Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Ғарышкерлер

1961 жылы 12 сәуірде қазақстан жерінен «Восток-1» кемесі бортта кеңес космонавтымен Юрий Гагаринмен ғарышқа аттанды, сол күннен бастап ғарыш кеңістігін игеру заманы басталды. Бүкіл әлем кеңес космонавттардың ұшуларынан көз алмай қадағалады, газеттер мен теледидар кеңес космонавтиканың кеңістері мен жетістіктерін жарықтандырып отырды. Бірақ бұқаралық ақпарат құралдары үнсіз қалдырған оқиғалар да болды.

«Союз 18/1» кеменің ұшуы 1975 05 сәуірде орын алды. Бортта Василий Лазарев пен Олег Макаров болды. «Іске қосылағннан кейін ракета-тасымалдаушының бірінші екі сатылар штаты түрде жұмысын атқарып шықты, бірақ үшінші үшінші ғарыштық – секундына 8 шақырымдай жылдамдығын қамтамасыз ететін сатының қозғалтқышы іске қосылмады. Сонда тарихта алғаш рет экипаждың апаттық құтқару жүйесі дабылы қосылды – АҚЖ. Бас қалқа жұлынып тасталды, кеменің бөліктері бөлініп кетті, және түсірілетін аппарат Жер бетіне 170 шақырым биіктігінен аппаттық түсуін бастады. Алғаш рет әлемдік космонавтика тарихында Василий Лазарев пен Олег Макаров кеңес космонавттары 1975 жылы 05 сәуірде «Союз 18/1» кемесінің түсірмелі капсуласында Жер бетіне оралған кезде 21,3 g критикалық  жүктемелігін бастан өткізді. Мысалы үшін, 19 g. Жүктемелігінде космонавттың дене салмағы 19 есе көбейеді – деп екі мәрте Кеңес Одағының батыры, ұшқыш космонавт Владмимр Аксенов өзінің «Дорогами испытаний» атты кітабында жазыпты.

«Союз» кеменің түсірмелі капсуласы Шығыс Қазақстан облысы Глубокий ауданының Карагужиха ауылының қиын қарлы жерінде Теремок-3 жарлы баурайында 1200 метрдей биіктікте, екі метр құрдымға дейін парашюттің бір стренгасымен үлкен ағашқа ілініп жерлепті. Космонавттар екінші рет өлімнен құтқарылды – тау құрдымына құлаудан.

Келесі таңда космонавттарды іздеумен басталды. Бірінші болып Өскеменнен МИ-4 азаматтық тікұшағы құлаған жерге ұшып шықты, бортта экипаждан басқа Шығыс Қазсқатн облыстық Қазақстан Компартиясы комитетінің бірінші хатшысы А. Протозанов пен облсытық атқарушы комитетінің төрағасы Садық Қойчубаев, әеу отрядының командиры Виктор Ткаченко, экипаджың өзі үш адамнан тұрған: командир Рудольф Дударов, екінші пилот – Валерий Ковбасюк, бортмеханик – Александр Шакиров. Олар бірінші болып космонавттарды тауып алды.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінда Шығыс Қазақстан облыстық Қазақстан Компартиясы комитетінің хатшысының А. Протозановтың КСРО Қорғау министріне Өскемен әуе отрядының командирын В. Ткаченконы, шапшандық пен тапқырлығы үшін үкіметтік марапатқа ұсыну туралы хаты сақтанған.

Облыстық мемлекеттік архивінің құжаттары біздің жерлестеріміздің батылдығы туралы мәліметтер сақтайды және Шығыс Қазақстанның белгісіз тарих беттері туралы мәлімдейді. Облыстың мемлекеттік архивінің құжаттары өзінің зерттеушілерін күтуде.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru