Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Мен өз мұраттыма жеттім» жазушы Егоровтың 90 жылдығын Зырян қаласында атап өтті

2016 жылғы 12 сәуірде Зырянда қала жұртшылығы Шығыс Қазақстан облысының белгілі жазушысы, ақын, тілші Егоров Александр Ивановичтың 90 жылдық мерейтойын кең түрде атап өтті. Мемлекеттік мұрағатпен мүдделі мәдениет және білім беру мекемелеріне алдағы мерейтой туралы ақпараттық хаттар алдын ала жіберілген.«Горняк» мәдениет орталығының үлкен залында біздің жерлесіміздің шығармашылығын қадірлеушілер жиналды. Оның отаны-Зырян ауданының Кутиха ауылы. Александр Иванович Егоровтың өмірбаянымен және оның шығармашылығымен зыряндықтар естіп-білуімен ғана таныс емес, ол туралы газеттер жазған, жергілікті теледидардан үнемі көрсетіліп тұрады, оның туған өлкесі туралы шығармаларын көптеген оқырмандар жақсы көргендіктен, зал толы болды.

Александр Ивановичты мерейтойымен ауданның және қаланың басшылары, кітапханашылар, мәдениет қызметкерлері құттықтады. Жергілікті әншілер тілек сөздер айтты, оның құрметіне өлеңдер оқып, гүл  шоқтарын сыйлап, ол кісімен бірге суретке түсті.  Мерейтой өте көңілді болды! 

 

Александр Иванович Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Кутиха селосында 1926 жылдың 10 сәуірінде дүниеге келген. Егоровтар отбасы көп балалы болған: алты ұл, бір қыз. Әке –шешелері колхозда омарташы болып, балаларымен еңбек еткен. Александр Кутиха жеті жылдық мектебінде оқып, 7 сынып аяқтаған. Егоровтар отбасының бейбітшілік өміріне кенеттен адам тағдырына келген сұрапыл соғыстың кесірі еді.

Ер жетіп отбасындағы төрт ұл бірінен соң бірі Отан қорғауға аттанды. Әкелері мен үлкен ағалары Сергей соғыстан қайтпай қайтыс болды...

1943 жылы Александр әскер қатарына шақырылды. 17 жасар жас жігіт майданға аттанды. 1944 жылдың жазында Белоруссияны азат етуде жеке батальон «Багратион» ұрысына қатысады. 1945 жылдың тамызында Германия неміс фашистерін жеңгеннен кейін, Егоровты бөліммен бірге Маньчужурияны азат етуге шығыс соғысына лақтырады.  Егоров Ұлы Отан соғысындағы Ерлігі үшін екі орденмен және 3 дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады. 1949 жылы ғана соғыстан оралады.

Егоров Барнаул қаласының суретші- ресімдеушісі болып жұмысқа орналасады. Бұл қаладан Зырянға жету Егоровқа оңай тимейді. Сонымен бірге  ол өлкелік драма театр жанынан режиссерлік курсын оқып бітіріп, екі жыл драма театрында жұмыс істеді. Спектакльдер қойып, өзі рөльдерде ойнады. Қуаты мол, шығармашыл жан бірден көзге түседі. Кітапханалар жанынан ұйымдастырылған  әдебиет диспуттарға қатысып, жергілікті ақын- жазушының көңілін өзіне  аударады. Сол жердегі «Алтайский рабочий» қалалық газетінің редакциясына жұмысқа шақырылады. Александр Иванович 2 айдан соң «Лесной человек» атты әңгіме жазып оны байқауға жіберіп,  бірінші сыйлықты иеленеді. Осындан кейін ол журналист болуға бел буады.  Дарынды, алғыр, жан-жақты  адам сол Алтай жерінде де танымал болушы еді, бірақ туған жері,  үйі, туған- туыстарын қимай елге оралады.    

Александр Иванович арқасына арқа дорбасын асынып Алтай тауларын асып жаяу- жалпы еліне жетіп «Зыряновский рабочий» газетінің редакциясына жұмысқа орналасады. Онда оны өндірістік бөлім  меңгерушісі етіп қабылдайды.

Жұмысқа деген құлшынысы артқан журналист адамдар өмірін, болып жатқан оқиғаларды, фактілерді қызықтап, жан-жақты білуге құштар болды. Содан кейін ол «Совхозный рабочий» редакциясында  біраз жұмыс істеген соң 1957 жылы бұл газет редакциясы жабылып, Егоров облыстық «Знамя коммунизма» гезетінің редакциясына шақырылады. Ол онда жоғары партия мектебінің тілші мамандығына оқуға түседі. Диплом алған Егоров Өскемен қаласындағы

киностудиясының әдеби- драмалық бағдарламасын басқарады. Ал 1974 жылы оны  облыстың ең жоғары  дәрежелі «Казахстанская правда» газеті редакциясының  табиғатты қорғау бөлім меңгерушісі етіп тағайындалады. Бұл мезгіл  Александр Ивановичтің өміріндегі ең сәтті кездері еді. 

Жазушы үнемі табиғатпен  тілдесіп, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі, артып, әрбір шөптің қасиетін танып, табиғат тылсымын ерекше сезе білген.

Бұл туралы оның жазған әңгіме, новелла,  поэтикалық жинақтарынан көруге болады.

Тұрғұсұн өзенінің жағалауында орналасқан Кутиха селосы Холзунг  қыраттарынан сарқыраған өзен суы Иваново бұлағынан құйылып жатыр. Оның ағысының жылдамдығы мен мөлдірлігі сылдырлап аққан дауысынан- ақ сезіледі.

Өзеннің жағалауы қалың өскен әр түрлі шөптермен көмкерілген. Бұл өлке Зырян ауданының ең бір көркем жері.

Александр Ивановичтің «Дол березовских туманов» атты  поэтикалық шығармасында, біздің өлкенің тамаша табиғат көрінісін бейнелей отырып: «Өзімнің туған жерім Кутиханы есіме алсам,  сарқырап ағып жатқан Тұрғұсұн өзенінің мөлдірлігі соншалықты, күнге шағылысқан маржан тізбектеріндей,   өткір тістей шатқал таулары, жайбрақат жатқан ауыл  үйлері, қылқан жапырақты шөптері, исі аңқыған қиярлары түседі. Ауылдағы жас шамасына қарамай бір үйдің баласындай тату-тәтті өскен достарын, бал-дәурен кезін жазушы сағынышпен еске алып, біз Тұрғұсын жерінің әрбір табиғат тылсымын туған аналарымыздың келбетіндей білуші едік,- дейді.

Туған жердің табиғаты  жас ақынға ерекше бір күш беріп, оның  өміріндегі кездескен небір кедергілерді жеңуге әсер бергендей...   

«Таежный затворник» атты алғашқы кітабында Егоров он бес жасар баланың Сенька Желаевтың бейнесі арқылы өзінің балалық шағын бейнелеген.

Соғыс кезінде он бес жасар баланы,  қыс бойы колхоз араларын асырауға қалың орманға жібереді.

Ақын сол жылдардағы қыстың қаталдығын, жас баланың басына түскен аштықты, қиыншылықты, жалғыздыққа шыдаған ерлігін, тапсырылған шаруаны қорықпай, жауапкершілікпен орындаған ерлігін ерекше сезіммен жазады.

Егоровтың шығармалары көбінесе шын өмірден алынып, өз өмірінің   қызығы да қиындығы мол балалық шағын байланыстыра отырып, әсіресе туған жері Зырян өңірінің ғажайып табиғатын ерекше әсермен бейнелейді.

Александр Ивановичтің шығармашылық сандығында «Таежный затворник», « Шла война народная», « На страже века», дилогия «Испытание» өмірбаяндық повесть «На крутых изворотах» тағы басқа жүздеген өлеңдер жинағы, әңгімелері, новеллалары, повестері, спектакль көріністері бар.

Александр Иванович Егоров жастармен жиі кездесіп, оларға соғыс жайлы,  патриоттық тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтып, елін, туған жерін қастерлеп, бағалап,сүюге шақырады.

Оны жас –кәрі де сыйлап, өмірлік тәжірибесінен үлгі алады. Кейінгі кезде оны  көптеген зыряндықтар  танып, біліп құрмет тұтады. Туған жерінің құрметті азаматы болу әркімнің қолынан келе бермейді.  Осындай есімі елге танымал тұлғалар келер ұрпақты патриоттық сезімге, адамгершілік, өміршеңдік қасиеттерді берер тәрбиесі мол.

Егоров- дарынды әртіс, әрі шешен, ақын- жазушы, көпшілікті өзіне тарта алатын өнерлі тұлға. 

Шығыс Қазақстанның белгілі жазушысы, Ұлы Отан соғысына қатысушымен Зырян ауданының мемлекеттік мұрағаты 10 жыл бұрын, оның 80 жылдығында тығыз қызмет ете бастады. 2006 жылы мұрағатшылар Зырян ауаткомның бұрынғы хатшысы Лидия Алексеевна Мозговаямен және оның бұрынғы досы Александр Иванович Егоровпен шығармашылық кездесу өткізді. Жан тәнімен өз өлкесін сүйетін, екі егде сексен жастағы белсенді адамдар зейнеткерге тиісті үйде демалудың орнына, Зырян мұрағатының мұрағатшысы Сауле Имамадиевна Тлеубергеневаның көмегімен өз бастамалары бойынша Зырян ауданының оқу мекемелерінде оқушылармен және студенттермен кездесулер ұйымдастыра бастады. Александр Иванович және Лидия Алексеевна біздің өлкеміздің тарихы туралы, осында тұрған адамдары, соғыс жылдарында халық жеңген қиыншылықтар туралы, кеңес адамдарының отаншылдығы жайлы айтып, Зырян ауданының барлық мектептерінде болды. Жас тыңдаушылар зор қызығушылықпен Александр Ивановичты тыңдады. Александр Иванович тек жазушы, ақын ғана емес, талантты әртіс.Тек әңгімелей алатын ғана емес, сондай-ақ шындықта болған сияқты бейнелей алатын осындай адамды өз көзімен көру жастарға болып көрмеген оқиға болғандықтан, оны кез келген дәрісханада дем шығармай тыңдаған! Соңғы 10 жылда Александр Иванович жастармен 2 мыңнан аса кездесулер өткізді. Тек біздің ауданда ғана емес, бүкіл облыс бойынша. Бұл кездесулердің маңызын бағалау мүмкін емес. Александр Иванович өз өнегесінде жастарды қиыншылықтардан қорықпауға, барлық кедергілерден тайсалмай өтуге үйретті. Отанына, туған өлкесіне деген зор махаббат, оның тағдырына деген жауапкершілік –бұл осындай бірегей адаммен кездескенде үйрететін қасиеттер. Өзінің шығармашылығына педагогтар мен оқушылардың, аудан башылығының тарапынан үлкен қызығушылықтарын байқаған Александр Иванович жерлестерінің қолдауымен қанаттанып, Зырян жерінде өнер фестивалін жасау идеясы туындауына ұйытқы болды. Бұл идеяны  облыстық және аудандық мәдениет бөлімдері, Зырян қаласының әкімдігі қолдады. Ал келесі жылдары Нұр-Отан партиясы филиалы өз қолдауын көрсетті. 2008 жылдан бастап Зырян ауданында  халықаралық «Золотой Тургусун» өнер фестивалі өткізіліп келеді.  Ұйымдастырушысы және идеялық дем берушісі  Александр Иванович Егоров. Осындай ауқымды халықаралық өнер фестивалінің пайда болуы  біздің  ауданның өнер кеңістігінде шығармашылықтың әртүрлі салаларын өзіне  біріктіреді.  Бұл біз үшін мақтан тұтатын маңызды оқиға болды. Өз күштеріне сенім берген, осы фестиваль көптеген шығармашылық адамдар үшін бастапқы алаңға айналды. БАҚ-да атайтындай бұл жай  бард фестивалі емес, бұл  музыканттар да, әр түрлі жанрдағы әншілер де, ақындар, суретшілер, фотографтар, қолданбалы өнер шеберлері де  өз шығармашылығын көрсете алатын  көпқырлы фестиваль. Сегіз жыл қатарынан фестивальдің өткізіліп келуіне Александр Иванович Егоровқа мыңдаған адамдар дән риза. Александр Иванович  Егоровқа мәдени мұраны насихаттау үшін, аудандық мұрағат тарихына лайықты үлес қосқаны үшін мемлекеттік   сақтауға  құжаттары  жиналды. А.И. Егоровтың  құжаттары, Зырян қаласынның тарихын зерттеуге және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары туралы мәліметтер алуға мектеп оқушылары, студенттер, тарихшылар, зерттеушілер үшін тарихи құнды.

 

Старший архивист  Зыряновского филиала
КГУ «Государственный архив»
управления  культуры,
архивов и документации
Восточно-Казахстанской области     
                  С.И.Тлеубергенева

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru