Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Ақын Вадим Исламов

2016 жылы 9 ақпан күні Зырян қаласынның орталық кітапханасында 1995 жылы қайғылы қайтыс болған, жергілікті ақын әрі тілші, әдеби бірікшілігінің төрайымы Исламов Вадим Маллакубанович кітабының шығармашылық презентациясы өткізілді. Осы жинақтың авторы - Медведева Нина Григорьена, зыряндық жазушы және ақын, Ресей жазушыларының Кеңес мүшесі, Зырян ауданының «Бухтарминские радуги» бірікшілігінің төрағасы.

 

 

В.М.Исламовтың құжаттары  Зырян филиалы Шығыс – Қазақстан облысы облмеммұрағатында сақтауға алынған. Өлеңдер жинағы, оның жарияланымдары және қолжазба өлеңдері, жұмыс бойынша әріптестерінің естеліктері «Шығыс Шыңы» атты газет редакциясында.

Жарқын, бірақта Пермск облысы, Марковский қалашығында гранаттың жарылысынын болған ұшқынның арқасында жас ақынның өмірі күрт үзілді, сондықтан да оның көптеген шығармашылықтары жарыққа шықпай қалды. Н.Г.Медведева  біздің жергілікті жерлесіміздің  шығармашылығын кең оқымыстылар орталығы білу керек деп шешіп, Исламовтың құжаттарымен жұмыс істеу үшін мемлекеттік мұрағат оқу залына бардым. Кейін, ақынның жанұя мүшелерінің кей біреулері Ресейде тұрып жатқаны анықталды, олардан да естеліктер мен фотоқұжаттар, жолдастарының әңгімелері де жазылған.

Осылардың барлығы да жаңадан басылып шығарылған «Осенний костер» атты жинаққа еңгізілді. Презентацияда Исламов Вадимнің туысқандары мен жолдастары, колледж студенттері болды.   Вадимнің шығармашылығын аяқсыз қалдырмай, кітапты жазып  шығару кең еңбек болса да, автор оларды жарыққа шығарды, сол үшін де көрермендер көздеріне жас ала отырып, өз алғыстарын айтты.

Нина Григорьевна, өз кезегінде, Зырян мұрағатының әріптестеріне қарапайымдылықтары үшін алғысын айтты: «Егерде мұрағатшылар мені қолдамаса немесе жаман қарсы алса, онда мен бұл кітап бойынша жұмыс істемес едім», - өз ойларымен ашық бөлісті. Мұрағатшылар барлық құжаттарды беріп, олардың көшірмелерін жасауға көмектесті. Жұмысымның негізі мұрағатта салынды, ал қалғанын ақынның әйелі және жолдастары қосып, жалғастырды. 

Зыряндық кітапханашылар жастар оның тілші әрі ақын болғанын білсін деп, кең көлемдегі ақпараттардан және де құжаттар мен фотосуреттерден құрылған презентацияны әзірлеп, көрсетті.

Кім оны білген, жақсы көрген, әлі де естерінде жүрген ақын жайлы.

Исламов Вадим Маллакурбанович  1962 жылы 2-ші наурызда Зырян қаласында дүниеге келген. Әкесі - Исламов  Маллакурбан Магомедович - дагестандық, шахтада қызмет етті. Анасы - Надежда Яковлевна – орыс ұлтты, кітап дүкенінде қызмет етті.

Вадим Гагарин атындағы мектепте оқыған. Өлеңдерді мектеп кезінде жаза бастады. Ал кейін, жастық шақ кездерінде ән мәтіндерін өзі ән айтып, ойнайтын инструменталды ансабль үшін жаза бастады. Мектепті бітіргеннен кейін, 1979 жылы корабел мамандығын алған Ленинградтық судоқұрылыс училищесін оқуына түсті. Кейін, Кеңес Әскер қатарына тұрып өлең жолдарын жазып жүріп, қызмет етті, бұл өлеңдерін жергілікті «Шығыс Шыңы» атты газетіне жіберіп жүрді.

Әскердегі қызметінен кейін, газетте жұмыс істеймін деп шешім қабылдады. Міне сол кездерден бастап оның корреспонденттік, тілшілік және ақындық шығармашылық талаптары шықты. Көп ұзамай фотоісі және көрмелерде оның пейзаждары өз орындарын тапты.

Міне, сол кезеңдер жайлы біздің жергілікті фотосуретші Виктор Корж былай деді:

«Ол әскерден кейін «Шығыс Шыңы» газетіне келді, сол кездері мен он бес жылдай фотокорреспондент болып жұмыс істеп келген едім. Жас айырмашылығына қарамастан, біз екеуіміз де тез тіл табысып кеттік. Ол өлеңдер жазған, ал мен поэзияның табынушысы болдым. Ол сурет салған, фотоларға құштар болды, гитара аспабында ойнады және керемет дауысқа ие болған. Ол гитара аспабында ән сала бастаған кезде, біз таңдана тындап отыратынбыз…

Біз Вадим екеуіміз көршілес болып бір үйде тұрдық. Жұмыстан кейін де кездесіп жүрдік. Көкке бірге шығып, Бұқтырма өзені бойымен резина қайығымен бірге жүзіп жүрдік. Мен университеттің тілшілік факультетіне оқуға түсуге дайындалып жүрдім. Бірақта жыл сайын өз арманымды кейінге қалдырумен болдым. Уақыт жетпеген еді. Вадимда университеттегі оқу жайлы айтқан».

Вадим  газеттегі жұмысқа білек түре қатысты. Кезекті репортаж үшін шахтаға дейін барып, балық аулайтын кемемен жүзіп, егістіктерге шығып жүрді, кей-кездері өзі де фотосуреттерге  түсірген. Өз мақалаларының кейіпкерлері үшін шынымен де уайымдайтын.

Ол редакцияда Зырян қаласының «Пикет» атты ақындардың әдеби бірікшілігін басқарды. Оның белсенді қатыса бастауларынан кейін, қаланың ақындарымен кездесулер өткізу дәстүр болып кетті: Томск, Новосибирск, Бийск қалаларының әдеби студияламен тығыз байланыс орнады.

1990 жылы болған Зырян қаласының 200 жылдығына арнап В. Исламов  өзінің алғашқы «пикетовский» жинағын жарыққа жіберді және барлық литобірікшілігінің фотолетописін жүргізе бастаған. 

«Пикет» әдеби бірікшілігінің басқарушысы бола тұра, жас ақындармен тіл табыса білді. Ол өлеңнің әр сөзін жетік сезіне отырып, өлеңнің мәтіндерін жазбас бұрын ақынмен ақылдасып отырды. Осыдан кейін әр ақын әдемі әрі әсерлі етіп жазуға тырысты. Біз жиі оның үйінде жиналған кездері, шайы қайнап, гитараның үні шығып, ән және күлкі мен қалжынның үндері шықты. 

1983 жылы Вадим Исламов Казақ политехникалық университетіне тілшілік факультетіне оқуға түсті, ал 1987 жылы оны сәтті аяқтады. 1986 жылы Кеңес СССР тілшілер мүшесіне қосылды.

Өзгерістер басталған кездері 1992 жылдың басында өзінің жеке меншік «Информреклама» атты ісін ұйымдастырды, ал 1992 жылдың аяғында Зырян қаласы типографиясының директоры болым тағайындалды. Исламов жаңа іске белсене қатыса бастады, байланыстарды орнатты, оның кезінде жаңа құрылғылар сатып алынды. 

1993 жылы оның «Я пришёл ниоткуда» атты өзіндік өлеңдер жинағы шықты. Оның өлеңдері қазақстандық ақындар жинағына «Крылатый узор» түсті, көптеген газет және журналдарда басылып шығарылды. Оның мақалалары газет сызықшаларын әсемдеп тұрған.               

1995 жылдың қаңтар айында оның жанұясы Ресейдің Марковский әскери қалашық Пермск аймағына көшуге шешім қабылдады, ол сол жерден әскери корреспондент орнын алды және жақын арада әйелі Ольганы және ұлы Денисті көшіріп аламын деп үміттенді.  

Сол алыста орналасқан әскери гарнизонда 1995 жылы 5 мамыр күні болған жарылыстан соң, Исламов Вадимнің өмірі қыршыңнан кетті, ол жарақаттан есін жинамастан 1995 жылы 7 мамыр күні госпитальда қайтыс болды.  Оған 33 жасқана болды.  Маскүнем болған прапорщиктің қолынан ұшқан гранат жарылысы тек қана оны емес, сонымен қатар оның жақын жодасы, жерлесі болған Михаил Усатыхтың да өмірін қиды. Вадим Исламов  зыряндық зератта жерленді.

Мұрағатта әр түрлі жинақтарда жжарияланым болған өлеңдері, қолжазба жұмыстары сақталған. 1995 жыл 12 мамыр күнгі «Шығыс Шыңы» газетінің әдеби парағы Вадимнің естелігі үшін арналған, оның өлеңдері жарияланды, әріптестері мен жолдастарының қайғы мұңдарымен толы болды:  «Қара хабар біздің жүректерімізді қатты қысып тастады және жібермейді. Егерде біз бірдеңе істей алсақ қой! Қанымызбен, денсаулығымызбен және жылуымызбен бөлісейік десек, ешкім шетте қалмас... біз бірдеңеден кінәліміз, бірақ неден айыра алмаймыз. Мүмкін, міне біз одан үлкенбіз, ал ол жастайынан қайтыс болды? Отыз үш  - ол жылдар ма? Ант бермей-ақ біз оны ешқашан ұмытпаймыз. Оның қысқа ғана өмірі алақанда тұрғандай.  Оқуда, жұмыста, жолдастарда үлгеру – бұл өте көп».

Ал енді Нина Медведеваның тырысып-баққанына қарағанда, ақынның жеке құрам құжаттар қорына «Осенний костер» атты жаңа кітабы енді,  мазмұнында Вадим Исламовтың қайтыс болар кезінін алдындағы «Чёрное на белом» жинағы кірді». Ақынның сондай атаумен жинақ шығарамын деген арманы орындалды.

Мемлекетік мұрағатымыздың оқу залына жергілікті ақындардың шығармашылығын зерттеу үшін студенттер келеді, және мұрағатшылар ақынның өзіне ұнап қалар деген оймен жазылған Исламовтың жаңа жинағын оларға ұсына алады.

  

Мұрағатшы 
Сауле Тлеубергенева 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru