Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Қорлардың сипаттамасы

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде сақталған 1935-2011 жж. газеттер тізбесі 01.01.2018 жылдың жағдайына

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің қорлары 01.01.2018 жылдың жағдайына

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің партиялық қорлары 01.01.2018 жылдың жағдайына

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде, қалада Кеңес өкіметінің орнатылу кезеңін ашып көрсететін құжаттары сақталған: Өскемен уездік ревком, уездік атқару комитеті, уездік әскери комитеті, ерекше міндет жүктелген бөлімдері, уездік мекемелер.

Архивте, өнеркәсіптің даму тарихын көрсететін құжаттары бар қорлар ерекше құнды деп саналады, өйткені Шығыс Қазақстан – өркендеген тау кен қазу, металлургиялық, машина жасау салалары бар өңір. Бұл Шығыс Қазақстан Кеңес халық шаруашылық, Белогорский тау кен байыту, Ертіс полимтелл, Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары; арматуралық, машина жасау, конденсаторлық зауыттар, Өскемен «Гидростальконструкция» зауыты және құралдар зауыты қорлары. Біздің облысымызда сондай-ақ, жергілікті, жеңіл және азық-түлік салалары жақсы дамыған. Архивте, Өскемен жібек маталар комбинатының, «Рассвет» фабрикасының, Өскемен ет комбинатының, май зауытының, сүт комбинатының, «Өскемен нан өнімдері» акционерлік коғамының құжаттары және тағы басқа құжаттар сақталған. Шығыс Қазақстан жер қойнауының сарқылмас байлығына ие болған өңір. Шығыс Қазақстан геологиялық басқармасы және оның экспедицияларының қорында пайдалы қазбалар, ізденіс жұмыстардың әдістері, Шығыс Қазақстан облысының геологиялық сипаттамалар туралы бай материалдар бар. Рудный Алтайдың басқа бір ерекшелігі – бай энергетикалық ресурстар. Облыстың архивінің сақтауында «Алтайэнерго» аудандық басқарманың, Өскемен СЭС, Ертістегі «Иртышгэсстрой» суэлектр станциялардың құрылыс басқармасының қорлары сақталуда.

Архив қорлары Шығыс Қазақстан облыстық Халық депуттар кеңесі және оның атқару комитетінің, Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының әкімдер аппаратының, Өскемен қалалық Халық депуттар кеңесі және оның атқару комитетінің, Шығыс Қазақстан облыстық және қалалық маслихаттардың, аудандық атқару комитеттері мен аудан әкімдерінің құжаттары сақталған, сонымен қатар Шығыс Қазақстан обком партиясының, Шығыс Қазақстан обком комсомолының, қалалық және аудандық комитеттер партиясының, комсомолдың, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, тұрғын-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік мүлкі, салық салу, экономика және қаржы мекемелерінің құжаттары да сақталған. Ауыл шаруашылықтың даму тарихын облыстық және аудандық ауыл шаруашылық мекемелерінің қорлары бейнелейді.

Шығыс Қазақстан – еліміздің өнеркәсіптік орман сілемдері бар облыстарының бірі. Сондықтан облыстық орман шаруашылық басқармасының, орман шаруашылығының, ағаш дайындайтын және ағаш өңдейтін «Казлес» трестінің қорлары үлкен қызығушылық танытады.

Өнеркәсіптік, тұрғын, мәдени-тұрмыс құрылысы туралы құрылыс тресттер, құрылыс-монтаждық басқармалардың құжаттары, ең ірілері «Алтайсвинецстрой» және «Ертіс құрылыс басқармасы», бейнелейді.

Ғылыми және жобалық-құрылымдау мекемелерінің қорларында тек басқарма құжаттарынан басқа, ғылыми-техникалық құжаттары да бар. Бұл Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу түсті металлдар институтының «ВНИИцветмет», «Казгипроцветмет» мемлекеттік жобалық институтының, «Казгипроводхоз» су шаруашылығы құрылысын жобалау бойынша мемлекеттік институты «Құрмет Белгісі» Қазақ Орденінің Өскемен филиалының, «Керамика» зауытының, «Ертіс химия-металлургиялық зауыты» ААҚ, «Востокгражданпроект» тұрғын-азаматтық құрылыс жобаларын жобалау бойынша мемлекеттік жобалау институтының, «Белогорский тау кен байыту комбинаты» ашық түрдегі мемлекеттік акционерлік қоғамының қорлары және тағы басқалар.

Шығыс Қазақстан тарихы бойынша құжаттар жинақтамалары, «Шығыс Қазақстан облысында тың және тыңайған жерлерді игеру», «Шығыс Қазақстанда партизан қозғалысы», Шығыс Қазақстан облысының шаруашылықтарды жерге орналастыру бойынша құжаттар жинағы, Шығыс Қазақстан облысында спорт даму тарихы бойынша жинақтар, «Коммунисттік еңбек үшін қозғалыс», «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында 1941-1945жж.», соғыс және еңбек ардагерлердің еске алулары, өңір тарихы бойынша шетел архивтерінде және ғылыми мекемелерінде айқындалған құжаттар жинағы белгілі бір қызығушылық танытады және тағы басқалар.

Біздің өңір белгілі ғалымдармен, ғылым, мәдениет және өнер қайраткерелерімен, жазушыларымен, қоғамдық және саяси қайраткерелерімен танымал. Олардың құжаттары үлкен бір тарихи және ғылыми-тәжірибелік маңыздылық құрайды.

Облыстың архивінде 70-тен аса жеке текті қорлар сақтауда.

Қор құраушылардың арасында:
- Бердус И.В. – Қазақ КСР еңбегі сіңңірген энергетигі, Лениногорск СЭС каскадының директоры;

- Волков А.М. – белгілі жазушы, ғалым, педагог;
- Герасимов Б.Г. – белгілі өлкетанушы, ғалым, Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің құрылтайшысы;
- Коншин Н.Я. – саяси жер аударылған-народоволец, өлкетанушы, Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің құрылтайшысы;
- Котов И.И. – Ленин сый лауреаты, механик-өнертапқыш;
- Кузнецов П.Н. – жазушы-журналист, қазақ ақыны Жамбыл шығармаларының аудармашысы;
- Панкратьевтер – белгілі бақшашылар, өлкетанушылар;
- Пахотина Н.С. – медицина ғылымының докторы;
- Аманжолов С.А. – филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, әйгілі тілші-тюрколог;
- Малдыбаев У.Б. – облыстық мәдениет басқармасының басшысы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы;
- Петровский Н.А. – дарынды ғалым, Орыс жеке есімдер сөздігінің авторы;
- Жаманбаев К.К. – Қазақ КСР еңбегі сіңірген оқытушысы;
- Черных С.Е. – КСРО архив ісінің үздігі, жазушы, өлкетанушы, Қазақ КСР еңбегі сіңірген мәдениет қызметкері;
- Егорина А.В. – география ғылымының докторы, профессор;
- Рыбаков В.А. – орыс тектерін жинаушы;
- Тихоновская П.С. – халық ағартудың үздігі;
- Белослюдовтар – ғалымдар, өлкетанушылар;
- Бокей О. – жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сый лауреаты;
- Горохов М.В. – өлкетанушы, «Приртышский коммунар» және «Омская правда» газеттерінің фотокорреспонденті;
- Кагарманова М.М. – Өскемен қ. татар диаспорасының өкілі;
- Мурыгин В.Е., Рахвалов Н.С. – Шығыс Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуда күрестің қатысушысы;
- Сакабаев К. – журналист, жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі;
- Турлыбаев Е.К. – Қазақ КСР халық ағартудың үздігі, журналист;
- Увалиев Ю.К. – педагог, ғалым, ШҚМУ Құрметті профессоры;
- Алексеенко Н. В. – педагог, тарихы ғылымының докторы, профессор, Өскемен қ. Құрметті азаматы;
- Яунродзинь Я. Я. – «Ударник колхозных полей» Украина МТС Саяси бөлімі және Киров партияның аудандық комитеті мен «Прииртышский коммунар» аудандық атқару комитеті газеттерінің редакторы;
- Поповтар – география ғылымының кандидаттары, педагогтар;
- Мусин М. Ш. – КСРО Журналисттер одағының мүшесі, «Восток» әдеби-көркем журналының бас редакторы, «Свобода» халықаралық радио корреспонденті, Ұлы Отан соғысының қатысушысы;
- Тұрғазы Нукайұлы – ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дидар» газетінің редакторының бірінші орынбасары, өлкетанушы;
- Ғабдулин Серік Габдуллаұлы – ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мушесі, «Қазақ тілі» қоғамының тұнғыш басшысы, «Ақ Ертіс» республикалық әдеби журналының бас редакторы;
- Пуссеп Г. Н. – «Мой город» қоғамдық қорының директоры, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының және Шығыс Қазақстан облысының көркемөнер зиялылар қауымдастығының мүшесі;
- Жангозин Ж. Ч. – Ұлан аудандық «Ұлан таңы» - «Уланские зори» газеттерінің директоры, бас редакторы, КСРО Журналисттер одағының, Қазақстан Республикасы Журналисттер одағының мүшесі, ақпараттық саласының үздігі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Ұлан ауданының Құрметті азаматы және тағы басқалар.

Облыстың мемлекеттік архивінде сақтаудағы жеке қорларының құжаттары көрнекті қайнар көзі болып, көрмелер дайындағанда, мектеп сабақтарын, дәрістерді, шығармашылық кештерді өткізгенде, деректі фильм жасағанда пайдаланылады.

Архивте қағаз негізіндегі құжаттар ғана емес, сонымен қатар аудиовизуалды құжаттар да сақталған. Олардың саны 7839 с.б. жетеді. Олар, Өскеменнің революцияға дейінгі және қазіргі кезеңгі төңіректерінің сүреттері, атақты тұлғалардың фотосуреттері, қаламыз бен облысымызда болған атаулы оқиғалардың фотосуреттері мен бейнефильмдері, фонограммалар, кинофильмдер және тағы басқалар.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде 01.01.2020 жылдың жағдайына 1 005 қор – 610 492 с.б. сақтауда.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru