Шығыс Қазақстан облысының мұрағат мекемелерінің Ақпараттық технологияларыШығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатына 70 жыл
Полякова Ольга Гавриловна - Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының директоры
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатына – 70 жыл. Мекеме үшін аса үлкен жас емес, бірақ жинақталған тәжірибе бар және кол бойынша кейбір қорытынды жасауға болады.
Орталығы Өскемен қаласы болып табылатын Шығыс Қазақстан облысы 1939 жылдың қазан айынан бастап жеке әкімшілік бірлік ретінде әрекет ете бастағаннан кейін мұрағат құрылысы 1940 жылы басталды. 1940 жылғы 17 сәуірде Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссариатының мұрағат бөлімінің бастығы орынбасарының бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссариатының Шығыс Қазақстан облыстық мұрағат бөлімінің бастығы болып Н.И.Чичиевский тағайындалды, сонымен қатар, оған облыстың мемлекеттік мұрағатына басшылық жасау жүктелді.
Шығыс Қазақстан облыстық халық депуттар кеңесі атқару комитетінің 1940 жылғы 30 қыркүйектегі №773 шешімімен мекемелердің, ұйымдардың басшылары «әрі қарай сақтау үшін НКВД-ның Шығыс Қазақстан облыстық мұрағатына, аудандарда аудандық НКВД-нің аудандық мұрағаттарына мекеме мұрағатында сақтау мерзімі өткен барлық мұрағат материалдарын өткізуге» міндеттенді.
Облыс мемлекеттік мұрағатының өз ғимараты болмады, 1940 жылы мұрағат бөлімімен бірге облыс ішкі істер басқармасының әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бөлмесіне орналасты, содан кейін үш ай бойы облыс орталығынан 15 шақырым жерде Киров аудандық мұрағатында паналады, сондықтан 1940 жылы практикалық әрекет болмады.
1941 жылғы қазанда УНКВД-ың мұрағат бөлімшесі мемлекеттік мұрағаттар бөлімшесі болып өзгертілді, ал 1946 жылдан бастап УНКВД-ның мұрағат бөлімі болып аталды.
КСРО Халық Комиссарлары кеңесінің 1945 жылғы №130092-р өкімінің және КСРО НКВД-ның 1945 жылғы 12 қаркүйектегі №381 бұйрығының негізінде мемлекеттік мұрағаттар ғылыми-зерттеу мекемелерінің қатарына енгізілді.
Көптеген жылдар бойы облыс мұрағатының шататы көбеймей 4-8 адам деңгейінде қалып келді. 1941 жылы сақтауда жиыны 1523 іс болды, бірақ 1947 жылыдың өзінде мұрағатқа аудандық мұрағаттардан құжаттар түсе бастады (5944 іс).
Ұзақ уақыт бойы мұрағат ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың құжаттарын тәртіпке келтірумен және оларды мемлекеттік сақтауға қабалдаумен ғана айналысты. 40-50 жылдары құжаттарды пайдаланудың жалғыз түрі азаматтар мен мекемелердің сұраныстарын орындау болды.
1957 жылы мұрағат бөлімі Шығыс Қазақстан облыстық Халық депуттары кеңесі атқару комитетінің ішкі істер басқармасына бағынатын болды.
Мемлекеттік мұрағат жұмысында түбегейлі өзгерістер 60-шы жылға көзделді. Шығыс Қазақстан облыстық Халық депуттары кеңесі атқару комитетінің 1960 жылғы 30 маусымдағы № 303 шешімімен мұрағат бөлімі Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің қарамағына берілді. 1960 жылы 240 000 іске арналған облыс мемлекеттік мұрағатының типті ғимараты пайдалануға өткізілді. 1963 жылы облыс мемлекеттік мұрағатының Зайсан және Зырян филиалдары, 1966 жылы Лениногор филиалы құрылды.
1970-1960 жылдар ішінде мұрағат бөлімі мен облыс мемлекеттік мұрағаты қызметкерлерінің жартысынан көбі жаңарды. Мұрағатқа жоғары тарихи-мұрағат және гуманитарлық білімі бар мамандар келді: Черных Станислав Евгеньевич, Сайкина Фаина Александровна, Андрусенко Галина Петровна, Шустер Майя Григорьевна, Пекаторос Людимила Анатольевна, Посконная Ольга Николаевна, Ван Кира Юрьевна, Семибратов Сергей Яковлевич, Лебедь Светлана Ивановна және басқалар. Тез арада олар мұрағат жұмысының негізгі түрлерін меңгеріп алды және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мен құжаттардың мемлекеттік есебіне, жинақтау мен жүргізуге, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың ведомстволық мұрағаттарымен жұмысқа, құжаттардың құндылығын сараптауға, мұрағат құжаттарын пайдалануға байланысты мұрағат жұмысының негізгі түрлерін меңгеріп алды.
Облыстық атқару комитетінің мұрағат бөлімінің меңгерушісі С.Е. Черныхтың (1965-1988 жылдар) және облыс мемлекеттік мұрағатының директоры Ф.А. Сайкинаның (1965-1988 жылдар) басшылығымен мұрағат артта қалушылар қатарынан республикадағы озаттар қатарына шығып, көптеген болашағы зор бастамалардың «Пионері» болды, бұл бастамалардың қатарына Қазақстандағы алғашқы Зырян қаласының жеке құрам бойынша шаруашылық есептегі мұрағатын, облыс мемлекеттік мұрағатының Зырян филиалының типті ғимаратының құрылысын; жеке бас текті құжаттарды жинау бойынша жұмыстардың басталуын; анықтамалықтар мен құжаттар жинағын әзірлеуді және басып шығаруды; көрме, теле, радиохабарлар, лекция, экскурсия сияқты мұрағат құжаттарын пайдаланудың жаңа түрлерін енгізуді жатқызуға болады.
1966 жылы облыс мемлекеттік мұрағатында шаруашылық есептегі топ құрылды, ол топқа мекемелердің құжаттарын тәртіпке келтіру мен оларды мемлекеттік сақтауға беру бойынша жұмыстардың негізгі ауыртпалығы түсті. 1961-1965 жылдары мемлекеттік сақтауға 58 282 ісі қабылданса, тек 1966 жылы 21 765 іс, ал 1966-1973 жылдары 95 456 іс мемлекеттік сақтауға қабалданды. Ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда құжаттардың ешқашан өңделмегенін айта кеткен жөн, құжаттардың бір бөлігі құрып кетсе, қалғандарды сарайларда, қоймаларда, шатыр жайларында, подволдарда жатты. Мұрағатшылардың оларды өздері алып шығып, тәртіпке келтіруіне тура келді. 70-ші жылдардың ортасынан бастап облыс мемлекеттік мұрағаты мүлде құжатпен жабдықталмаған, себебі мұрағат қоймасына бөлінетін орын жетіспеген. Бұл жағдай 1991 жылға дейін сақталып келді.
1991 жылғы қарашада Қазақстан Компартиясы әрекетінің тоқтауына байланысты облыс мемлекеттік мұрағатының балансына Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бұрынғы партия мұрағатының ғимараты берілді, ал оның 202 428 істі құрайтын құжаттары облыс Ұлттық мұрағат қорын айтарлықтай толықтырды.
1997 жылғы наурызда облыс мемлекеттік мұрағаты таратылған жеке құрам бойынша Өскемен қалалық мұрағатының 24 000-нан астам істен тұратын құжаттарын сақтауға қабылдады. Сол жылы облыс мемлекеттік мұрағатының балансына аумағы 10002,4 шаршы метр болатын тағы бір ғимарат берілді.
1997 жылғы мамырда Семей облысының таратылуына байланысты облыс мемлекеттік мұрағатының қарамығына бұрынғы Семей облыстық мұрағатының Аягөз және Жарма филиалдары берілді.
2009 жылғы тамыздан бастап облыс мемлекеттік мұрағаты жеке заңды тұлға болды.
90-шы жылдары Егеменді Қазақстанның қалыптасуымен мұрағат ісі де қалыптасып, ол қайта ұйымдастырылды. Мұрағатшылар сол уақыта дейін белгсіз болған бірқатар проблемалармен бетпе-бет келді: мұрағат құжаттарын меншіктеу; жекешелендірілген, банкротқа ұшыраған кәсіпорындардың мұрағаттарының құқықтық мәртебесі; жеке мұрағаттармен өзара қарым-қатынас; құжаттардың бір жүйесінің құрып, екінші жаңа жүйесінің пайда болуы; мұрағат ісіне ақпараттық технологияны енгізу сияқты мәселелер, бұл шешуін табу қажет болған проблемалардың толық тізімі емес, аталған проблемалардан да өзге проблемалар мұрағат қабарғасында шешімін тауып келеді.
Қазақстан Республикасы Парламентінің 1998 жылғы желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңын қабылдауы мұрағат ісін ұйымдастыру мен басқаруда оң роль атқарды және біртұтас үш міндеттің: қорларды қалыптастырудың, құжаттардың сақтауды қамтамасыз етудің, халықтың жазбаша тарихи-мәдени мұрасын мемлекет пен қоғамның мүддесіне ғылыми пайдаланудың тиімділігін арттыруға жол ашты.
Бүгінде мұрағат қызметінің ролі – қоғамның ретроспективалық ақпаратқа деген қажеттілігін барынша қамтамасыз ету.
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты үш ғимаратта орналасқан: Головков көшесі, 26/1, Крылов көшесі, 39; Потанин көшесі, 12а. Онда жоғары, арнайы орта және гуманитарлық білімі бар 56 қызметкер жұмыс істейді. Облыс мемлекеттік мұрағатының құрылымдық бөлімшелері іс-әрекеттің негізгі бағыттары бойынша бөлінген: құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есеп бөлімі; жинақтау және ведомстволық мұрағаттарды бақылау бөлімі; ғылыми анақтамалақ аппарат, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімі; құжаттардың құндылығын сараптау бөлімі; әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімі; ақпараттық технологиялық бөлім. 2008 жылдан бастап «Электрондық Үкімет» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы мұағаттар және құжаттама басқармасының бастығы А.А. Әубәкіровтың басшылығымен және оның тікелей қатысуымен облыс мемлекеттік мұрағатында жеке және заңды тұлғалардың құжаттарға тез және тиімді қол жеткізін қамтамасыз ету үшін «Электрондық мұрағат» жасау бойынша жұмыс басталды. Осы жұмыстың барысында қағаз тасымалдаушыдағы құжаттарды электрондық түрге көшіру үшін А3 форматты ЭларПланСкан кітап сканері, А4 форматты екі планшетті сканер алынды, электрондық құжаттарды сақтау үшін сервер орнатылды, мұрағат қызметкерлерінің электрондық құжаттардың біртұтас базасын бірлесе пайдалануын қамтамасыз ету үшін локальді есептеу жүйесі жасалды. «Электрондық қор каталогы» деректер базасы құрылды, қор каталогы Облыстың электрондық қызмет орталығына және Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің Интернет-порталына, «Мұрағат тіркелімі», «Естеліктер кітабы», «Бейнетека», «Әкімшілік-аумақтық бөліну», «Атаулық каталог» деректер базаларына қосу көзделіп отыр. Облыс мемлекеттік мұрағатында атқару органдарының құжаттарын сканерлеу және оларды деректер базасына енгізу бойынша жұмыстар басталды. Бұл жұмыс зерттеушілердің құжаттармен олардың электрондық түрі арқылы танысуына жол ашады, сонымен қатар ол құжаттардың түпнұсқалары да сақталады.
2008 жылдың қарашасында облыс мемлекеттік мұрағаты Мемлекеттік органдардың біртұтас көлік торабына қосылды, 2009 жылдың ақпанынан бастап Электрондық қызмет орталығының виртуальді қабылханасы өз бетінше жұмыс істейді. «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты» ресми сайты ақырына дейн жеткізілу және толықтыру сатысында.
Облыстың барлық бөлімдерінде компьютерлер бар. Кәсіби бейнекамераның және фотоаппараттың болуы мемлекеттік мұрағаттың қала мен облыстағы маңызды оқиғаларды түсіруіне жол ашады; мультимедиялық проектордың және экранның болуы мультимедиялық тұсаукесерлер өткізуге, іс жүргізу қызметтері мен ұйымдардың ведомстволық мұрағаттарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын, сабақтар, лекциялар, конференциялар және т.б. өткізуіне жағдай туғызады.
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының бөлінбес бөлшегі болып табылатын құжаттарды сақтауды жүзеге асыратын мекеме болып табылады. Қағаз негіздегі, сонымен бірге пленка тасымалдаушыдағы (кино-, фото-, фоно-, бейнеқұжаттар) құжаттарда біздің өлкеміздің тарихы, бүкіл елде, содай-ақ, нақты біздің облысымызда болып өткен барлық тарихи оқиғалар бейнеленген. Мұрағатта Өскемендегі Кеңес өкіметінің қалыптасу кезеңіндегі бірегей құжаттар: Өскемен уездік революция комитетінің, атқару комитетінің, әскери комиссарияттың, айырықша арналымдағы бөлімдердің, уездік мекемелердің құжаттары, сол кезеңнің газеттері сақталуда.
Ұйымдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың құжаттары бойынша түсті металлургия, энергетика, геология, ауыл және орман шаруашылығы, ғылым, мәдениет, білім беру және т.б. салалардың қалыптасуы мен дамуын көруге болады. Бұлар Шығыс Қазақстан Совнархозының, Белогор кен байыту, Ертіс полиметалл, Өскемен қорғасын-мырыш, титан-магний комбинаттарының, Востокмашзаводтың, Өскемен приборлар зауытының, конденсатор зауатының, Өскемен жібек маталар комбинатының, Алтай аудандық «Алтайэнерго» басқармасының, Ертістегі «Иртышгэсстрой» Гидроэлектростанциясының (ГЭС) Өскемен ГЭС-ның, Шығыс Қазақстан геологиялық басқармасы мен оның экспедициясының, бүкілодақтық «ВНИИЦветмет» түсті металлдар ғылыми-зерттеу институтының, «Казгипроцветмет» мемлекеттік жоба институтының және т.б. ұйымдардың қорлары.
Келесі құжат коллекциялары да белгілі бір қызығушылық тудырады: Шығыс Қазақстан тарихы бойынша, «Шығыс Қазақстан 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Тың және тыңайған жерлерді игеру», Шығыс Қазақстан облысындағы споартты дамыту тарихы бойынша; партия, комсомол, соғыс және еңбек ардагерлерінің естеліктер коллекциясы, шет елдер мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен анақталған өңір тарихы бойынша құжаттар және т.б.
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты тек өлкемізде ғана емес, сонымен қатар елімізге танымал адамдардың 70-тен астам жеке бас текті қорын сақтауда. Бұл құжаттар тарихи дерек көздерінің маңызды тобының бірі болып келеді, Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени мұрасының бөлінбес бөлшегі болып табылады. 1961 жылы мұрағатта небәрі 7 істен тұратын жеке бас текті 3 қордың болуын айту жеткілікті. Қазір жеке бас текті қор құраушылар арасында: С.А. Аманжолов – филилогия ғылымдарының докторы, профессор, тілтанушы-тюрколог, қазақ тілінің негізін қалаушылардың бірі; А.Н. Белослюдов – зоолог, Қазақстан жануарлар әлемін зерттеуші; А.М. Волков – жазушы, ғалым, педагог; Герасимов Б.Г. - өлкетанушы, ғалым, Орыс география қоғамының Семей бөлімшесінің құрылтайшысы; М.В. Горохов - өлкетанушы, «Прииртышский коммунар» және «Омская правда» газетінің фототілшісі; К.К. Жаманбаев – Қазақ ССР –нің еңбек сіңірген мұғалімі; А.С. Иванов – жазушы, «Молодая гвардия» журналының бас редакторы; М.М. Кагарманова - Өскемен қаласының татар диаспорасының өкілі; Н.Я. Коншин – саяси жер аударылушы, Орыс география қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің құрылтайшысы; П.Н. Кузнецов – жазушы, ақын, журналист, ақын Жамбылдың шығармаларының аудармашысы; У.Б. Малдыбаев – КСРО Журналистер қоғамының мүшесі, Қазақстан Республикасының қайырымдылық және денсаулық қоғамдық бірлесітігінің Шығыс Қазақстан филиалының төрағасы; В.Е. Мурыгин, Н.С. Рахвалов – Шығыс Қазақстандағы Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысушылар; М.Ш. Мусин – КСРО Журналистер қоғамының мүшесі, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы; Е.Н. Пермитин – хатшы, РСФСР жазушылар одағының хатшысы, «Охотник Алтая» журналының негізін қалаушы және редакторы; Н.А. Петровский – ғалым-біртума, онамистика бойынша ірі ғалым, орыс жеке есімдері сөздігінің авторы; К. Сакабаев – журналист, жазушы, Қазақстан Журналистер қоғамының мүшесі; Е.К. Турлыбаев – Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі, журналист; Ю.К. Увалиев – педагог, ғалым, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; Е.Л. Худяков – «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшесі, «Известия» газетінің бас редакторының орынбасары, Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің деканы; С.Е. Черных – жазушы, өлкетанушы, Қазақ ССР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, мұрағат ісінің үздігі; Н.Н. Яковлев – тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, РСФСР мемлекеттік көпшілік тарихи кітапханасын ұйымдастырушы (Мәскеу қаласы) және басқалар.
Мұрағат құжаттарының негізінде мұрағатшылар «Кенді Алтай. Шығыс Қазақстанның индустриальді дамуы. 1920-1945 жылдар», «Құпия айдарымен. Коллективизация кезеңінде қазақтардың Қытайға көшуі. Реэмиграция. 1928-1957 жылдар», «Б.Г. Герасимовтың таңдаулы еңбектері», «Рудный Алтай». 1918-1998 жылдар. Өмірбаяндар құжаттарда», «Киров ауданындағы (Өскемен қаласы) ауыл шаруашылығын коллективтендіру. 1928-1936 жылдар», «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. 1941-1945 жылдар» (Жеңістің 65 жылдығына арналды) жинақтарын; Шығыс Қазақстанда әкімшілік-аумақтық бөлу тарихы бойынша (1920-2002 жылдар), Шығыс Қазақстанның колхоз-совхоз құрылысының тарихы (1920-1997 жылдар) бойынша анықтамалықтар, «1941-1945 жылдар. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Шығыс Қазақстан облысына эвакуация» тақырыптық құжаттар шолуын; «Олар Шығыс Қазақстан облысын басқарды. 1941-1945 жыдар» (облыстың бірінші басшылары туралы) өмірбаяндық анықтамалығын; «Шығыс Қазақстан өлкетанушылары» сериясынан кітапшалар: Михаэлис Евгений Петрович. 1941-1913 жылдар», Коншин Николай Яковлевич. 1864-1937 жылдар», «Черных Станислав Евгеньевич. 1934-1991 жылдар»; «Қала көрінісіне штрихтар» кітапшасын, «Кеңес Одағының Батырлары – шығысқазақстандықтар» листовкалар жинағын, «Қамалдан бастау алды» очерктер мен мақалалар жинағын, «Олардың аттарымен көшелер аталады» жолкөрсеткін әзірледі және басып шығарды. Бұдан өзге, облыс мемлекеттік мұрағаты Облыс мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдарының қорлары бойынша жолкөрсеткі, «КПСС-тің бұрынғы мұрағат қорының құжаттары» жолкөрсеткісін, Облыс мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдарының жеке бас текті қорлары бойынша жолкөрсеткі әзірледі.
Мұрағат құжаттарын зерттеушілер кеңінен пайдаланады. Олар кандидаттық және докторлық диссертацияларға негіз болды. Жыл сайын оқу залында 500-ден астам зерттеуші жұмыс істейді.
Құжаттарды пайдаланудың негізгі түрлерінің бірі – сұраныстарды орындау. Облыс мемлекеттік мұрағаты жыл сайын 12 мыңнан астам әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындайды. 2009 жылдан бастап бұл қызмет Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілуде.
Облыс мемлекеттік мұрағатында «мұрағатшы» деп аталатын сирек кездесетін мамандық иелері жұмыс істейді, олар байқаусыз болса да аса қажетті халқымыздың тарихи мұрасын сақтау және пайдалану бойынша жұмысты атқарады. Үлкен жұмыс тәжірибесі мен мұрағаттық еңбек өтілі бар қызметкелермен қатар мұрағат ісінің қыры мен сырын аға буыннан үйрене отырып, жас қызметкерлер де жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта мұрағатта мемлекеттік сақтауда қағаз негіздегі 676 869 іс бар, олардың ішінен жеке бас текті 9405 іс, ғылыми-техникалық құжаттама11883 ісі, жеке құрам бойынша 124686 іс сақталуда. Сонымен қатар, 369 киноқұжаттары, 9115 фотоқұжаттары, 246152 сақтық қорының құжаттары, 210 фоноқұжаттар сақталуда.