Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Мұрағат қорынан

Әр халықтың тарихында құрылуын, жеңісті шайқастарды, саяси оқиғаларды белгілейтін елеулі күндері бар.

Қазақ халқы үшін сондай күндердің бірі – 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні.

Дәл осы күні,1991 жылы Жоғарғы Кеңесте «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданып, біздің тарихымызда жаңа дәуір басталды.

Әлемнің саяси картасында жаңа дербес мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды.

Тәуелсіздік бізге ғасырлар бойы тәуелсіздікті аңсаған ата-бабаларымыздың байтақ жерімізге көз тіккен дұшпандарымызбен болған шайқастардағы қасық қанымен келді.

Біздің аудан тұрғындары, барлық халықпен бірге 23 жыл бойы тәуелсіздік күнін атап өтуде.

Тәуелсіздік алғаннан алты жыл өткен соң, біздің аймағымызда екі аудан бірікті, Жарма және Шар аудандары. Аудан орталығы –Қалбатау ауылы. Ең басынан Қалбатау Георгиевка ауылы болып аталатын.

Усть-Каменогорское уезінің Георгиевское ауылы 1893 жылы Таврия губерниясынан Нижний Сирогоз ауылынан шыққан елу жанұя тұратын қоныс аударушылармен құрылды.

1893 ж. жазда келіп, Шар өзенінің сол жақ жағалауында, қазіргі Бүрлі-Ағаш ауылының маңында, бірінші шатырларын орналастырды. Өздеріне ыңғайлы жер іздеумен Каныба өзенінің оң жағында қонды. Саманнан үйлер салып, уақытша салынған қоныстарынан көшті. Солай біздің ауылымыздың бірінші көшесі Горобчанка (қазіргі Абая көшесі) пайда болды.

1895 жылы Харьков губерниясының Лебединский уезінен тоғыз жанұя, 1896 жылы Мелитополь уезінен алпыстан астам жанұялардың көшуі ауылдың өсуіне себеп болды. Сөйтіп екінші көше-Тавричанка (қазіргі Достық көшесі)  пайда болды.

Ақырғы топ 1898 жылы Полтава губерниясы Лохвицкий уезінен қоныс аударды. Георгиевка ауылының үлкейүі халықтың табиғи өсуіне және қазақтардың көшпеліден отырықты өмір салтқа ауысуына нәтиже болды.

ХХ ғасырдан басында Георгиевканың маңында Николаевка, Мариновка, Вознесеновка, Покровка деген жаңа елді мекендер пайда болды.

Уақыт ағымымен Георгиевка-Жарма ауданының орталығына айналды, Совет Үкіметі кезінде ең озат колхоздардың бірі Рассвет колхозы болған.

Тәуелсіздік алғанмен ауылымыз әлеуметтік, экономикалық, мәдениет бағыттарында нығайтыла бастады. Қазіргі уақытта ауылда он мыңнан астам адам өз елінің тәуелсіздігі үшін өмір сүріп, еңбек етіп жүр.       

Сванбаева М.Д.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru