Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зырян қаласының ҚКТУ-нің 60-жылдық мерей тойы

Біздің қаламыздың білім беру мекемелерінің бірі кезекті мерей тойды өткізуде – № 53 Зырян қалалық кәсіби – техникалық училищесі. Бұл білім беру мекемесі  жұмыс істеп тұрған кезде 18 мыңнан аса биік шыңдарға жеткен білікті жұмысшыларды дайындап шығарған. Оқу орны біздің қаламыздың және ауданымыздың құрылысшыларының нағыз білім орталығы болып қалыптасқан, ал оның ұжымы тұрақты және  табанды жұмыс істеген, Қазақстан Республикасында білікті білім болуына байланысты реформаның жүзеге асырылуы бойынша, өткен ұрпақтың ең жақсы дәстүрлерін ұстана отырып, білікті жұмысшыларды дайындаумен, әлі де жұмыс істеуде.   

Алғы тарихы

75 жыл бұрын 1940 жылы мамыр – маусымда халықтық құрылыс тәсілімен бірінші кезекте «Шығыс айналымы» автокөлік жолы салынды.  1941 жылы 17 қаңтарда Зырян аудандық қала мәніндегі мәртебесін алды.  Қаланың әрі қарай дамуына соғыс кедергі етті. Соғыстан кейін Зырян белсенді түрде дами бастады.  Ескі Зырян карьер айшанағындағы аймақта болған, бұл қала территориясында бай пайдалы қазбалардың жатқан жерлерін тапқандықтан, ескі көшелерді бұзып, қалашықты  қазіргі Зырян қаласы орналасқан жерге көшірді.  Қала халықтық құрылыс ретінде жарияланды, сондықтан да еліміздің әр түкпірінен құрылысшылар осында келуге асықты. Тұрғындар саны лезде ұлғайды.  Әлеуметтік  мәдени тұрмыстың және үйдің жаңа объектілері қажет болды. 1949 жылдан бастап «Зыряновскстрой» өз әрекеттерін бастады.

Училища тарихынан

Құрылыс кәсіпорындарында квалификациялы жұмысшыларды оқытудың дайындығы үшін 1955 жылғы 1 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық № 191 еңбек резервті «Зыряновскстрой» тресті басқармасының бұйрығы негізінде фабрикалық – зауыттық оқытудағы Бірінші Зыряндық құрылыс мектебі ұйымдастырылды. Қаланың солтүстік жағында Лермонтов,12 көшесінде бейімделген бір қабатты ғимаратта мектепті орналастырды.  Бірінші оқу жылында 100 оқушы мөлшерінде  болды.  Негізінде 160 адам қабылданды және оқытылды. Мектепке 20 саны меншіктелді, ал осы жылдың қазан айында №15 саны меншіктелді. Фабрично-заводтық оқыту құрылыс мектебінің алғашқы директоры  Бедарев Федор Иванович болды.   1957-1958 жылдарының басына оқушылар саны 271 адамға ұлғайды және мектепті училище деп өзгертті. Училище жастарды құрылыстық мамандықтарына оқытты. Бұл мекеме бір жылдық оқыту мерзімімен тар бағдарлама бойынша каменьщиктің, арматуро-бетонщиктің, штукатурдың мамандарын дайындаған. Кейін кең оқу жоспары және бағдарламасы бойынша  біраз қиындау столяр-плотниктер, слесарь-сантехниктер, электриктер мамандықтарын дайындай бастады.

1970 жылы 600-800 оқушы орнымен жаңа оқу комплексі салынды. Директор  Першин Александр Ивановичтің басқаруымен оқушылар оқу корпусының құрылысына қатысты.  Студенттер үшін 400 орындық жаңа жатақ хана салынды. Алғашқы 15 жылдың ішінде училищемен үш мың құрылысшы дайындалды. Өндірістік оқыту  бойынша оқытушылар мен шеберлер құрамы жылдан – жылға жақсарып келеді. Сол жылдардағы жұмыстың қиындықтары жайлы барлықтары білген: жалпы білім беру мектептерінде табысты оқи алмаған жас жеткіншектердің үлкен пайызы, кәсіби – техникалық училищесіне жіберілген.  Бірақ уақыт келе КТУ-дегі оқу көбіне өздерінің кәсіптік сферасындағы дарындылықтарын көрсете алуларына мүмкіндік берген.  Зырян кәсіби-техникалық училищесінің ұстаздары және шеберлері-тәлімгерлері алтпыс жыл бойы, қарамақтарында жүргендерің барлығы толық қанды өмір сүрсін деп, уақыттарын және күштерін аямай,  өз істеріне адал әрі ғашық бола жұмыс атқарды. Жоғары квалификациялы маманды өсіру үшін - үлкен рухани және физикалық шығындарды талап ететін іс. Қағиданың сабақтары өндірістік іс-тәжірибе сабақтарын ауыстырып отыратын.  Сабақтардан кейін көркемөнер шығармашылықтың үйірмесі жұмыс істеп тұрды.  Облыста училищелер арасында  көркем өнер бірінші орындарды алған.

 

 

 

1977 – 1984 жылдар аралығында училища директоры Котов Владимир Васильевич болды. Алға қойған мақсатынан қайтпайтын, позитивті, белсенді адам ретінде қалада барлығы да тамал болды және оны халық құрметтеді.  Комсомолдық жетекші,  кім де кім олардың түзелуіне  сенбегендердің алдында өзімен жастарды алып жүре білді, жас жеткіншектердің жүректеріне және жан дүниелеріне жол таба білді. Дарынды, еңбектене, ән сала, би билей алатын адам ретінде көптеген зыряндықтардың есінде қалды. 

 

 

1984 жылы № 53 Зырян құрылысшылар СҚКТУ-сі  №10-шы Зыряндық орта кәсіби училищесі деп ауыстырылды. Училище электросварщиктерді, электромонтажниктерді, слесарь-сантехник-газосварщиктерді, каменщиктерді-монтажниктерді, столярларды-құрылысшыларды дайындай бастаған.

Училищенің 30 жылдығында мекеме директоры Г.В. Денисова «Шығыс Таңы» газеті арқылы бұқараны – құрылысшылардың үлкен отбасына жыл сайын жаңа мүшелер – алғаш кәсіптік дағдыларын оқулық шеберханалық училищелерінде және базалық кәсіпорны «Зыряновскстрой» трестіндегі өндірітік тәжірибесінде алған СКТУ-10 оқушылары қосылатындықтарын хабар етті.  1985 жылы  училище 302 квалификациялы жұмысшыларды, соның ішінде 197 құрылысшыны  және 105 тігіншіні түлектерін шығарды.  1985 – 1986 оқу жылдары аралығында училищеде барлығы 775 жігіт және қыздар оқытылды.  Зырянда және Зырян ауданында белсенді КТУ студенттерінің қатысуымен салынған объектілер өте көп. Олар Мәдениет үйін, өндірістік мекемелерін және тұрғын үйлерін тек қана қалада емес сонымен қатар, ауылдық аймақтарда салғандары үшін мақтаныш етеді.

 

 

Денисова Галина Владимировна, 1985 жылдан бастап 1999 жылға дейін  училище директоры, «Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген ұстаз», «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген ұстаз», ал қазіргі таңда Зырян маслихатының хатшысы, оқу орны жайлы ылғи бар махаббатымен айтады:  «Барлық жастық шағым училищемен байланысты, өйткені 32 жасымда училищенің директоры болып қызметімді бастаған едім. Біз кәсіби жұмысшылар үшін, жалпы білім беру мектептерінде берген білімді үстем ететін, білім деңгейін талап ететін, кадірлердің кәсіби дайындықтарымен айналыстық.

Біз тек қана тәрбиелеп, оқытып қоймай, сонымен қатар шәкірттерімізбен бірге сахынаға шығып, барлық спорттық жарыстарда және жалпы қалалық мейрамдарда қатыстық.  Мектеп ұстаздары өз шәкірттерін  училищеде батыл әрі табысты болып өзгергендіктерін көріп, оқушылардың ыңғайларын таба білгендері үшін училище ұстаздарына алғыстарын айтты. Олар өндірістік іс тәжірибені өтіп жүргенде, сол кезде олармен кәсіби оқыту шеберлері жұмыс істеді: Терещенко Александра Максимовна,  Козлова Светлана Михайловна,  Чанов Павел Потапович,  Пахомова Татьяна Степановна, Лиханов Валерий Вениаминович, Крылов Владимир Иванович, Акмулдинов Богдан Мырзаканович.  Олар өз күштерінің барлғын жұмысқа бере отырып, кәсіби шеберліктің әр қилы сиқырларына үйретті.  Осында Новикова Тамара Фёдоровна,  Рябова  Галина Григорьевна, Шуваева Людмила Павловна, Которова Нина Михайловна атты тәжірибелі ұстаздары, училища еңбек ерлері жұмыс істегендіктерімен мақтан етеді. 

Біз «Зыряновскстрой» тресті үшін ұсталар кадірі болып келеміз.  Училищеде өз мамандығымен таңқалдырған ерекше бір әйел болды: Табатова Күләш Капышевна, ол каменщиктерді дайындаған, және бұл баршаны таңқалдырды: әйел болып тұрып, қиын каменщик мамандығына үйреткен. Оны әріптестері де, өзі сабақ беріп, үйретіп жүрген шәкірттері қадірлейді және жақсы көреді. Ал ата – аналар арасындағы беделі өте жоғары болды: қандай да бір мамандық тобына балаларды жинақтаса, бұған қарамастан, ата - аналар бұл ұстазға өз балаларын ыңғайландыруларын сурайды:   өйткені оның тобындағы балалар да бос уақыттар мен сабаққа бармай қою деген жоқ және тәртіп сақталады. Сондықтан да ол ылғи қиын оқушылар ұжымын алып, үлгілі етіп шығарады. 

Қалада барлық, яғни  Мәдениет Үйі, үйлер, аэропорт, бала бақшалар, мектеп жөндеулері құрылыстарында біздің оқушыларымыз жұмыс істеді. Олар ылғи сұраныста болатын.   Мен тресттің әр оперативті жиналыстарында болдым. А.К.Алпыспаев: осынша каменщиктер, штукатур – малярлар, слесарь – сантехниктер керек деп бөліп берген. Училище керекті практикаттар мөлшерін беріп отырды.  Түлектердің жұмысқа тұру барысы бойынша қиындықтар болмады. Патокта  8 топ  240 адам адам оқыды. Күн сайын тізіліп сапқа тұру өткізіліп, кезекшілік қатаң түрде тексерілді – еңбек тәртібін оқыту училищеге келгеннің бірінші күндерінен  - ақ басталды.  Ата – аналар жиналысы кезінде актовый зал толық болатын, өйткені ата – аналар спорттағы жетістіктерімен танысып, өз балаларының жұмыстарын  көре алатындықтарын біліп келеді. «Дөңгелек үстел»,  демалыс кештері, «Юность» дүкенінен бастап ГРЭ- ге дейін қала территориясын тазарту бойынша сенбіліктер, С.С. Бапышеваның жетекшілігімен кәсіби- техникалық училищелер арасындағы облыс жарыстарындағы бірінші орындар, қаламыздағы ең жақсы көркем өнері, өзінің вокал – инструментті ансамбілі, құрылыс отрядтары – бұл осы оқу мекемесімен өмірлерін байланыстырған зыряндықтар мақтан ететін, училища тарихы».  

Лиханова Надежда Ивановна  - 2000 – 2008 жылдар аралығында училища директоры болды.

 

 

Оған ең қиын жұмыс жылдары түсті. Төзе алу, сынбау, бұл мекемені құлатып алмауға оның даналығы, көп жылғы тәжірибесі, алыстан көріп білуі, өз жұмысына деген махаббаты көмектесіп, біздің кішігірім қалашығымыздағы бұл оқу мекемесінің керектігін түсіне білген.  Көбі жанұяларға балаларын облыс орталығына оқуға жіберуге мүмкіндіктері келмейді, сондықтан да бұл оқу орнының болғаны  және кәсібі мамандықты тұрғылықты жерден алу, оңтайлы амал. Шәкірттері мен олардың ата – аналары оның атына көптеген жылы сөздер мен терең ризашылықтарын білдірді. 

 

 

Оқу мекемесі 60- жыл мерейтойы кезінде атауын өзгертіп, «Зырян технологиялық колледжі» деп аталды. Бұл мекемемен Демина Ирина Борисовна  есімді жас директор басқарады. Студенттерді келесі мамандықтарға оқытады:   электроқұрылғыларды жөндеу бойынша слесарь-электрик, бульдозерлер машинисті,  азық – түлік тауарларының сатушысы, маляр, автокөліктерді жөндеу бойынша слесарь, электрогазосварщик,  аспазшы,   хатшы-референт, құрылысшы столяры,  слесарь-сантехник, бас киім методисті.

Сауле Тлеубергенева

Шығыс Қазақстан облысының
мәдениет, мұрағаттар және құжаттама
басқармасының  «Мемлекеттік мұрағат»
КММ Зырян филиалының бас мұрағатшысы    
04.03.2015ж.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru