Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Коммунарларға естелік

Біздің өлкемізге алыс Питерден Иличьтің тапсырмасы бойынша, алғашқы коммунаны құруға Невский зауытының өкілдерінің келгеніне биылғы жылы 100 жыл толды. Снегиревоға қарай жолдың өзі коммунарлар атымен тығыз байланысты. Коммунарлар көпірімен ескерткішінің бір атпен аталатынын барлығы жақсы біледі. Алайда кімнің құрметіне осы атпен аталғанын, әркім біле бермейді. Бірінші даңқ ескерткіші 28 коммунарларға арналып 1920 жылдың қаңтар айында қанды жаза болған жерден коммунарлар сүйегі әкелінген Усть-Нарымда бауырластар зиратында қойылған. Оларды колчактармен ұрыста қаза болған партизандармен бірге жерлеген. Қызыл жұлдызды қарапайым пирамидаға олардың жесірлері атаған, аттарын тақтайшаға жазып бекіткен. Су қоймасының құрылуымен бауырластар қабірі Үлкен Нарын ауылына ауыстырылды. Әкпен әктелген пирамиданың шеттеріне аттары мен арнау сөздер жазылды: «Семянниковской және Обуховской коммунарларға және қызыл партизандарға,1919-1920 жылдары Кеңес өкіметі үшін күресте қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ».

Снегирево ауылының жанындағы монументінің тарихы мынадай: 1978 жылы Ленин атындағы Невский зауытының өкілдері Ленинградтан ақплиталар әкелген, онда алтынмен жазылған арнау сөздер болды «1918 жылы белоказактардың қолынан қаза болған Бұқтырмадағы коммунаның негізін қалаушы біздің жолдастардың жарқын бейнесі мәңгі есте сақталады». Ал 1983 жылдың 30 сәуірінде ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Монумент құрылысы бес жылға созылды, ойлаған істі жүзеге асыру оңай болмады. Жұмыс күні-түні жүріп жатты. Барлық Снегирев ауылының тұрғындары: кішісінен, үлкеніне дейін барлығы көмекке белсене араласты. Сол кездегі мектеп директоры Виштартас Вера Григорьевна, оқу ісінің меңгерушісі Ямщикова Анна Семеновна үлкен қолдау көрсетті.

Дегенмен, коммунарлар кім болды екен, және де олар не істеді?

100 жыл... бұрын өткенге қайта ораламыз, 1918 жылдың 30 қаңтары Ленинге Петроград зауыттардың Обухов және Семянниковского жұмысшыларымен құрылған, бірінші Ресейлік қоғамның землеробов-коммунистер басқармасының делегациясын қабылдайды, олар Семей облысы ауыл шаруашылығы коммунасын ұйымдастыру ісіне жәрдемдесуге қолдау көрсетуін сұрап жүгінген. Петроградск жұмысшыларының жергілікті тұрғындарға ұжымдық еңбек тәсілімен бөлісетіндіктен, оларға көмек алуға қажетті құралдар мен материалдарды жөнелтуге, коммунарларды орынға жіберуге көмек көрсету уәделенген болатын. Егіншілік наркомы А.Л. Колегаевқа көмек сұрап ұсыныс жазбамен делегация жіберілді.

Коммунарлар кететін күнді ұзақ күтті, оған дайындалғандары соншалықты, кететін күн туғанда, адам әдетте үйіне, туған қаласына деген сағыныш сезімін сезінетін, олар сол жабырқауды толық сезінбеген сыңайлы. Мүмкін, мәңгілікке кетіп бара жатқандарын сезбеген де болар. Олар расында кетіп бара жатқандарына өте қуанышты еді. Коммунарлар бүкіл Ресейді басып өтіп, бекеттер мен жолдарда шексіз аялдамаларға тоқтаумен жол жүреді. Және, көп ұзамай оларға бүкіл ел жолға шыққан тәрізді көрінері анық. Бұрын Оралға тек қана шаруалар-диқандар баратын, өздерінің бишара жағдайларын отанға тастап және жер кеңістікті іздеп Сібірге жол тартқан. Коммунарлардың қаншама мыңдаған шақырым жер жүргенін айтып жеткізу мүмкін емес. Ең соңғы Семей станциясына келіп жетті, ары қарай рельс мүлде болған жоқ. Коммунарлар мүлікті «Виктория» дөңгелекті пароходына тиеп, ары қарай Ертіс бойымен гусиное пристанына дейін жүзіп келген, сол жерден атпен Снегирево ауылына келеді.

Коммунарлар мақсаттарына жеткен тәрізді - олардың алдында Снегирево ауылы жатыр. Волостное ауылының үш жүз ауласы Бұқтырма бойымен созылып жатыр. Мұнда тек навигацияның ашылуымен Ресейдегі революция туралы хабар жетті.

Кеңес өкіметі коммунарларға барлық қажетті ауылшаруашылық құралдарын, азық-түліктерді ұсынды.

Коммунарлар 1500 десе тұмса жерлерді жыртып астық екті, шаруашылық құрды, ол жерде барлығы тең болды, ал еңбек және жер құралдары-ортақ болды. Питерліктер өздерінің коммуналарының қамын ғана емес, олар барлық жергілікті шаруаларға жаңа өмірге бейімделуге көмектесті. Бірақ кеңес өкіметі алғашында революциядан кейінгі жылдары Бұқтырма өлкесі әлі аяғына нық тұрмаған кез еді. Бұл жерді белоказактар мекендеген, кержак-байлары түгі жоқ кедейлерді қыспаққа алған. 1918 жылғы маусымында ақ гвардиялық төңкерістен кейін коммунарлар жазалаушылардың қудалауына ұшырайды.

Күзде, бүкіл Бұқтырма өлкесі белоказактарға қарсы шыға бастады, сол кезде партизан отрядтары тауларда жинала бастайды, өздерін таудың қызыл қырандары деп атаған, жиырма сегіз питерліктер «белсенді-коммунистер» тұтқындалды. Снегиреводан оларды Бұқтырма бекінісі, Березовск, Староалександровка станциялары арқылы саппен қудалаған. 1919 жылдың 1 қазанында оларды асығыс жасалған орлардың қасына тұрғызып алдын ала даярланған хабарламада «Қашуға бекінген кезде өлтірілгендер» делінген жазба болған.

Кездейсоқ көрген куәгерлердің айтуынша, қашуға бекінген тек бір ғана бозбала, ішіндегі ең жасы-Сережа Евдокимов, ол кезде бар-жоғы он алты-ақ жаста болған, және де үнемі қолбасшы болуды армандайтын. Оны кері қайтарып әкесімен бірге атып тастаған. Сергейден сәл үлкенірек Георгий Родионов болды. Белоказактардың алдында коммунарлар қабырға болып тізіліп тұрды, ортасында- коммуна төрағасы Александр Петров, қасында әкесі мен баласы Шляпниковы, мысшы Александров, ағаш ұстасы Веселов, электрик Михайлов, олармен коммуна төрағасы Обуховской Грибакин. Осы қарапайым питерлік жұмысшы – Василий Грибакиннің атымен Зырян қаласының көшелерінің бірі аталды. Коммунарлардың ерліктеріне танымал ленинградтық поэтесса Ольга Бергольцтың поэмасын арнаған, онда олар туралы аттас «Первороссияне» атты көркем фильмі және кітабы жазылған.

Айтқанмен коммуна аз уақыт тіршілік еткенімен, ол туралы естелік әлі күнге дейін сақталған: совет өкіметі кезінде ауылға кіре беріс жерде ескерткіш плитасы қойылған. Бұқтырма өзені арқылы өтетін жаңа көпір Питерлік коммунарлар атымен аталады. Ол жерден, большевиктердің әмірімен ұжымдасу басталды. Және, соғыстың басталуына бекінген, ғасырлық тәртіпті жойып колхоз дәуірі келді. Бұл жай тағы да сонау ауыр жылдар оқиғаларын тірілтіп еске алу, өз халқының бақыты үшін өмірлерін құрбан еткен коммунарлардың өшпес ерліктері жайында естеріне салу болды.

Шығыс-Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің Зырян филиалы- Снегирево, Тұрғұсын, Первороссийск және т. б. барлық ауыл тұрғындарына жүгінеді, сіз немесе сіздің туған-туыстарыңыз қатысқан, көне фотосуреттер мен құжаттар туралы естеліктерімен бөлісуге ауылдар өмірі, тарихи деректерді архивке әкелулеріңізді сұраймыз.

Біздің мекен-жайымыз: индекс 070800,Зырян қаласы, М. Горький көшесі, 33. Электрондық мекен-жайы: arhiv_zyr@mail.ru, тел. 872335(79172)

 

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив»КММ Зырян филиалының архивисі Екатерина Медведева

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru