«Ақ Бауыр» табиғи және тарихи-археологиялық кешеніне сапар
«Рухани Жаңғыру» бағдарлама шегінде, туған өлкенің мәдениетін және тарихын зерттеу мақсатында, 2019 жылы 04 мамырда ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама бақармасының «Мемлекеттік архив» КММ ұжымы «Ақ Бауыр» неолит дәуірінің археологиялық кешеніне барып қайтты.
Неолит дәуіріне жататын ғаламшарымыздағы ең көне ескерткіштердің бірі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бестерек ауылының солтүстігінен 3 км жерде Ақбауыр тауының етегіне орналасқан.
Ақ Бауыр –қатал түрде батысқа бағытталған ашық аспанның астыдағы ғибадатхана, дүниеден қайтқан адам жарық өмірге бүкіл өмірін қайталап өткенде жерлеу салтын өткізу үшін арналған. Ол көп деген басқа Англия, Бретань, Кавказ, бергі Азия, Қазақстанның неолит ғибадатханаларын еске түсіреді.
Көп ғалымдар мен зерттеушілер Ақ бауырдың петроглифтарын оқуға өз ұсынтарын берді.
Е.В. Курдаков, көп уақыт бойы Өскемен қаласында жұмыс жасаған ақын, жазушы, суретші (оның құжаттары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивіне тапсырылған), ғибадатханада адамзаттың құтқарылу жолы бейнеленгендігі жайлы сендірген, ол жол мұз дәуірінен кейін оңтүстіктен солтүстікке қарай жылжып отырып аман қалу жерлерін іздестірген.
Ақ Бауыр астрономиялық кешені, 25 м жуық диаметрімен амфитеатрға ұқсайды, 2,5-4 м биік гранит жартастарды тағадай айнала қоршаған. Бірқилы сатылы орындықтары бар цирк шеңберіндей болып қалды. Әбден мүмкін, сол тасты «орындықтарда» ежелгі астроном-абыздардың әрекетін бақылап көрермендер көріп тамашалаған тәрізді.
Төбесі қуыс, іші конус тәріздес күркеге ұқсайтын үңгір, әсіресе, оның кіре берісіне қарсы суреттер салынған негізгі қабырғасы көп адам табынатын киелі орын болған. Тау бөктерінде 5-6 м биіктігінде орналасқан. Оның алдындағы алаңда үлкен діни жиындар, құрбандық шалу, т.б. рәсімдер өткізілген. Төбесінде және қабырғасында тас жазуының ережесімен қызыл охрамен салған ерекше жазулар бар: арба, бұқа, тау ешкі, адамдар мен тұрғын үйлері. Олар б.з.б. 3-мыңжылдықтың басына жатады.
Гроттың жартылай дөңгелек кеңістігін жүрек нысанды тесігімен тас плитасы жабады.
Осы уақытқа дейін 80 жуық суреттер сақталып қалған: адамның бірнеше бейнесі, тау ешкі, үйлер мен арбалар, қалғандары – әртүрлі символар мен белгілер.
Ақ бауырдағы жазулар – әлемдегі ең көне жазудың үлгісі. Бұл жазулар мұз дәуірінің аяғында жасалған.
«Ақ Бауырға» сапар ұмытылмас әсер қалдырды, бұл таңғажайып сырлы мекенге баратын жер.