Қорлар мінездемесі
01.01.2019 жылға Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Зайсан филиалында мемлекеттік сақталуда 366 қор сақталуда. Оның ішінде басқару құжаттамалары – 83989, жеке құрам құжаттары- 10959, жеке тектік құжаттар – 736, фотоқұжаттар – 637 бірлік.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 23 мамырындағы Жарлығымен Марқакөл ауданы қосылуына байланысты Күршім ауданы кеңейтілген, сонымен қатар Тарбағатай ауданына Ақсуат ауылы қосылған.
Аудандардың ірілеуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ қызмет көрсетуі кеңейді.
Аудандардың іріленуіне байланысты Зайсан филиалының аудандар бойынша қызмет көрсету аймағы кеңейе түсті. Толықтыру көздерінің тізіміне - өкілетті және атқарушы билік органдары, жергілікті ішкі саясат органдары, сот биліктері, юстициялар, прокуратуралар енгізілді. Толықтыру көздері болып қосымша енгізілген мекемелер Ақсуат ауылындағы қарттар үйі, ауыл, балық, орман, су шаруашылықтары, жер ресурстары, шағын және кіші кәсіпкерлік дамулары, мемлекеттік кірістер, білім, медицина салалары, «Достық» газеті редакциясы, архив ісі, құжаттама, мәдениет, әлеуметтік қолдау енгізілген. Сонымен қатар, облыстық архивтің Зайсан филиалы таратылған колхоздар мен совхоздардың, аудандық, қалалық, ауылдық Кеңестердің, Зайсан педогогикалық (мұғалімдер) училищесінің, балалар үйінің, Вильямс атындағы ғылыми зерттеу институтының тәжірибе алаңының, мал импорты экспедициясының және басқа да құжаттарын сақтайды.
Жинақтау негіздері тізіміне Зайсан қаласында кеден қызметін реттейтін, Қытаймен сауда, туризмді дамыту мақсатында халықаралық қарым- қатынасты жүргізетін «Майқапшағай» кіреді. Қоғамдық құрылымдардың № 1 тізіміне аудандық соғыс және еңбек ардагерлерінің Кеңесі, «Қазақ тілі» қоғамының аудандық ұйымы кіреді. Жинақтау негіздері тізіміне жаңа құрған мемлекеттік емес мекемелер, яғни Зайсан қаласындағы «Сайқан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жабық акционерлік қоғамдар, электр компаниясының аймақтық филиалы және шаруа қожалықтары кірді.
Аймақтың тарихы бойынша сирек кездесетін ақпараттар, қызықты өте бағалы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында айқындалады. Жыл сайын 5-6 мекеме, ұйымдар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының басқару құжаттарын толықтырады. Жеке архив иелерінен құжаттарды қабылдап алу жұмыстары жүргізіледі. Жер сілкінісін, «Финтрако» түрік фирмасының, құрылыс ғимараттарының, сүт, кірпіш зауыттарының қонақ үйлерінің, 2002 жылы салынған мешіттің, «Майқапшағай» кеденінің ғимаратының суреті және тағы басқа да ауданның қоғамдық және мәдениет жөніндегі ерекше оқиғаларды айқындайтын фото суреттері сақталуда. Филиал құрылғаннан бері құжаттардың бірнеше жинақтығы жарық көрді. Олардың ішінде: Зайсан ауданының мемлекеттік мұрағаты өлкенің тарихи жайында, аймақтың тарихынан ақпарат беретін, тұрақты сақталатын, таратылған мекемелердің жеке құрам құжаттары бар.
Зайсан филиалының мемлекеттік архивінде барлық қорлардың ішіндегі ең ертеректегі, Совет өкіметі орнағанға дейінгі кезең: Зайсан постысындағы Александр Невский шіркеуіндегі 1873-1920 жылдардағы туылғандардың, некеге отырғандардың, қайтыс болғандардың метркелік кітабы.
Ауылдық округтардың құжаттары да осындай құрамда болады. Тек сайлау жөніндегі құжаттар сайлау округтерінде сақтала бастады.
Білім, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет және тағы басқа мекемелердің құжаттары да осындай құрылымда сақталады. Зайсан филиалының мемлекеттік архиві басқару құжаттамалары, жеке құрамның және жеке тектің құжаттары, фото құжаттар жинақталады.
Фотоқұжаттардың құрамы сондай үлкен емес, бірақ әртүрлі. Мемлекеттік сақталуға 600 - ден астам фото құжаттар қабылданған. Фотоқұжаттардың біраз бөлігі портретпен көрсетілген.
Олар: Зайсан қаласында Совет өкіметін орнатуға белсене қатысқан Кабеков Искак, Шегіров Ахмет, Манапов Смагул және тағы басқалар.
Саяси тұтқындалушы Николай Ватсонның, Совет өкіметін орнатудағы кейбір оқиғаларды айқындайтын, Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың, Совет Одағы кезіндегі ауданның белгілі еңбекшілерінің, Зайсан өңірінің 1990- 2002 жылдардағы қазіргі кезеңін айқындайтын, Зайсан ауданындағы Метркелік кітап ескі славян тілінде жазылған, белгілі совет жазушысы Павел Васильевтің туылғаны, Санкт - Петербургтың саяси тұтқындалушысы Николай Ватсонның үйленген уақыты және өлгені жөнінде мағаналы мәліметтер бар. Сонымен қатар, Зайсандағы мұсылман мешітінің ашылуы жайында мағлұматтар да бар. Бұл құжаттар аса бағалы құжаттар болып саналады. Сондықтан осы құжаттарды (ОЦД) Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивіне сақталуға жіберілді. Жинақтау негіздерінің мемлекеттік сақталуының № 1 тізіміне басқару құжаттамалары, құжаттары жеке құрамының аудандық архивтарының таратылуына байланысты филиалға берілген ертеректе қабылданған жеке құрам құжаттары кіреді.
Зайсан филиалында бірегей корлар сақталуда, атап өтетін болсақ – № 181 қор «Өлке тарихы құжаттар коллекциясы» 1788-2002 жылдардағы қор бойынша барлығы - 43 сақтау бірлігі.
№ 1 тізімдемеде өлке тарихының құжаттары, Зайсан қаласының, Марқакөл өңірінің қоныстануын сипатталуы туралы жазылған. Коллекцияда Зайсан қаласының құрылған күнінен бастап қызықты тарихи лекциялар енгізілген.
№ 250 қор «Ұлы Отан Соғысы қатысушыларының коллекциясы» 1940-2016 жылдардағы қор бойынша барлығы- 236 с.б.
Бұл қорда өмірбаяндық сипаттағы құжаттар қалыптастырылған, құжаттардың құрамы негізінен естеліктер мен фотосуреттер, сондай-ақ, куәландыру көшірмелері, мерейтойлық медальдарының, жарақаттары туралы анықтамалар, қайтыс болу туралы хабарламалар, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың алғыс және құттықтау хаттары енгізілген.
№ 117 қор "Еңбегі сіңген қызметкерлердің, халық шаруашылығының, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың Жеке-тектік құжаттарының топтамасы". 1917-2015 жылдардағы қор бойынша барлығы – 495 с.б.
Топтама Кеңес Одағының батыры естеліктерімен, майдан кезіндегі хаттармен, өмірбаяндық деректермен, негізінен майдандық өмірі Ұлы Отан соғысына қатысушылардың құжаттарымен сипатталады, еңбек ардагерлері, Қазақ ССР еңбек сіңірген үздік мұғалімдерінің құжаттарымен қызықты.
№ 204 қор «Зайсан, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай аудандарының фотопозитивтері» 1895- 2016 жылдардағы қор бойынша барлығы – 637 с.б.
Құжаттардың құрамы әр түрлі. 19 ғасырдың аяғында Зайсан қаласындағы саяси қуғындалып, жер аударғандардың портреттері бар, бейнеленген қатысушылардың сирек кездесетін фотоқұжаттары, қарулы фотоқұжаттары. Зайсан, Тарбағатай, Күршім аудандарының фотоқұжаттарында қоғамдық, әлеуметтік және мәдени өмірілері көрсетілген.