Салиенко дәрігерлерінің жанұясы
2016 жылы Зырян ауданының мұрағатына мемлекеттік сақтауға Салиенко дәрігерлер жанұясының құжаттары қабылданды.
Владимир Георгиевич Салиенко және Наталья Юрьевна Салиенко - Қазақстан Республикасының халықтық денсаулық сақтау саласын дамытуға және жақсартуға, Зырян қаласының өркендеуіне және қалыптасуына недәуір үлес қосқан, өздерінің кәсіпқой қызметтерінде ерекше кәсіби шеберлік, зор адамгершілік қасиеттерін және қайсарлық танытқан, Зырян қаласыны атақты адамдары, өз қалаларының нағыз патриоттары. Бұл жас мамандарға өзінің тәжірибесімен бөлісіп және мыңдаған емделушілердің денсаулықтарын қайтарған жоғары квалификациялы маман.
Салиенко Владимир Георгиевич 1949 жылы 01 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Баты ауылында дүниеге келді. Салиенконың жанұясы Солтүстік Кавказдан Шығыс Қазақстанға келді. Әлі күнге дейін Самар ауданының Миролюбовка ауылынан кейінгі біраз жерде «Салиенко қайнары» атты көшпенділер орналасқан. Владимирдің әкесі - Салиенко Георгий Иванович, 1913 жылы дүниеге келген, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы миролюбовка ауылының тумасы, шаруа. Ол Семей өзен училищесінде оқыған, ал Ұлы Отан соғысы жылдары майданға шақыртылып, Австрияға дейін жете соғыс бойы радист болып қызмет етті. Владимирдің анасы Акмолинскідегі Черновых деген көпбалалы жанұясынан шыққан, олардың жанұясында 15 бала болды,оның ішінде 12-сі ғана тірі қалды. Владимирдің әжесі фельдшердің көмекшісі болып жұмыс істеді, елдің ішінде әжесі өзінің сүйекті түзету ептілігімен әйгілі болды, сол кездерден бастап Владимирдің де қызығушылығы туындап, ауру адамдарға көмектесе бастады.
Владимир 1956 жылы Самар ауданының Баты ауылындағы мектепке барған, сол жерде 3 сыныпты оқыды, 4-ші сыныптан бастап 8-ші сыныпқа дейін Новостройка ауылында, 9-дан 10-шы сыныпқа дейін Самар орта мектебінде оқыды. Дәл осында ол өзінің өмірлік жары – Натальяны кездестірді. Ол мектепті күміс медалімен бітірді. Кейін ол Семей мемлекеттік медицина институтына оқуға түсуге барады. Институтқа түсу үшін үлкен конкурс болды: бірорынға 12 адам. Бірақ, медалист ретінде оның жолы болды: сынақты сәтті тапсырып, студенттер қатарына қосылды. Емдеу факультетіне түсті, бірақ хирург болуды армандаған еді, кейін оқуының алтыншы оқу жылында хирургияны меңгеріп алуға талпынды.
Владимир институтта құрылысшы отрядының жауынгері болды, «Тың жерлерді игергені үшін» деген марапаты бар. Урджар ауданы Мақаншы кентінің жазық жерлерінде құрылысшы отряды үйлер мен қойларға арналған қораларды салды, ал Ақсуатта мектептің құрылысын көтерді.
Болашақ дәрігер интернатураны 1972-1973 жылдары Зырянда өтті. Күәлігін алды және оған хирург квалификациясы тағайындалды. Жас студенттің ұстаздары қадірлі дәрігерлер болған еді: Игнашев Нафаил Михайлович, Лузиков Дмитрий Павлович, Ганштейн Элла Севастьяновна, Самойлов Евгений Емельянович. Ленинградттық дәрігерлер мектебі сол кездері ең негізгі болып саналған, ал Владимир осы сала бойынша бағдар алып, олардан тәжірибе ала алды. Басқа да мектептер: москвалық, казаньдық, бірақта Владимир Георгиевичқа қарқынды құрылыс жылдары Зырянға Ленинградтан келген тәлімгерлермен жолы болды.
Владимирді 1973 жылы әскерге шақыртты, Пермде екі жыл қызмет етті, әскери госпитальда медицина қызметінің бас лейтенанты атағын алды.
Әскерден кейін Зырянға жұмысқа келді. Зыряндық хирургтер, дәрігерлер және басқа да қызметкерлер өздерінің тәжірибелерімен жаңадан келген қызметкерлерімен бөліседі. Жұмыс өте көп болды, өйткені өзіңнен кейінгі жас мамандарды барлық жұмыстарға баулып, кейін өздері қалып қойятын кездері еркін іс әрекет ете алулары үшін үйрету керек. Хирургия кадрларын шыңдау- бұл өте маңызды іс. Хирургтің жұмысы- бұл ауыр аурулармен күрескен адамдар, жай ғана емдермен емделмейтін болғандықтан жіберілетін қателіктерді кешірмейді: қателік – бұл емделушілердің өмірін және денсаулығын жоғалтып алу.
Владимир Георгиевич әр бес жыл сайын мамандандырудан өтті. Бұрындары жасаған диагностикалары және кең көлемдегі әр түрлі ауруларды емдеу тәжірибесі, жаңа емдеу әдістемелерді оқып үйренудің барлығы, оның дарынды хирург болуына септігін тигізді. 1978 жылы урология мамандығынан өтті, урология бойында жоғары категориясы бар, ал 1997 жылдан бастап 2013 жылға дейін хирургия бөлімін басқарып жүріп, қосымша хирургиямен және урологиямен айналысып жүрді.
Ол тек қана хирургиямен айналыспай, сонымен қатар көптеген жылдар бойы Зырян медицина училищесіндегі жүздеген студенттеріне өзінің сүйікті ісін оқытып үйретті. Оның студенттері Зырянда, Қазақстан және Ресей, Германия аймақтарының негізгі хирургтері болды. Нагибаев Ермек Тусупханович, Болтаев Бахытжан Чайморданович, Фуртатов Алексей Анатольевич, Фуртатова Дарья Васильевна, Демченко Александр Борисович – бұл дарынды дәрігерлер есімдері зыряндықтарға белгілі. С.П.Белых - Владимир Георгиевичтің оқушысы, қазіргі таңда Өскемен қаласының бас хирургі, бірінші қалалық ауруханасының операциялық бөлімінің меңгерушісі.
Владимир Георгиевич хирургия саласында 40жыл, 8 ай және 40 күн жұмыс істеді. 2013 жылы Алматы қаласында болған Халықаралық хирургтер конгрессінде уәкіл болды. Жұмыс уақыты тым қанық болды, сондай жүкке тек қана өзінің мамандығын сүйіп істейтін адам ғана төзе алады. Зырян қаласының ауруханалары әр амақта орналасқан – батыс және орталық (ЗҚК медсанчасті) аймақтары, ол екеуінде де жұмыс істеген. Таңертен – Батыс аймақта, түсте - медсанчастта, кейін - училищеде лекцияларды өткізген, ал кешке қарай ВТЭК отырысына асығады, сонымен қатар ауруханада кешкі кезекшілікке қалатын. Владимир Георгиевич Зырян ауруханасының хирургия бөлімі жаңа үлгідегі құрылғылармен жасақталу үшін көп еңбектенді. Оның талпынғанына орай, Зырянда барлық ауруханалар бөлімдеріне реанимациялық көмек беретін, реанимационно –анестизиологиялық бөлім бар.
Владимир Георгиевич селқос адам емес, ол үнемі қиындықтарға ұшырағандарға және бұл мәселелерін шешіп беруге көмектеседі. 2003 жылдан бастап Зырян ауданы маслихатының депутаты болды, 2007 жылы 2012 жылға дейін екінші рет депутат болып сайланды. Оның аймағы қаланың Батыс бөлігі жағында болды. Владимир Георгиевич белсенді айналысып жүрген көптеген сайлаушылардың сұраныстарының ішінен ең үлкендері есінде сақталды: «Казцинк» градоөндіруші кәсіпорнының арқасында ауруханалардың ескірген құрылғыларын ауыстырылды, емделушілердің госпитализациясы және аудандық орталық ауруханасына жолдама алу, Пушкин көшесінде орналасқан үйді жою, Зырян қаласы бойынша қоқысты контейнермен шығару еңгізілді.
Қазіргі таңда Владимир Георгиевич еңбегі сіңген демалыста. Барлық өмірін берген жұмысы үшін ол қапаланбайды: өйткені ол жоғары кәсіби хирургтер ұжымын дайындады және бұл ұжымды өзінің оқушысы Галиев Бекжан Акымханович басшылық етеді.
Владимир Георгиевич өзінің ерең еңбегі үшін бірнеше рет Мәртебелі грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған. «Тың жерлерін игергені үшін» (28 тамыз 1969 жыл), «Тәуелсіз күніне орай алғыс (2000 жыл)», «Зырян ауданының хирургия бөлімінің өзгеруіне және дамуына көп еңбегі сіңгені үшін» (2008 жыл) грамоталарымен марапатталған.
Белсенді және жемісті жұмыс істеуі және мейірімділігі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапатымен марапаттау турады 2007 жылғы 7 желтоқсандағы №485 Жарлығымен Владимир Георгиевич Салиенко "Шапағат" (Мейірімділік) медалімен марапатталды. Әріптестері оны дана тәлімгер деп атай отыра, ең қайырымды және шыдамды адам деп және онымен бірге жұмыс істегендері үшін жолдары болды есептейді. Емделушілері оны тек білгір дәрігер, жақсы ұйымдастырушы ретінде ғана емес, сонымен қатар, ауруларды түсіне және оларға күш табуға көмектесе білетін, сезімтал, қайырымды адам ретінде бағалайтын.
Оның есімі «Энциклопедия лучших людей Казахстана» кітабына еңгізілген.
Ол өзінің мамандығының өмідегі маңыздылығын білгендіктен, оны жақсы көреді. Владимир Георгиевич үнемі белгілі әскери хирург И.И.Юдиннің сөздерімен басқарған всегда: «Хирургия – қорған іздеген адамзаттарға жан тәнімен беріле қызмет ету. Жұмысақ, гүлмен кестеленген кілеммен емес, керісінше, тік тасты өрмен, ағын сумен және соқпамен хирург жол салынады. Хирургияда қолдың ептілігін, аңшының көзіндей қырағылықты, ең жақсы суретшідей түстерді айыра білуді, ең жақсы скульпторлардай дененін формасын сезінуді, істі тіге білуді, фокусниктің және жонглерлер мамандығының икемділігін керек етеді»
Владимир Георгиевич ылиғ жақсы күйеу және екі қыздың әкесі болды –Инна және Екатерина, оларды табиғатта демалып, фототүсірумен және дене шынықтырумен айналысуға үйретті. Владимир Георгиевич өмір бойы белсенді түрде спортпен айналысқан: жеңіл атлетика, шаңғы – бұл спорт түрлері өмірінің өзгермес серігі болды.
Қазіргі таңда Владимир Георгиевич еңбегі сіңген демалыста, ол екі ұл бала және екі қыз немерелерінің атасы.
Салиенко (Успенская) Наталья Юрьевна 21.02.1949 жылы Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Самар ауылында дүниеге келген. Оның әкесі, Успенский Юрий Александрович, 1925 жылы туылған, Ұлы Отан соғысының қатысушысы және мүгедегі,Самар ауылында ауыл шаруашылық және механизация училищесінің алғашқы директоры болды. Анасы – Антонина Георгиевна, 1926 жылы туылған, көп балалы жанұядан шыққан, ол секретарь-машинист болып жұмыс істеді. Анасының екі апайы медицина қызметкерлері болды: дәрігер және медбике. Дәл олар Натальяның мамандықты тандап алуында үлкен рөл атқарды. Жас қыз, мектепте оқып жүріп, олармен бірге аймақтарға барып жүрді, олардың адамдарды емдеп жүргенің көріп, екпені қоюды үйрендім.
Наталья Самар ауылының орта мектебінен білім алды. Мектептен кейін, институтқа түсе алмады, бірақта ол бала бақшада тәрбиеші және кітапханашы болып жұмыс істеді. 1968 жылдың қыркүйегінен бастап 1974 жылға дейін Семей медицина институтына педиатрия факультетіне оқуға түсті. 1972 жылы күйеуге шықты. 1975 жылдан бастап 2012 жылдың қыркүйегіне дейін Зырян қалалық ауруханасында аймақтақ дәрігер болып, балалар поликлиникасынның меңгерушісі (1979 жылдан 1999 жылға дейін), кейін «№ 3 Жанұялық дәрігерлікамбулаториясы» 2008 жылға дейін, содан соң орталық аудан ауруханасының педиатрия бөлімінде меңгеруші болып қызмет етті. 1975 жылдан бастап 2001 жылға дейін Зырян медицина училищесінде педиатриядан сабақ беріп жұмыс істеді. 1985 жылға дейін интерналармен басқарды. 2008 жылға дейін дәрігер-педиатордың жоғары категориясы болған. Бес жылда бір рет Тбилиси, Алматы, Мәскеу қалаларында квалификациясын көтеру бойынша курстардан өткен. Қазіргі таңда «Мирамед» ЖШС кеңестік қабылдау жүргізеді.
Наталья Юрьевна дәрігерлік қызметінде жақсы ұйымдастырушы болды, өзі ісіне тыңғылықты болғандықтан басқа да әріптестерінен осыны талап еткен. Ол өзінің жанжақтылығымен, ақылдылығымен, болып жатқан оқиғаларды түсіне білуімен ерекшеленеді. Наталья Юрьевнаны әріптестері жұмысына адалдығы үшін, емделушілерге нақты диагноз қоя білгені үшін және әр дайым жаңадан бір тәсілдерді тауып, оларды қолданып жүретіндігі үшін құрметтейді. Ол зейнетке шықса да, оған дәрігерлер де, емделушілер де кеңес алу үшін үйіне хабарласып жүреді.
Медицина қызметінің зейнеткері, көп жылдар бойы Зырянда хирург болған Самойлов Евгений Емельянович, Салиенко жанұясы жайлы былай дейді: «Бұл нағыз дәрігерлер, нағыз дәрігерлер дәл сондай болуы тиіс. Ең бастысы, емделушінің мүшелерін қарамастан бұрын, ең алдымен емделушімен, оның туысқандарымен сөйлесіп, кейін туындаған мәселені жан – жақты сараптап алып, «оң» және «теріс» жақтарын анықтап алу қажет, ал кейін соған орай емдеу керек. Адамгершіліктік, қарапайымдылық және ізгілік – бұл біреудің еңбегі емес, адам бас кезден ізгі ниетті болу керек, және бұл ізгі ниетті өмір бақи сақтай алу керек. Дәл сондай дәрігерлер бұл Владимир Георгиевич және оның әйелі, сондықтан да олар еңбектері сіңген қадірмен қолданады, және олардың жұмыстарына ешқашан да жазғырулар болмады».
Шығыс Қазақстан облысының мәдениет,
мұрағаттар және құжаттама басқармасының
«Мемлекеттік мұрағат» КММ Зырян
филиалының бас мұрағатшысы
С.И. Тлеубергенева