Саяси қуғын-сүргін құрбандары
Біз тек бізде сақталған құжаттарға ғана емес, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған, өмір салттарын бұзып, еріксіз тағдырлары адасқан адамдардың, сол алыс жылдардағы оқиғаларының еріксіз қатысушыларына жүгінеміз. Бұл куәгерлер өздерінің әкелері мен аталары өз қоғамында адасқан кездерін естеріне алады.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі өңірлік комиссияның басшысы А.А. Әубәкіров пен Алтай филиалының қызметкерлері Р.Ж. Оңғарбаева мен Ф.Н. Тіленчинова департацияланған Беллон Людмила Карловнада қонақта болды. Кездесу барысында Людмила қандай қиындықтардан өткенін, әкесі 1937 жылы тұтқындалып, 1938 жылы түрмеде қайтыс болғанын еске алды. Көптеген ескі қолжазбалар мен фотосуреттерді көрсетті. Анасының көзі тірісінде, олар өмір сүрген үйлерін, шыққан ата-тегін, туыстарының басынан өткен оқиғалырын дәптер бетіне түсіріп отырған. Әңгіме барысында Алдияр Ақылбекұлы қуғын-сүргінге ұшырағандардың көбісі біздің кейіпкеріміз сияқты өте сауатты және еңбекқор болғанын атап өтті. Людмила Карловна Семей қаласында жоғары білім алды, көп жыл мектепте жұмыс істеді, ал соңғы жылдары мектеп директоры болды. Ол еліміздегі өскелең ұрпақтың білім алуына үлкен үлес қосты. Өзінің жасына қарамастан, 93 жастағы Людмила Карлова күш пен қуатқа толы.