Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Әйел-ана, әйел-бақыт, әйел-қайраткер

Қазақ жерінде көне замандардан бері анаға, жалпы әйел затына деген құрметтің ерекше болғаны мәлім.

Әйелдің қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рөлі өте үлкен.

Ана - ақылшы, тәрбиеші, үйдің береке – ырысы ғана емес, ол ел мен елді елдестіруші, араздықты бітістіруші. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. 

Қазіргі таңда нәзік жандылар­дың мемлекеттік және қоғамдық істерге белсене араласып, түрлі салада табысты еңбек етуі – аса таңданыс тудыра қоймайтын жағдай. Әйелдер ер азаматтармен қатар мемлекеттік мекемелерде, заң шығарушы органдарда, министрліктерде, ұйымдар мен партияларда, кәсіпорындар мен қоғамдық мекемелерде табыс­ты қызмет атқаруда.

Біздің ауданымыздың да дамуына көп үлкен үлес қосқан әйелдер жетерлік. Соладың бірі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің VII шақырылымының депутаты, Жарма ауданының «Құрметті азаматы» З.Ағайсенова. Зағипа Құрақбайқызының өмірі мен еңбегін келешек ұрпаққа жеткізу мақсатымен жеке тектік құжаттарын Мемлекеттік мұрағат мемлекеттік сақтауға қабылдаған.

З.Ағайсенова 8 наурыз 1928 жылы дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған Новореченск  ауылындағы балалар үйінде  тәрбиеленіп, Абай атындағы мектепте сегізжылдық білім алды.

1946 жылы еңбек жолын мектеп-интернатында аспазшы болып бастайды. 1947 жылы «Расцвет» колхозында  сауыншы, бұзау күтуші болады. Қажырлы еңбегінің арқасында бұзау күтудің шебері атанды.

Қарапайым еңбеккер әйелдің ұзақ  жылғы еңбегі бағаланып «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, 1961 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің мақтау қағазымен т.б. марапатталды.

1963 жылы Семей облыстық Кеңесінің депутаты, 1966 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің VI шақырылымының депутаты болып сайланды.

1964 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1966 жылы ІІІ дәрежелі  «Ана даңқы» медалімен марапатталған. 2001 жылы «Жарма ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды.

Зағипа Құрақбайқызы 2009 жылы 82-ге қараған жасында қайтыс болды. З.Ағайсенова өзінің артынан 7 бала, олардан 23 немере, шөбере қалдырған.

Елбасы Н.Назарбаев: «Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе – мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деп қоғамымыздағы тұрақтылық пен еліміздің қалыпты дамуындағы әйелдер рөлінің жоғары екенін атап өткен.

Ендеше, елдік пен ерліктің билігін қатар көтеріп жүрген аяулы жандарды 8 наурыз Халықаралық әйелдер Күнімен құттықтаймыз. Сіздерге бақыт және сәттілік, мықты денсаулық, армандарыңыздың және тілектеріңіздің орындалуын тілейміз! Сіздердің үйлеріңізде әрдайым татулық, ынтымақ және молшылық орнасын.

ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама
басқармасының «Мемлекеттік мұрағат»
КММ-нің Жарма филиалының мұрағатшысы
А.Тажиева

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru