Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зырян қаласының құрметті азаматы – Игнатенко Лидия Афанасьевна

Зырян қаласының құрметті азаматы, инфекциялық ауруханасының дәрігер – педиаторы, денсаулық сақтау ардагері - Игнатенко Лидия Афанасьевнаның жеке тектік істері Зырян ауданы мұрағатына мемлекеттік сақтауға қабылданды.

Лидия Афанасьевна Игнатенко (қыз кезіндегі тегі Николаенко) 1930 жылы 18 желтоқсанда Украинаның николаевский ауданы, Кашировка Казанковский ауылында дүниеге келді. Әкесі, Николаенко  Афанасий Михайлович, украйындық, 1879  жылғы, жетім болып өсті. 1915 жылы Австралияқтармен болған соғысқа қатысқан, қамауда болды.  Анасы - Николаенко  Дарья Васильевна колхозда жұмыс істеген.

 

 

Лидияның ата-аналарында 11 балалары болды.   1941-ші соғыс жылдары оның жанұясы немістермен қоршалған территорияда тұрған. Ал егерде немістер олардың ауылдарында тұрмай, жай ғана кіріп-шығып, аудан орталығы Казанка ауылына кетіп қалған болса, онда 1943 жылы ауылда кеңес әскери біраз уақыт тұрып кеткеннен кейін, олар тек қана ауданнның орталығында  ғана емес, сонымен қатар теміржол торабын күзете отырып, Кашировкаға барып қоныстанды.  Аудан орталығында биржа болды, бұл жерде 1924-1929 жылдары дүниеге келген азаматтар тіркеуде тұрды.  Қоршалған территорияда тұрып жатқан азаматтар белгілі бір жасқа толған кезде оларды Германияға жұмысқа жіберетін, оны қоймай, олардың балалары алып, жараланған жауынгерлерге донор болады деп алып кететін.  1924 және 1925 жылы туылғандарды қояберді, кейін биржада біреу өрт тұтатқанан кейін, Германияға жіберілетіндердің тізімдері жанып кетіп, толығымен жойылтылды. Адамдар өз балаларын фашистерден және  озбырлы оқиғалардың күәгерлері болғанын ұмытуға болмайтын, қатыгез калмыктардан да жасырды.

Лидия Афанасьевна  бұл қорқынышты уақытты есіне жақсы сақтады, өйткені олардың үйлеріне кез-келген кезде бөтен біреулер кіріп, өздері қалағандарын алып кететін. Фашистер сол кездері жергілікті тұрғындардың қайсысын тірі қалдырып, қайсысын өлтіру керектігін өздері білетін. Николаенколардың үйлерінде төрт неміс үйдің ең үлкен бөлмесін алып тұрды. Олар ешкімге сенбегендіктен тамақтарын да өздері дайындап жүрді.

Лидия Афанасьевнаның әкесі неміс тілін өте жақсы білгендіктен оларға тиф ауруымен ауыратындығын айтты.  Немістер тиф ауруымен ауыратын үйлердің аулаларына крест қойып, кейін өртеген. Ал Николаенко жанұясы тұрған үй сәтімен қалды.

Бірақта немістердің ішінде жақсылары да болды, бұл жайлы Лидия Афанасьевна өз әңгімесінде айтты. Сол кездері оның аяғының бүгілетін жерінде жазылмай жүрген бір жара шықты, өздерінің ауылдарында дәрігер болмағандықтан ол жаяу көрші ауылға немістердің медпуктісіне барады.  Бұрындары неміс коммунисті болған және сол үшін де түрмеде отырған дәрігер оны жақсы қабылдады. 11-жастағы қыздың аяғындағы жараны тазалап, емдеп берді, сол үшін ол дәрігерге сала және жұмыртқа берді, дәрігер оған үш күннен кейін келесін деді. Лидия екінші ретінде келген кезде азық-түлікті өзімен бірге алып келді, дәрігер тағы бір рет жарасын тазалап берді, ал үшінші күні жарасы мүлдем жазылды. 1944 жылы 15 наурызда кеңес әскері ауылды толығымен босатты. Лидия фашисттердің қобалжып, кей бірі ішкі киіммен қашып баражатқанына  күә болды. Өзі күә болған оқиға әлі де оның есінде. 1950 жылы мектепті бітіргеннен кейін, Лидия Афанасьевна Докучаев атындағы Харьковский  ауылшаруашылық институтының өсімдіктерді қорғау факультетіне оқуға түсті.  Бір жыл оқығаннан кейін, Лидия Афанасьевна бұл жұмыс өзіне тән емес екенін және оны медицинаға қатты тартатынын түсінді.  Ол ауылшаруашылық институтындағы оқуын тастауға шешім қабылдап, 1951 жылы Одесский  медицина институтына түсуге барады. Бірақ, өкінішке орай, оқуға түсе алмады, өз ауылына оралып, раком комсомолына жұмысқа тұрады. Райкомда оны партиялық жоғары мектебіне түс деп үгіттейді.  Бірақта Лидияның өзінің нақты әрі берік мақсаты болған.

1952 жылы Лидия Афанасьевна Одесский  медицина институтына оқуға түсті.  Оқуын бітіргеннен кейін, 1958 жылы құрбысы Татьяна Тютчевамен (үлкен атасы ұлы ақын болған) Зырянға жұмыс істеуге өз еріктерімен келген. Бас кезінде Катонқарағайға бару жоспарланған еді, бірақта Лидия Афанасьевна тек қана Зырянда боламыз деп тұрды.  Адамдар кеңес кезінде бөтен жерлерге баруға қорықпаған:  еліміз үлкен болса да, барлық жерлерде сені жақсы қарсы алады. Лидия Афанасьевнаны өз еркімен Зырянға  телім дәрігері етіп тағайындап, жатақханаға орналастырды.  

         «Мен құрбыммен бірге Зырянға дейін поездбен барғанымызды ешқашан ұмытпаймын, поезд ақырын ғана Зырянға жетеберісте, бір бекетте вагоннан адамдар секіре бастады»,-  Лидия Афанасьевна еске алып отырды. Жас қыздар ештенені түсіне алмады. Бұл жерде Зубовск бекетінен Зырян қаласына дейін бір ғана автобус барады екен, және сол автобусқа отыруға үлгеру керек болған еді.  Басқа көліктер сирек жүрген. Поезд бекетке кеш келгендіктен, және Зырянға баруға кеш болғандықтан, мүмкіндік болмады.  Алайда қыздардың жолдары болды, оларды бір мұғалім өз үйіне кіргізіп, осы жақтардан Зырянға жүк көліктін баратынын айты, бірақта оны біраз уақыт күту керек деді. Зырянға шыққаннан кейін, Лидия Афанасьевна бұл жүк  көлігінде осындай интернационал отырғанына қатты таңданды: украиндықтар, орыстар, қазақтар, чечендер.  Лидия Афанасьевна құрбысымен бірге белгіленген жерге келді, оларды тамақтандырып, өз орындарына орналастырған медсанчасттін тауып алды.  Лидия Афанасьевна 1958 жылы қалалық балалар ауруханасына телім дәрігер-педиаторы болып тағайындалды және аз уақыттың ішінде ұжымның және кішкентай ғана емделушілерінің қадірін иемденді.

Сол кездері Зырянның жолдарында асфальт салынбаған болған,  көктемде және күзде батпақ тізеге дейін болатын, сондықтан да телімде жұмыс істеу қиын болды.  Бірақта жас дәрігерді кішкентай емделушілер және олардың ата-аналары күтіп отыратын, ал бұл жұмыс Лидияға қатты ұнағандықтан, оны ауырлықтар да, қиындықтар да қорқытпады. Ең бастысы, бірте-бірте дұрыс диагноз қоюға үйренді, ал тәжірибе жинақтап алғаннан кейін, ол өзін халыққа керек болып сезінді.  Оның Зырянның батыс аймақтағы телімін Чечен-қалашығы деп атады, өйткені бұл жерде соғыс жылдары Қазақстанға жіберілген чечендердің жанұялары тұрған. Бұл жерде балалардың дүниеге келу саны айында шамамен 20 дейін жеткені есімде сақталған. Екі әйелі- чечен мен орыс және 19 бала – чечен әйелінен 10 бала, орыстан тоғыз баласы бар жанұялар да болған.  Ал бір чечен әйелде үш бала болды, бірақ төртінші ретінде ол үш баланы  дүниеге алып келді  - екі қыз және бір ұл бала. Ал бұл әйел өзі туберкулез ауруымен ауырған. Сондықтан да Лидия Афанасьевна өзінің көмекші медбике Маша Пантелеевамен бірге балалардың барлық жағдайларын жасады.   Зырянда өскен көптеген балалар Лидия Афанасьевнаның емделушілері болды.

Ол 1974 жылдан бастап инфекциялық ауруханада дәрігер-педиатор болып жұмыс істеді. Ал осында қатты ішек ауруы пайда болған кезде түсті. Дәл осы кездері ол кезекті демалысында жүріп, Украинаға  бармақшы болған. Бірақта оны сұрады, өтінді және азарлады – осында қайғылы оқиға, ал сен бізді тастап кеткің келеді. Және оны біраз уақытқа инфекциялық ауруханаға ауыстырды.       Сонымен өстіп ауруларды емдеумен өмір де өте шықты. Ол дәрігер Решетова Тамара Степановнадан үйренді.

Лидия Афанасьевна  қазіргі таңдағы дәрігерлер мен емделушілердің қарым-қатынасын уайымдайды.  49 жыл бойы жұмыс істеп, өзінің жұмысына және әр емделушілеріне үлкен махаббатпен қарайтын. «Бізді солай үйреткен,- деп  Лидия Афанасьевна айтты, -  емделушілерге өз туысына қарағандай  қарау керек».

Лидия Афанасьевна 1960-1970 жылдары жиі демалыс күндері стадион адамдарға толы болған: Маслянский, Греховский және тағы басқа да кен орын қызметкерлері қатысқан футбол жарыстары өткізілгенін жылы көңілмен еске алады.    Адамдар өз балаларымен бірге стадионға барып өздерінікі үшін қолдау көрсетті. Сол кездері Зырянда жастар көп болған, қаланың ішінде өте қызықты әрі қуанышты болған. Лидия Афанасьевна айтқандай, бұрындары Зырянның халқы қарапайым және қызықты болған.

1972 жылы Игнатенко Лидия Афанасьевна бас дәрігер орынбасары қызметіне ауыстырылды, 1980 жылы бөлім меңгерушісі болды. 1985 жылы ол зейнеткер жасына жетті және ординатор-инфекционист дәрігері болып ауыстырылды. Сауаттылық, өзінің міндеттері мінсіз орындағаны үшін «Еңбек ері» мадалімен марапатталды. Лидия Афанасьевнаның 32 жыл дәрігерлік қызметінің арқасында, мыңдаған кішкентай емделушілер өз денсаулықтарын түзетті және өмірге қайта оралғандай болды. 1991 жылы Лидия Афанасьевнаға «Зырян қаласының құрметті қайраткері» атағы берілді.

Лидия Афанасьевна өзінің еңбегі үшін Мәртебелі грамоталарымен, құрмет хаттарымен жиі-жиі марапатталған. «Еңбек ері» медалімен, 1941-1945 жылғы Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне орай 50-, 60-, 70- мерей тойлар медальдарымен  де марапатталған. 

Газеттерде Лидия Афанасьевна жайлы: «Сыртынан белгісіз – жіңішке, қайратты… Ал ол қатаң кеңес дәрігерінің өмірін сүрген, еш аппаратураларсыз нақты диагноз қойып,  операцияларды шет елдерінің түсініктеріндей, ылғи экстрималды түрде жүргізеді»  - деп жазылған.

Оған қазіргі таңда 85 жас, ол әлі де белсенді және жағымды. Халықаралық әйелдер күні 8 наурызда оның телефонына тыным болмады, өйткені өзі кеңеспен де, іспенде көмектесіп жүрген жолдастары және таныстары қоңырау шалып, құттықтады.  Дәрігер өмір бақи дәрігер болып қалады, сондықтан да ол әлі күнге дейін халыққа әр түрлі ауруларды емдеуге көмектеседі. Соңғы жылдары Украинада болған оқиғаларға қатты қапаланады: өйткені ол өзі туған жерінде болған соғыстың зорлық- зомбылығын сезіне алған. Лидия Афанасьевна сол туған аймақтарына қайта барғысы келген, бірақ туғандарының денсаулықтарын тәүекел еткісі келмеді. Зырян қаласы оның екінші Туған жері болып қалды, өйткені ол өзінің 58 жылдық өмірін осы жерге берген еді, оны барлығы да біледі, құрметтейді және жақсы көреді, оған осы жерде қаламыздың Құрметті қайраткері атағы тағайындалды.

Лидия Афанасьевнаның құжаттары зерттеушілер, Зырян қаласының және Зырян ауданының тарихын зерттеу үшін бағалы, өйткені қаланың тарихы оның тұрғындарымен туындайды ғой.  Әлі жүз жылдардан соң біздің ұрпақтарымыз өлкемізді зерттей отырып,осында  біздің қандай болғанымызды, құжаттармен танысу арқылы біле алады. 

 Шығыс Қазақстан облысы
мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасының
«Мемлекеттік мұрағаты»
КММ Зырян филиалының мұрағатшысы  
Екатерина Медведева

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru