Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Ассамблеяның 20 жылдығына Наурыз-ғажайып мейрам

Биылғы жыл мерейлі мерекелерге толы. Көпұлтты Тәуелсіз мемлекетімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының, Ата Заңымыз- Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жылдығы атап өтіледі.

Біздің мемлекетімізде ең басты құндылық-адам өмірі, ынтымақ пен бірлік, татулық пен достық. Қазақстанды бүкіл әлемге танытқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде жасампаздықпен дамыған елімізге, бейбіт өмірде көп ұлттың өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп, алаңсыз еңбек етуде.

Менің мемлекеттік мұрағаттың Зайсан ауданындағы филиалында еңбек жолымды жалғастырғаныма 39 жыл болыпты. Осы ұжымда жүріп мемлекеттік тіл- қазақ тілін меңгердім, әр түрлі ұлттың адамдарымен, қазақтармен, орыс, татар, украин ұлтының өкілдерімен бірге қызмет атқарып, бір отбасының мүшесіндей болып, халыққа қызмет көрсетіп келеміз.

Мен өзге ұлттардың салт- дәстүрлерін де жетік меңгергенімді мақтанышпен айтқым келеді. Мұсылмандардың қадірлі Айт мерекесінде шелпек, бауырсақ пісіремін. Ал қазақтың жыл басы Әз Наурыз мейрамында жеті түрлі тағам қосып, отбасыма, туған- туысқандарыма наурыз көже пісіріп, дәм татырамын.

Менің жұбайым орыс ұлтының өкілі. Орыстардың ұлттық мерекесінде Пасхаға арналған нан тағамдарының түрлерін пісіремін, өзімнің ұлтымның салт- дәстүрлерін де ұмытпаймын. Татар ұлтының мерекесінде мүмкіндігінше Өскемен, Семей қалаларында өтетін «Сабан тойды» тамашалаймын.

Отанға деген махаббат әрбір отбасындағы тәрбиеден басталады. Менің балаларым қазақ тілін өте жақсы біледі. Олардың достарының көпшілігі қазақтың балалары. Олармен қазақша сөйлеседі. Біздің кенже ұлымыз бес жасында «менің анам- татар, әкем- орыс, мен- қазақпын» дейтін. Ол биылғы жылы Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мемлекеттік грантпен  оқ иды, биыл амандық болса қолына диплом алады.

Мен егеменді ел Қазақстанда тұрғанымды мақтан етемін.

Барлық жерлестерімді ғажайып мереке- Наурызбен құттықтаймын.

 Зайсан  мемлекеттік мұрағаттың  мұрағатшысы   -  Рычкова М.И.

21 наурыз 2015 жыл «Достық» газет інің №23-24санына шыққан  мақаласы

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru