Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Архив тарихы

Жарма ауданының мемлекеттік мұрағатыШығыс Қазақстан облысы Әкімінің 1997 жылдың 1 қазанындағы 1-125ә өкімімен облыстың мемлекеттік мұрағатының Шар филиалы базасының мұрағаттық қорынан, Жарма аудандық мұрағатынан.

Облыстық мемлекеттік мұрағатының Жарма филиалының құру және толықтыру аумағына: Жарма, Ақсуат және Көкпекті аудандары кіреді.
Облыстық мемлекеттік мұрағатының Жарма филиалы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдері, Шығыс Қазақстан облысы және Жарма ауданы әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы мұрағаттар, ақпараттар Комитет коллегиясының бұйрықтары мен шешімдерін, Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы облыстық мемлекеттік мұрағатының құжаттарын басшылыққа алады.

Облыстық мемлекеттік мұрағатының Жарма филиалы өз жұмысын Қазақстан Республикасы мұрағаттары және ақпараттар Комитетінің, облыстық мұрағаттар мен құжаттар басқармасының ұсыныстары мен филиалдың жылдық жоспарлары негізінде жүзеге асырады.

Еліміздің мәдени-рухани байлығы Ұлттық мұрағат қорының әрі қарай толығуына, оны қорғауға және сақталуына, ғылыми тұрғыда жан-жақты пайдаланып жария болуына елеулі үлес қосқаны үшін, мұрағат ісі қарапайым көрінсе де, үкімет пен халыққа өте қажетті жұмыс екенін сезініп, таныта білгені үшін және көп жылғы адал еңбегі үшін мұрағат директоры және мұрағат қызметкелері Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru