«Аспан қорғалған»
«Аспан қорғалған»
(Шемонаиха ауданының Кеңес Одағының батыры Ф.М.Сафоновтың 95-жылдығына)
Промчались годы мирные мгновенно,
Проходит в жизни быстро все, как дым,
Но память о героях незабвенна:
Поклонимся и мертвым и живым!
(отрывок из стихотворения А.Болутенко «Память о Героях»)
Тағы да Жерге Мамыр келді. Мұндай жылы болмаса да, салқын жаңбырмен, күтпеген қар мен түнгі суығымен күзгі желге ұқсайтын көгілдір көктемгі аспанды бұлт басады, бірақ сирек түсетін күн сәулесі көктемгідей жылытады. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, ағаштарда көк-жасыл жапырақтар гүлдейді, нәзік нарцисстер және жарқын қызғалдақтар гүлдеді.
Тағы да терезе алдында Көктем - қайта түлеу мезгілі. Бейбіт Көктем – ашық аспан... Аспан бейбітшілік қорғауында. Және бұл ең Бастысы. Өткен ғасырда соғыс болды. Ұлы Отан соғысы. Және Отанын қорғауға оның ұлдары мен қыздары тұрды. Және солардың ішінде ұшқыш Федор Михайлович Сафонов болды.
Федор Михайлович 1923 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында, ұстаның отбасында туды. 1938 жылы жеті жылдық мектепті бітірген соң Семей ауыл шаруашылық техникумында оқып жүріп, ОСОВИАХИМ аэроклубында ұшақтармен әуестене бастады.
Ұшақтармен әуестену жігіттің тағдырын анықтады – 1940 жылы ол әскерге шақырылып, Чкалов авиация училищесіне жіберілді.
1944 жылдың шілдесінде кіші лейтенант Федор Сафонов Суворов орденінің 74-ші гвардиялық Сталинград қызыл тулы шабуылдаушы авиациялық полкінің құрамында Белоруссияны, Литваны босату шайқастарына, Кенигсбергтен оңтүстікке Шығыс Пруссия неміс тобын жоюға, Балтық теңізі – Пиллау портын соңғы бекінісінің шабуылына қатысты.
И. Крутяковтың «Кек» очеркісінен: «Төртінші әскери қыс Федор Сафонов үшін тек бірінші болды, бірақ полктастар-достары қалжындағандай «өте жолы болғыш» болды: қыркүйекте ІІІ дәрежелі Даңқ орденін, ақпанда - қыркүйекте Жауынгерлік Қызыл Ту орденін алды... Штурман Федор Сафоновтың оқтарының, снарядтарының және бомбасының астында 200-ге жуық солдаттар мен офицерлер – жау жатты. Жарты жүз өртенген танктар мен автомашиналар, сынған қарулар мен батареялар...».
«Ил-2» Ұлы Отан соғысынан үздік кеңестік шабуылдаушы болып саналады. Оны «ұшатын танк» деп атаған. Екі орындықты, ұшқыштың кабинасының бөлігі және мотордың капоты брондалған, екі зеңбіректі, екі қарулы пулеметті және реактивті снарядтармен, бомбалармен, бұл шабуылшы ұшақ жаудың жердегі күштеріне ғана емес, сонымен қатар аспанда қауіпті болды.
«Қырық бесінші жылдың сәуір айы ыстық болды. Сафоновтың «Ил-2» ұшағы ұшпаған күндер сирек болды. Міне жедел хабардың сараң жолдары:
«1945 жылдың 7 сәуірі. Төрт «Ил-2» құрамында Сафонов арт мин-батарея күшін шабуылдады, оқ-дәрі қоймасы жарылды, 40 гитлерші өлді».
«1945 жылдың 13 сәуірі. Ұшқыш Сафонов «Ил-2» бестігі тобында Вашенен айданында артбатареяға шабуыл жасады. Үш батареяның үні өшті, екі машина отқа оранды, 60 жау солдаты жойылды».
«1945 жылдың 22 сәуірі. Пиллау портын шабуылдауда Сафонов Сафонов «Ил-2» бестігі құрамында шабуылдаушы әскерімен еріп отырды. Екі батареяның оты өшті, оқ-дәрі қоймасы жарылды, 50 гитлерші өлді».
Пиллау қаласын және портын алуда шайқасына қатысқаны үшін 1945 жылдың 9 сәуірінде кіші лейтенант Ф.М.Сафоновқа Кеңес Одағының Жоғарғы Бас командирі жолдас Сталиннің алғысы жариялады.
Тамаша ұшу техникасы, шебер зенитке қарсы маневр, қаhарлы қаруды сауатты қолдану жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде оған табысқа жетуді қамтамасыз етті.
Кіші лейтенант Федор Сафонов майданда жылдан аз болды. Ержүрек ұшқыш-шабуылшы осы уақыт ішінде "Ил-2" ұшағында 109 табысты жауынгерлік ұшу жасады, сол кезде ол 11 жау танкісін, 2 өздігінен жүретін зеңбірегін, далалық және зенитті артиллериясының 10 батареясын, 2 миномет батареясын, әскери жүктері бар 46 көлікті, 3 қойманы, отыз вагонмен паровозды, 300-ге дейін гитлершіні жойды.
Жауынгерлік еңбегі үшін Федор Матвеевич Сафонов екі Қызыл Ту орденімен және 3-ші және 2-ші дәрежелі Құрмет ордендерімен марапатталды. 1945 жылдың 29 маусымындағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен ержүрек ұшқышқа Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін Федор Матвеевич Куйбышев қаласында авиацияда қызметін жалғастырды. Соңғы уақытта отставкадағы полковник өзінің тәжірибесі мен білімін Самар ұшқыштар авиациялық училищесінің курсанттарына берді.
Не каждому бойцу дана награда,
Не каждый пришел к матери живой…
Поклонимся Героям Сталинграда,
Героям тяжкой битвы под Москвой!
Сражались все советские народы,
Чтоб одолеть смертельного врага,
Не утерять державы и свободы,
Страну спасала Курская дуга.
В кровавый бой шли танки и солдаты,
Геройство проявляли все они,
И приближали смертью сорок пятый,
Победные чтоб в мае встретить дни.
Не все домой вернулись с поля боя,
Но выиграли страшную войну,
Достоин каждый звания Героя,
Не за награды в бой шли, за страну.
Промчались годы мирные мгновенно,
Проходит в жизни быстро все, как дым,
Но память о героях незабвенна:
Поклонимся и мертвым и живым!
Біз Батырларды есте сақтаймыз, Жеңісті мамырды есте сақтаймыз! Олардың қайда тұрғаны және тұратыны маңызды емес – олар біздің Бейбіт Болашағымыз үшін соғысқан!
ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы «Мемлекеттік архив» КММ Риддерлік филиалының архившісі