Корж Виктор Маркович – фотограф –шежіреші
2014 жылы Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Зырян филиалында Корж Виктор Марковичтің құжаттарының ғылыми – техникалық өңделуі өткізілді.
Виктор Маркович 1939 жылдың 16 тамызында Омск қаласында дүниеге келді. Оның әкесі - Корж Марк Иванович, 1911 жылғы, кәсіби әскери адам, кейін 1930 жылдан бастап 1946 жылға дейін старшина болды. Виктордың анасы - Лукьяненко Матрёна Ивановна үй шаруашылығымен айналысып, бес баланы тәрбиелеген.
1946 жылы Корждың жанұясы Қазақстанның Талды-Құрған облысы Қарабұлақ кентіне көшіп барған. Виктор 1947 жылы Қарабұлақ орта мектебінде оқуын бастап, 1958 жылы 10 сыныпты бітірді.
Мектептегі оқуын аяқтағаннан кейін, Виктор Қарабұлақ қант комбинатына сірнелерді құйып тұру бойынша жұмысқа тұрды. Жұмысы маусымдық болғандықтан, ол таразышы да құрылыс алаңында да жұмыс істеген. Кентте тұрақты жұмыс болмағандықтан, Виктор сол кездері Зырян қаласында тұратын, XXII съездінің КПСС Зырян қорғасын комбинатында тау инженері, ВНИИ ЦВЕТметінің бас ғылыми қызмері болып жұмыс істеп жүрген ағасы Егорочкин Александр Александровичпен хабарласты. Виктор Зырян кеншінің қалашығында ұзақ бойы жұмысты таба алмай жүрді. Сол кездері Зырян қорғасын комбинатында штаттарды қысқарту іс шаралары жүргізіліп жатқан еді. Бірақта, 1963 жылдың тамызында ол байыту фабрикасында автоматтандыру телімі лобарантының оқушысы болып, ал 1964 жылдың қаңтарында лобарант-полярографист болып ауыстырылды. Химия жас адамға ұнады, бірақта бас аурулары басталды. Денсаулығына байланысты, табиғатқа жақынырақ жерге ауысуына мәжбүр болды. Таңдауы 1965 жылдың қыркүйегінен бастап Столобухалық кітапхана оқу залының меңгерушісі, кітапханашы болып тағайындалған, тайгадағы Столобуха кенті болды. Оқуды ұнататын ізденгіш және жанжақты адам, ол бар ынтасымен қоршаған өлкемен, тұрғылықты адамдарымен танысты. Жұмыс бабы бойынша Зырянға барып-келуге мәжбүр болды, ол 1-ші қалалық кітапхана меңгерушісі Вагайцево Лилия Анатольевнамен араласып жүрді. Олар үйленіп, Лилия Анатольевнаны Столобуха кітапханасының меңгерушісі етіп ауыстырып, Виктор кітапхананың оқу залын және мәдениетүйін басқару үшін қабылдап алды. Кітап қоры 24 мың кітапқа дейін болды. Сол кездері Столобухада 599 адам өмір сүрген. Виктордың бастамасы бойынша вокалды-инструменталдық ансамбль құрылып, жастар кітапханаға жиналатын, солай өмір сүру қызықты болған. Осы ансамбльмен жақын аймақтардағы: Латиху, Масляху және тағы басқа ауылдаға барып, концерт берген.
1966 жылы Корж жанұясында Виктория атты қыз дүниеге келді. Виктор сол кездердегі «Киев» атты жақсы фотоаппаратты сатып алып, өз қызын суретке түсірді және фототүсірілімдерді «Шығыс Таңы» газетіне жіберіп отырды. Сонымен қатар табиғатты да фотоға түсірді. Виктордың түсірілімдері редакциядағыларға қатты ұнады, олар жас фотографты фотокорреспондент ретінде редакцияға жұмысқа шақырды. Сол кезде Столбушкалық ормантелімі жабылу үстінде болды.
1969 жылы 1 қыркүекте «Шығыс Таңы» газетіне жұмысқа шақырды, сол жерде 35 жыл жұмыс атқарды. 1969 жылдан бастап 1996 жылға дейін әйелінің ағасы бұрыңғы чекист, Викторда істерді жүргізуде ұқыптылықты дамытып, кітапханада жұмыс істеген кездегі мұрағаттық ұсталығын бекіткен корреспондент және редактор орынбасары Д.В.Вагайцев қызмет еткен қалалық «Шығыс Таңы» газетінде фотокорреспондент болып жұмыс істеді. Виктор Маркович – асқан дәл және жауапты адам, 60-шы жылдардың аяғында әр бір түсірілген кадрды сипаттап, картотека жүргізе бастады. Осы күнге дейін бұл жұмысты жүргізіп келеді. Қазіргі таңда В.М. Корж қорында 30 мыңдай фототүсірілім мен кадрлар бар. 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсті, ал 1991 жылы тілші мамандығын алды. «Шығыс Таңы» газетіндегі жұмысымен қатар, облыстық «Рудный Алтай» газетімен де қызметтес болды. 1996 жылы ауыстырылып барып фотокорреспондент болып қызмет етті. 1998 жылға дейін «Шығыс Таңы» газетінде жарты бағаға әлі де істеп жүрді. 2004 жылы зейнетке шықты.
Виктор Маркович көп әрі көпті оқыған: газет мамандарынан, репортаж және очерк бас батырларынан, Қазақ мемлекеттік университетінің тілшілік факультетінен. Ол сүйікті поэті Евгений Евтушенконі, бард Владимир Высоцкийді, әртіс Валентин Толкуновты, әнші Валерий Леонтьевті, Қазақстан компартиясының Бірінші хатшысы Г.Колбиннің құпиялы сапарын және басқа да эстрада жұлдыздарын және телеарнаны да түрсіріп алу мүмкіндіктері болған.
Еңбекқор В.М. Корж газетте жұмыс ете жүріп, айында 100 түсірілімді басылымға жіберген. Екі облыстықты бірге алып қарағанда, аудандық газет клишені көбірек қолданды. Ол күні бойы түсіріп, түнде басып шығарады. Осындай өмірге оның жанұясы үйреніп қалды, көнді. Шығармашылық адамдар өз жұмыстарына адал болады – бұл Лилия Анатольевна, әйелі осыны жақсы түсінетін. Күйеуінің мүдделерін бөлісе алған Виктор Корждың әйелі, өмір бойы күйеуіне мәңгі жолдас та, көмекші де болды.
Біздің қаламызда және ауданмызда әр бұрыштарында оны танымайтын жері мен оның болмаған жері жоқ. Ашық-жарқын, жатырқамайтын, айқай-қиқулы және ізденгіш адамды барлық жерлерде жақсы қабылдайды. Бөгде адамдарға кіруге болмайтын барлық ұйым, мекемелерінің есігі оған ылғи ашық болған. Ол фотосуретке дайындап түсіргейі тұрған адамдарға еркін түрде нұсқауларды айта алады, ал адамдар оның қаншалықты кадрлерді ұйымдастыра алатындығын білгендіктен бар ынталарымен тыңдап, екетпей орындайды. Виктор Маркович – өзімдікі және бөтен деп бөле-жаратын адам емес. Коржда фотосуретке түсу адамдар үшін мақтан болатын: ендеше, сен тарихта қаласын, ендеше, сен бір нәрсеге тұрарлықсын.
Ол әр түрлі тау шыңдарына көтеріліп, шахтаға түскен, тау суларымен аққан, өзінің аппаратурасын және жазба кітапшасын алып біздің ауданымыздың көптеген жерлерінде сапар шеккен. Сапарға шықпаған адамдарды алып, өзінің туған жерінің әсемдігін ашып, белсенді болсан өмірдің қаншалықты еліктіргіш әрі қызықты болатынын көрсетті.
Виктор Маркович зейнетке шыққан кезінде, өткен кеткен өмірін зерделеуге, фотоүлдірлердегі және слайдтардағы мыңдаған кадрларды ретке келтіруге, фотоқұжаттарды жүйелеуге және де: көп шаруа тындырылғаны, үлкен елдің, еңбек адамдарының және құру жұмыстарының, ой мен өнернаманың қызықты да қиын дәуірін түсіріп алғандығы жайлы түсінуге жаңа мүмкіндігі пайда болды. Виктор Маркович ціфірлі фотоаппарат алып, фотосуреттерімен жұмыс істеуге қажетті көптеген бағдарламалармен танысып, компьютермен жұмыс істеуді меңгерді. Қатты жұмыс істегің келсен, бұған жас ерекшелігі кедергі болмасы Коржбен дәлелденді.
2011 жылы Зырян ауданы кеншілер Зырян қаласының толық фотолетописі суреттеліп, шығарылған «Зырянға 220 жыл» атты тарихи фотоальбом шығарылды. Алғашқы түсірілім 1967 жылмен, ал соңғы түсірілімдер 2011 жылы даталанған. Бұл альбомда Зырян ауданы аумағында әрекет еткен барлық индустриялық кәсіпорындар, мекемелер ұсынылған, 45 жыл аралығындағы Зырян өмірінің ең қымбат оқиғаларының бірі. Ал ең негізгі- бұл біздің қаламыздың және ауданымыздың адамдары. Әр зыряндық өзінің таныс бейнесін таба алады. Зырянның мәдени және спорттық өмірі кең ұсынылған. Зырян қонақтарының түсірілімдері де бар – әйгілі әртістері В. Высоцкийдің, В. Толкунованың, М. Ротарудың. Зырян ауданның әкімшілігі басылымның тапсырыс иесі болды. Тираждың 500 данасы аз болды. Зыряндықтардың көбі қаламыздың өмірі жайлы суреттелетін фотоальбомның өздерінде болуын қалады.
2012 жылы тарихи фотоальбом екінші мәрте шығарылды: оған оқиға хабарлары, мазмұны, кейбір ақпараттық мәтіндер көшірілініп алынды. Енді осы фотоальбом барлық жанұяларында бар, сонымен қатар жақын әрі алыс шет елдері де иемденді.
2013 жылы В.М. Корж қазіргі таңда жоқ, бірақта фотосуреттерде сақталған Зырян ауданының совхоз өмірі жайлы «Зырян жерінде» атты тарихи фотоальбомды шығарды.
2013 - 2014 жылдар аралығында Виктор Маркович өз жерлестеріне: Ұлы Отан соғысының қатысушылары – зыряндықтарға және тыл еңбекерлеріне арнап кітап шығарумен жұмыс істеп жүр. «Шығыс Таңы» газеті қорында бақылау таңбаларымен негативтер коллекциясы сақталғандықтан Зырян қаласының мемлекеттік мұрағатында көп жұмыс атқарады. Деректерді, оқиғаларды, мерзімдерді салыстыра отырып, іздестіру, зерттеу жұмыстарын атқарады. Соғыс жылдары біздің Отанымызды қорғаған жерлес қатысушылардың суреттерімен кітап галереясын толықтырып, шығару үшін Виктор Макаревич біздің ауданымыздың тұрғындарына өздерінің соғысқа қатысқан туған туысқандарының фотосуреттерін жіберу бойынша үн қатты.
Виктор Маркович қазіргі таңда қызы тұрыпжатқан Зырян қаласына жиі келіп, өзіне туғанындай болған қаланың өміріндегі маңызды оқиғаларды фотосуретке түсіріп, жаз айларында ауданымыздың тарихына енген керемет адамды көріп тілдескенге мәз болған жүздеген жолдас-жораларының кездесуіне себепкер болған «Алтын Тұрғұсұн» өнер фестивалін жібермей келеді.
ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама
басқармасының «Мемлекеттік мұрағат»
КММ Зырян филиалының
бас мұрағатшысы С.Тлеубергенева