Ұлы Отан соғысы жылдарында Солтүстік Кавказдан халықтың жер аудару күніне 70-жыл
2014 жылдың 14 наурызында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Ұлы Отан соғысы жылдарында Солтүстік Кавказдан халықтың жер аудару күнінен 70-жылдығына арналған «Тау балалары» атты іс-шараның тұсаукесері өтті.
1941-1945 жылдары Шығыс Қазақстан облысы жазаланған халықтарға: баспана болды: немістерге, шешендерге, гректерге және басқаларға. 1944 жылы біздің облысқа Солтүстік Кавказдан 30 мыңға жуық шарасыздан қоныс аударышылар келді. Жер аудару мен белгіленген орынға эшелондарды аттандыру жұмысы 1944 жылдың 23 ақпанында жергілікті уақыты бойынша сағат 02:00 басталып 1944 жылдың 9 наурызында аяқталды.
Шешендерді көшіру шарасы 24 сағат ішінде өткізілді. Сондай алыс жолға жиналуға да олардың мүмкіндігі болған жоқ. Жылы ауа райына үйренген адамдар, не жылы киімдері, не аяқ киімдері, не азық қоры жоқ болып Қазақстанға келеді.
Осы қиын кезеңде, біздің облыс көшірілген адамдармен толы болды және осынша ма көлемде қоныс аударушыларды, әрине, қабылдауға дайын болмады.
Солтүстік Кавказдан халықтың жаппай жер аударуы қаншама құрбан шалғаны туралы жуықтан бері ғана айтуға мүмкін болды. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында сақтаудағы, зерттеушілерге ашық болған, бұрын жасырынған дерекнамалары (көбі ерекше белгілерімен: «құпия», «аса құпия») үлкен қасіреттің куәгері болып бүкіл елдің қайғылы оқиғалары туралы мәліметтерін сақтаған және халық ауыртпалығына жиынтық статистика арқылы емес, ал мұрағаттық құжаттар негізінде нақты егжей-текжейлерінде көруге бірегей мүмкіндік беріп отыр.