Тұрғұсұн ГЭС-і – құрылыс хабарынан
Зырян ауданы территориясында 55 жыл бойы Бұқтырма ГЭС-і жұмыс атқаруда. Қазіргі таңдаТұрғұсұн өзені бойында кіші ГЭС құрылыс барысында.
ГЭС-тің құрылыс тарихнамасы мұрағаттық құжаттарында көрсетілген, сонымен қатар өндіріс объектісі біздің ауданымызда тұратын халқымыздың мүддесін ылғи шақыртады.
Бұқтырма ГЭС-нің құрылыс тарихынан
Өткен ғасырдың алтпысыншы жылдарында Шығыс Қазақстан облысы түрлі-түсті металлдарының және ауыл шаруашылығының тез арада дамуы үшін мықты энергетикалық қорлар қажет еді. Осынщда 1920-1930 жылдары салынған Лениногор каскад ГЭС-і және 1952 жылы 21 желтоқсанда ең бірінші тоқ берген Ертістегі Өскемен ГЭС-і (1955 жылдың 21ақпанында қанаушылыққа қабылданған) толығымен қанағаттандыра алмады.
«Иртышгэсстрой» құрылыс – монтажды басқарма (осыған дейін Өскемен ГЭС-ін салған) 1952 жылы желтоқсанда Бұқтырма ГЭС ғимаратын қолға алды. Гидроэлектробекетінің жобасы 1951 жылы «Гидроэнергопроект» Ленинград институты бөлімімен құрылған. Шығыс Қазақстан және Семей облыстарында, сонымен қатар Зырян ауданы территориясындағы 332,8 мың гектар су басу алқабын дайындау бойынша, үлкен көлемді жұмысты жүргізуді қажет етті. 95- тұрғын пунктілері, 9600 жанұя (27,5 мың адам), 50 колхоз және бір совхоз (Зырян ауданында – үш колхоз), 11 мың гектар орманды жер, жергілікті кәсіпорын жерлерін, сонымен қатар бес мұнай базасы, алты кемежай, 97 километр жол жерлерін су басты. 1957 жылы қазан айында Ертіс суының арнасын салмағы 15-20 тонналық тастармен бөгеді. ГЭС-тің құрылысы шұғыл континентті ахуалының (жазда- тым ыстық, қыста – қырық градусты суық) арқасындақиынға түсті.
Бұл құрылыс кезеңін Кеңес Одағы кезіндегі белгілі гидроқұрылысшы Инюшин Михаил Васильевич басқарды. Оның басшылығымен БГЭС құрылысшылары дүниежүзілік тәжірибеде алғашқы рет қыс кезінде жылжымалы итарқа қолдану жолымен ұзын блоктарға қатты бетон қалаудың жаңа технологиясын қолданды. 1960 жылы тамыздың бесінде сағат 19, 5 минутта бос айналымдарға ең бірінші агрегат қойылған. 1960 жылы жыл бойы қанаушылыққа екі агрегат тапсырылды, 1961 жылы – төртіншісі, бесіншісі және алтыншысы. 1965 жылы Бұқтырма ГЭС электроэнергиясы Қазақстанның бірлескен энергожүйесіне қосылды.
Соңғы тоғызыншы турбина 1966 жылы 30 қарашада тапсырылды. БГЭС –тің құрылысы 1968 жылдың қазан айының біріне дейін аяқталды, ал 1969 жылы қаңтардың екісінде СССР электробекеті және энергетика Министрлігінің бұйрығы бойынша Бұқтырма ГЭС толық қанаушылыққа қабылданды.
Бұрынғы газеттерде Бұқтырма ГЭС-і 1913 жылғы Ресей электростанциясынан да екі есе жұмыс істейді деп намыспен жазса, қазіргі танда ГЭС және ТЭС жұмсайтын күш қуаты енді Шығыс Қазақстан территориясына жетпей жатыр.
Мұрағаттық құжаттар әңгімелейді
(1928 жылғы Тұрғұсұн ГЭС тарихнамасынан)
Біздің ауданымызда, ауданымыздың тарихи назар аударарлықтайы болған Тұрғұсұн ГЭС-і салынған. 1897 жылы Тұрғұсын ГЭС -ін Ресей патшалығының тапсырмасымен француздар салуды бастап, аяқталмай қалған екен. Содан ол 1932-1935 жылдары Кеңес Өкіметінің шешімімен қайта қолға алынып, Ұлы Отан соғысы жылдарынан 1957 жылға дейін Зырян кенішін электр жарығымен қамтамасыз етіп тұрды. Мұрағаттық құжаттар бұрқандаған Тұрғұсұн өзені әр кезеңде қандай да бір тылсым күштерімен адамдардың назарын өзіне қаратып алғаны жайлы әңгімелейді.
«Лена Гольдфильдс Лимитед» акционерлік қоғамының Алтай концессиясы Зырян басқармасының құжаттарында Курт Гофман концессиясының бас механигінің 1928 жылғы "Гидрокүштік қондырғы салу мақсатындағы 1928 жылғы 23 және 24 маусымдағы Тұрғысын өзенінің тәжірибелік зерттеулері туралы" баяндамасы сақталған. Бұнда: «1899-1891 жылдары Тұрғұсұн өзенінде француз компаниясымен гидравликалық күшейткіш құрылғысы орнатылған. Өзеннің бір тар жерінде су құйылатын тоған орнатылды (7,8 метрдей биіктіктегі цемент езбесімен аралыстырылған буто-тасты кладка), құрылыс орнын кептіру мақсатында деп Тұрғұсын өзенінің арнасын өзгертпеді. Мүмкін тоғанның көлденен кесіп өту формасы орнатылған.
Сондықтан да, мықты әрі қатты массалы мұзды тасқын су аққан кезде тоған төтеп бере алмады. Тоған қозғалтылған және көтерілген болды... 1900 жылы «Bebfort» компаниясымен механикалық және электрикалық күш бекетінің құрылғылары жеткізілген. Тоғанның олқылығының себебінен күш құрылғысы жарамсыз болып қалды» - деп айтылған. Кейін ГЭС-тің жұмысын қалпына келтіру үшін, бар құрылғыны толығымен саралап, тізім құрылды. 1928 жылы 19 қазанда СССР- ге Мәскеудің Бас акционерлі қоғам басқармасы Лена Голфилдстен мынадай жауап қайтарылды – Тұрғұсұн бекетін ескі турбиналармен қайта жұмыс қалпына келтіру мүмкін емес, жаңа турбиналар конструкциялар қойылымы Тұрғұсұн өзенінің су көлеміне орай жеткіліксіз.
Березовка өзеніндегі күш құрылғысы ескі болғандықтан және локомобил оны керекті мөлшерде жібере алмағандықтан, Зырянның кен орны электроэнергияны қатты керек етті, ГЭС- тің құрылысы қайта басталған, бұған мұрағатта сақталған 1935 жылғы Тұрғұсұн ГЭС құрылысының техникалық есебі күәгерлік етеді.
Жаңа Тұрғұсұн ГЭС құрылысының хабары енді ғана басталды
2012 жылы Шығыс Қазақстанның табиғатты қолдануды реттеу және табиғат ресурстарын басқару Зырян ауданында орташа 10-15 МВт көлеміндегі 4 кіші ГЭС құрылысын салу бойынша оң шешім шығарды. Соның өзінде, басқарма деректері бойынша, ауданымызда 7,3 млрд КВТ/сағ. өндіріледі, гидроресурстардың әлуеті - 60 млрд КВт/сағ, сондағы 20 млрд. техникалық қажеттілікте қолдануға болады. 2013 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданындағы Тұрғұсұн өзенінде алымдылығы 24,9 МВттық кіші Тұрғұсұн ГЭС-1 құрылысы басталды. Бұл ГЭС құрылысын гидроэлектростанциясын салуда және жобалауда 30 жылдық тәжірибесі бар белгілі қазақстандық гидроқұрылысшы Баймуханбетов Калаубек Есенбекович басқарды. Ол мынадай объектілерге қатысқан: Чарын өзеніндегі Мойнақ ГЭС-і (300 МВт), Ертіс өзеніндегі Шүлбі ГЭС-і (702 МВт), Үндістандағы ГЭС, Кішіүлбі су қоймасын қалпына келтіру жобалық жұмыстары, Тишинский ГЭС-і және тағы басқалары.
Ал болашақта, өзеннің гидропотенциалды есеп нәтижесі бойынша, Тұрғұсұн өзенінде тағы екі ГЭС құрылысын салу жоспарлануда: Кутиха ауылынан біраз жоғары ТГЭС-2 (орнатылған күші 18 - 20 МВт), ТГЭС-1 –ден мөлшерімен 3-4 км жоғары ТГЭС-3 (орнатылған күші 90 - 100 МВт).
2013-2014 жылдары Зырян ауданы Әкімімен және «Тұрғұсұн-1» ЖШС-пен бірге кіреберіс жолдарының реконструкцися жүргізілді. ГЭС құрылысының бастамалық жұмыстары толығымен басталып кетті. Тоған салынатын жерге дейін электро беретін сызықшасы жүргізілген.
Парыгино ауылында 45 гектарлы карьермен бірге толық алаңды санағандағы аймақта щебневый зауыт салынған. Зауыттағы жұмыс 2 ауысыммен жүргізіледі. Әзірленген карьер жерінде щебняны өңдіру үшін, табиғи тас алапасы жүргізіліп келеді. Карьердің тереңдігін 12 метрге дейін жеткізі жоспарланды, қазір ол 3, 5 метрді құрайды, карьерді әзірлеушілер жер асты суға дейін жетті. Зауытта Қытайдан әкелінген екі ұсақтау құрылғылары жұмыс істейді. Щековая ұсақтату құрылғысы негізгі тастарды ұсақтайды, конусная ұсақтату құрылғысы оларды оданда ұсақ етіп ұсақтатады. Ұсақтау – іріктеу процессін, щебенді үш сүзгішке шашу арқылы вибрациялық комплекс шуымен аяқтайды: кесек, орташа және ұсақ. ГЭС тоғаны үшін бетон әр түрлі мықтылығымен қажет. Тоғандар су қоймасы жағынан келетін үлкен көлемді су қысымына төтеп бере алу керек.
Суды, жер топрағынан тазартып тұратын трубаны орналастырып, насос құрылғысы орналастырылған қоймадан алады. Ұнтақтаушы бір ауысымда 800 тонна щебняны береді. Щебень әзірше зауыт алаңында орналастырылған, ал оның жартысы ГЭС құрылысы жеріне шығарылды.
Жұмыстар біткеннен кейін карьер жерінде жасанды тоған болады. Болашақ тоғанның ұзындығы - 280 метр, су басу жердің ауданы - 65-66 га, жоспарлық алымдылыққа шыққанда жылдық өндіріп шығаруы 79,8 млн. КВт/сағ. құрайды.
Жаңа ГЭС-мен өндірілген электр қуатын қабылдау үшін Парыгино ауылындағы қосалқы бекет кеңейтілуде, ашық айырғы құрылғысы, кіріспе және секциялық сөндіргішер кеңейтіліп жатыр, ал жұмысты "ШҚ РЭК" АҚ жүргізіп жатыр.
Парыгино ауылының орталығында екі қабатты әкімшілік – тұрмыстық комплекснің негізі салынған: екі айдан соң бұл жерге ескі жатақхананы еңгізіп, 150 орынды асхананы және офистік бөлмелерін ашу жопарланды.
Парыгино ауылының ескі мектебі автокөлік-жөндеу цехіне ауысу реконструкциясы жүргізілуде: осында ГЭС –те жұмыс істейтін автокөліктерінің тұратын және тиісті жөндеулерден өтетін жері болады, сондықтан да сваркілеу және арматуралық конструкцияларды әзірлеу цехі болады.
ГЭС құрылысы орнында нақты топографиялық және геологиялық тексеріс жұмыстары өткізілуде, гологтар топырақтың қаншалықты мықты екенін сынақтан өткізді, ал нәтижесінде мықты гранит етіп көрсетеді, бірақта соңғы шешімді ғылыми зертханалық сараптама шешіп шығарады.
ГЭС-тегі жұмыс барысын біздің ауданымыздың және облысымыздың қоғамы мұқият қарап отыр, хабарды тележүргізушілер мен бұқаралық ақпарат жүргізеді. Зырян ауданы үшін бұл тарихи оқиға болғандықтан, мемлекеттік мұрағатта гидроэлектростанцияның құрылысы бойынша ақпараттарды жинау жұмысы жүргізілуде, өйткені біраз уақыттырдан кейін біздің зерттеушілеріміз: студенттер, оқушылар, өлкетанушылар бұл ақпараттарды керек етеді.
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет,
мұрағаттар және құжаттама
басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты»
КММ Зырян филиалыны бас мұрағатшысы
С. Тлеубергенева