Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зыряндағы жаңа балабақша

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың « 2050- Қазақстан стратегия» Жолдауында білім жүйесін жаңа әдістерге көшіру жұмысы басты мәселе болып көрсетілді. Президенттің « Балапан» бағдарламасындағы негізгі мақсаты балалардың жан жақты  даму мүмкіндіктеріне жағдай жасау.

Жолдауда қазіргі таңда 3956 жаңа балабақшалар және шағын орталықтар бой көтеріп, іске кірісіуде, -делінген.  Елімізде бала туу саны көбейіп, халықтың демографиялық өсу деңгейі көтерілуге байланысты «Балапан» бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартылды.  Өкімет пен Әкімдер алдындағы басты мақсат мектепке дейінгі балалардың  білімін мен тәрбиесін 100% қамту болып табылады.

Жалпы елімізде Шығыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі  жас өспірімдерді қамтамасыз етуде мекемелер жұмысы жақсы жолға қойылған. Бұл ақпаратты 2013 жылы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Премьер министрі Серік Ахметов келген кезде облыс Әкімі Б. М. Сапарбаев айтқан болатын.

Қазақстанда әлеуметтік- экономикалық жаңғырту стратегиясының жаңа дәуірі қарқынды даму жолының арқасында еліміз елу елдің қатарына енуі білім жүйесінің одан әрі дамуына ықпалын тигізіп отыр.  Жасөспірімнің мектеп жасына дейін алған білімі, тәлім - тәрбиесі баланың жеке даму деңгейін қалыптастыруда зор әсерін тигізіп,  әлемдегі болып жатқан замануи өзгерістерді  жедел  меңгеретіні сөзсіз.

Оқымысты, ғалымдардың зерттеулері бойынша  мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі баланың әлеуметтік сана сезімін  қалыптастырып, өсіп жетілуіне маңызды роль атқаратынын дәлелденген. Жалпы бала тәрбиесі бесіктен басталып, мектепке дейін қалыптасып, мектеп жасында одан әрі дамуына әрбір ата-ана, мектеп, қоғамның маңызы зор екені бәрімізге белгілі. Мектеп жасына дейінгі баланың сана сезімін ояту  ұлттық тұрғыдан алғанда саяси дамыған мемлекеттің негізгі міндеті болып табылады.

Орталық Азия елдерінің ішінде  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғанға дейін  мектепке дейінгі білім беру жүйесі  7 жасқа дейін шамамен 70%қамтылған болатын. Кеңес өкіметі кезінде Зырян қорғасын комбинаты, « Зыряновскстрой» Зырян білім беру бөлімі, « Рассвет» тігін фабрикасы жеке балабақшалары жұмыс істеді. Осы көптеген  балабақша мекемелері туралы  мұрағаттық құжаттар әңгімелейді:

Қайта құру кезеңінде біраз балабақшалар саны жойылып, қалада  2 типтік «Катюша» және «Ладушка» балабақшалары қалды. Қалған балабақшалардың ғимараттары жеке меншіктерге сатылды, сондықтан кейінгі жылдары мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі  қала тұрғындары үшін басты мәселеге айналды.

Жас аналар   мектеп жасына дейінгі балаларын балабақшаға беруге кезекке тұра бастады, біреулер жеке балабақшаға қалдырса, біреулер туған- туыстарына балаларын тастап  жұмыс істеуге мәжбүр болды. Сонымен, небір амалдарды қолданып тығырықтан шығуды ойлаған жас семья болды.  Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатымен, жас сәбилер үшін тиімділік жағы қарастырылып, мектеп жанынан шағын орталықтар ұйымдастырылды.

Міне, көптен күткен мәселелер шешіліп, жағдай жақсарып, « Балапан 2010-2020» бағдарламсын жүзеге асыруға сәйкес, Зырян ауданының 2010 жылғы 21.01.Әкімдігінің қаулысымен қалада 2011жылы 280 орындық жаңа балабақша құрылысы басталып кеткен. Бұл құрылыс  аукциондық тендерін Өскемен қаласының «Алтайстрой» ЖЖШ мекемесі жеңіп алғанды. 2012 жылы балабақша пайдалануға берілді. 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы 2011-2020 жылдарғы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда Зырян ауданы Әкімдігінің «Қарлығаш» балабақшасы коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құрылуы туралы»  2012 жылы 12сәуірде № 1064 қаулысы шықты. Балабақшаның тұсаукесері 2012 жылы маусым айында болды. Балабақшаның ашылу салтанатына Облыс Әкімі Б.М. Сапарбаев қатысты. Ол Зыряндықтарды қалада болып жатқан қуанышты оқиғалармен құттықтап, салынған құрылыс кешені келешек жеткеншектерге білім беру саласында қомақты үлес қосатыныа үлкен сенім білдірді. Бірақ мемлекеттік комиссия мүшелері құрылыстағы кездескен біраз кемшіліктерді қалпына келтірмейінше пайдалану актісіне қол қойылмайтыны ескертілді.

Балабақша ұжымы өз жұмысын 2012 жылдың шілде айында бастағанды.Ал балабақшаға балалар 2012 жылдың 5 қарашасынан бастап қабылданы.

Бұл Қазақстан Республикасының Тәуелізідігін алғаннан бері қаладағы алғашқы  тарихи оқиғаның бірі болды.

Балабақшаның алғашқы меңгерушісі, өз мамандығын сүйетін, тәжірибелі педагог Галина Васильевна Виецкая былай,- деп әңгімелейді: балабақша қабырғасына жас сәбилерді қабылдау даярлығына  бүкіл ұжым болып кірістік, ғмираттың ішкі және сыртқы ресімдеу жұмыстары жүргізілді. Балабақша аумағына енгізілген кең жер көлемі тас-қоқыстан тазарту жұмыстары оңайға түспеді. Ғимарат аумағы өңделіп, ағаш, гүлдер отырғызылып, аула жасыл желекке айналды.  Балабақшаны көркейтуге қала тұрғындары да  қарап қалмай, үйлерінен  әр түрлі бөлмеде өсетін гүлдер әкелініп, балалар мекемесі әсем гүлдер әлеміне айналды.

Балаларды қабылдамас бұрын  топ бөлмелері, жұмыс кабинеттері ресімделді.

Қазір енді балабақша  ертегігдей балалар сарайы болғандай. Мұнда жұмыс жүргізуге барлық жағдай жасалған, заманауи копьютерлік технологиялар, интерактивтік тақталар, әдістемелік кабинеттер, әдемі жиһаздар, кілем, ойыншықтар жаңа төсек орындар көздің жауын алады. Топ бөлмесінен басқа арнайы  оқу залы, спорт залы, психолог, медицина кабинеттері бар. Кір жуатын бөлмеде барлық жағдай жасалған  заманауи кір машинасы, кептіргіш құрал тағы қарастырылған. Даярланған тамақты  екінші қабатқа көтеретін автоматтандырылған лифте бар. Қазір тәрбиешілерге жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл, себебі әр пәннің мұғалімдері бар: хореограф, көркем- сурет, музыка тағы басқа.  Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологиялардың арқасында  мұғалімдерге әдістемелік көмек, көрнекіліктер, жасауға  компьютер, принтер, сканер, ғаламтор ақпараттық құралдар  көп жеңілдік тигізуде. Осыған орай, келешек ұрпақты тәрбиелеуде балабақшаларға озық тәжірибелі,  жаңа технологияны меңгерген, біліктілік  дәрежесі жоғары мамандар қажет.

Қазір «Қарлығаш» балалар бақшасында 3 жастан 6 жасар аралығындағы  5 топ және 4-5 жасқа жейін 2 топ балалар мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақша 250  балаға арналған. Қазір онда 140 бала барып жүр. Ендігі бір көкейтесті мәселе балабақша автобус тоқтайтын аялдамадан алыс орналасқан және ол жаққа көп автобустар жүрмейді. Зырян өңірінің қатты аязында жас сәбилерді әрлі- берлі  тасу оңайға түспейтіні рас.

Балабақшада  66 жұмысшы істейді. Ол жерде жұмысшылар үшін барлық жағдайлар жасалған, жұмыс орындары   өздеріне ұнайды. Жиналған ұжым жұмысшылары да өз істеріне білікті, жұмыс бабына қалыптасқан екені көрініп тұр.

Мекемеге әлі де болса қазақ тілі мұғалімі, логопед, музыка мамандары қажет. 

Зырянда мемлекеттік тілде тәрбиелейтін тағы бір балабақша салыну жоспарланды.  Жеке меншіктен алынған, тағы бір балабақша жөндеуден өткізіледі.

Сонымен қатар, кәсіпкер  Шалапутов жеке ясли- сад ашуды жоспарлауда. Осындай игілікті істердің барлығы, еліміздің мәртебесін көтеріп, жастарымыздың  білім сапасын әлемдік деңгейге жеткізу көзделіп отыр.

«Зырян ауданының мемлекеттік мұрағаты» КГУ 
мұрағатшысы С. Тлеубергенева

Аударған Құрманова А.

Мақала 2013жылы 31 қаңтарда  
Зырян аудандық «Көктас таңы» газетінің  №4 жарияланды

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru