. «Парасат», «Слово о коммунисте» мақалалары, авторы белгісіз Құрметті атақ, высокие награды Родины, звание почетного гражданина-учителю, В.Н. Байдельдиновке «Сиқырлы қазан» сайысына команданы дайындағаны үшін алғыс жариялау, Қ.Сапарғалиев «Уәлиахмет», А.Қасымов «Ұстаздың қырқыншы көктемі», Ғ.Байбатыров. «Жанам деген жүрекке алау жаққан», авторы белгісіз «Ұстаз Уәлиахмет Байделдинов» мақалалары, Жамбыл атындағы мектеп-интернаттың ұжымы Өскемен қаласының әкімі А.А. Лукинге, В.Н.Байдельдинов Өскемен қаласының құрметті азаматы атағына ұсыныс, А.Намазбаев «Бір орында-30 жыл», Геннадий Пуссеп «В новый век вошли вместе», Қоғабаев Т.К. Өскемен қаласының Ақсақалдар қоғамының төрағасы, арнайы зейнеткер В.Н.Байдельдинов атқарылған жұмысы туралы ақпарат, сазгер Б.Әшірбаев «Ұстазға» әні енгізілді. Мақалалар «Коммунизм туы», «Дидар», «Рудный Алтай», «Ғажайып түн», «Учитель Казахстана» газеттерінде жарық көрді.

В.Н.Байдельдиновтың өзін қызықтырған мәселелер бойынша        жинақтаған құжаттары: Спектакльдер, концерттер, кинолар, көрмелер, спорт анықтағышы, Р.Сағымбеков, О.Малдыбаев «Ақжар-Москва» кітабы, Қ.Жаманбаев. «Өнеге Ордасы», «Шапағат», Н.Наволокин «Ровесница Республики» мақалалары, «Мектеп-интернатқа-60 жыл» фотоочергі, Қ.Орынтаев. «Біз өткен жол», А.Доценко. «В школе юбилей» мақалалары, Жамбыл атындағы мектеп-интернатына қатысты құжаттары (Өскемен қаласы әкімі шешімінен үзінді, өкім, анықтама, Жамбыл атындағы мектеп тарихынан деректер), Абай әлемі шақырады» Жамбыл атындағы гимназия-интернатта өткен мәслихаттан,  Ғ.Хамзина. «Тәрбие-түсініктен», «Гимназии-интернату им.Джамбула 75 лет» мақалалары, А.Қасымов. «Білімнің ақ ордасы Шығыстағы», Б.Сейтен. «Ұрпақ тәрбиесінде-ел болашағы», С.Жансаров «Ақсақалдар батасы қабыл болсын», Ә.Қадылбекұлы «Ардагерлермен кездесу», В.Никифоров «Напутствие ветеранов», О.Малдыбаев «Ақжар-Москва», «На сцене Кремлевского театра» мақалалары, сөзі-Қ. Бітібаевнанікі, әні-Б. Әшірбаевтікі «Жамбыл мектебінің әні»,сөзі-Ғ. Байбатыровтікі, әні-С. Құрманғалиевтікі «Жамбыл мектебінің 80-жылдығына» әндер, Жамбыл атындағы мектеп-гимназия түлектерінің телефон нөмірлері және мекен-жайларының тізімі енгізілді. Бұл бөлімдегі мақалалар «Коммунизм туы», «Социалистік Қазақстан», «Рудный Алтай», «Дидар», «Метталург», «Егемен Қазақстан»  газеттерінің қиындылары.

В.Н.Байдельдиновтың бейнелеу құжаттары: В.Н.Байдельдинов Москва қаласындағы қызыл алаңда оқушылармен түскен, Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп-интернат 10 сыныптың 23-ші шығарылымы, Жамбыл атындағы мектеп- интернат жиналысында, Достық үйінде түскен, Өскемен қаласының құрметті азаматтарымен, В.Н.Байдельдиновтың жеке түскен, Байдельдинова Тенгебике Успановнаның (жұбайы), В.Н.Байдельдинов жұбайымен, туыстарының ортасында, мерейтой, Қазақстан Республикасының президентімен кездесуде, Шығыс Қазақстан облысының білім беру департаментінің бастығы С.Ферхомен, соғыс және еңбек ардагерлерінің ортасында, өнер және мәдениет қайраткерлерімен кездесу, өзі оқытқан оқушылармен суретке түскен фотосуреттері енгізілді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru