Архив тарихы
1963 жылы 21 мамырдағы Қазақ ССР-і Министрлер Советінің № 409 қаулысына сәйкес, "Қазақ ССР-інің қалалық және аудандық мемлекеттік мұрағаттарын жойып, облыстық және өлкелік филиалдарын құру туралы" 1963 жылы 1 шілдеден Шығыс Қазақстан облыстың еңбекшілер депутаттар советі атқару комитеті шешім шығарып, облыстың мемлекеттік мұрағат жанынан Зырян филиалын құрып, құрамына Зырян, Серебрянск қалаларымен Большенарым, Зырян, Самар аудан аймақтарын қамтамасыз ету жүктелді. ШҚОММ Зырян филиалы 30 000 км² аймағы шамасын қамтамасыз етеді.
Филиал алғаш Зырян қалалық милиция ғимаратының бір бөлмесіне орналастырылды. 1963 жылы 27 қыркүйекте 6 адамнан тұратын штат берілді: филиал меңгерушісі, 2 ғылыми қызметкер, аға мұрағатшы, хатшы- машинисі, ғимарат жайын жинаушы.
Регинский Александр Андреевич алғаш филиал меңгерушісі болды.
1963 жылы филиалға Большенарым және Самар аудандарынан реттелмеген, өңделмеген қалпында жойылған құжаттар көп түсті.
Бұл құжаттарды реттеу облмеммұрағат және филиал мұрағатшыларымен 1965 жылдың аяғында аяқталды.
ШҚОММ-нан 8260 істер алғашқы Кеңес өкіметі жылдарының Бұқтырма уезі мекемесінен: атқару комитетіне, әскери комиссариатынан, ревковнан ерекше құнды құжаттар филиалға әкелінді.
Катон-Қарағай аудандық мұрағатымен 121 қор, 1572 істер шамасында құжат
қабылданды.
Бұқтырма ауданынан 1948-1962 жылдарғы АХББ-нің 223 істер мөлшерде жойылған құжаттар қабылданып, өңделді.
Филиал құжаттарды реттеумен бірге, азаматтардың өтініші бойынша сұраныстар орындады.
Мұрағатта ғылыми- ақпарат аппараты құрылып, жеке құрам бойынша картотека жасау жұмысы жүргізілді.
1966 жылы 28 тамызда филиалға жұмысқа аға ғылыми қызметкер болып
Р.М.Марьин жұмысқа қабылданып, 1968 жылдан филиалға директор етіп сайланды.
1968 жылдың қазан айында филиал 5 бөлмеден тұратын, жеке құрам құжаттарына арналған қоймасымен ғимаратқа ие болды.
1969 жылдың 1 қаңтарында филиалда 1919-1968 жылдардағы 45 000 істер шамасында сақталынды.
1969 жылдың қазанынан бастап ШҚО Меммұрағаты жанынан Зырян филиалында шаруашылық- есеп тобы құрылып, мекеме, кәсіпорындармен шарт бойынша техникалық өңдеу жұмыстарын қолға алды.
1971-1975 жылдары филиалда ғылыми-ақпарат апппаратында қорлары сараптау, жетілдіру мақсатында жұмыс көлемі көбейе бастады.
Сонымен қатар филиалда 1000- ға жуық ұйым, мекеме, кәсіпорындармен іс жүргізу және мұрағат жұмыстарын бақылау жүзеге асырылды.
1971 жылы Зырян филиалының директоры Марьин Г.М.басқаруымен филиалда сараптама комиссиясы құрылды.
Комиссия жеке құрам бойынша істер және тұрақты сақталуға түскен тізімдемелерді қарап, бекітті.
70 жылдары филиал қызметкерлері газет, журналдарға өз мақалаларын жариялай бастады: Шуваев В.Т. "Земляк о подвиге большенарымца Каирбая Адылканова", "Первая лотарея" 1922 года, Игнатов Н.З. "Первые маявки в Зыряновске".
1970 жылдың "Советские архивы" атты №4 журналына Зырян филиалы мұрағатшыларының тәжірбие жұмыстары туралы жазылып, 1978 жылғы №5 Чередник З.П. суреті және Марьин Г.М. «Почетная грамота передовому коллективу» «Архивисты Восточно-Казахстанской области» тағы көптеген мақалалар жарыққа шықты.
1977 жылы М.Горький, 33 көшесінде Зырян филиалына үш қабатты ғимарат салынып пайдалануға берілді.
Зырян филиалының штат құрамы 15 адамға көбейді.
Мұрағат ісінің жоғары білікті мамандары Гильц Е.А., Куканова Н.П., Ромашко Л.П., Бунина Н.И. құжаттарды ретке келтіруде үлкен үлестерін қосты.
Қазақ ССР-інде бірінші болып әлеуметтік –құқықтық сипатта халыққа тиімді қызмет көрсету мақсатымен, Зырян филиалы аймағында жеке құрам бойынша аудандық: 1977 жылдың 1 қарашадан Зырян, 1981 жылдың 1 қаңтардан Катон-Қарағай, 1982 жылдың 1қаңтардан Серебрянск шаруашылық есеп мұрағаттары құрылып қызмет ете бастады.
1977 жылы ШҚОММ Зырян филиалы Иртышгэстрой жеке құрам мұрағатын қабылдады (1938-1974ж. 30120 істер)
1980 жылдары Зырян филиалы қыруар жұмыстар атқара келіп, №1 тізім бойынша 198 мекеменің құжаттарын тәртіпке келтірді, 1977-1983 жылдары филиал мұрағатшылары барлық аудандарды аралап, мекеме мұрағаттарын ретке келтіріп үлгерді.
Филиал көрнекті адамдардың жеке текті құжаттар фотоқұжатттармен біршама жинақталды.
Сонымен қатар Бұқтырма өңіріндегі Совет Одағының батырлары, Социалистік Еңбек Ері батырлары, азамат, Ұлы Отан соғысының тарихы туралы құжаттар жинауда үлкен жұмыстар атқарылды.
1984 жылдың маусымында ШҚОММ Зырян филиалының директоры Марьин Г.М. Москва қаласына СССР мұрағат мекемелерінің озық тәжірбие жұмыстарына қатысып келді. Мәжіліс материалдары 1984 жылдың №6 «Советские архивы» журналына жарияланды.
1985 жылы ШҚОММ Зырян филиалы СССР Министрлер Советіндегі бас мұрағаттар басқармасының құрмет кітабына енгізілді.
Зырян әскери комиссариатымен бірлесіп 1941-1945 жылдағы Ұлы Отан соғысына шақырылған және қаза болған Зыряндық жауынгерлердің тізімі даярланды (3500 адам) .
Зырян қаласының 200 жылдығына Черных С.Е., Горбунова В.А. «Зыряновск» атты кітабы жарыққа шықты. Бұл кітаптың жариялануына филиал жұмысшылары белсене қатысты.
90 жылдардың аяғына таман филиалда оргтехникалар: компьютер, көшірме аппараттары пайда болып, мұрағатшылардың жұмысы жеңілдей бастады. 2000 жылдың қарашасында Зырян филиалына «Мұрағат қоры» бағдарламасы компьютерге енгізілді. Филиалға Ұлы Отан соғысының ардагері, мұрағатшы-өлкетанушы Минеев А.Н. жеке текті құжаттары сақталуға түсіп, алғашқы рет үнтаспаға жазылды.
«Заря Востока» газетінің баспаханасы филиалға 5 мыңға жуық фотоқұжаттар тапсырды.
Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуымен қатар мұрағат ісі де жанданып, қалыптаса бастады. Бұл кезде мұрағатшылар бір қатар мәселелерге тап болды: жойылған ұйым, мекемелердің құқылық мәртебелік мұрағаттары, мұрағат құжаттарының жекеменшіктігі, жеке мұрағаттармен қарым-қатынас, ұйым, мекемелердегі жоғалған құжаттар, жаңа жүйенің пайда болуы, мұрағат ісіне ақпараттық технологияны енгізу - сол кезеңдегі үлкен мәселенің бірі болған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы Жарлығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында әкімшілік – аумақтық құрылымдардың өзгертілуі туралы» және Серебрянск ауданы - Серебрянск қаласының аумағын Зырян ауданы - Зырян қаласының құрамына енгізілуіне байланысты Зырян қаласы Әкімінің өкімімен Серебрянск қалалық мұрағаты Зырян қалалық мұрағатының Серебрянск филиалы болып құрылды.
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі №595 және Зырян қаласының 1998 жылғы 8 желтоқсандағы №774 шешімдеріне сәйкес, мұрағаттар қорын орталықтандыру және тиімді қолдану мақсатымен Зырян қалалық мұрағатының Серебрянск филиалы жойылып, қалалық мұрағат жұмысшылары Зырян филиалына ауыстырылды.
1998 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Парламентімен «Ұлттық мұрағаттар қоры және мұрағаттар» Заңын қабылдауы мұрағаттар ісін басқаруда атқаратын үш басты міндет: құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қалыптастыру, жазбаша халықтық тарихи-мәдени мұраны дәріптеуде мемлекет және қоғам мүддесіне ғылыми пайдалану болды.
Шығыс Қазақстан облыстық Әкімиатының 2009 жылғы 07 мамырдағы № 65 «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар мекемелеріндегі бірнеше сұрақтар туралы» қаулысын орындауда және Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының 2009 жылығы 27 шілдедегі № 82/л бұйрығымен Шығыс Қазақстан облыстық мұрағатының Зырян филиалы құрамынан бөлініп «Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ , жеке заңды тұлға болып аталды.
Мұрағаттық қызмет рөлі- бүгін өткенге шолу арқылы қоғамдық тұтынуды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жылы деп жариялау» атты № 1144 Жарлығына сәйкес және «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай- зыряндықтардың 20 жарқын ісі» бағдарламасын іске асыруда аудандық мұрағат қызметінінің тұрақты қызмет атқаруын және тұрғындарға сапалы көмек көрсетуін қамтамасыз ету мақсатымен «Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ 2 ғимаратына толық жаңалау және жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аталған міндеттерді іске асыру үшін Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы 11 900 000 теңге бөліп берген. Бұл қомақты іс 2011 жылдың ақпан айында тағайындалған, мұрағаттың белсенді және іскер басшысы О.А.Айтказиннің басшылығымен жүргізілді.
Мұрағат ісін дамытуда ғылым мен жаңа технологияларды енгізу жұмысымыздың басты бағыты. Заманауи, әрі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін мұрағаттық ақпаратқа тиімді қол жеткізуді қамтамасыз ету саланы ақпараттандыру арқылы ғана іске асырылады.
«Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданының мелекеттік мұрағаты» ММ штаттық құрамы 33 жұмысшыны құрайды оның 19 мамандар (соның ішінде есепші) 14 ғимарат жайын қамту жұмысшылары. 7 мұрағатшы жоғары білімді, 6 арнайы орта білімді. Зырян ауданының меммұрағаты жылына орта есеппен 7000 жоғары әлеуметтік-құқықтық сұраныстар орындайды. Заңды және жеке тұлғалардың қажетті құқылық мүддесін қорғауда мұрағаттық анықтамалар беріледі .
Оқырман залында жылына 50-60 зерттеушілер, мемлекеттік мекемелердің жұмысшылары, студеттер, мектеп оқушылары жұмыс істейді.