Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Магаданнан табылған жұмбақ суреттегі қазақ Мағжан емес пе?

Мұндағы мұрағатта 55 мыңнан астам адам турады тың мәліметтер бар

23 маусым күні Өскеменнен шығып, Ресейдің Магадан өлкесіне жол тарттым. Бұл - алдын ала келісім бойынша жасаған сапар болды. Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ ұлтжанды азаматқой. Магадандасаяси қуғын-сүргін құрбаны болған зиялыларымыздың тағдырына қатысты іссапарымды құптаған, соң, жолға шығар алдында облыстық ішкң істер департаментінің бастығы, генерал-майор Рашид Жақыповтың Ресей Федерациясы Магадан облысының ІІД бастығы, "генерал-майор Александр Суворовқа ресми хатын жазғызып алдым, - деп бастады әңгімесін Алдияр Әубәкіров.

Мұрағат басшысының айтуынша,  аталған хат жолсапарға , шығардан бір ай бұрын жіберілген. Екінші данасын өзімен бірге алып жүрген екен. Өйткені, Магадандағы саяси репрессияға ұшырағандар туралы мәліметтер жинақталған ақпараттық орталыққа кіру ете қиын.

Жалпы, Сталиннің тұсында қара түнекке айналған Магаданда «аса құпия» мөртаңбасымен жіберілген есептер бойынша 1935 - 36 жылдары
- 190 246 адам тұтқындалса, оның 2347-сі ату жазасына кесілген; 1937 - 38 жылдары 1 372 392 адам тұтқындалып, 681 692 адам атылған; 
  -1939-40 жылдары 121 033 адам тұтқындалып, 4464-і атылған. Мұның сыртында айдауда жүріп, денсаулығынан айырылып қайтыс болғандары, соғыстың алғы шебіне жіберілген штрафбаттарда баудай түскені бар. 1940 жылы қамауда отырған 1 300 000 сотталушының ішінде 21 301 қазақ болғанын еске салсақ, ұлтымыздың ұлы зобалаңнан қаншалықты жапа шеккенін байқауға болады.

- Мұрағатта жұмыс істеп келе жатқандықтан салааралық байланысты жолға қою мақсатында жолға шықтым, деп жалғастырды Алдияр Ақылбекұлы әңгімесін. - Өйткені, Магаданда қазақтар да көп болды. Бала кезімізде «Итжеккенге кетті», «Сібірге айдалды» деген сөздерді жиі естіп өстік. Маған екі мемлекеттің облыстары арасындағы ресми хаттың біршама көмегі тиді. «Ақиқат» журналының 1994 жылы шыққан санында Ресейде оқу бітіріп, репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларының аты- жөні жазылған 120 адамның тізімі бар. Осы тізім бойынша
- Магаданда болғандарды анықтауға тырыстым. Аталған тізімдегі адамдарды анықтауға облыстық ІІД басшысы Р.Жақыповтың қол қоюымен өтініш хат жібергенмін. Магаданда облыстық мұрағаттың жетекшісі Наталья Борисовна қарсы алды. Онда бүгінде 95 мың халық тұрады. Мұрағаттары шағын болса да, 500 мыңға жуық іс-құжаттар бірлігі сақталған. Өзіміздің Шығыс Қазақстан облыстық мұрағатында 2 млн. 300 мың дана құжат бар. Бұл - елімізде мол қоры бар мұрағат санатына жатады.

Магадан қаласындағы мұрағатта 10 мыңға жуық ақ- талған азаматтардың тізімі бар. Тізімнен 20 қазақ табылды. Сонан соң қаладағы ақпараттық орталықтың Светлана Владимировна есімді қызметкерімен бірге үлгі қазақ азаматтарының аты-жөнінің орысша нұсқасын жазып беріп, олар туралы басқа да мағлұматтар іздеуін өтіндім. Бірақ, мағлұматтарға қол жеткізуге біздің өкілеттігіміз жоқ болып шықты. 2008 жылы Ресейде қабылданған «Жеке мәліметтер туралы» Заң бойынша ешқандай мәлімет берілмейді. Жоғары ресми органдар өзара келісуі тиіс.

Репрессияға ұшыраған азаматтарды ақтау бойынша Құрылған мемлекеттік комиссия да жұмысын тоқтатқан екен. Сондықтан, аталған құжаттарды алу үшін еліміздің Бас прокурорының атынан ресми хат жазылуы тиіс. Мәскеудің Новочеремушкинская көшесіндегі 67-үйде орналасқан бас ақпараттық орталыққа хат жазу арқылы ғана ресейлік мұрағаттарға енуге рұқсаталуға болады.Жалпы,Магадан мұрағатында 55 мыңнан астам адам туралы тың мәліметтер бар. Сапар барысында репрессияға ұшырағандардың ісімен шұғылданатын жеке қоры бар бес адаммен таныстым. Соның бірі - Давид Райзман есімді "ғалым. Райзманның айтуынша, Қолыма түрмелерінде 300-ге жуық лагерь болған. Кен ендіру ошақтары табылған сайын жаңа лагерь ашылып, сотта- лушыларды. тоғытып отырған. Сапардың соңғы күнінде Райзман екеуміз Охот теңізіне шығар бұғазда бұрын сотталушыларды түсіретін Нагоя портында кездесіп, кеңінен әңгімелестік. Өзі ауырып, денсаулығы нашарлап жүргеніне қарамай, бірталай жайтты айтып берді. Сонымен қатар, Александр Беленковпен таныстым. Ол - журналист, түрмеде отырған, айдауда болған танымал зиялылармен хатжазысқан екен.

Ақпарат ортадлығынан 4 қазақстандықтың аты-жөні табыдды

Ақпарат орталығынан қа-зақстандық 4 адамның аты-жөні табылды. Екеуі - татар. Тағы бірі - Мұхтар Қорғанбекұлы Бірімжанов. Оның 1907 жылы Қостанайда туғаны көрсетілген. Мұхтар - Ресейдің Мемлекеттік Думасына депутат болған әйгілі Алаш зиялысы, заңгер Ахмет Бірімжановтың, туған інісі. Қорғанбектің бәй- бішесі Ханшадан - Ахмет, тертінші зайыбы Гүлмай- даннан - Мұхтар туады. Сондай-ақ, Қабыл Уәлиев деген кісі табылды, Бірақ, олар туралы артық ақпарат мүлдем берілмеді. Нотариалдық конторда 7 мыңға жуық тізімнен 14 қазақтың аты-жөнін жазып алдым. Жеке іс-құжаттарын суретке  түсірдім. Осылайша, барлығы 34 қазақтың тізімін жинақтауға мүмкіндік туды. Атақты тенор Вадим Козиннің мұражай-пәтерінде болдым.

Оның «Не уходи, побудь со мной» деген әні баршамызға белгілі. Ол 1945 жылы Магадан: да түрмеде отырған. 1950 жылы босаған соң сонда қалып қойған.

Сұрастыра келе, 1948 жылы түрмеде қарапайым қызметкер болып жұмыс істеген бір адамды және түрмеде отырған бір әйелдің мекенжайын, телефондарын алдым. Бірі Краснодар аймағында, бірі Петерборда тұрады екен. Алдағы уақытта оларға хат жазбақ ниеттемін. Мүмкін айдауда болған қазақ зиялылары туралы там-тұмдап болса да білетін шығар...

Өткен жылдары айдаудағы Мағжан Жұмабаев- көрдік деген атыраулық ақсақалдың Магаданға барғанынан хабардармыз. Бірақ, олар Мағжанның қабірін таба алмады. Бауыржан Момыш- ұлы 1948 жылы Сібірде сал тартып жүрген Мағжанды кергенін айтады. Бұл туралы мәліметтер баспасөзде жарияланды. Сондықтан, ақын туралы деректерді іздестірдім. «Жүргенге жергем ілінеді» деген рас. Елге қарай шығатын күні күндізгі сағат 15.00-де менің атыма жазылған тілдей бір қағаз келді. «Табиғи (батпақ, топырақ, матадан) материалдардан өнер туындысын. жасайтын шеберхана иесі Анна Байдарова есімді әйел сізді күтіп отыр. Жедел жетіңіз» деп жазылған екен. Дереу қағазда . керсетілген мекенжайға құстай ұштым. Магадан қаласында көлік ұстау қиын, жаяу жүгірдім. Қаланың екінші шетінде орын тепкен шеберханаға жетсем, күтіп отыр екен.

Аз-кем таныстықтан соң: 
- Бір ескі үйді бұзғанда, шатырында тығылған көптеген суреттер шықты. А.Белявский есімді суретші салған туындылар, - деді Анна Байдарова. Көптеген картиналар арасынан көзіме бір. қазақтың суреті оттай басылды. Қолыма алып, тамашалап тұр едім:
- Ол қазақ па, қырғыз ба? Бейнесі таныс емес пе? - деді Анна ханым.
Суретте екі жағында тілігі бар ақ қалпақ киген қазақ бейнеленген болатын. Қазақтардың қалпағындағы тілігі екі жағында, ал қырғыздардікі  маңдайында болатындығын, суреттегі адамның қазақ екенін, бірақ танымайтынымды айттым. Ол Қазақстаннан арнайы келгенімді ескеріп, өзінің де қазақ жерінде тұрғанын, Алматыда туыстары бар екенін айтып, картинаны маған сыйлады. Қуана қабыл алып, суретті алып қайттым, - дейді Алдияр Әубәкіров.

Бұлтуынды қай жыддары  салынған?

Алдекең Өскеменге келген соң картинаны суретші Николай Аштемаға өңдеуге беріпті. Өйткені, сурет салынған жұқа - материал әбден тозып, жыртылуға шақ тұр екен. Аштеманыћ шеберханасына картинаны көруге барғанымызда кәнігі шебер қол суретке еш зақым келтірмей, жұқа тақтайға жапсырып қойыпты. Николай Аштеманың айтуынша, әр картинада уақыт қолтаңбасы сурет салу технолгиясынан керінеді.

- Бұл суреттің салынған мерзімі 1940 - 1950 жылдар арасы. Сенбесеңіздер, сараптамаға беруге болады, - дейді Николай Аштема.

Алдияр Ақылбекұлы суреттегі қазақтың от шашқан көзі мен қарыс маңдайының Мағжанға ұқсайтынын айтады. Алайда, мұрны келің- кіремейді. Картинадағы қазақта Мағжандағыдай арулар іңкәр болған әсем мұрын жоқ. Әлде, сурет бүлінді ме, әлде, айдауда азып-тозған кейіп пе, әйтеуір, мұрағат басшысы суреттен Мағжан бейнесін көргісі келеді. Әрине, аталған суреттің құндылығы - қазақтың суреті болуында. Бәлкім, ол да Мағжанның қасында жүріп, сал тартқан қазақ шығар?.. Кім біледі?!

Магаданда «За нами придут корабли» деген кітап шыққан екен. Бұл кітапта репрессияланғандардың аты- жөні жинақталған. Магаданда өмірі қор болған боздақтары- мыздың басына белгі соғу керек. Онда 55 мыңнан артық іс әлі қаралмаған, оның ішінде 2 мыңнан артық жазықсыз жапа шеккен қазақтың ісі бар. Шындығында, боздақтарымыз  бізді күтіп жатыр, -деді Алдияр Әубәкіров.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru