Какой раздел сайта для Вас наиболее интересен?

Научно-методическая база
Личные фонды
Сборники документов
Публицистика
История края
Базы данных
Фотогалерея
Архив опросов

«Мәңгілік естелік»

«Мәңгілік естелік»

(Еңбек ардагері, 1987-1993жж. Лениногор полиметалл комбинатының Жөндеу-механикалық жүйесінің ардагерлер Кеңесі төрағасы Попов Алексей Васильевичтың 90-жылдығына арналады) 

«Әрбір пенденнің өмірінде, әсіресе қартайған шағында, өткен өмірін сараптап, қиын әрі табысты жылдарын еске алу кездері туады. Әрбір адамның өмірі, адамдар сияқты әр түрлі – әркімнің өз тұсы, мінезі, бағыты мен әдеті, өз кәсібі бар...». 

Попов Алексей Васильевич – өзі жұмыс атқарған Лениногор полиметалл комбинаты және де 30 жылдан астам бірге жұмыс жасаған адамдармен өндірістің тарихи құндылықтарының сақталуына ерекше назар бөлетін жан еді, 1987-1993жж. ЖМЖ ардагерлер Кеңесінің төрағасы, 2018 жылдың 22 наурызында ғажайып жан 90 жасқа толушы еді.

Попов А.В. алғашқы кездесу, ол жұмыс істеген өнеркәсіп құжаттарын 2007 жылы жазда әкелгенде болды, ал 2008 жылы Шығыс-Қазақстан облысы «Мемлекеттік архив» Лениногор филиалына (қазіргі Шығыс-Қазақстан мәдениет, архив және құжатнама басқармасы КММ «Мемлекеттік архив» Риддер филиалы) жеке архивындағы көптеген құжаттарды сақтауға өткізді. 1932-2008жж. Арасындағы 100 құжаттардан 15 іс құрылып, № 4 қордың № 53 «Лениногор-Риддер қ. жеке шығуы бойынша құжаттар коллекциясы» тізімдемесін құрады. Алексей Васильевичпен кездесулер, оның сақтауға тапсырған құжаттары, осы мақаланы жарыққы шығаруға көмектесті.

Алексей Васильевич 1925 жылы 20 наурызда Алтай өңірінің Усть-Пританский аудынында, көпбалалы шаруа үйінде дүниеге келген. Әкесі, Василий Степанович, азаматтық соғысқа қатысқан, 42-ші Брест атқыштар полкінде шайқасқан. Ұлы Отан соғысы кезінде Барнауыл ЖЭС-іне еңбек әскеріне шақырылады. Анасы, Мавра Семёновна, ұрпақты шаруа әйелі. Оның мойнында соғыстың бар зардабы мен балаларды тәрбиелеу болды. Соғыс туралы қатаң естеліктерін Алексей Васильевич 1985 жылы  «Авангард» газетіне шыққан (Усть-Пристан ауылы) «Тыл жұмысшылары» мақаласында бейнелеген: «Коробейниково ауылының тұрғындары да сыртта қалған жоқ, керісінше олар қолынан келгенше көмектесті. Қорғау қорларына өз жиған-тергенін беріп, сәлемдемелер жіберіп, фронтовиктерге жылы киім-кешек, халықтан жиналған жүгері, «қорғау гектарлары» жоспарын жүзеге асырып, пионерлер мен оқушылар металл сынықтарын жинады. Барлық ауыл мектептерінде оқушыларға картоп отырғызу тапсырмалары берілді. Қолмен қазылған егістіктерден, күзде картоп жинап фронт қажеттіліктеріне жіберген.

Өз отбасымның өмірінен мысал келтіре кетсем. Отбасым 6 адамнан тұрды, олардың үшеуі ғана жұмысқа жарамды болды: анам, әпкем және мен. Жылына бізде 1000 еңбек күні болды, оны есептеу жылына бөлгенде 64 кг жүгері алдық, оның 32 кг қорғау қорына өткіздік. Біздің отбасымыз ғана емес, барлығы осылай жасайтын, олар Туған жері үшін осының бәріне төзді. Халық аш болды. Алайда, біздің үстімізде оқтар ұшып, снаряд пен бомбалар жарылып, соғыстың оты өртенген жоқ. Біз ашыққан Ленинград және фронт жағдайы туралы білдік...»

Соғыс туралы естеліктер оның – «Колхоз егістіктерінде» өлең-поэмасының негізіне алынған. Бұл оның шумақтарынан:  

        Я пред землёй отцов в долгу,
          Хотя и жил в труде, без лени.

         На склоне лет я не могу
       Не стать пред нею на колени.
Отцовской школой назову,
Что не воспитан с детства негой:
Подпаском был, косил траву
И спал на пашне под телегой…        

Жетіжылдық мерзімнен кейін Алексей Тельман атындағы колхозда жұмыс атқарды.  1949 жылы Кеңес Әскерінің қатарына шақырылып, Қиыр Шығысқа қызмет етуге жіберіледі. Қызметтік борышты бірге өтеген жолдастарымен бірге аңызға айналған Порт-Артур бекінісінде болып қайтқан. Бас командирлер мектебінде оқып жүріп, Кеңес Одағының Коммунистік партиясы қатарына қосылады. Оқуын аяқтағаннан кейін, бірінші шайқас командирі және өртке қарсы взвод командирінің орынбасары болып тағайындалады. Бөлімше иелігінде фашистерді жойған БМ-31-12 орнатқыштары, ал бейбіт күндері соғыс атқыштарын аңызға айналған М-13 «Катюша» орнатқыштарында өткізген. Бөлімшеге еңбегі ереңдей сіңген Попов Алексей шайқас пен саяси дайындықтағы табысы үшін көптеген мадақ грамоталарымен марапатталған. 1952 жылдың наурызында Попов Алексейдың ата-анасы, Василий Иванович пен Мавра Семёновнаға Ә/Б ПП 34505 командирының қолымен, олардың ұлдары – шайқас пен саяси дайындықтың үздігі  деп танылып, алғыс хаты жіберілген.

1952 жылы демаобилизациядан кейін Алексей Васильевич туған ауылына қайта оралады. 1953 жылдың қаңтарында жас жігіт Лениногор қаласына Михин Лаврентий Степанович деген ағасына қонаққа келіп, осы қалада қалады.

10 ақпанда шоғырландыру фабрикасына электрик болып жұмысқа орналасады. 1959 жылы Лениногор тау – металлургиялық техникумын аяқтайды. Жұмыстағы табысы үшін, 1959 жылы қазан айында Қазақ КСР делегациясының құрамында ұлттық шаруашылық жетістіктер Көрмесіне жіберіледі. 1960 жылы қарашада Лениногор полиметалл комбинатының Жөндеу-механикалық жүйесіне (қазіргі Казцинкмаш ЖШС) болат цехына электрик ретінде ауысып, онда 25 жыл жыл жұмыс атқарады.

1983 жылы қазан айынан бастап, Попов Алексей Васильевич зейнетке шыққанына қарамастан, термопластавтоматтар баптау мен қызмет көрсету сандық бағдарламалық қамту (СБҚ) бюросында жұмыс жасайды. 1990 жылы 25 сәуірде полимер өнімдерін шығару бойынша Одессадан түскен ДП-3140 жартылай автоматы шығарылады. 1993 жылы шілдеде бас энергетиктың орныбасары болып, ИСТ индукциялық пеш орнату монтаждау жұмыстарын басқарған, 1995 жылы ЖМЖ бас энергетигі ретінде ауыстырылған. Оның есебінде, электр эенргиясын үнемдеу мен өндіріс технологиясын дамыту бойынша 30 рационалды ұсыныстар бар.

Осы жылдар бойынша ол «Фронтқа және тылға - мехцех кенбасқару» (Вечерка газеті 07.05.2010ж.), ҰОС ардагері Перов В.П. туралы «Осындай адам өмір сүрген» (Лениногорская правда газеті 2007ж. 13 сәуірінен), Ұлы Отан соғысының 65-жылдық мерейтойына арналған «Казцинкмаш ЖШС Ұлы Отан соғысы ардагерлері» кітабы (2010ж.)  басшылар, жұмысшылар – Ұлы Отан соғысы ардагерлері 1941-1945жж. туралы жазады. Попов Алексей Васильевич Охриенко А.В.-мен Бухмейер В.В. басшылығымен  жазылған «Даму жолы» тарихи очеркін жалғастырды, Раченков А.Н. мен Хасанова Г.С. аса қолдауымен «Істер және адамдар» кітабын жазды (2007ж.).

Попов Алексей Васильевич тек жауапты өндіріскер, қоғамдық белсенді ғана емес, сонымен бірге сүйікті жар, әке және ата болған. Өмірінің әрбір жолын біздің филиалда сақталатын «Өмір және еңбек» кітабында айқын жазған.

Попов А.В. жинаған құжаттары зерттеушілерге жергілікті тарихи қызығушылық танытады, Лениногор полиметалл комбинатының Жөндеу-механикалық жүйесінің құрылуы мен дамуына қатысты, Ұлы Отан соғысы жылдары 1941-1945жж. фронт және тылды құраған, соғыстан кейінгі жылдары өндірісті көтерген адамдар туралы  нақты ақпараттары болғандықтан, олардың тарихи құндылығы зор.

1996 жылы 23 қыркүйекте инженер-техникалық жұмысшылар ұжымы диспетчерлік отырысында Алексей Васильевичті еңбегі сіңген демалысына шығарып салды. Жылы сөдер мен тілектердің арасынан біраз мысал келтірсек:     

                                            Құрметті Алексей Васильевич!
За годом год, за часом час
Бегут недели, дни у нас
И непрерывный круг забот
Нас мчит без устали вперед.
         Часы не замедляют бег –
         Жизнь превращается в разбег
         И остановок нет в пути
          И дел так много впереди.
Пусть легким бременем ложатся
Уже прожитые года,
Не стоит, право, огорчаться,
Что все уходит в никуда,
Ведь след и зримый, и незримый
Но остается позади
За нами следуя безмолвно
Подобно багажу в пути.
         Всего важнее жизнь любить
         И помнить тех, кто был и есть
         И всех их в памяти беречь.
         И Рембазе помнить нужно
         Как мы с Вами жили дружно,
         Сколько знаний и труда
         Вами отдано сюда.
         Все мы дружно подтверждаем,
         Что о Вас не забываем…        

Лениногор полимтеалл комбинатында көпжылғы әрі кіршіксіз еңбегі, Жөндеу-механикалық жүйесі ұжымының қоғамдық өмірінде белсенді еңбегі үшін Попов алексей Васильевич Ленин В.И. туғанына 100-жыл мерейтойлық медальдарымен, Еңбек фронтының қатысушысына, Еңбек ардагері медальімен, 1977 социалистік жарыстың жеңімпазы белгілерімен, мадақ грамоталарымен марапатталған.

«... Әрбір пенденнің өмірінде, әсіресе қартайған шағында, өткен өмірін сраптап, қиын әрі табысты жылдарын еске алу кездері туады. Әрбір адамның өмірі, адамдар сияқты әр түрлі – әркімнің өз тұсы, мінезі, бағыты мен әдеті, өз кәсібі бар...». «Адамдар үшін өмір сүру – кез келген адамның қолынан келмейді». Және Попов А.В. осындай адамдардың қатарынан еді.

Өмір уақыты қайтарымсыз кетіп бара жатқандығын сезген, Алексей Васильевич 2007 жылы ұрпақтарына мұра ретінде «Өмір туралы» өлеңін шығарған:

                                                          Как хочу я гордиться тобой,
         Несравненной твоей красотой.
         Любоваться простором морей,
         Широтой необъятных полей.
Припаду я к тебе до земли.
Как дитя к материнской груди.
Обниму тебя, нежно любя,
Пресвятая Отчизна моя!
         Хочу в стихах моих остаться
         Я вместе с вами навсегда.
          В минуты радости и счастья
         И в час, когда придёт беда.
Придёт – я разведу руками,
Небесной тучкой обернусь
И благодатными дождями
На землю грешную прольюсь.
         Дерзайте, радуйтесь, любите,
         Старайтесь не упасть на дно.
         Своею жизнью дорожите,
         Ведь дважды жить не суждено. 

Алексей Васильевичтің өмірден озғанына міне, үш жыл өтті, алайда ол туралы естелік оның істерінде, туғандарында және, онымен жұмыс істеуді бұйырған адамдарда, сонымен қатар, мәңгілік сақтау – құжаттарында өмір сүреді. 

ШҚО мәдениет, архив және құжатнама басқармасы
«Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалы архивисті Давыдова Галина

 
070004, РК, Восточно-Казахстанская область г. Усть-Каменогорск, ул. Головкова, 26/1
Администратор сайта: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru