Миков Владимир Феофанович
Миков Владимир Феофанович – Зырян қаласының белгілі тұлғасы, өз жерінің нағыз патриоты, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында Қазақстан Республикасының, Зырян қаласының, Зырян қорғасын камбинаты экономикасының дамуына және мықты болуына өз үлесін қосқан. 2014 жылы оның құжаттарын Зырян ауданының мемлекеттік мұрағатында сақтауға әзірлеуде.
Владимир Феофанович 1937 жылы 18 қараша айында Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауылында дүниеге келді. Ол өз жанұясындағы төрт балаларының ең үлкені. Әкесі- Миков Феофан Ефимович, 1909 жылы дүниеге келді, Енисей губерниясы, Минусин уезді, Сағай болысы Қаратұз ауылының тумасы. Жанұясының тарихы әр түрлі оқиғалармен бай. Микованың атасы – Ефим диірменші болған, коллективизация кезінде жат элементтер тізіміне түсті. Сол кезде бар ынтамен еңбек еткен үшін барлық бай–кулактарды тәркілей бастады. Приказали Ефимге бір сағаттан кейін дайын бол деп бұйрық берді, ол біраз киімі мен тамақ және бір неше қап ұн алды. Атасын алып кетті, ал апасы мен ұлы Феофанды Ангар орманына. Сол жерге бір талай адамдарды апарды, әсіресе кулактардың үлкен мөлшердегі навета бойынша тіміне түскендерді. Жолға жиналып үлгермегендерді, киімсіз, азық түліксіз жалаңаш түрінде алып кетті. Орманда землянкаларды қазды. Иркутск жерінің табиғаты суық болғандықтан, тірі қалу қиынға соқты. Атасы ұлына: «Сен өзіне серіктес тап- осы жақтан қашыңдар, сендер әлі жассыңдар»- деп айтты. Осы орман жерінен үш жігіт қана қашып үлгерді, олар темір жолға дейін жетіп, жол бойымен Борзя бекетіне дейін жетті. Олар сол жерде жұмысқа тұрып, қыс мезгілін өткізді. А көктемде Қазақстанның Семей қаласына қарай жылжыды. Кордоннан Қытайға шейін таралған тоталитар режімінен аулақ кету үшін бел буды. Урджар арқылы өтетін жолсерікті де жалдап алды. Сонда да, міне Феофан Миков қандай қиын болса да өз жерімде қалам, жат жерге бармаймын деп шешім қабылдады. Қалған екі жолдасы кетіп қалып, бірі Бразилияға, екіншісі Австралияға тап болды. Феофан моторикада моторист болып жұмысқа орналасты. Усть –Бұқтырмадан Семейге дейін ағаштарды алып келетін. Болашақ Суворова Екатерина Ивановна атты жарымен танысты, үйленем деп құжаттарын түзеткенде, таныстарының бірі- Маслов, Феофанды тапсырып, оған сатқындық жасады. 1933 жылы оны колонияға отырғызды, түрме қазіргі Осиновский асулары жақта орналасқан еді, Феофан үш жыл отырып, шыққаннан кейін Зырян кең басқармасына слесарь болып орналасты. Ұлы Отан соғысы жылдары 1941-1945 ж.ж. Шығыс Қазақстан өндірістері тек қана қорғаныс продукцияларын ғана өндірді, Миков Феофан сол кезде механикалық цехте токарь болып қызмет етті. Ақылды, еңбекқор әрі жоғары деңгейлі адам болды, өндірісте оны мақтан етті. Сонымен қатар, ол Қазақстанда белгілі нысанаға алынған, Зырян кең басқармасында арнайы атты әскер дивизиясына әзірленген клиноктарды шығаратын қарулы цехте де жұмыс атқарды. Неміс-фашист жаулаушыларына қарсы тұруда жасалған клиноктарды ең қиын әрі суық ғимарат ішінде, зыряндық шеберлер қажетті құрал-жабдықтарсыз Наркомат қорғанысының тапсырысы бойынша жасаған. Зырян қаласының тарихында Ф.Е. Микова есімі, тыл гвардейці сияқты, мәңгілікке қалды.
Владимир Миков 1945 жылы мектепке барды. Ең бірінші 1 –ші өнегелі мектепте, кейін қазақ мектебінде, біраз уақыттан кейін жаңа Жданова атындағы мектепке барып оқыды, оқуын Горького атындағы мектепте аяқтады.
Оқуын аяқтағаннан кейін, Владимир Омсктағы Сібір көлік жол институтына оқуға түсуге барады, бірақта химия пәнінен 1 балл жетпегендіктен, қайтадан өзінің туған қаласына қайтып келді. Зырянға келіп, мектеп кезінде оқыған токарь күәлігі болғандықтан Зырян қорғасын комбинатының орталық механикалық шеберханасына жұмысқа орналасты. 1958 жылы Зырян қорғасын комбинатының күрделі құрысын жалғастырудағы бөлім жұмыстарына ауыстырылды. 1960 жылы электро орнату монтажы бойынша, слесарь-электромонтер болды. Сол жылы Өскемен қаласындағы индустриалды техникумға оқуға түсіп, 1964 жылы техник-электрик мамандығын алып сырттай бөлімді аяқтады.
1962 жылдың 1 қаңтарында Миков Зырян қорғасын комбинатына автоматты түрде байыту тобына электрослесарь болып жұмысқа тұрды. Ол қанаушы жүйенің ұсақтау телімі тобында электро жөндеуші болды. Кейін оны қанаушы информационалды – санақшы орталығының басшысы етіп тағайындады. В.Ф. Миков өзін өндірісте тек жақтарынан яғни, қатал әрі жоғары деңгейдегі квалификациялы шеберлігін көрсете білді. Инженерно – техникалық жұмысшыларының ең біріншілері болды. Ылғи өз бетімен техникалық әдебиетті зерттеп, өндіріске автоматизацияля жаңа озық ақы-пұлдарды ендіріп отырған.
Арада алыс алқындыру болады өмірді сонымен де қызғылықты етуге болады
Миков Владимир Феофанович – жан-жақты, белсенді, алғыр, тек бір өндірістік кәсіпорын жұмысымен қанағаттана алмайды. Көз қарасының кеңдігімен, табиғи ойымен, адамды өзіне тартып жақын араласып жүре алады. Ол өзі көп нәрсеге үйренді және қасында жүргендерді де өзі біліп, оқығанына үйретті. Владимир Феофанович ылғи дағы әр түрлі спорттың түрімен айналысатын. Соның өзінде де, сол кезден бастап әлі күнге дейін ең жақсы көретін спорт түрі бұл- альпинизм, туризм, Алтайдың тауларына жорық және сапарларға шығу.
1958 жылы сәүір айында Зырян қорғасын комбинатының кәсіподақ комитетінің қолдауымен тау туризімі мен альпинизмі ұйымдастырылды. Сол жерге қалаған адамдардың барлығы да қатысты. 20-30 адамдай жиналды (кейінірек адам саны 50 адамға дейін жетті). Осы секциямен көп жылдар бойы Игорь Алексеевич Кузнецов және байыту фабрикасының жұмыскері Владимир Феофанович Миков басқарды. Өздерінің барлық бос уақыттарын туризмге бөліп отырған, соған қоса бұл спорт түріне жастарды үгіттеп, ұстаздық еткен. Жастардың үгіттеу әрі алыс мекендегі халықтарға лекция оқып, еліміздің сыртқы және ішкі саясаты туралы айтып, халыққа концерттер ұйымдастырып жүргендеріне байланысты ЗҚК қаржылай өз көмегін көрсетті. Осы жылы В.Ф.Миков жолдама бойынша Алматыдағы Туюксу альпинист лагеріне барып келді. Ол туристтер тобының бір мүшесі болып бірнеше рет Тянь-Шань шыңына шықты және альпинизм бойынша 3-ші деңгейді алды.
1959 жылы Зырян профкомы тұрғұсын өзені бойында лагерь ұйымдастырылды, В.Ф.Миков нұсқаушы болып қызмет етті. Лагерде демалды сонымен қатар, жалпы білім беру және фабрично-завод мектеп оқушылары туризмнің қыр-сырын үйрене бастады. Геолог нұсқаушы оларды геологияның қыр-сырына үйретіп, минералдардың үлгілерін және түрлерін таныстырып көрсетті.
Туризм-альпинизм секциялары кезінде (1958-1986 жылдары) Зырян қаласының альпинистері мен туристері Зырян ауданы бойымен және Алтай тауларымен, Белуха шыңына шығып, көптеген саяхаттар жасалынған. 1985 жылы Зырян ауданының Шумовск бекетінде II Республикалық туриада – слеті өткізілді, Қазақстанның әр облысынан жиналған 8 топ құрамасы бұл слетке қатысты. Шығыс Қазақстан облысының туристер командасы осы сайыстарда бірінші орын алды. Зырянның спортсмендері-туристтері-альпинисттері облыс жарыстарына және слерттерге белсенді қатысты. Секция мүшелері өздерінің альпинистік шеберліктерін шыңдап көтері үшін альплагерінде, арнайы нұсқаушы мектептерден қосымша сабақ алған. Олардың көбі «Турист СССР», «Альпинист СССР» төс белгісін алды және спорт дәрежесі мен нұсқаушының атақтарын алды.
Осы туризмнің ең бір жақсы жақтары бұл, халық өз елі мен туған өлкесі туралы кітап пен суреттерден емес, өз көздерімен Алтай тауларының табиғаттарына шығып зерттегендері. Олардың көбі Зырянда туруға қалды, ал басқа туристер мен альпинистер шетелдеріне кетіп қалса да Владимир Феофановичқа өмірлік нұсқаулар бергені үшін өздерінің разылықтарын білдіруде.
Владимир Феофанович – Зырян ауданының көптеген көрікті орындарын білетін адамның бірі. Өз білімімен мектеп оқушыларымен бөліседі, сонымен қатар өз өлкесін таныстыруда арнайы сабақтар өткізген, ой өрістерін кеңейтіп, белсенді қатысу үшін слайдтар мен фото суреттерді көрсеткен. Қазіргі таңда да оны өлкетану және саяхатшы ретінде Зырян ауданының акиматы бөлуге байланысты қосымша деректер керек болған кезде шақырып отырады. Халықаралық «Алтын Тұрғұсын » фестиваліне ол үлкен үлес қосты.
В.Ф.Микованың Байкалда және Камчаткадағы Гейзерлер жазығында болу арманы еді. 2007 жылы Байкалға саяхатқа барған. Ол өте қызықты фото және видио түсірілімдер жасады. Ал Камчаткаға баралмады- өйткені Гейзерлер жазығы кір тасты селмен құйылып турды, сондықтан да сол жерге кіруге болмаған.
2009 жылы Миков Катонқарағай ауданы бойынша Бұқтырма өзенінің жоғары жағында өмір сүрген ескі діншілер өмірі туралы диссертация жазуға зерттеу жүргізген Кемеревтің тумасы Н.И. Романовпен бірге экспедицияға қатысты.
Владимир Феофановичпен бірге экскурсияларға шыққан адамдардың барлығы оның нағыз мықты, жауапкершілігі мол адам екенін нақтылап айтып бере алады.
Бір адамның ынтасы басқалардың өмірлік ісі болуы мүмкін
Миков Владимир Феофанович зыряндықтардың ішінде минералдардың коллекционері ретінде танымал. Бұның барлығы өз өлкесі бойынша серуендеп жүргенде тастардың әр түрлерін сувенир ретінде жинаудан басталған. 1970 жылдары минералдар коллекционері Федор Трофимовичпен кездесті, яғни, «Зырянвскстрой» трестінің топографы және де өзінің минералдар коллекциясымен Миковті таныстырған. Владимир Феофановичті бұл ой өте қатты қызықтырды, бірақта ол өзінің ерекше үлгідегі коллекциясын жинауға бел буды. Байыпты адам, минералдар туралы білімін әр түрлі ақпараттардан алып, қазіргі таңда өзінің 1000 аса үлгілері туралы айта алады. Орталық орынды агат кескіндері алады, тау сутасының үлгілері де бар және де минералдар үлгілері, яғни, Кеңес Одағында айқындалған Уралдың, Кольский түбегінің Кавказдың, Приморьяның, Украинаның, Шалғай Шығыстың, Чукотканың, Орта Азияның, Монголия және тағы басқа да орындардан. Негізгі орынды зыряндық кен орны және айқындаулар алады. Осы коллекцияда тастар өздерінің нақты түсімен және пішінімен, сиректілігімен, табиғи әсемділігімен ерекшеленіп сақталған. Агаттар – бұл айрықша ынтық, коллекционер осы тас туралы сағаттап отырып әңгімелеп бере алады. Табиғатпен берілген тастың әсемділігі таң қалдырарлық жағдай. Агат – халцедонның әр түрлілігінің бірі, сонымен қатар ең ерекше тастардың бірі. Осы тастың түсі ең ерекше. Агаттың әр тасында өзіне тән ерекшілігі бар. Мамандар агаттың түрлілігіне қарай 150 тамам түрі бар деп санайды.
Енді Микованың үйінде минералдардың мұражайы, әр тастың табиғи жаратылысы, әсемділігі сонымен қатар өзіне тән ерекше кескін пішіндері көзді қызықтырады, оларға табжылмай қарай бергін келеді.
Миковта қызықты - зергерлік және жасанды тастар, қаптырманың тастары, әлемнің және СССР түрлі кен орындарының тастары, зергерлік және жасанды тастарды өңдеу технология кітабі, зергерлік істер турал, әлемнің және СССР мұражайының тас кесу және зергерлік бұйымының тізімдемелері және тағы басқа тас тематикасы жайлы тақырыбындағы кітаптар жинағы бар.
Дәл осы тас кесіп өңдеу ісімен айналысқандықтан – тасты өңдейтін цех ашу керек деген ой туындады.
1988 жылы 1 қыркүйекте Зырян қорғасын комбинатында В.Ф. Микованың ойы бойынша және оның серіктес-энтузиаст Ю. Черданцева және Ф. Залевскийдің қолдауы бойынша тас өңдеу өңдірісі ұйымдастырылды. 1988 жылы 1 қыркүйекте В.Ф. Миков жаңадан құрылған тас өңдеу цехінің басшысы болып тағайындалды. Тас өңдеу құрылғысына лайықты орын әрі станоктар мен құрылғылар болмады. ЗҚК –нің қойған мерзімі өте қатал болды, өйткені жарты жылдың ішінде өңдіріс цехтан шығарылу керек. Шығыс Қазақстан ауданының жасанды тастары және басқа да кішікварцидтардың, мәрмәр тас, әктас, суретті, яшм, агаттарды іздестіріп дайындауға бір айды кадрлармен ұжымның комплектісіне жұмсады.
Тасты кесу станоктары В.Ф.Миковпен құрылған. Құру мен өңдіру қатар жүргізілді. Сонымен қатар тасты өңдеу ісінде, зергерлік тастарды тегістеуде арнайы мамандарды дайындау жұмыстары жүргізілді. В.Ф. Миков көптеген жас мамандарды тасты өңдеу жұмысына үйретті. 1989 жылдың 8 наурызына таман тасты өңдеу цехінің ең алғашқы өнімдері шығарылды. Миковтың қарамағында бірнеше қызықты тас кесу және зергерлік бұйымдар шығарылды. Тасты өңдеу бұйымдары – мозайка суреттері, сувенир тәрізді мозайкалы ыдыс және төс белгілері, хатты бұйымдары, сандықшалар, вазалар, ЗГОК таңбасымен сувенирлер, Қазақстан Республикасының картасы, шахмат үстелі және тағы басқалары жасалды. Зергерлік бұйымдар жиектемесі нейзильбергтен және үстемесі тау мөлдір тасы, агат, сердилик, халцедон, хризопраз, яшма, нефрит, чароит және тағы басқа зергерлік бұйымдар. 1997 жылы В.Ф. Миковқа экологиялық зейнетақыны белгіленді, соның өзінде де бұрыңғы мамандығы бойынша тас өңдеу жұмысын әрі қарай жалғастырды. Тас өңдеу цехінің бұйымдары жергілікті, облыстық және республикалық көрмелерге шығарылған. 2004 жылы реорганизация болғандықтан цехті ЗГОКпен бірге «ЭНВИ» жеке меншік кәсіпорнына сатылды. В.Ф. Миков екі ай ішінде құжаттарын тапсырып, өз еркімен жұмыстан шықты.
Қазіргі таңда Зырян қорғасын комбинатының тау-өркендету комплексі әлі күнге дейін үлкен сұраныстарға ие, өйткені табиғи тастарды бағалайтындар саны ұлғаюда, а сол кездері Владимир Феофанович үйреткен жас ұрпақ, қазір өз ісінің мамандары.
Мінеки, бір адамның тасқа деген ғашықтығы біріне жұмыс берсе енді біріне осындай Зырян қаласының цехіндегі асыл тастармен жұмыс істеушілерге үлкен мәртебе болды.
Сауле Тлеубергенева
Старший архивист Зыряновского филиала
КГУ «Государственный архив»
управления культуры, архивов
и документации ВКО