Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Казьмин Павел Иванович

«Зырян» кітабі арқылы, біздің қаламздың тарихына арналған және қаланың 200 жылдығына мұрағаттық құжаттар негізінде әзірленген, 1941 жылдың күзінде Өскемен, Лениногорск, Зырян қалаларына тәжірибелі салтаттылар клиноктарын дайындауға тапсырма берілгенің біз білеміз.  Зырянның клиногы ең жақсысы болып танылды. 1942 жылдың желтоқсан айында Зырян кеңбасқармасы Наркомат қорғанысынан Қазақстада құрылған салтаттылар дивизиясына 1000 клинок жасап беруіне тапсырыс алды. Қысқа ғана мерзім ішінде Павел  Иванович  Казьминнің басқаруында болған Зырян кеңбасқармасы қару-жарақ цехін ұйымдастырды.  Зырянның шеберлері күштерін, денсаулықтарын аямай, суық мекемеде әрі ескі құрылғылармен әскери тапсырыстарды қиын жағдайларда орындады.   Клиноктарды жасағандардың ішінде И.В. Двуреченский, П.И. Долгов,Ф.Е. Миков, С.А. Коньшин, И.А., Голенищев, С.И., Загородний, Д.О. Демедюк, В.И. Благинин және тағы басқалары болды.  Наркомат қорғанының тапсырысы дәл мерзімінде орындалды. 

Биылғы жылы жаз айларында қазіргі кезде Томск қаласында тұрып, қалалық администрацияда қызмет ететін Казьмин Григорий Павлович біздің қаламызға келді.  Сондай ыңғайлы сәттер туындаған кездері ол өзінің туған өлкесіне, балалық, жастық шақтары жайлы естеліктері қалған жеріне қуана келеді.

Казьмин Павел Иванович есімі, қаламыздың және аудамыздың тарихымен қызығатындар үшін, қаламыздың баршасына да әйгілі. Григорий Павлович өз жерлестеріне сол жылдар жайлы және әкесін естерінде сақтағаны үшін үлкен рахметін айтты.  

Казьминдар жанұясы – ұлы Григорий  және қызы Горячева  Елена Павловна әкесі жайлы ақпаратты жанұялық мұрағатында ұқыпты сақтауда. Олар Мемлекеттік мұрағатқа алып келген 1976 жылы 30 қазанда «Автомобилисттер» атты мақаласы жарияланған «Шығыс Таңы» газетінің қиындысында әкесі өзі жайлы жазған: «Өз кездерімде көліктер мен  мотоциклдерді көрген кезде, мен де оларды жүргізсем бе деп армандадым.  Менің арманым орындалды. 1932 жылы Грозненский автокөлік техникумына оқуға түстім. Оқуымды бітіргеннен кейін, 1936 жылы өз өмірімді  автокөлікпен байланыстырдым, міне, 40 жылдай Зырян қорғасын комбинатының транспортты-жөндеу цехінде жұмыс істеймін. Автокөлікқұрылымының даму тарихы менің кәсіби кемеліме жетуімен тығыз байланысты. Қызметімді механик мамандығынан бастадым, ал 1939 жылы Зырян кеңбасқару ірі транспорт цехінде  бас инженер болдым. Сол кездері қорғасын қоспаларын тасымалдау еліміздің қорғанысына аса маңызды тапсырмалардың бірі болды және бізді ұмытпаған, бұны ескеру керек. Халықтың жағдайын жақсарту үшін және бес жылдық жоспарды орындау үшін, автоқұрылымының дамуын жеделдету мақсатында  партия және үкімет барлық шараларды қолданды. Кеңес адамдары көлік рөлінде отырған адамдарға ылғи құрметпен қараған деп ойлаймын. Автокөлікшілер өздерінің қабілеттіліктерін іспен дәлелдеді. 1941 жыл маусым айының 22 күнінің аяғында қалалық әскери комиссариятының әскери комиссары Шляпников Зырян автомобилистерінің алдында әскери тапсырма қойды: «Автокөліктерді Қызыл Армия партиясына жедел түрде дайындап тапсыру. Біздің айдармандар, слесарь-механик жұмысшылары тәүлік бойы барлық көліктерді жөндеуден өткізіп, әрекеттегі әскерге жіберілді. Көбі жүргізушілер және механиктер автокөлік рөлін танк  тұтқышына ауыстырды…

Барлық жаңа техниканың қайда жіберілетінің білдік, біз жаңа автокөлік алмадық. Алдында айтқандай металлоломдарды жаңартудың арқасында көліктер саны ұлғая бастады:  соғысқа дейін жойылған көліктерді жандардырды.  Тақыр рамалар агрегаттармен, кузовтармен басылып кетті. Өте көп қиыншылықтар болды. Есімде, ыстық-майлау заттарымен қамтамасыз ету жайлы сұрақ тұрды. Отын мен майлар майданға жіберілген. Біз әр түрлі ауыстырушыларды қолдана бастадық: газогенераторлар үшін қатты отын, бензинмен жүретін көліктер үшін жай ғана керосинді немесе бензін орнына самырсын майын қолданған.  Көлікті жүргізу үшін бензінді бөтелкемен берген, екі бөтеке- бір ауысымға, бұны сол кездерде көлік рөлінде отырғандар жақсы біледі. Барлық жүргізушілер, кім азғана жанармайды қолданатыны жағынан сайысқа түсті. Трофим Акимович Полковников, көліктің газогенераторында жұмыс істегендіктен, бензінді мүлдем қолданбаған. Оған газ генерациясы аумағы жағынан терең білімі көмектесті».

Міне соғы жылдары Зырянда осындай адамдар өмір сүрді және жұмыс атқарды!

Сунжа өзені Грозный қаласында өскен әкесі Казьмин Павел Иванович жайлы Григорий Павлович өз естеліктерімен бөлісті. Павел Иванович темір жол арқылы үңгуші жанұясында турды, оның әкесі төтенше жағдайдан қайтыс болды, сондықтан да анам бес ағайындыны жалғыз өзі тәрбиеледі.   

Павел Иванович 1936 жылы Горнозенский автокөлік техникумын оқып бітіргеннен кейін Зырян қаласына келіп, Зырян полиметаллды кеңбасқармасына жұмысқа орналасты, кейінгі жылдарда ол Зырян қорғасын-цинк комбинатында жұмыс істеді. Павел Ивановичтің еңбек өтілі 48 жыл құрайды, соның ішінде ол гараж басшысы лауазымында, кейін транспорт цехінде басшы қызметінде жұмыс атқарды.

Ең қиын кездерде әкесіз өткен өмір оны  өз бетімен өмір сүруге үйретті, шынықтырды. Бұл шыдамдылық Павелді өмір бойы, шеберлі, жақсы адам, әр түрлі қиын және техникалық тапсырмаларды орындауда алып жүрді.  

Ұлы Отан соғысы кезіндегі үш жыл бойы – Өскемен, Лениногорск және Зырян кеңес әскеріне клиноктарды әзірлеу құқығына байланысты жарысқа қатысты.  Мінекей, Павел Иванович басқарған Зырян қаласының тобы, стальді ыңғайлы етіп таңдап, клиноктың жасалу тәсілдерін жетілдірді. Зыряндық сталь ең жақсы деп танылды, сондықтан да клиноктарды дайындаудан мемқорғанынан тапсырысты зыряндықтар алды.  Казьминдардың жанұялық мұрағатында «Құпиялы» грифі бар бұйрық көшірмесі сақталған.  Осы бұйрық негізінде, автокөліктің техникалық жетекшісі П.И. Кузьмин жолдасқа 1000 дана жүздерге тапсырысты сапалы және график бойынша тәулігіне 75 дана жүздерді орындау тапсырылады. Клиноктарды жасау үшін үш бригада құрылды, тәүлігінде 18 сағат жұмыс істеуге рұқсат етілді.  Зырян кеңбасқармасының мұрағатында № 41  1941 жыл 17 желтоқсан (301 қор, 2 тізілім, 142 іс, 89 бет) бұйрығының түп нұсқасы сақталған.

Григорий  Павловичтің жадында әкесінің өмірінен көптеген жарқын естеліктер қалды: бұл соғыс жылдары жайлы әкемнің әнгімелері, ол кезде ызғырық суықта, қайта қайта сынып, шашыла беретін, тау асуынан өте бергенде тежегіштері істен шығып кететін бір жарымды автокөліктерде, орталықтан алшақтаған шағын қалашымыздағы байыту фабрикасында алынған түсті және асыл металладардың концентранттарын адамдар шығарып айлауланатын.

Әкемнің күнделігі бойынша есейіп қалған Григорий адамдардың өміріне жауапты, өз жұмысына берілген, ұқыпты, еңбекқор адам екенін түсіне бастады.  Күнделікте күн сайын жазылатын мәтіндер: «Оқыс жағдайлар жоқ, авариялар жоқ».  Әкем күн сайын жұмыстың қорытындысын шығарады:  неше двигатель жөндеуден өткізілді, қанша рейс жасалды, қанша жүк тасымалданды.  Әкелерінің өмірге риза,  өзінің көңіл күйін әнмен жеткізе алатын, автокөліктерге, техникаға адал, балық аулауға қызығушылық, жанұясына деген махаббаты балаларының жадында сақталған.   Казьминдердің барша өмірлері жұмысқа арналған, жанұянң барлық кестесі әкелерінің жұмысына ыңғайланған.  

1965 жылғы 27 ақпан айының «Шығыс Таңы» газетінде 1936 жылы Зырянда алғашқы рет техникалық салауатты адамдар пайда болды деген ақпарат бар. Олар төртеу болды: Анатолий Усик, Михаил Расламбеков,  Дмитрий Мирошниченко және Павел Казьмин.  Біраз жұмыс істегеннен кейін екуі кетіп қалады, енді бірі басқа бір жұмысқа ауысады, ал Казьмин қалып горняцкий қаласымен тағдырын байланыстырды. Ең басында оған жеңілболмады. Ауысым басшысы және механик бол деген ұсыныс жасалды. Іс тәжірибе арқылы өз білімін жетілдіру үшін карбюраторларды, форсуноктарды қадағалаудан бастауды ұйғарды.  Двигательдерді, радиаторларды және тағы басқа да механизімдерді жөндеуден өткізді. Павел Иванович өндірісті меңгергеннен кейін, механиктің жұмысын бастады. Көп узамай Зырян кеңбасқарма гаражының ең бірінші техникалық жүргізушісі болды, 1942 жылдан бастапжиырма жыл бойын бір орыннан ауыспай ауыр әрі қиын шаруалырықтың рөлін басқарды, оның қарамағында тек қана көліктер болмады, сонымен қатар тракторлар, экскаваторлар, комбинат жол механизімдері де болды.   

Павел Ивановичтің көп жылдық тәжірибесінің арқасында ең қиың Д-12А және У2-Д-6 двигательдерінің құрылымын анықтап жөндеген.   Павел Иванович – белсенді рационализатор. Ол трактор гильзілерін қолдана отырып, Д-12А  двигателін қайта құрастырды».

Казьмин Павел  Ивановичтің балалары өз әкелерімен мақтан етеді, өмірдегі көпті өздері де дегендеріне жетті.  Олар Зырян мектептерінен орта білімдерін алды.  Григорий Павлович Зырян мектептері өте сапала білім береді ден айрықша белгіледі, әсіресе Горький атындағы мектеп, өйткені олардың жаңұя мүшелері сол мектепті оқып шығып, бұл жерден алған білімдері өмірлеріне және институтқа түсуге септігін тигізді. 

Григорий Павлович 1970 жылы Томск политехникалық институна  автоматикалар және техниканы есептеп шғару факультетіне оқуға түсті.  Автоматизацияның үлкен жүйесі сол кездері сән болатын.   Әкесінің Григориға дұрыс техникаға деген сүйспеншілігін ұлғайтып, тәрбие бергені курстарда  автомобилистер мен мотоциклистерге дәріс беруге септігін тигізді. Григорийдің құлшынысымен және еңбекқорлығының арқасында, студент болып жүріп өзіне ең алғашқы мотоциклін алып, Томсктан Зырянға жолдың алыстығы бір мың шақырымнан асқанына қарамастан келіп жүрді.  Григорий Павлович институтты бітіргенен кейін, инженер, кіші ғылыми қызметкері, кейін автоматизация өндіріс учаскесінің басшысы болып қызмет етіп жүріп, ғылыми-зерттеу институтына үлестірілді.   1990 жылы, қайта құрылу кезеңінің алдында, Григорий жұбайымен бірге, шетел елдерімен іскерлік экономикалық ынтымақтастықтың сыртқы экономикалық қауымдастық құрылымын құрды. Григорий Павлович 1999 жылға дейін 10 жыл бойы директор қызметіінде жұмыс атқарған құрылым ЖШС-ке ауыстырылды. Григорий Павлович  қатар асперантураны бітіріп, диссертацияны қорғады, техника ғылымының кандидаты болды. 1999 жылы Григорий конкурстан өтіп, Томск қаласының әкімшілігіне жаңартпашылық қызмет және ғылыми-білім беру кешенімен әрекеттесу бойынша комитетінің төрағасы қызметіне ауысты. Сонымен, Григорий Павловичтің жұмысының алғашқы нәтижесі Томск қаласының Ресей еліндегі бірінші қала атанғаны болды, бұл қалада ғылыми-білім беру кешені қала құрушы болып келеді.

Бұл университет қайраткерлеріне және студенттеріне деген құмет, Томск қаласының 1/5  тұрғындарын құрайды.   530 мың тұрғындардан  100 мың  тұрғыны -  студенттер. Солардың ішінде Шығыс Қазақстаннан 25,27% және сол қазақстандықтардың көбі зыряндықтар. Григорий Павлович айтқандай, мүмкін, Томск политехникалық институтының кешкі филиалы Зырянда болғандықтан  осылай құрылды.   Міне осылай өмір қрылды, Григорий Павлович әлі күнге дейін Томста қызмет етеді,  ғылыми техника өрісіннің жәрдемдесуімен мемлекеттік қорында ұстаздық етеді, жастармен жұмыс жасайды. 

 

 Казьмин Григорий Павлович и Горячева Елена Павловна

Үлкен ағам Казьмин Виктор Павлович политехникалық университетінде сабақ беріп жұмыс істейді, ол Григорийден 10 жасқа үлкен.  Виктор Павловичқа  70 жас,   техникалық ғылымының кандидаты, доцент. Әкемнің тәрбиесінің арқасында балалары да техниканы жақсы көрді, және бұл Казьминдердің өмірлеріне көп әсерін тигізді. Казьмин ағайындылары автокөліктердің білімділері, сонымен қатар мотоспортының жақсы көрушілері және екеуінде де мотоспорт бойынша разрядтары бар, Виктор Павлович мотожылдамдық спортының шебері. 7 сыныптағы сабағы пионерлер үйінде, фотоүйірмесі мен киноүйірмесін көрсетумен өткендігін Григорий Павлович есіне түсіріп отырды. Ал оның ағасы Виктор 1961 жылы автокөліктің радиобасқармалық моделін шығарды, сол кезде лампалық күштегіштер болған. Виктордың Томск политехникалық институтына түсу үшін кепілдігі болған бұл радиобасқармалық құрал, соның арқсында Алматыда жарыста жеңімпаз атанды.

Григорийдің үлкен апайы Горячева Елена Павловна Зырянда турады, ол өмір бойы Зырян қаласында дәрігер болып қызмет етті.  Оны барлық зыряндықтар шебер-эндокринолог ретінде таныйды, құрметтейді.

Григорий Казьмин үшін Зырян, тартымды туған жер болып болды да болады.  «Томсктағы өмірім қызықты болса да – деп Григорий Павлович айтты, - өткеннің естеліктері қайтып келуіме мәжбүр етеді.  Әкеммен бірге жұмыс істеген жолдастарына - Жаксыбаев Наби  Кульчаманович, Романенко Олег Петрович, Светлов Михаил Григорьевич. Әлемнің әр нүктесінде өмір сүретін зыряндықтарды Зырян атты турған өлкелерінің жылдан-жылға көркейіп келгені айқын көріне, әрі барлығын қуантады.  Барлық жерде жақсы, әсіресе балалық және жасөспірім  кездерінің естеліктерімен байланысты «Горняк» мәдениет үйінің жаңартылуына өте ризамыз.  Әкемнің жарқын есімі жайлы естелік біз, яғни балаларының жадында ғана емес, сонымен қатар оның есімі қаламыздың тарихында және өлкеміздің тарихын білетіндердің естелігінде сақталды.  Біз, әкеміз жайлы сақтап турған ақпараттарды, газет қиындыларын және фотоқұжаттарын, оның жұмыстарына қатысты бұйрықтарын, еңбек кітапшасын сақтаймыз.  Әкемізге деген мақтанышымызды оның немерелеріне Камзин тегін беделмен алып жүрсін деп табыс еттік».

   Шығыс Қазақстан облысының
мәдениет, мұрағаттар және құжаттама
басқармасының  «Мемлекеттік мұрағат»
КММ Зырян филиалының бас
         мұрағатшысы 

Сауле Тлеубергенева

 Газеты "7 дней" и "Заря Востока" от 09.10.2014 года  

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru