Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Риддерлік санитарлық-эпидемиологиялық станцияға - 90 жыл»

ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалында тікелей дерек көздері жоқ. Бұрынғы қызметкерлердің айтуы бойынша 1929 жылы аудандық денсаулық сақтау бөлімі жанында мемлекеттік саниарлық инспекция (мемлекеттік санинспекция), шамамен 1935-1936 жылдары безгекке қарсы станция, ал 1939 жылы - аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станция (аудансанэпидстанциясы) құрылды. Станция Вокзальная көшесі, 14 мекен-жайы бойынша орналасқан Лениногор қалалық денсаулық сақтау бөліміне бағынған.

«1932 жылы Риддер қаласында ішек сүзегі аурушаңдығының ұлғайю жағдайы - 23,5 дейін, 1933 жылы - 3ке жуық болды (1000 адамды есепке алған жағдайдағы мәлімет). Безгек аурушаңдық жағдайы 1933 жылы- 396 (1000 адамды есепке алған жағдайдағы мәлімет). 1932 жылы Риддер қаласында 27404, 1933 жылы -27292 адам өмір сүрді.». РСФСР Денсаулық сақтау Комитетінің және Коммуналды Санитарлық Институты қызметкерлерімен 1934 жылғы Риддер қаласы санитарлық жағдайы бойынша құрастырылған қысқаша сипаттамасынан (қолтаңбасы бар, тегтері көрсетілмеген).

1940-1941 жылдардағы санитарлық-эпидемиологиялық станцияның бухгалтерлік есептерінде СЭС бастығы өз есептерінен басқа Лениногор қала денсулықсақтау бөлімінің Санағарту мәдениет Үйіне арналған шығындар сметасын пайдалану бойынша, сүт бақылау станциясы, маляр станциясы, қалада қышымамен күрес бойынша іс-шара есептерін бекітетін.

СЭС-тің негізгі мақсаты қала мен аудандағы санитарлы-эпидемиологиялық жағдайларды бақылауда ұстау болды.

Ұлы Отан соғыс (1941-1945) жылдарындағы станцияның жұмысы туралы мұрағаттық құжаттардан:

-1942 жылдың 14 қаңтарында №4 бұйрығымен Лениногорлық қала денсаулықсақтау бөлімінің эпидстанция бастығы дәрігер Козловқа Москвадан эвакуацияланған энергетика институтының студенттер жақтақханасында ішек сүзек ауруына қарсы екпені дереу түрде бастауға ұсыныс түсті...

-1942 жылдың 21 қаңтарынан бастап Лениногор қала санэпидстанциясының қызметкерлері Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комитетінің «жұқпалы ауруларға күдіктілерді анықтау және оларды емдеуге жатқызу» мақсатында қаланың барлық тұрғындарын қайта тексеру туралы Жарлығын орындауға кірісті. Тексеруді 1942 жылдың 23 қаңтарында бітіру керек болатын...

«Қиыншылық жалғыз жүрмейді» деп айтатын халық. Лениногор қаласында соғыс жылдары безгек, тымау, ішек сүзегі, қызылша, скарлатина, дифтерия сияқты аурулар көбейіп кетті.

Безгек және тымау ауруларын есепке алу жөніндегі мәліметтерден: 

Аурудың атауы

1942 жыл

1943 жыл

1944 жыл

1945 жыл

1

2

3

4

5

Безгек

79

395

Мәліметтер жоқ

Тымау

609

514

1559

502

Жіті жұқпалы ауруларды есепке алу статистикасы 

Жылдар

Аурудың атауы

Ішек сүзегі

Паратиф

Дизен терия

Бөрпе сүзегі

Қызылша

Скар латина

Дифтерия

Көкжө

тел

Свинка

Ветрянка

1

2

3

4

5

6

4

7

8

9

10

1942

288

 

62

44

793

224

233

324

10

4

1944

19

61

6

171

5

7

25

87

 

9

Станция қызметкерлері аурулармен ұрыс алаңындағы майдангерлер сияқты шайқасты. Ай сайын 3000 астам вакциянация жүргізілді. Аурулардың азаюына байланысты лениногор санэпидемстация қызметкерлер саны да қысқарды. 1942 жылдың қараша айында нан мен қантқа азық-түлік карточкаларын алуға СЭС қызметкерлерінің тізімінде 36 қызметкер болды, 1944 жылдың қыркүйек айына 18 болды.

СЭС эпидемиологиялық бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің бірі, аса қауіпті инфекциялар мен паразиттік ауруларды анықтаумен, емдеумен және алдын алумен айналысатын бөлімі болды (сібір жарасы, тырысқақ, туляремия, құтыру).

«Лениногор санитарлы-эпидемиологиялық станциясы 3-ші дәрежелі қалалық СЭС-қа жатады... 

1946 жылы Лениногор қалалық санэпидстанциясы орта білімді медициналық қызметкерден 10 адам және 3 дәрігер штатымен, көлік құралдарынан 2 жылқыдан басқа ештенесі болмаған, қала шетіндегі 2 бөлмеден тұратын шағын ескі термолит үйінде орналасқан, дезжабдықтармен, зертханалық жабдықтармен жәнеде басқада жабдықтар туралы айтуғада келмейді..» (1961 жылы өткен станцияның жұмыс тәжірибесі бойынша медицина қызметкерлерінің Республикалық Комитеті Пленумының отырысындағы Лениногор СЭС бас дәрігері П.Ф. Олейниктің баяндамасынан).

1950 жылға дейін Лениногорск қаласында Санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің үш нысаны болған: Мемлекетік саниспекция, безгекке қарсы және санитарлы-эпидемиологиялық станция. 1950 жылы 1949 жылдың 21 қарашасындағы КСР Одағы Министрлер Кеңесінің «Бүкілодақтық мемлекеттік санитарлық инспекция және санитарлық эпидемияға қарсы органдарының қызметі туралы» қаулысының негізінде қалалық санэпидемстанция барлық санитарлық эпидемияға қарсы жұмыстарды қалалық СЭСке жүктелуімен мемлекеттік инспекциямен қала және ауданның санитарлы бас дәрігерінің міндеттері қалалық СЭС бас дәрігеріне жүктеле отырып біріккен. 1950 жылдың 03 мамырында Олейник П.Ф. басдәрігер болып тағайындалды, ол станцияны 35 лет басқарды. Қазақ КСР еңбегі сінген дәрігер Петр Федорович қаламызға ғана емес тұтастай республикаға жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу шараларының дамуына құнсыз үлесін қосты.

Олейник Петр Федорович, 1985ж.

1950 жылға жұқпалы аурулар статистикасы:

Ішек сүзегі

Пара

тиф

Дизен

терия

Бөртпе сүзегі

Қызылша

Скарлатина

Дифте

рия

Көк жөтел

В.оспа

Тубер

кулез

Грипп

46

3

223

13

828

256

6

227

218

132

313

1959 жылдың тамыз айында ғимаратты техникалық жабдықтау бойынша шаралар қабылданды. №2-05-26 Гипроздрава типтік жобасы бойынша СЭС ғимараттарының жаңа кешені пайдалануға берілді, осылайша ұжымның жұмысы үшін мінсіз жағдайлар жасалды. Станция штаты 75 бірлікті құрады. Келесі бөлімдер жұмыс істеді: санитарлық бөлім (өнеркәсіп, коммуналдық, тамақ, балалар және жасөспірімдер объектілеріне ағымдағы және алдын алу санитарлық қадағалауды жүзеге асырды), эпидемияға қарсы бөлім (жұқпалы ауруларды тіркеумен, ошақтарды эпидемиологиялық тексерумен, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізумен айналысты), санитариялық-бактериологиялық зертхана (халықты бактерия тасымалдаушылыққа тексеру), дезинфекция бөлімі, санитралық ағарту кабинеті және профилактикалық дезинфекция шарауашылық есептегі бөлімі.

1960 жылдың наурызында П.Ф. Олейник пен Лениногор қаласының атмосфералық ауасының өнеркәсіптік кәсіпорындардың зиянды шығарындыларымен ластану жағдайы және халықтың аурушаңдығы туралы жасалған анықтамасынан

«Қалада жоғарғы тыныс алу жолдары мен басқа да аурулар көп.

Лениногор қ. сырқаттанушылықтың деректері 1959 жылы 10000 тұрғынға шаққанда ең көп жағдай:жоғарғы тыныс алу жолдарының катарларына-881,9 оқиға, ангиналарға – 653,6, бронхопневмонияға – 223,6, вирусты тұмауға – 1331, көкжөтелге – 148 оқиға және тағы басқа жағдайларды  көрсетеді.

Атмосфералық ауаның зиянды шығарындылармен шамадан тыс ластануы қалада сырқаттанушылықтың артуына сөзсіз әсер етті».

1961 жылдың 03 қарашасында өткізілген ашық партиялық жиналысындағы басдәрігердің бяндамасынан: «1960 жылы инфекциялық аурудан 17 адам. көз жұмды. 1961 жылдың... 10 ай ішінде -9 адам... бронхопневмониядан – 1960 жылы 46 адам қайтыс болды, 1961 жылы-32».

Санитарлық-эпидемиологиялық органдар мен мекемелердің бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құру үшін Шығыс Қазақстан облыстық еңбекшілер депутаттары кеңесінің 28.01.76 ж. № 64 шешімі, Лениногор қалалық Денсаулық сақтау бөлімі бойынша 10.02.76 ж. № 28 бұйрығы негізінде Лениногор СЭС Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының қарамағына берілді.

1979 жылы қала бойынша жұқпалы аурушаңдықтың алдын алу және жағдайы туралы есебінен: «Лениногор қалалық ауруханасында 1979 жылдан бастап емханада орналасқан инфекциялық кабинет жұмыс істейді. 2 бөлме бар: дәрігердің қабылдау бөлмесі, егу кабинеті және дәретхана... Ретроскоп бар. Учаскелер бойынша және қала бойынша сырқаттанушылықты талдау күн сайын, апта сайын және ай сайын жүргізіледі...». 

1979 жылдың  есебінде әрбір ауру бойынша демографиялық деректер, мәліметтер келтірілген: 

Іш сүзегі

Паро

тив

Жіті ішек

В. оспа

Қызылша

Тұмау

Ангина

Инф. гепатит

Тубер

кулез

ОРЗ

Сальмонеллез

1

258

1221

1122

1248

196

4584

179

34

20358

57

Қала бойынша халық саны 78100 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары-74436, ауыл тұрғындары-3664.  Лениногор қалалық СЭС  штаттық кестесі бойынша 1979 жылы станция 88 адам саналды: әкімшілік-шаруашылық персонал -4, көмекші-12, дәрігерлер-17, орта медициналық персонал -50, кіші медициналық персонал  5 штаттық бірлік.

Лениногор қалалық СЭС қызметкерлерімен қалада жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді – іш сүзегі, көкжөтел, сіреспе және полиомиелит ауруларының алдын алу бойынша 8699 вакцинация және 26532 ревакцинация жүргізілді; коммуналдық объектілер, балалар және жасөспірімдер мекемелерін санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеру бойынша 23 рейд жүргізілді; тұмаудың алдын алу бойынша 6000 доза белсенді түрде енгізілді.
1985 жылдың наурыз айында зейнеткерлікке шыққан П. Ф. Олейниктің орнына станцияның бас дәрігері болып Н.С Боровиков тағайындалды., 1990 жылдың маусымынан бастап Глубокое аудандық станциясының санитарлық бөлімінің меңгерушісі А. М. Крықпаев, ол СЭС-тің  жабылуына дейін жұмыс істеген.

Боровиков П.С., 1986ж.

1996 жылғы жұқпалы аурулармен сырқаттанушылықтың ақпараттық бюллетенінен (ішінара алынған): 

Дизен терия

Пара  тит

В. оспа

Тұмау

Сфилис

Вир гепатит

Тубер куле

ОРЗ

Сальмо неллез

Гоно   рея

Қышыма

212

15

343

1032

245

363

53

12014

17

187

553

1997 жылы Лениногор қалалық СЭС Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қарамағына берілді (МСЭҚБ).  1999 жылғы 24 қарашасында  ШҚО Әділет басқармасымен заңды тұлға - "Лениногор қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы" мемлекеттік мекемесі тіркелді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 28.06.2002 ж. № 900 Жарлығы негізінде ШҚО Лениногор қаласының Риддер қаласына қайта атауына байланысты Лениногор қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы Риддер деп атала бастады.

04.09.2002 ж. ШҚО Әділет басқармасымен "Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы "Риддер қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы" мемлекеттік мекемесі  заңды тұлға ретінде мемлекеттік  тіркеу қайтара жүргізілді.

СЭС-тің басты міндеті халықтың денсаулығына қоршаған ортаның қолайсыз факторларының зиянды әсерінің алдын алу, анықтау және жою, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау жасау және кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың санитарлық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, санитарлық заңнаманы және адам денсаулығын қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының заңдарын орындауын қадағалауды жүзеге асыру жолымен жұқпалы және кәсіптік аурулардың алдын алу болып табылды.     

18.04.2003 ж №17 "Облыстың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау атқарушы органдары туралы"  Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімімен, 23.01.2001 ж №148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 14.12.2002 ж №361-11 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңдарына сәйкес "Риддер қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы "мемлекеттік мекемесі таратылып, оның базасында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын" Риддер қаласының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылды.                                                                                                                                                                                                                                                               Демографиялық деректер бойынша 2002 жылға қала бойынша халық саны 63700 адамды құрады, онда 60300 – қала халқы, 3400 – ауыл халқы. Станцияда 47,5 штаттық бірлік жұмыс істеді: дәрігерлер – 10,5, орта және кіші медициналық қызметкерлер – 25, кіші қызметкерлер – 3. Әкімшілік-шаруашылық бөлімі 12 штаттық адамды құрады. 

2002 жылғы жұқпалы аурулар бойынша статистикалық деректер (тізім толық ұсынылған жоқ, онда 38 атау бар):

Лепто спироз

Дизен терия

Пара тит

В.оспа

Тұмау

Сифи лис

Вер. гепатит

Тубер кулез

ОРЗ

Саль монел лез

Гоно рея

Қышыма

20

90

4

84

79

138

34

66

11601

40

81

36

13.08. 2003ж. № 2311ө  Шығыс Қазақстан облысы Әділет басқармасының бұйрығымен, ұсынылған материалдарды қарастырғаннан кейін, "Риддер қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы" ММ жойылды деп танылды.

Уақыт бір орында тұрмайды, барлығы өзгереді – қалалар ландшафтары, елдердің, континенттердің ішкі әлем және жер ғаламшар тұрғындарының сыртқы келбетіде өзгереді. Бактериялар әлеміндеде өзгерістер - инфекциялар мутацияланады және регрессияланады. Және олармен күрес көбінесе дәрігерлердің кәсіби дайындық дәрежесіне, тұрғындарға жүргізілген вакцинация кезінде, сондай-ақ қаладағы экологиялық жағдайға байланысты.                                                                                   

Мұнда жеке гигиена үлкен рөл атқарады - өз үй және функционалдық міндеттеріне адал қарау, бұл біз өзіміз жасайтын көптеген мәселелерді шешеді және мамандарға қаладағы жұқпалы аурулардың тізімін азайтуға көмектеседі. ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалының ұжымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» Риддер қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" РММ қызметкерлерін мерейтойлық күнмен құттықтап зор денсаулық және жұмыста табыс тілейді.

Филипповка өзені ауданындағы Риддерское ауылының жалпы көрінісі, 1924ж. жазы 

Риддерское аулының маңындағы Филипповка өзенінің жағасындағы Риддерское ауылының тұрғындарының демалысы, 1927 жылға дейін

Балалар Громатуха өзенінде, 1940- 50-жылдар

Матренино Соколка ауылынан Лениногор қаласының көрінісі, 50-жылдың аяғы

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru