Мерекелік жиын өтті
29 қараша 2016 жылы Зайсан аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына» тұспа-тұс келген «Бірінші Президент күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл жиынға қала жұртшылығы аудандағы мекеме-кәсіпорындардың қызметкерлері жиылды.
Осы мерекеге байланысты аудандағы мекеме-кәсіпорындардың қызметкерлері, абыройлы қызметтері үшін аудан Әкімі Т.Ж.Қасымжановтың атынан салтанатты түрде дипломдармен, грамоталар тапсырылды. Зайсан филиалы архивінің қызметкері Қарашаш Исаабаева «Жақсы жұмысы үшін» мадақтамамен марапатталды.
Мерекелік шараның соңы аудан өнерпаздары және саз мектебінің оқушылары-мен, мұғалімдері дайындаған концертке ұласты. Мәдениет үйіндегі мерекелік шараға лық толған қатысушылар жақсы көңіл-күймен тарқасты.