Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Бейбітшілік пен келісім – басты ұранымыз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында біз дамудың даңғыл жолына түскен дамушы мемлекет екенімізді қадап тұрып айтқан еді. Сонымен қатар қазіргі азаматтық қоғамдық ұйымдардың, партияның, қозғалыстардың, бірлестіктердің алатын орны ерекше екенін атап өткен.

Елбасы ұлтаралық татулық пен ынтымақты, бірлікті, ұлттар достастығын қалыптастыра отырып, бейбітшілік пен келісім салтанат құрған бейбіт өмірде дамудың жаңа белесіне көтерілуге болатынын көрсетті. Бүгінде еліміздегі көп ұлттардың достастығы ұрпақ сабақтастығымен миллиондаған адамдардан құралған. Жаңа замандағы жаңа Қазақстанда достық қарым- қатынас саясаты жоспарлы түрде жүзеге асырылып келе жатқаны бізді қуантады. Осы бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны ерекше. Бұл тек ТМД елдеріне ғана емес әлемге танылып отырғанын білеміз.

Республикамыздағы ұлтаралық татулықтың жарқын көрінісі- біздің Зайсан ауданында да көрініс тапқан. Өйткені, киелі Зайсан жерін сонау тарих қойнауынан парақтасақ тарихы тереңде жатыр. Себебі бұл Баязит Сәтбаевтің, Күләш Сәкиеваның, Е.Әукебаевтың ғана табаны тиген жер емес, бұл жерде П.П.Семенов Тянь-Шаньский, Н.П.Пржевальский, Мырзаш Алдиярұлы, Г.Н. Патанин, Е.П.Михаэлис бұл жерден жүріп өткен. Сонымен қатар ақын П.Васильев осы жерде туған. Осы орайда Қазақстанның тарихындағы ұзақ жылдарға созылған этникалық мәдениеттің қалыптасуына әр жылдарда  түрлі себептермен қазақ жеріне келіп қоныстанған ұлт өкілдері себеп болып отыр.

Алдағы уақытта біз және біздің балаларымыз өлкеміздің тарихын, дәстүрін, мәдениетін сақтап, бірлікте, бір отбасындай болып ұйып отырған этникалық топтармен бірлесе отырып, соның ішінде қазақ және орыс мәдениетінің тығыз байланыста болуына өз үлесімді қосып келемін.

Менің басқаратын ұжымымда бірнеше ұлттың өкілдері қызмет атқарады. Атап айтқанда қазақ, орыс, татар ұлтының өкілдері бар. Бірақ біз тіліміз бөлек болса да, тілегіміз бір мақсатта жұдырықтай жұмылып, берекелі-бірлікпен жұмыс атқарудамыз. Әріптестерім аудандағы тарихи маңызы бар құжаттарды жинап, сақтауда тер төгуде. Биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының 6 ақпанда Елордада салтанатты ашылуы барша ұлт өкілдері үшін мерекелі сәт. Мереке  мерекеге ұласып, елімізде бейбітшілік пен келісім арта берсін.

В.Н.Козлов
Зайсан аудандық мұрағатының  директоры
04 ақпан 2015 жыл «Достық» газеті  № 10

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru