Әлемнің азаматы
Жазушы Георгий Дмитриевич Гребенщиковтың
туғанына 140 жыл толуына орай
(1922-2010)
Шығыс Қазақстанның тумасы Георгий Дмитриевич Гребенщиков ХХ ғасырдағы орыс эмиграциясының көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі: филология ғылымының құрметті докторы, американдық колледждері бірінің профессоры, Испания, Мексика ғылым және өнер Академиясының құрметті докторы, әлемнің көптеген елдеріндегі әдеби сыйлықтарының иегері, жүзден астам романдар, әңгімелер, новеллалардың авторы.
Георгий Дмитриевич Гребенщиков 1882 жылы 24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Николаев кенішінің жанындағы Каменка ауылында тау-кен жұмысшысының көп балалы отбасында дүниеге келген. 1894 жылы Георгий, ауылдық бастауыш мектепті бітірместен, әкесімен бірге ағаш дайындаумен айналысты. 12 жасынан бастап Георгий ыдыс жуушы, фармацевт оқушысы, санитар болып жұмыс істей бастады. Ойткені Георгидің мектепке баруға мүмкіндігі болмады. Соған қарамастан әдебиетті, тарихты өз бетінше оқып, зерттеді. Семейдегі бейбітшілік судьясында хатшы және нотариуста хат жүргізуші болып жұмыс істеген кезде көп терең білім алды.
22 жасында (1904-1905жж.) "Семипалтинский листок" газетінде "крестьянин Г." деген псевдониммен өзінің алғашқы әңгімелерін, очерктерін, өлеңдерін басып шығара бастады. 1906 жылы оның ең жақсы шығармалары "Отголоски сибирских окраин" атты алғашқы кітабының жинағына кірді. 1909 жылы Гребенщиков Томск университетінің «Молодая Сибирь» журналында жауапты хатшы болып жұмыс істеді. Көрнекті ағартушы және қоғам қайраткері Григорий Потанин тәлімгері болып, оған Сібірге зерттеу сапарына баруға кеңес берді. Осы сапардың нәтижесінде "Река Уба и убинские люди", "Алтайская Русь" кітаптарына очерктер жазылды. Отыз жасында Георгий Гребенщиков "Батырбек хандығы" повесі, "Чураевы"романы сияқты елеулі туындылардың авторы болып табылады.
Большевиктік билікті қабылдамағандықтан, Гребенщиков 1920 жылы Ресейден шетелге кетіп қалады.
Шетелде өмір сүрген 45 жыл ішінде, ол 30 томға жуық көркем және публицистикалық шығармалар жазып, орыс және ағылшын тілдерінде көптеген өлеңдер, ондаған драмалар, әңгімелер, очерктер жариялады, 600-ге жуық дәріс оқыды. Г. Гребенщиковтың көптеген халықаралық марапаттары мен құрметті ғылыми дәрежелері бар.
Архивистер көп жылдар бойы жинаған Г.Д. Гребенщиковтың құжаттары облыстық архивтің жеке тектік құжаттар жинағына енгізілген.
Г. Д. Гребенщиковтың шығармашылығынатабынушылар сүйетіндер 1992 жылдан бастап Гребенщиковтың туындыларын оқылымдар өткізеді. Оған қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындарының оқытушылары, журналистер, архивистер, жазушының өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер, студенттер қатысады. Георгий Дмитриевич Гребенщиковтың құжаттары Қазақстан, Сібір тұрғындарының өмірін, салт-дәстүрін зерттеу үшін маңызды болып табылады.