«Әкенің жаныменен - ананың зарыменен» жеткен жеңіс күні
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Зайсан мемлекеттік мұрағат қорына «Ұлы Отан соғысына қатысушылардың топтамасы» көптеген майдангер-аталарымыздың құжаттарымен толықтырылып, жинақтау жұмыстары жалғастырылуда. Бүгінгі күнге дейін 100-ге жуық ардагердің жеке тектік құжаттары , мұның ішінде (өмірбаяндары, майдандағы ерлік жолдары, марапатталған орден-медаль куәліктері, әскери билет куәліктері, естеліктері, фотосуреттері) алынып, өңдеуден өткізілген, әр ардагерге жеке-жеке тізімдемелер жасалып, нәтижесінде – 200 іс сақталуда.
Кейінгі сақталуға түскен ардагерлеріміздің құжаттарының ішінде:
АШИМХАНОВ ҚЫЗЫРХАН - 3-ші Украина майданына қатысқан, соғыстан кейінгі жылдары Правда, Молотов,Жамбыл колхоздарының бас есепшісі болған, «Германиядағы жеңіс үшін,«Жауынгерлік ерлігі үшін»медальдары- мен марапатталған.
КАМАЛОВ БАЯХМЕТ – Москва түбіндегі Панфилов атындағы 8-ші Гвардия дивизиясында атқыштар полкінде соғысқа қатысқан. Ауыр жараланып туған жеріне оралғаннан кейін Сталин, Большевик мектептерінде мұғалім, мектеп директоры қызметін атқарған. «Москваны қорғағаны үшін», «Германиядағы жеңіс үшін»медальдарымен марапатталған.
КАИРСЫНОВ КАЛЕЛ – Брянск майданында 8 дивизияның 229 атқыштар полкінде қатардағы жауынгер, 413 миналау взводының командирі, Шығыс Пруссияны , Белорусь майданындарына қатысқан. «Қызыл Жұлдыз» орденімен, 2 -дәрежелі Отан соғысы, «Кенигсбергті алғаны үшін» медальда- рымен марапатталып, соғыстан кейінгі жылдары Зайсан қаласындағы көптеген мекемелерде еңбек еткен.
КОБЫШЕВ ТИТ ВЛАСОВИЧ – 1-ші Украина, 2-ші Белорусь майдандарында Австрия, Венгрия, Румыния бағытындағы майдандарға, Берлинді алуға қатысқан. Соғыс аяқталғаннан кейінде Батыс Украинадағы Малынск орманындағы банды құрамдарын жою операцияларына қатысқан. Туған еліне 1947 жылы оралғаннан кейін «Освобождение» колхозында мұғалім,мектеп директоры, зейнеткерлікке шыққанға дейін Зайсан кәсіби өрт-сөндіру бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
АНДЫРБАЕВ ИСАБЕК – Москва , Тула, Свердловск, Владимир, Сталинград бағытында, Польша,Жапония жерлерінде, Кенигсберг қалаларындағы шайқастарда наводчик-байланысшы, радист, минометші болған. 1-2 дәрежелі «Қызыл Жұлдыз», «Ержүректігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» тағыда басқа көптеген наградалармен марапатталған.
ЕЛШІНОВ НИҒМЕТЖАН – Сталинград шайқасына, Украина, Шығыс Европа, Қиыр Шығыс елдерін азат етуге, Берлинді алу ұрыстарына қатысқан. «Ерен ерлігі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германиядағы жеңіс үшін» тағы да басқа наградалармен наградталған.
МУРЗАБЕКОВ КАЛИАКПЕР- Батыс Белоруссиядан бастап, Латвия, Эстония жерлерінде, Орлов, Курск, Брянск, Белград, Севастополь, Варшава қалаларын азат етуге қатысқан.122 мм пушка артиллериясының наводчигі болған. Гоне қаласын азат ету шайқасында 3-дәрежелі «Даңқ», «Жауынгерлік ерлігі үшін», 2-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Зейнеткерлікке шыққанға дейін ұзақ жылдар Ішкі Істер саласында қызмет атқарған.
УМБЕТОВ НИЯЗБЕК- 680 атқыштар полкінің курсанты, 184 атқыштар полкінің запастағы бөлімше командирі болған, Кенигсбергтегі шайқаста «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Германиядағы жеңіс үшін» тағыда басқа медальдармен марапатталған. Биылғы жылы мұрағат қорына : Үлкен-Қаратал ауылының тұрғыны.
ЖАКИБАЕВ АБИЛХАИРДЫҢ 1944 жылы қызы Апузаға жазған хаты, Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлігінің Подольск қаласындағы Орталық мұрағатынан жауынгер.
МАЛДЫБАЕВ ОМАРДЫҢ 1942 жылы өлгенін және Смоленск облысында жерленгені жөнінде.
КОЗЛОВ НИКИТА ПАВЛОВИЧТІҢ Витебск облысында бауырластар қабыріне жерленгенін, Тверь облысы әскери комиссариатының 136 атқыштар бригадасының жауынгер.
ИЛЬДЕРБАЕВ ГАБДУЛЛАНЫҢ осы облыста Сухуша деревнясында бауырластар қабірінде жерленгені жөніндегі хаттары және көптеген ардагерлеріміздің БАЗИЛОВ ЗИЯДАБЕК, ДЮСУПЖАНОВ ЖҰМАҒАЛИ, ҚАЛЖЫРБЕКОВ МОЛДАБАЙ, АМАНЧАЛОВ ҚАМАН, ДОСАНОВ ҚАЙЫРБЕК, ДЮСЕБАЕВ УАЛҚАН, СЕРГЕЕВ АЛЕКСАНДР НИКОЛАЕВИЧ тағы да басқа ардагерлеріміздің құжаттары сақталуға түсті.
Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек майдангер ардагерлеріміздің есімдері мен майдандағы ерлік жолдары ешуақытта ұмытылмақ емес, бұл біздің өшпес тарихымыз!
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың туған-туыстарына, балаларына ардагер әкелерінің, аталарының, туыстарының құжаттарын мұрағат қорына сақтауға өткізулерін сұраймыз.
А.ДҮСІПЖАНОВА
Мемлекеттік мұрағаттың Зайсан
филиалының мұрағатшысы
Ұлы Отан соғысының 70 -жылдығына арналған мақала «Достық» газеті № 28 04 сәуір 2015 ж.