ӨМІР ТАРИХЫНА ЖОЛ...
2018 жылғы 22 наурызда Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің үздігі, қаламыздың құрметті азаматы, тамаша әйел Тихновоская Прасковья Семёновна өмірден өтті. Оны – қаламыздың тарихи жады бар деп айтады - және ол дұрыс. Оқиғаларға, ерекше күндерге мықты жады, орын алған оқиғаларға логикалық түсіндіру, көркем буын, әрине де, әңгімелесушіні тартатын тартымдылық, тыңдай бергін келеді, тыңдай бергін...Өкінішке орай бұның бәрі тек өткен шақта жазылатын болады... Бұл енді тарих ...
Прасковья Семеновна Тихоновская 1918 жылы 28 қазанда Риддер кентінде бірінші риддерлік коммунистер Семен Львович және Евдокия Наумовна Тихоновскилер отбасында дүниеге келді. Әкесі – Брусиловский шебін бұзу әскери іс – қимылдар қатысушы, он жеті жыл ат ауласының басшысы болып жұмыс істеген. Евдокия Наумовна – жалдамалы аспаз, бірінші санатты мейрамхана аспазы (үздік маман ретінде Мәскеуге курстарға жіберілген). 1927 жылдан 1949 жылға дейін Риддер - Лениногордың пионер лагерлерінде тұрақты аспаз, Евдокия Наумовна қаланың және мектептердің бірқатар пионерлер дружинасының құрметті пионері болған, Риддерде әйелдер қозғалысын дамыту үшін көп үлес қосқан.
Бала кезінен Пана Тихоновская өнермен таныс болған – үйде әдеби оқулар, Гүлзарлар клубында, Кеншілер үйінде өткен өз бетінше әртістік қойылымдарда, пьессаларда, және спектакльдерде анасымен қатысқан. Тамаша өлеңдер оқыған, өнерпаздар жұмысының байқауы - Бүкілодақтық мәнерлеп оқу сайысында жеңіске жеткені үшін мектепте марапатталған. Мектепті бітірген соң Прасковья Тихновская Алма – Ата педогокикалық инситутының орыс тілі әдебиеті факультетіне окуға түсті. Сталин степендиаты оқу бітірген соң туған қаласына қайта оралды.
Прасковья Семеновна Тихоновская өз өмір жолын балаларды тәрбиелеуге арнады. Ол еңбек жолын 1941 жылы №14 мектепте бастаған. Бір айдан соң жас маманды оқу ісінің меңгерушісі, ал тағы үш айдан кейін – мектеп директоры етіп тағайындаған. 1942 жылдың маусымында Прасковья Семеновна Тихновоская қалалық білім бөлімін басқарды, 1943 жылдың көктемінде әскери қызметшілер отбасылар ісі жөніндегі облыстық Кеңес төрағасының орынбасары етіп тағайындалды. 1944 жылы күзде Ленингорға бұрынғы орнына қайтадан оралды, осы жылы №12 әйелдер мектебіне оқу ісінің меңгерушісі болып ауыстырылды.
Коммунистік принциптер бойынша тәрбиеленген Прасковья Семеновна Тихоновская қаланың, облыстың және республиканың қоғамдық - саяси өмірінде белсенді ат салысқан. 1949 жылы Прасковья Семеновна Лениногор қалалық партиясының хатшысы, 1951 жылы Қазақстан компартиясының VI Сьезінің делегаты етіп сайланды және Шығыс облысы бойынша облыстық комитеттің білім беру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Прасковья Семеновнаның күйеуі, Вячеслав Николаевич Хромов – кәсіби әскери. Вячеслав Николаевич қызмет еткен әскери бөлім Ұлы Отан соғысы біткен соң Германияда жайғасты. 1952 жылы Прасковья Семеновна күйеуіне кетіп қалды және 1957 жылға дейін ерлі - зайыптылар бірге Алма – Ата, Барнаул қалаларын ауыстыра бір гарнизоннан басқаға гарнизонға көшіп – қонып жүрді. 1957 жылы Вячеслав Николаевичты әскерден қайтарды және отбасы Лениногорға көшіп келді. Прасковья Семеновна №12 орта мектепке қайтадан оралды.( 2010 ж. 12 наурызда «Вечерка» қалалық газетінде П.С.Тихоновскаяның В.Н.Хромовқа арнаған «Имя победы – работа!» мақаласы жарыққа шықты).
1959 жылы оған Ю.А.Гагарин атындағы мектеп – интернатын ұйымдасыру жүктелді. 1956 ж. Кеңес Одағында ата-анасы осы мектепте оқытуға және өмір сүруге төлей алатын аз қамтылған отбасылар және балалар тұратын жаңа типті мектептер ұйымдастырыла бастады.
1958 ж. Қазақстанда 3 мектеп – интернат ашылды: Алма – Атада.., Қарағандыда.., Өскеменде.., 1959 ж. 26 маусымдағы № 56 Ленинонгор білім басқармасының бұйрығы бойынша мен мектеп-интернатының директоры болып тағайындалдым..
1959 ж. қыркүйекте оқушыларды қабылдау басталды. 1-4 оқыту сыныптары № 5 мектептің ғимаратында, ал 5-7 сыныптар – жатын ғиамаратында орналасты. 1- ден 7 сыныпқа дейін балалар қабылданды. 210 бала қабылданды!»- П.С.Тихновоскаяның естелігінен.
1960 жылы 25 қаңтарда мектептің ашылуы болды. 1961 жылы сәуірде мектепке Кеңес Одағының бірінші ғарышкері Юрий Гагариннің есімі берілді.
Балалардың бойында еңбекқорлық, отансүйгіштік, өзінің жасаған қылықтары үшін жауапкершілік, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытуға шығармашылық үйірмелер, қызықты тұлғалармен, еңбек ардагерлерімен кездесулер ықпал етті. Мектептің алғашқы айларында қонақта Өскемендік ақындар - Михаил Чистяков, Вениамин Ларин, Федор Карбушев, Андриан Розанов, «Ленингорская правданың» журналистері Геннадий Воинов, Валентин Редко, Н.А.Островскийдің қарындасы Екатерина Алексеевна Островская болды. Мектепке қалада гастрольде жүрген әртістер шақырылды. Прасковья Семеновна ол туралы «Слово матери», «10 лет большой жизни», «Космос и мы, лениногорцы» мақалаларында айтқан...
Жазушы Николай Алексеевич Островскийдің қарындасы Екатерина Алексеевна Островская, мектеп-интернатта қонақта, 30.09.1960 ж.
Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-интернаттың оқушылары мен ұстаздар ұжымының шеруі, 1 мамыр 1961 ж.
1964 ж. сәуірінен бастап отбасылық жағдайларға байланысты (Прасковья Семновнаның бес баласы болған) 1965 ж. Бастап оның оқушысы болған – Кеңес Одағының Батыры Л.М.Рощин атындағы №11 сегізжылдық мектептің директоры болып ауыстырылды. 1965 жылы Прасковья Семеновна пионерлер дружинасының жұмысы туралы тәжірибесімен бөлісу үшін Ленинградқа барып қайтты, бул туралы қаламыздың барлық мектептерінде есеп берілді. Қаланың пионерлер дружинасы туралы П.С.Тихновская өзінің «Война и школа», «Отзвучали горны звонкие»,«Славная летопись» мақалаларында айтқан.
Балалармен жұмыс істеген уақытында жинақталған өзінің бай тәжірибесін Прасковья Семеновна оқытушыларға беруге тырысты. 1967 жылы 22 сәуірде ашылған Лениндік бөлмеде ардагерлермен, стахановшылармен, лениногор-батырларымен, коммунистермен кездесулер өткізіліп тұрды. 1966 жылы мектепте Шығыс қазақстан облысы бойынша Кеңес Одағының батырлары, лениногорлықтар, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі тыл гвардияшылары туралы бай материалдар жинақталған бірінші Жауынгерлік даңқ мектеп мұражайы ашылды. Пионерлер шыққан ақшың Кеңес Одағының Батыры Лев Михайлович Рощиннің атымен аталған. Л.М.Рощиннің майдандасы А.Колбеев, батырдың әйелі (хат) – С.И. Бузаева- Рощина, Лениногор полиметалл комбинаты директорының орынбасары А.Н. Вдовин, Рощиндар обасының көршісі Вольвакова, Ливино ауылының куәгер – ескі тұрғындары, Л.М.Рощиннің сыныптасы М.Н.Худякова туралы жас із зерттеушілер баға жетпес естеліктер жинаған. Батырдың өзімен шын көңілмен ұйымдастырылған кездесулер кездесу қатысушылармен жүрегінде ғана емес, П.С. Тихоновскаяның ұрпақтары үшін жасалған және сақталған құжаттарда да бейнеленген.(«Вечен подвиг в сердцах поколений» очеркі, «Тяга к небу», «Память»).
П.Д. Устименко,В.В. Клинк, комсомол ардагерлер, З.Ф. Степанова, горком комсомолының хатшысы, №11 мектеп оқушыларымен кездесу, 30.10.1968ж.
П.С. Тихоновская №18 мектептің жас өлкетанушыларымен мұражайдағы кездесуі, 1971ж.
Тағдыр Прасковья Семеновнаға тамаша адамдармен ерекше кездесулер сыйлады: Ақын және жазушы Мұхтар Әуезовпен, Ақын Дина Нурпейсова және Жамбыл Жабаевпен, жазушы Лукницкимен, Соболевпен, Шуховпен, Дубровскимен, Қазақстан Компартиясының ОК хатшысы (әскери жылдары – Лениногор полиметалл комбинатының директоры) Динмухамед Ахметұлы Қонаевпен... Тағдыршешті кездесулер, жұмыс туралы «Родина светлая всем дорога», «Время, люди, жизни», « Сквозь дымку десятилетий», «Годы, факты, люди», «Живу, как помню» және тағы басқа очерктері мен мақалалары жазылған...
1968 жылы Прасковья Семеновна Тихоновская зейнеткерлік демалысына шықты, бірақ қаланың қоғамдық өмірінде белсенді қатысуды жалғастырды.
Көп қырлы, белсенді, шығармашылық, еңбек және қоғамдық қызметі үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттау, тарихи шындық және жады үшін, үкіметтік наградалармен, алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталған.
ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалының ұжымы біздің қаламыздың және оның адамдары туралы біраз бөлігі 2009 ж. біздің филиалға берілген баға жетпес тарихи мәліметтері үшін Прасковья Семеновна Тихоновскаяға алғысын айтады. Құжаттарды жүйелендіргеннен кейін 1920-2009 жылдар бойынша 28 іс қалыптастырылды олар «Лениногор қ. Құрметті азаматтарының жеке құжаттарының жинақтамасы» № 365 қорының № 3 тізімдемесіне енді.
Тұтас ғасырлық қашықтықпен өмірлік тарихына жол... 2018 жылы 28 қазанда Прасковья Семеновна Тихоновская 100 жасқа толар еді...Ол туыстарының, таныстарының жүрегінде, ондай-ақ Риддер филиалының оқу залында жұмыс істеуге болатын архивтік құжаттарда сақталады. Қазан айында филиалда П.С.Тихоновскаяның 100- жылдығына арналған фотоқұжаттық көрме көрсетіледі. Көрменің көрсетілімі туралы мәліметтер хабарланатын болады.
ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалының архивисті Давыдова Галина