Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. «Жазықсыз жазаланғандар туралы айтар көп»

Соңғы жылдары елімізде сталиндік жаппай қуғын - сүргінге ұшыраған, құрбан болған жазықсыз атылып кеткен, қайда көмілгендері беймәлім -миллиондаған адамдардың жалпы саны қанша болған екен деген сұрақтар жиі қойылып жүр. Бұл сұраққа статистикалық ресми  нақтылы  мәлімет жоқ.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттың Зайсан филиалында қуғын - сүргін құрбандары туралы деректер, қуғынға ұшыраған отбасы немесе тізімдер көрсетілген құжаттар өткізілмеген. Бұл құжаттар «құпия» болып саналып арнаулы қауіпсіздік комитеттерінде сақталған. Зайсан ауданы прокуратурасының құжаттарында санаулы ғана 1937 -1940 жылдардың қылмыстық істері сақталуға түскен. 1930 жылы 29 қазанда Зайсан шекара отряды уездік мемлекеттік саяси басқарма әскерімен бірге Зайсан ауданының №1 тұрғыны Кенжебаев Карибай тұтқындалды. Ол кісіге Ертіс өзенінен Қытайға көшкен кісілерді өткізген деген айып тағылды. Зайсан ауданы прокуратура құжаттарынан 1935-1936 жылдары Зайсан және Алексеевка НКВД шекара отрядының «Сұрақ алу амалдары» кезінде толтырылған хаттамаларында 11 наурыз 1936 жылы Қалжыр және Май-Терек алтын шығаратын артелдерінде мемлекетке нан өнімін уақытында жеткізбегендері үшін, партияға қарсы шығып, тіл тигізгендері үшін артель бастығы Ливенсон Александр Иосифович, Мутанов Константин Николаевич тағыда басқалар «Мемлекет мүлкін талан –таражға салғандары үшін» тамыз 1932 жылғы СССР Үкіметінің Заңымен жазаланған.

Тарбағатай прокуратурасының 1937 жылғы қылмыстық істердің тізімдемесінде 58 баптың 10 тармағы бойынша Н.Бургамбаев, К.Мынтаев, К.Кайшыбаевтардың (араб тілінде) , Нурханов Турарды (революцияға қарсы шыққаны үшін деп) айыптаған. Зайсан ауданы бойынша қуғын - сүргін құрбандарын зерттеп, ізденіс жасаған марқұмдар Дәукей Тұржанов, Слямғали Базаров, өлкетанушылар Манатбек Жеңсеханов, Калибек Алтыбаев, Гагарин атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Гүлсамал Маржатова тағы басқа адамдардың баспасөз бетіне шыққан зерттеу мақалалары, кітаптарында көптеген мағлұматтар бар.

Зайсан ауданы бойынша бұл зұлмат қасіреті толық мағынасында, халықтың 74 -76% қамтыған деп көрсетеді. 2001 жылы Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Комитеті департаменті бірлесіп «Азалы кітабын» шығарған, кітапта Зайсан ауданы бойынша 142 адам тіркелген, мұның ішінде 80-і Зайсанда атылса, 16-сы Өскеменде атылып өлтірілген, 4-і қайда атылғаны көрсетілмеген. Дегенмен бұл тізім әліде толықтырылып, зерттелуді қажет етеді. Сол себепті, азалы жылдарда жазықсыз жапа шеккен отбасыларының арттарында қалған ұрпақтары естелік -шежірелерін мұрағат қорына өткізулерін сұраймыз.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттың
Зайсан филиалының мұрағатшысы       
А.Дүсіпжанова
 
 Зайсан аудандық « Достық» газетінің 
31 мамыр 2014 жылы  № 43  саны

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru