Шығыс Қазақстан облысының 85-жылдығына арналған, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Рухани Жаңғыру» бағдарлама аясында, 2017 жылдың 12 желтоқсанында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ бірлесе Шығыс Қазақстан облысының 85-жылдығына арналған, «Өлкетану оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Конференция қатысушыларына алғы сөзімен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректорының міндетін атқарушысы, Ирина Владимировна Ровнякова және Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ директорының міндетін атқарушысы, Елена Валерьевна Костина шығып сөйледі.
Конференция жұмысында білім мекемелерінің ғалымдары, оқытушылары және студенттері, Қазақстан, Ресей, Польша, Украина, Қытай Халық Республикасының әр аймақтарының өлкетанушылары, архив, мұражай, кітапхана қызметкерлері қатысты.
Пленарлық отырыста, тарих ғылымының докторы, профессор, Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің отандық тарихы кафедрасының меңгерушісі, Татьяна Кирилловна Щеглованың, тарих ғылымының кандидаты, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, Мұхтарбек Капікұлы Каримовтың, Өскемен қаласыф әкімдігінің «О. Бөкей ат. ОКЖ» КММ өлкетану бөлімінің қызметкері, Ирина Борисовна Каланчинаның, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, Алтай мемлекеттік университетінің аспиранты, Жаннета Амангельдиновна Калимолдинаның баяндамалары тыңдалды.
Өлкетану оқуларының әр түрлі тақырыптары, Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени потенциалына, аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жергілікті тұрғындардың этноконфессионалдық төзілмділігіне, туризмға, білім саласында өлкетану жұмыстарының рөліне қатысты және тағы басқа сұрақтары бойынша 6 сессияға бөлінді. Іс-шарада «Рухани жаңғыру: курс на духовное возрождение» атты көрменің тұсаукесері өтті.
Конференция жұмысын қорытындылай келе, қатысушылар халықты мсәдени және рухани тәрбиелеу ісінде өлкетанудың маңызды рөлін белгіледі, конференция жұмысына жоғары баға берді. Сонымен қатар, С. Аманжолов атныдағы ШҚМУ, облыстың мемлекеттік архиві қызметкерлерінің осындай іс-шараны ұйымдастырып өткізуде тәртіпке салынғаны белгіленді. Іс-шара қатысушылары, өлкетану оқуларының ұйымдастырушыларына ғылыми-тәжірибелік біліммен алмасу мүмкінідігін берегні үшін алғыс айтты.