Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зырян өлкетану оқытылуы

02.11.2015 жылы қалалық орталық кітапханада Қазақстан елінің Ассамблеясының 20- жылдық мерей тойына арналған «Бір ел, бір тағдыр» атты өлкетанулық оқу өткізілді.  Өлкетанулық оқуға Зырян ауданының және Зырян қаласының мұғалімдері, оқушылары, студенттері, кітапханашылары қатысты. Бұл оқуды «Ішкі істер саясаты, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және «Зырян ауданының Орталықтандырылған  кітапхана жүйесі» КММ ұйымдастырды.

Өлкетанулық оқыту ауданымыздың мекемелері мен ұйымдарының арасындағы жұмыстарын нығайтып, Қазақстанның рухани – мәдени мұрасын сақтап, патриоттық сезімді ұлғайтып еліміздің тарихын оқу мақсатында өткізіледі.  

Оқу мынадай тақырыптарда өткізілді:  

«Бір ел – бір тағдыр» (құғын-сүргінге ұшыраған халық тарихы)

«Әр түрлі пайда болулар – әр түрлі мүмкіндіктер» (ауданымыздың белгілі адамдары)

«Менің жанұямның тарихындағы еліміздің тарихы»

Өлкеміздің құрылуының тарихы.

Материалдарда мұрағаттық құжаттар кең көлемде қолданылды.

«Бір ел – бір тағдыр» тақырыбы – ауданымыздың территориясында тұрып жатқан құғын – сүргінге ұшыраған жанұялар тарихын ашады.  Зырян ауданының халқы  репрессия жылдарындағы оқиғаларды толық әйгіледі.

Адал атты қуғын-сүргіннің айыпсыз құрбандарына қайта қайтару үшін кем дегенде 70 жылды қажет етті.  Жаппай құғын-сүргін болған жылдар жайлы және  бұл азаптан өткен адамдардың естеліктері бойынша көптеген кітаптар жазылған. Бірақта зерттеушілер әлі күнге дейін жаңа есімдерді және жаңа деректерді атап жүр.  Ендеше, бұл тарих беттері әлі де жабылмаған. Мұрағаттық материалдарды оқып зерттеу жұмыстары жалғасуда.   Террор құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында Президент Н.А. Назарбаев 05 сәүір 1997 жылғы № 3443 өз Жарлығында  31  мамыр Саяси құғын – сүргін құрбандары күніне естелік күні деп ресми қабылдады.  

«Әр түрлі пайда болулар – әр түрлі мүмкіндіктер» тақырыбы – Зырян ауданында тұратын әйгілі адамдар жайлы мағлұматтар үлкендерге және жастарға  қызық болды. Кольцов Павел Федорович – Кеңес Одағы Батырының, Косой Анатолий Григорьевич -  Өскемен Цемент зауыдының директорының  өмір баяны жайлы  әңгімелер айтылды.

«Өлкеміздің құрылу тарихы» тақырыбы - өлкетанулық оқу қатысушыларына Зырян қаласының, Бұқтырма өлкесі, Соловьево және  Чапаево ауылдары жайлы, Тұрғұсұн ГЭС құрылысының тарихы жайлы еске түсірді. 

 «Менің жанұямның тарихындағы еліміздің тарихы» деген тақырып кең көлемде қарастырылды, бұл тақырып бойынша елінің тарихын өзінің отбасысының мысалында әңгімеледі. Бұндай оқыту жастардың оқуға деген қызығушылықтарын танытып, өз еліне және жеріне деген патриоттық сезімдерін ұлғайтады. Көбі жастардың өз өлкесінің тарихын, сонымен қатар шежіресін білмегені сыр емес қой. 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru