Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Қорлар мінездемесі

01.01.2019 ж. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архиві» КММ-нің Жарма филиалында – 301 қор, 90008 cақтау бірлігі сақталуда. Оның ішінде: басқару құжаттары - 239 қор 60378 сақтау бірлігі, жеке текті құжаттар - 12 қор, 834 сақтау бірлігі, жеке құрам бойынша - 50 қор 28796 сақтау бірлігі. 

Жарма филиалының қорындағы мемлекеттік сақтаудағы құжаттар 1898-2006 жылдар аралығын, жеке тектік құжаттар 1941-2012 жылдарды қамтиды. Архивта 1989-1929 жылдардағы туу туралы, қайтыс болғандығы жөніндегі және неке туралы метіркелік кітаптар сақталуда. Қордың негізгі бөлігін 1945-2012 жылдардағы құжаттар құрайды. Архивта Шар, Көкпекті, Ақсуат, Жарма аудандары атқару Кеңестерінің, бұрынғы Шар ауданының органдары мен кәсіпорындарының білім бөлімінің, мемлекеттік нотариалдық кеңсесінің, мәдениет бөлімінің, сонымен қатар Жарма ауданының білім бөлімінің, мәдениет бөлімінің, денсаулық сақтау саласы бойынша, аудандық тұрмыстық өтеу комбинатының, Жарма ауданы колхоздарының біріктірілген қорының құжаттары мемлекеттік сақталуда. Бұл құжаттар социализм кезіндегі экономиканың, ағарту ісінің, мәдениет, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы салаларының өркендеуі мен халықтың әл-ауқатының  өсуін көрсетеді.
Қазақстанның егемендігі жарияланған жылдардан бері архив қоры Жарма және Шар аудандары әкімшіліктерінің, осы аудандардың Аппараттарының, селолық және поселкелік әкімшіліктерінің құжатарымен толықтырылды. Архивта 12 жеке тектік қор құжаттары бар. Мұнда ауданға ерекше еңбегі сіңген тұлғалардың құжаттары сақталуда. Оның ішінде бұрынғы Шар және Жарма ауданының Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің біріктірілген архив қорының ақпараттылығы толық қамтылған. 
Төмендегі қорларды ерекше атап өтуге болады:         

* Керейбаев Қайыртай Шәріпханұлы - Көшек орта мектебінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, «Қазыналы Қалба» кітабының авторы.

* Ерлі-зайыпты Задонскийлердің жанұялық коллекциясы - №62 орта мектебінің ұстаздары.

* Рахимбеков Қалел – «Жарма ауданының Құрметті азаматы», «Жылдың Үздік адамы», «Қазақстан темір жолы маманының Үздігі», Тыл, еңбек ардагері, ақын.

* Калиев Кенесбек- ақын.

* Тергемесов Фазыл-  Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген кеншісі.

Архив құжаттар мен материалдардың экспозициялық көрмелер ұйымдастыруда, мектепте оқулар өткізуде, лекциялар оқуда, туған өлке жайлы кітаптар жазудағы маңыздылығы өте жоғары. Архив құжаттары негізінде есімі белгілі жерлестеріміз жайында мақалалар жарияланды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдығына «Через пол Европы с пулеметом» атты Ұлы Отан соғысы ардагері Садыков Аблай туралы көрме безендірілді.
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архиві» КММ-нің Жарма филиалы әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындайды. Жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қажетті анықтамалар берумен айналысады. 

Архивқа азаматтардан түскен сұраныстардың негізін - мекемелердің, кәсіпорындардың, ұжымдардың жеке құрам (жұмысқа қабылдау және шығару туралы бұйрықтары, еңбекақы туралы, жеке істері) құжаттары бойынша өтініштер құрайды. 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru