Зыряндағы Жеңіс күні
2016 жылдың 9-шы мамыр күні Зырян қаласында салтанатты Жеңіс шеруі өтті, сол бір атаулы күннің 71 – жылдығын тойлап өту үшін Ұлы Отан соғысы ардагерлері, қала мекемелері мен кәсіп орындарының өкілдері, жастар жиналып өткізді.
Зырян алаңының негізгі орындарында соғыс ардагерлері мен тыл еңбек ерлері отырды. Дәл олардың алдарында колледж студенттерімен әзірленген соғыс конолента кадрлары өткізілді. Сол бір сұрапыл соғыста қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Шығыс қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының жеңісіне көп күш жүктеді, соның ішінде Зырян, Бұқтырма, Катонқарағай, Самар ауданы тұрғындары. Шығыс қазақстандықтар өз елінің шығыс пен батыс аймақтарын қорғап, барлық майдандарда, әскерлерде, корпустарда болған соғыстарға қатысқан. Бұл жайлы мұрағаттық құжаттар күәгерлік етеді. Неміс – фашисттік басқыншыларымен болған кеңес халқының күресінде Шығыс Қазақстанның көп ұлтты халқы лайықты күресті. Соғыс жылдары Зырян ауданынан майданға 14500 адам шақыртылған. Гитлерлік Германияның Кеңес Одағына қарсы соғыс ашқан алғашқы күнінен бастап - ақ Зыряннан соғысқа топ-тобымен жіберілді. Біздің жерлестеріміз өздерінің ерік – жігерлерін арттыра түсіп барлық майдандарда соғысқан. Гитлерлік басқыншыларымен болған соғыста көрсеткен ерліктері үшін 4 мың зыряндықты Кеңес Одағы медальдарымен және ордендерімен марапатталған. Сегіз адам - П.Т. Брилин, П.С. Бочарников, А.А. Бурнашов, И.П. Копылов, П.Ф. Кольцов, Я.С. Котельников, Г.Т. Рыжов, М.Т. Харин Кеңес Одағы Батыры атағына ие болды, ал қатардағы М.Ф. Бикетов үшінші дәрежелі Даңқ орденімен белгіленді.
Зырян қаласының оқушылары жыл сайын Ұлы Жеңіс күнін еске алып мәртебелі түрде өткізеді. Жас сарбаздар ардагерлердің және тыл еңбек ерлерінің алдарында салтанатты ән айтып марш жасап өтті. Дәл осы күні «Бессмертный полктің» жүруіне екінші жыл болды. Зыряндықтар өз ұрпақтарының жарқын болашақтары үшін өмірлерін берген әкелерінің, аталарының және арғы аталарының фото суреттерін алып жүрді. Алаңдағы шеруді «Зыряночка» атты би ансамбілі өздерінің көріністерімен аяқтады.
Шеруге қатысқан барлық қатысушылар, сонымен қатар Зырян мұрағатшылары да Жеңіс ескерткішіне веноктарды және гүл шоқтарын апарып қойды.
Соғыс ардагерлерін арнайы әзірленген палатка ішіндегі дастархан басына шақырды. Мереке қатысушыларына тақырыптық алаң ұсынылды: вокалды «Әскери фольклор», би «Соғыс жылдарындағы әндер», «Халық достастығы», «Авторлық патриоттық ән», «Фотоорталық», «Удаль молодецкая». Кешке қарай мереке «Шамды жақ» акциясы өткізілді, кейін «Мәдениет үйінің» алдында концерт қойылып, Тәуелсіздік аллеясында от шашу болды.