Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Снегирево ауылы

Биылғы жылы Снегирево ауылының құрылуына 315 жыл толып отыр. Зырян ауданы тұрғындары бұл ауылдың жылдан-жылға кішірейіп бара жатқанына қатты өкінеді.

 

2000 жылдың 14 маусымында «Шығыс Таңы» газетінде Н.Галактионованың «Және ауыл үш жүз жыл тур...» атты мақаласында құрылу тарихын сипаттады: «Қарттардың айтуы бойынша қара орманның, бұрқандаған өзеннің, қия таудың артында Беловодьенің күн нұры түсетін бос жері бар. Тынышты өмір сүреміз деп, жүгірген халық сол аймаққа баруға тырысады…

Ескілікке сенгіш-алтын табушы Снегирев Матвей бұл аймақты тапты. Бұқтырма және Тұрғұсұн өзендерінің бір жерге құйылған жері аймағында көптен бері жатқан түрлі – түсті металлдарды тапты.  Және осы жерде өзінің қыржақ – ағайындыларымен бірге тұра бастады. Міне, негізін қалаған адамның естелігіне орай, Снегирево деген ауыл пайда болды.

Жүз жылдың арасында бұл ауыл Каменюха және Нефедулина тауларының бөктеріне дейін кеңінен созылды. Ауылда 400 аулалар болды. Орталықта - Тұрғұсұн, Крестовка, Осиновка, Никольск тұрғындары барып жүретін шіркеу орнатылған. Снегиреволықтар еңбектенгендіктің арқасында жақсы өмір сүрді».

1907 жылы П.К. Фролов жасауылы, кен жұмысшыларының бірінің еңбегін белгілей отырып, болыстық орталықты Снегирево атауына өзгертті, (кен орнын ашқан Матвей Снегиревтің атына, кейін кен орны оның атымен аталған). Орнатылған салт бойынша, жаңадан пайда болған кеніштері бар кенттер атаулары өздерінің алғаш ашушыларының аттарын иемденіп жатты:  Малеевское (1810), Греховское (1817),  Путинцево (1820) және т.б. Сол кездері ауылдардың атаулары өзгертілген:  Осочиха - Богатыревоға, Бобровка -  Парыгиноға, Мяконькая -  Соловьевоға.

1918 жылы ең бірінші коммунаны құрған, шалғайдағы Питерден Ильичтің бұйрығы бойынша Невск заводының елшілері келгенімен де Снегирево әйгілі болды.  Снегиреволықтар Ильичтің елшілерін сезіктене қарсыалды, бірақта жаңа билікке бағынды. Коммуна біраз уақыт қана болғандықтан (ақ гвардияшылар бірінші коммунарларды атып тастады), ол тұралы естеліктер қалды: ауылға кіреберіс жерінде кеңес кезінде ескерткіш орнатқан.  Бұқтырма арқылы өтетін жаңа көпірді питерских коммунарлары атымен атады. Олардан большивиктердің бұйрықтары бойынша, коллективизация басталды. Ата заманғы  әдет-ғұрыптар бітіп, соғыстың бас кезіне мықты әзірленген колхоз дәүірі келді. 

Ұлы Отан соғысы снегиреволықтарға ауыр сынақ  алып келді. Жеңіс  ісіне  снегиреволықтар бағаланбас үлес еңгізді. Ауылдағы ең негізгі жұмыс күші болып жүрген – жетпіске жуық ер азаматтар майданға кетті. Олардың жартысынан көбі үйлеріне қайтып келмеді. Олардың есімдері, еңбектері жарқын естеліктерге абзал: Поползин Семен Спиридонович, Афанасьев Михаил Семенович, Поползин Иван Степанович, Поползин Иван Дмитриевич, Снегирев Анатолий Ананьевич, Колочев Михаил Иванович, Кузяев Алексей Иванович, Юров Иван Поликарпович, Нечаев Василий Митрофанович, Семенихин Тихон Васильевич, Поползин  Алексей Петрович, Матвеев  Маркел Петрович, Бестужев Василий Севастьянович, Балакин Андрей Дмитриевич, Грищенко Федор Михайлович, Поползин Григорий  Семенович, Байдужев Федор Антонович, Лексин Николай Серафимович, Снегирев Ананий Петрович, Набиев Умаргали, Коротков Михаил Макарович.

 

 

Майданға кеткендердің орнын басып, комбайн, тракторлардың рульдеріне  ауылда қалған әйелдер мен жас қыздар отырды.  Еңбек даңқымен және айбынымен бөленгендердің есімдері: М.П.Агибайлова, А.Ф.Давыдова, А.В.Короткова, О.И.Максимова,  А.М.Поползина,  У.М.Поползина, С.И.Цыганкова,  Т.Г.Юрова.

Жалғыз егістікке ғана емес сонымен қатар басқа да ауыл шаруашылықтарына күш керек болды. Басқа да өндірістік учаскелерде снегиреволықтар жақсы еңбектенді. Бірақ та олардың кейбірлері ҰОС жылдарындағы Еңбек Ерлері медальдерімен марапатталған: А.Байджуева, А.Л.Гапченко, Ф.М.Грищенко, И.И.Снегирев, С.С.Ерышев, Е. Ямщикова және тағы басқалары.

Егін және үй жануарлары комплексі шаруашылықтары және техникалық базалары жиі – жиі жаңартыла бастады. Бидайды сақтауға және жануарларды ұстауға арналған арнайы мекемелерді қайта ойластырып, қайта салды. Ауыл жақсарды, оны асфальтталынған жол қаламен біріктірді. Көшелер салынған жолмен әсемделді. Жылда көктемде ауылдастардын үйлерін басып, өз арнасынан шығатын Снегиревка өзенінің арнасын тазартып,  бекітті.  

Жер үйлер, особняктар және еңбек ерлері алған пәтерлі үйлер бірінен кейін бірі салына бастады. Егін істерін жүргізетін механизаторларының және соғыс ардагерлерінің еңбектері үшін кезектеп автокөлік пен мотоциклді сый ретінде берген. Әр аулада сондай «темір тұлпар» тұрған. Иә, сол кездер жаман болмаған, әсіресе қайта құрылу кезінде, барлық снегиреволықтардың армандары орындала бастады – яғни мәдени-ағартушылық комплексі: клубтар, мектептер мен бала бақшалардың құрылуы.

Ауыл өзінің 315 – жылдығында әрі қарай да өмір сүруде, ал оның тұрғындары Тәуелсіз Қазақстанымыздың ауыл шаруашылығына абзал үлестерін қосты.  Ауылдың кіреберіс жерінде тұратын ауыл қарты Сундеева  Валентина  Агафоновна, өзі жайлы және ауылдың өткені жайлы әңгімесінде: «Мен 1939 жылы Снегирево ауылында дүниеге келдім. Менің атам Томилов  Василий  Яковлевич, донской казак болды, тері илеушінің шебері болып жұмыс істеді, ал әкем соғыста қайтыс болды.

Ауылда өте жақсы шіркеу болды. Қай жылы екені есімде жоқ, бірақта мұражай жасау мақсатында, осы шіркеуді сындырып Өскеменге алып кетті. Бірақта көргендердің айтуы бойынша бұл шіркеудің бөлшектерін шет аймаққа тастап бұдан ештеңе жасап салмады. 

Ауылда екі колхоз болды: 350 аулаға «Большевик» және Жданова атындағы колхоздар.  Шаруашылықта төрт жүздей сиыр болды.  Мен 15 жасымнан бастап 1969 жылға дейін сауыншы қызметін атқардым.  Бір ретте қолмен 18 сиырды сауып  жүрдік. Кейін «Чапаевский» совхозы ұйымдастырылды.  Барлығы әр мерекені көңілді қарсы алып, тату тұрды. Үлкен,  ағаш  мектепте 8 сынып орналасқан және балалар екі ауысымда оқыды. Соғыстан кей ін мектепте 38 адам болды. Мектеп пеші отынмен тамыздырылып отырған, сол кездері көмір әлі де болмаған еді.  Клубта әр түрлі мерекелерді және жаңа жылды да өткізіп, жақсы әрі көңілді көңілмен қарсы алыпжүрдік, бізге өте қызықты болатын еді. Үлкен өкінішпен Валентина Агафоновна өз әңгімесінде: «Қазіргі таңда ауылда Литуев Виктор Александрович басшылық ететін «Снегиревское» атты бір ғана шаруашылық бар. Басқа ештеңе қалмады, ал одан бұрын адамдарға жұмыс орындары жоқ.   Мектепте барлығы 20 адам ғана оқытылуда, ал былтырғы жылы одан да аз болған. Жастар осы аймаққа қайта оралып келмейді. Өте өкінішті, ештеңе дамымай тұрып қалды. Біздің ауыл қайта гүлденіп, балалар мен жастар саны ұлғайып, жұмыс орындары болып, бұрыңғы жылдарға қайта оралғандай болғанын қалаймын, өйткені, жері құнарлы, әсем жерлері мен өзені мен көлі де қасында».  

Зырян мұрағатында керемет құжаттар бар,  бұл құжаттар бойынша Снегирево ауылындағы Омск Рухани Консисториясының Успенск шіркеуі Алтай губерниясының Зырян волостина жататыны жайлы білуге болады. Революцияға дейінгі Ресейде метрикалық кітаптар жүргізілген, оларға азаматтық күйлерінің актілері  тіркелген.  Бұл кітаптар киелілермен жүргізіліп, шіркеуде сақталған. Зырян қаласының мемлекеттік мұрағатында Успенск шіркеуінің 1868-1892, 1894-1895, 1987-1907, 1911-1915,1917 жылдардағы метрикалық кітаптары сақталған.

  Мұрағаттық құжаттардан біз қызықты ақпараттарды білеміз: Шығыс Қазақстан облмеммұрағаты қорында сақталған «01.10.1924 жылғы Семей губерниялық статистикалық бюросының елдімекен жүйелік тізімі»  бойынша Снегирево  ауылы 1700 жылы құрылған. Үлкен-Нарым уездінің орталығына дейін - 87 шақырым, 1920 жылы ауылда 358 аулалар, 1855 адам болды, ал 1924 жылы - 226 аула,  1739 адам болған.  1929 жылы Снегирево ауылы Зырян ауданының Снегирево ауыл кеңесіне кірген. 06.03.1929 жылы Снегирево ауылында «Новый путь»- 10 аула, «Прогресс» ауылшаруаартелі, «Красный Восток» жерді өңдеу бойынша Снегирево  бидайлық достастығы тіркелді. 1930 жылы Снегирево ауылында «Светлый путь», «Крестьянин труда» достастықтары болды.

ШҚО Зырян қалалық кеңесінің аумағындағы ауылдық кенттік Кеңестер бойынша елді мекендердің нақты атаулары жайлы 1960 жылғы шілдесіндегі мағлұматтарға сүйенсе, Снегирево ауылы Никольск ауылдық кеңесінің құрамына кірген. 1957 жылы ұжымшарларды кеңшарларға ірілендіру кезеңінің алдында "Жданова" ұжымшары бар болатын, ірілендіруден кейін ол Чапаев кеңшарына кірді.

Зырян мұрағатында Снегирево ауыл кеңесі Снегирево ауылының 1943-1953 жылдарғы, Никольск  ауыл кеңесінің 1954-1990 жылдарғы шаруашылық кітаптары бар. Снегирево ауылында 7, 6, 5 балалары бар көп балалы жан ұялар тұрды: В.Е.Дегтярева, К.П.Снегирева, П.С.Нечаева, А.П.Поползина,  И.И.Попукалова, С.В.Черемнова, А.А.Черкашина.

Шығыс Қазақстан облмеммұрағаты Зырян филиалы барлық Снегирево ауылы тұрғындарына- мұрағатқа ескі фото суреттер мен құжаттарды сақтыққа тапсыуға, ауылдағы өз өмірлері жайлы естеліктермен бөлісіп, өзі және жақындары қатысқан тарихи фактілермен бөлісіңдер деп жар салады.

Біздің мекен - жайымыз: индекс 070800, Зырян қаласы, М.Горького, 33 көшесі. Филиалдың электронды мекен-жайы: arhiv_zyr@mail.ru.

Шығыс Қазақстан облысының
мұрағаттар және құжаттама
басқармасының « Мемлекеттік мұрағаты» 
КММ Зырян филиалының  бас мұрағатшысы
Екатерина Медведева

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru