Мұрағат ардагерлерімен кездесу
Зырян ауданының мемлекеттік мұрағатында ардагер – мұрағатшылармен шығармашылық кездесу өткізілді. Полуханова Ольга Михайловна мектепті бітіргеннен кейін мұрағатта 39 жылдай қызмет етуде. Ол 2014 жылы зейнетке шыққанға дайындалып жүр, сондықтан да оның мұрағатта қызмет еткен жылдары туралы әңгімесі жаңадан келген жастарды және өзімен бірге он жылдардай қызмет еткен әріптестерін қатты қызықтырды. Ольга Михайловна көптеген жылдар бойы адал қызмет еткені үшін, облыс мұрағатымен және басқарма мұрағаттарымен бірнеше рет Құрмет грамотасымен марапатталған еді. Ол көбінің тәлімгері болды. Полуханова Ольга Михайловна КТУ бітіргеннен кейін Зырян мұрағатына жұмыс істеуге келген. Мықты тәлімгерлердің үйретуімен мұрағаттық жұмыстың қыр – сырын жақсы меңгерген. Бүгінгі күні ол – мұрағаттық қызметтің шебері және жас қызметкерлердің тәлімгері. Оны қағаздар теңізінің лоцманы деп атайды. Ольга Михайловна мұрағатымыздың үш абатында да орналасқан қоймалардағы құжаттардың ретін жатқа біледі. Мұрағаттағы құжаттардың барлығын, қамқор ана өз балаларын білгендей біледі. Ол сырт қаптарын әзірлеп, сөрелердегі қораптарға салады, құжаттардың сақталу мерзімін нақты қадағалайды, құжаттардың мазмұнын құрамын біле – тұрып мұрағатшыларға және оқу залына жұмыс істеуге береді. Көптеген жылдар бойы Ольга Михайловна құжаттарды және тізімдерді тігіп, қабын әзірлеуге, істердің беттерін нумерациялауға, шифрлауға, картонироватетуге және істерді қалпына келтіру жұмыстарын өте жақты меңгерген. Ольга Михайловна ылғи дағы өзінің жұмысқа деген жылы ықыласымен істегендіктен, көптеген әріптестерінің құрметіне ие болды, сонымен қатар оның жұмыс істеп жүрген жерінде ұқыптылық пен тазалық болғандықтан, құжаттарды кедергісіз алып, зерттеу жұмыстарын істеуге өте жақсы.
Полуханова Ольга Михайловнаның естелігінен: «Мен 1975 жылдың мамыр айында жұмысқа шықтым. Сол кезде Советская көшесінде 5 кішкентай ғана кабинеті бар, бір қабатты мұрағат ғимараты болды. Қоймасы басқа бір көрші ғимараттың жер төлесінде орналасқан. Сөрелер биік әрі мықты бекітілмей қозғалып тұрғандықтан ағаш баспалдақтарымен жоғары қарай шығып құжаттарды алғанға өте қауіпті болған. Мен сұраныстарды қабылдауға үйреніп, құжаттарды беруде жұмыс істедім. 1975 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылған мұрағатшылар семинарына қатыстым. Шығыс Қазақстан облысының мұрағат басқармасының басшысы әрі өте жақсы мұрағатшы С.Е. Черныхпен бірге бардық. Сол жерде біздер үшін экскурсия өткізілді. Сол кездері көрген тазалық пен ұқыптылықты есімнен ешқашан шығармаймын, кейін біздің мұрағатымызда да сондай таза, ұқыпты әрі құжаттардың сөрелерде әдемі, түзу тұрғанын қадағалай бастадым. Шаңның бар жоғын ақ сүлгімен тексергенде кезде тазалықтың қаншалықты қадағаланып отыратынын байқауға болады. Сол жерде Қазақстан бас мұрағатындағы құжаттарды қалпына келтіру жұмыс комплексін көрсетті.
1977 жылы Зырянда жаңа типтік мұрағат ғимаратын салды. Біз құжаттардың барлығын көлікпен де өзіміз де тасып, орнын ауыстырдық. Жаңа сөрелер антисептиктармен сіңірілген еді, сол жерлерге құжаттарды орналастырдық. Жаңа жиһаз, кілемдер, жарық блмелер – осының барлығы ертегідегідей болды. Жыл сайын құжаттар көбее берді, ал қазіргі кезде жаңадан түскен құжаттарды орналастыратын орындар жоқ. Өмір бақи мұрағатта жұмыс атқарып келемін, маған құжаттарды халқымыздың керектеріне сақтап, кейін оларға көмек көрсету үшін жасап жүрген қызметім өте унайды. Өзіңе ұнаған іспен айналысқаның өміріңізге пайдалы болады».
Вельможина Надежда Николаевна Қарағанды индрустриалды – педагогикалық техникумында квалификацияланған шебері өндірістік оқыту және құрылысшы – техник білімін алды. Надежда оқуын бітіргеннен кейін шебер болып практикадан өтіп, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданының Зевакино ауылындағы СПТУ – 15 те ұстаздық етті. Соның өзінде де Зырян қаласының мұрағатында жұмысқа тұрды. Мұрағатшының есеп жүргізу, сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары өте ауыр жұмыс. Үлкен шыдамдылық, жинақылық, ұқыптылық, тазалыққа деген махаббат Надежда Николаевнаға тән. Надежда Николаевна 37 жыл бойы өз кәсібінің қыр – сырын оқып білді. Осы бөлімнің мамандарына түскен үлкен жүкті әр бір адам алып кете алмасын мұрағатшылар жақсы біледі.
Надежда Николаевна құжаттардың сақталуын қамтамасыз етіп, сақталу режимінің нормасын қатаң қадағалап, қабылдап және мұрағат қоймасында мұрағат құжаттарын орналастырумен айналысты. Ол мұрағат құжаттарының мемлекеттік есеп жүргізілуін атқарған. Оның жылдар бойы жұмыс еткен қызметі үшін Құрмет грамотасымен бағаланған еді.
Вельможина Надежда Николаевна өз әріптестерінің ішінде үлкен құрметке иеленді. Оның ұқыптылығы, сыпайылығы, сонымен қатар өзіне және халыққа деген аса жауаптылықпен қарауды талғам еткен, ол өз әріптестеріне үлгі болған. Надежда Николаевнаның барлық әріптестері оның қандай керемет ана, үш немересінің қамқор әжесі және өзімен бірге туратын қарт анасына ілтипатты қызы екендігін біледі. Қазіргі уақытта Надежда Николаевна зейнетте, соның өзінде де өзінің жақын әріптестерімен байланысын жоғалтпады. Мұрағатшылар оны әр түрлі үлкен мерекелерге шақырады. Зырян ауданының мемлекеттік мұрағатының мұрағатшыларына Надежда Николаевна өз жұмысына шексіз берілген жағынан жарық үлгі болды, соған орай әріптестері оның біздің еліміздегі мұрағат істеріне табжылмай атқарған үлкен еңбегі үшін алғыстарын айтады.