Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Шығыс Қазақстан облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай

Шығыс Қазақстанның 20 ғасырдағы тарихы Ресей мен КСРО-дағы саяси-әлеуметтік оқиғалармен тығыз байланысты.

Шығыс Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы ХХ ғасырда үлкен өзгерістер мен қайта құруларды бастан өткерді: облыс аумағы бірнеше рет өзгеріп, әкімшілік бағыныстылықта өзгерістер пайда болып, елді мекендер қайта аталды, т.б.

1932 жылы 20 ақпанда Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен Қазақстанда облыстық бөлініс енгізілді. Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары жаңадан құрылды. Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып Семей қаласы белгіленіп, құрамына 21 аудан кіретін болды.

Семей 1939 жылдың 14 қазанына дейін облыс орталығы болып қала берді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен облыс орталығы Семей және Шығыс Қазақстан орталығы Өскемен болып екі облысқа бөлінді. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысының жаңа шекарасы екі есеге қысқарды.

Республикадағы әкімшілік-аумақтық бөліністерді оңтайландыру, сондай-ақ екі облыстың экономикалық әлеуетін біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен Семей облысы таратылып, оның аумағы Шығыс Қазақстан облысының құрамына еніп, орталығы Өскемен қаласы болып белгіленді.

Өңіріміздің даму тарихын зерделеу Семей мен Өскеменнің бір-бірімен тарихи байланысты екенін, көптеген онжылдықтар бойы Ресейге, Қытайға, Моңғолияға, Орталық Азияға сауда жолдарыда осы қалалар арқылы өткенін көрсетеді.

Шығыс Қазақстан – еліміздің ерекше аймағы. Бұл өнеркәсіп өндірісінің орталығы. Мұнда көмір, мыс, мырыш өнеркәсібінің кәсіпорындары бар. Облыс шикізатпен дүние жүзін қамтамасыз етеді.

Құнарлы Шығыс Қазақстан жері әлемге өмірі мен қызметі Ертіс жерінде өшпес ізін қалдырған көптеген әлемге танымал тұлғаларды сыйлады.

Мұнда әр жылдары Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Шәкәрім Құдайбердиев, Бибігүл Төлегенова, Қасым Қайсенов, Оралхан Бөкеев, Сәрсен Аманжолов және т.б. туып, өмір сүрген.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің сақтауында ұйымдардың басқару, ғылыми-техникалық және қоғамдық-саяси қызметі және өңірдің көрнекті тұлғалары туралы бірегей материалдары бар.

Архивтік сақтаудағы дереккөздерінің маңызды топтарының бірі – облыс тұрғындарының, яғни ғылым, мәдениет, спорт өкілдерінің, өлкенің дамуына үлес еткен әр түрлі кәсіптің көрнекті тұлғаларының өмірі мен қызметі туралы материалдары бар жеке текті құжаттар.

Орталық мемлекеттік архиві, Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві және оның филиалдары құжаттарының негізінде архивте «1920-2002 ж. Шығыс Қазақстанның әкімшілік аумақтық бөлінуінің тарихы бойынша анықтамалық» құрастырылған.

Өлке тарихына, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына қатысты осы және басқа да құжаттар ғалымдардың, өлкетанушылар мен студенттердің зерттеу жұмыстарына өте қажет.

Сізді аталған ақпарат қызықтырса ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архиві» КММ-ге хабарласуыңызға болады: 070004, Өскемен қ., Бейбітшілік көш., 26/1, тел. 255976, 254310.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru