Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Қазақстан Республикасының Халық Каһарманы, жазушы Қасым Қайсеновтың туғанынан (1918-2006жж.) 100-жылдығына арналған іс-шара

Ұлы Жеңіс күнін тойлату аясында, 2018 жылдың 03 мамырында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінда, Жазушы жерлесіміз, Ұлы отан соғысының ардагері, Қазақстан Республикасының Халық Каһарманы, Халықаралық А. Фадеевтің әдеби сыйлығының лауретаты Қасым Қайсеновтың туғанынан 100-жылдығына арналған бейнешолудың және «Ер ерлігі ел есінде» атты фотоқұжаттық көрменің тұсаукесері өтті. 

Өткізілген іс-шарада Шығыс Қазақстан техникалық-экономикалық колледждің және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қарамағындағы жоғарғы колледж студенттері мен оқытушылары, «Атамекен» телеарнасы мен «Рудный Алтай» өкілдері қатысты.

Қасым Қайсеновтың майдан ерлігі және шығармашылық қызметі туралы ақпаратпен мемлеукеттік архивінің архивисті Б.К. Адильбекова шығып сөйледі.

Облыстың мемлекеттік архивінің архивисті, Умутжан Казезовна Мухамеджанова, «Атамекен» телеарнасына Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің қорларында сақталған құжаттары бойынша дайындалған Жазушының өмірбаяны туралы «Ер ерлігі ел есінде» фотоқұжаттық көрме туралы сұхбат берді.

Іс-шара қатысушылары соғыс жылдарында шығыс қазақстандықтардың майдан және еңбек ерліктері туралы материалдарды айқындап жинақтау бойынша архив жұмысымен танысты. Көрініске, архивтің «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдары» құжаттар жинағы негізінде мемлекеттік архивпен әзірленген жинақтар, альбомдар, кітапшалар ұсынылды.

Шығыс Қазақстан этнографиялық музейдің қызметкері И.В. Дурново Қасым Қайсеновпен Өскемен қаласына сапармен келген кезінде кездесулер туралы айттып берді.

Ұлы Отан соғыс жылдарында шығысқазақстанлықтардың әскери ерліктерін мәңгі есте сақтау үшін, архив қызметкерлері соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерелері жайлы жеке құжаттарын жинақтауға ықпал көрсетуді қатысушылардан өтінді.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2018
Рейтинг@Mail.ru