Өрт сөндіргіш құралдарын қолдану бойынша практикалық сабақ
Өрт - кенеттен пайда болатын ең көп таралған төтенше жағдай. Бұл тек материалдық зиянмен ғана емес, сонымен бірге өмір мен денсаулыққа да қауіп төндіреді. Бұл жағдайда оған алдын-ала дайындалу маңызды.
2022 жылғы 27 мамырда "Хамир" өзенінің жағасындағы ашық алаңда Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалының қызметкерлеріне практикалық сабақ ұйымдастырылды. Тәжірибе барысында өрт қауіпсіздігі жөніндегі техник Владимир Иванович Сидоркин, қызметкерлерге өрт ошағын ұнтақты және көмір қышқылды өрт сөндіргіштермен сөндіру туралы түсіндірді.
Өрт сөндіргіштер– көбік, ұнтақ, СО2 өрт жағдайына байланысты қолданылады. Қол ұнтақты өрт сөндіргіштерді іске қосу үшін өрт сөндіргішті өрт ошағына апарып, оны сілку, сынаны тартып алып, кенет тетікті қысып қолмен басу қажет. ал ұнтақ ағынының берілуін тоқтату үшін тіректі босатып, инені орнына салу жеткілікті. Ұнтақ ағынын жалынға емес, жанып тұрған бетке бағытталуы керек. Көмірқышқылды өрт сөндіргіштерді іске қосу үшін қызметкер: өрт сөндіргішті өрт ошағына апарып, пломбаны жұлып алуы керек, өрт ошағына қауіпсіз қашықтыққа жақындап және тетікті басуы қажет. Тұтқыш көмірқышқыл газын беруді тоқтатуға мүмкіндік береді.
Маңызды!!! Өртті көбікті немесе көмірқышқылды өрт сөндіргіштерінің көмегімен сөндіргенде ғимаратты токтан ажырату қажет. Әрқашан сөндірілген оттың қайтадан жанбауын қадағалау керек (ешқашан отқа артпен бұрылып тұрмаңыз).