Зырян медициналық училищесіне 60 жыл
2014 жылы Зырян медициналық училищесіне 60 жыл толып отыр. Медициналық училище осы алтпыс жыл бойы 5,5 мың студенттерге Шығыс Қазақстанның әр өңірінде ақ халатты азаматы болуына жолдама берді. Шәкірттер орталықтан алыс бір жерде орналасқан, осындай мықты білім берген ұстаздарға үлкен ризашылықтарын білдіреді, көбі түлектер жан-жаққа тарап, өздеріне берілген білімдері бойынша әлі күнге дейін де қызмет атқаруда. Ал Зырян қаласында қалғандары өз халқының денсаулығын сақтап қалу үшін жұмыс істеп жүр. Училищеде берілген білім деңгейі мен тәрбиесі әр шәкірттің өмірдегі жолын өзгертіп, болашақтарын айқындады. Көбі училище түлектері белгілі дәрігер, ғалым болып көтерілсе , сондай биік шыңдарға жете алмаған дәрігерлердің нәсілі төмендемеді, өйткені олардың көптеген жылдар бойы халқына қызмет еткені үшін халық оларға алғыстарын айтуда.
Мұрағат құжаттары арқылы медициналық училищенің 1954 жылы ашылғанын біле аламыз. Бұл кезең Зырян халқына айрықша болды, өйткені, бұрын болашақ дәрігер мамандығына түсу үшін Өскемен қаласына бару керек болған. Өз қаламыздан шықпай ақ, ауданымыздың емді – пропрофилактикалық мекемелерін жинақтау және орта медициналық қызметкерлер құрамын дайындау мүмкіндігі туды. Медучилищенің ашылуына Улан ауданының Канайка ауылынан медбикелер тобының бөлімін ауыстырылуы үлкен септігін тигізген еді. 1954 жылдың тамыз айында фельдшер бөліміне 60 шәкірт жиналса, Канай медбикелер екі жылдық мектебінен Зырянға екінші курс бөліміне 25 студент ауыстырылып келді. Ең алғашқы жылдары медучилищенің өз ғимараты, оқу құралдары болмағандықтан, 3 оқу сыныбы орын алып отырған Ленин атындағы орта мектебінде орналасқан. Жұқпалы аурулар бойынша барлығы 28 негізгі оқу құралдары болды. Училищеде директор әрі физиология пәнінен сабақ жүргізетін бір ғана штаттық ұстазы – Рыбалкин Алексей Петрович болды. Жалпы кәсіби және арнайы пәндерді жергілікті Г.Н.Вергильева, Р.Н.Бодиновская, М.С.Островская, А.С.Ковалевский атты дәрігерлері және тағы басқалары сабақтарды өткізді. Зырян мектептерінің ұстаздары: Л.К.Беллон, З.Ф.Райт, И.П.Шкурина, П.А.Беляев және тағы басқалары балаларды жалпы білім тәртібіне үйретті.
1956 жылы алғаш рет 26 медбике оқу бітірушілері болды. Келесі жылында анатомия, физиология, терапия және акушерстводан көрнекілік құралдарын да иемденді. Биылғы жылы осында 101 адам оқытылды.
1957 жылдың көктемінде алғаш рет фельдшер мамандығын алған- 41адам. Э.А.Яцевич, Степанчук, К.И.Хохлова ең үздік дипломдарымен марапатталды. Училищенің алғашқы түлектері Л.Н. Ермокова, Зайцева әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастыруда.
1957-1958 жылдары Ленин атындағы мектептің 5 сыныптық бөлмелері училище үшін жалға алынды. Зертханалық жұмыстарды мектептің зертхана бөлмесінде өткізді. Штаттық ұстаздар осы оқу жылында болмады. Барша оқу- тәрбиелік жұмыстары штаттықтан тыс ұстаздармен өткізілді. Оқулықтар мен көрнекіліктердің үлкен бөлігімен училище иемдене алды.
1958 жылдың көктемінде фелдшер мамандығы бойынша 45 шәкірт шығарылды.
1958-1959 жылдары училище жұмысшы жастардың кешкі ауысымындағы мектебінде орналасты. Сабақтар бір ауысымда ғана өткізіліп отырды. Штаттық ұстаздар әлі де болмады. Перзентханада, терапия мен хирургия бөлімдерінде, трест медицина-санитарлық бөлімінде және ЗҚК, балалар жұқпалы ауруханасында, әйелдер мен балалар консультациясы базаларында іс-тәжірибелік сабақтар өткізілген.
1959-1960 жылдары 10 жылдық білімімен 30 шәкірт көлеміне сай медбикелер бөліміне қабылдау өткізілді.
1960-1961 жылдары медучилище бастауыш мектебінде 5 сыныптық бөлмелерді жалға алып, орналасты. Осы жылы 2 штаттық ұстаздары – медучилищенің директоры А.А. Зенкова, тарих пәнінен сабақ жүргізетін ұстаз В.И.Щербакова болды. Қалған ұстаздар штаттан тыс жұмыс атқарды. 1962 жылы училище өзінің ғимаратын алды. Оқу жылының басына медучилищеде 8 топ, соның ішінде 3 - фельдшерлік, 5 – медбикелер бөлімі болды.
Медучилищеге көптеген жақсы көрнекіліктер түсіп, оқу құралдарымен толық жабдықталған дегеуде болады. 1963-1964 жылдары сабақтарды 2 ауысыммен жүргізе бастады. 167 шәкіртті оқытуда. Дәл осы жылы училищедегі шәкірттер ақ халатты киіп, сабақтарына бара бастады.
Көптеген жылдар бойы Зырян медучилищисін : Рыбалкин Алексей Петрович, Сапсай Владимир Иванович, Гринблат Альберт Рудольфович, Зенкова Александра Алексеевна, Дикова Руфина Михайловна, Матяшов Петр Сергеевич сияқты жоғары кәсіби және қайсар азаматтар басшылық етті.
1977 жылы желтоқсан айында Зырян медициналық училищесінің басшылығына Хажибаева Азиза Молдакасимовна тағайындалады. Жоғары білімдар, жігерлі, мықты, өзіне берік, керемет ұйымдастыру қабілетті мол әйел, Зырянның ең әйгілі азаматтары қатарына енді. Оның қатысуымен 2007 жылға дейін медициналық жұмысшыларды шығарып отырған, медучилищенің жатақхана мен оқу корпустары біріктіріліп жаңа ғимараты салынды. 25 жыл бойы училищеге басшылық етті, кейін колледжді де басқарды. Оның бұрынғы әріптестері мен шәкірттері әр дайым сондай керемет адамен қызметтес болғанын еске алып, оған рахметтерін айтады. Д.Ж. Сулейменова, Ш.Б. Бейсекенова, О.А. Алампиева, В.М. Бабикова, Н.Г.Ивашин, В.Г. Салиенко, Р.Т. Джакупаева, К.Д. Жиенбаева, В.Г. Барсукова, З.Е. Алпыспаева, Л.П. Фатальчук, Р.И. Оконечникова сияқты ұстаздар құрамында өз қызметіне берік, бар білімі мен күшін жүктеп жұмыс атқарғандығы училище тарихында мәңгі қалады.
Тоқсаныншы жылдары оқу орнын және медициналық мекемелерін оңтайландыруда бір талай құрылыс жақтарынан өзгерістер енгізілді. 1996 жылы Зырян медициналық училищесі медициналық колледж болып, кейін Өскемен колледжі филиалы болып ауыстырылды. 1999 жылдың мамыр айында филиал жабылып, мемлекеттік емес «Медициналық колледж «Гиппократ»» атты оқу мекемесі ашылды.
Сол кезде барлығы 50 студент болды. Мекеменің коммуналды қызметке улкен қарызын төлеуге шамасы келмегендіктің өзінде де мүмкін емес жұмыстарын әрі қарай жалғастырды. Хажибаева Азиза Молдакасимовна біздің ауданымызға қажет колледж мекемесін сақтап қалу үшін бар күшін салды.
Колледж Зырян мемлекеттік медициналық базасы арқасында құрылды.
2001 жылы колледжді Гиливеров Сергей Дмитриевич сатып алды. Ол коммуналдық қызметтің қарыздарын төлеп, ғимарат ішіне бір шама өзгерістер енгізді. Колледж «Емдеу ісі», «Тіс дәрігері», «Фармацептер» 3 мамандық бойынша
білім беру әрекетіне лицензияны иемденген. 2003 жылы тіс дәрігерлері мен дантистер мамандығы бойынша ең алғашқы түлектері шықты.
2007 жылы «Гипократ» медициналық коледжінің ұйымдастырушысы Гиливеров С.Д. ұйымдастырушы құқығын мүлік комплексін Амирханов Заур Сиражевичқа, келісім шартқа сай, реестр № 66-531 бойынша нотариуспен бекітіліп, тіркелген «Гипократ» медициналық коледжінің ұйымдастыру құқығын және мүлік комплексін жіберілуіне байланысты» табыс етті. Ұымдастырушы Амирханов Заур Серажевич «Аграрлы-техникалық колледжі» мекемесінің басшысы болып келеді.
«Гипократ» медициналық колледж» мекемесі бұрынғы ЖҚИ филиалы ғимаратында орналасқан. Заңды мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласы, Пролетар көшесі, 82; тел: 8-(72335)-7-91-38, kgippokrat@inbox.ru е-мекен-жайы.
Колледж лицензияға сай 2 мамандық: «Емдеу ісі» «Фельдшер» квалификациясын иемденумен, «Медбике ісі» «Медбике жалпы іс-тәжірибемен» дайындық жүргізуде.
Медициналық білім беру мекемесінің қазіргі таңы.
Амирханов Заур Сиражевич қазіргі таңдағы медициналық білім беру мекемесі туралы әңгімелейді:
«Біздің қаламыз кішкентай ғана болғандықтан училищенің жабылады деген қауесеттері тез арада тарап, құлағдар болдым, сондықтан да ұйымдастырушымен кездестім. Мекемені ашқанға қарағанда жабуға өте оңай, сол кезең біздің қаламызға ауыр соққы болмақ. Колледжді және де штатты қоса өз міндетіме аламын деп келісімге келдік. Барлық құрал – жабдықтары өздерінде болды. Қазіргі таңда мекеме алыста орналасқандықтан, қиындықтар туғызуда, ал бұрын аурухана дәл колледждің қасында орналасқандықтан, дәрігерлер студенттерге дәріс беріп жүрді. Біздің колледж, Қазақстанда орналасқан басқа мекемелеріне қарағанда айрықша орын алады, өйткені, біздің мекемемізде аурухана қызметкерлері келіп студенттерге дәріс береді және де өздеріне білікті мамандарды дайындайды. Ал ең бастысы колледж студенттері мен медицина бірікшілігінің арасындағы тығыз қарым – қатынастың орнауы. Негізгі дәрігерлердің арқасында біздің колледж әлі күнге дейін өз қызметін атқаруда. Тағы бір жақсы жақтарын айта кететін болсақ бұл, біздің дәрігерлер тек қана дәріс беріп қоймай сонымен қатар олар өз ауруханаларында іс тәжірибе жұмыстарын өткізеді. Дуалды жүйе болғандықтан аурухана мен колледждің арасында жақсы байланыс орнағанын білдіреді. Бұл жүйе көп жылдар бойы жүргізіліп келгендіктен шет елдерінің дәрігерлерінен дәріс аламын деп бармаса да болады. Мен, осы жаққа келіп жұмыс ітеп жүрген барлық медицина қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Бұрын дәрігерлердің жалақысы төмен болды, олар колледжге келіп сабақ жүргізетін, қосымша үшін, ал қазіргі кезде жалақылары көтерілді, соның өзінде де дәрігерлер колледжге келіп студенттерге дәріс беруден тайынбайды, өйткені, дәрігерлер ақша үшін емес моральді тұрғыда қанағаттану үшін, яғни, жастармен жұмыс ітеу үшін келеді деп ойлаймын. Дәрігерлердің өздеріне де негізінде қазіргі таңға ылайықты өзгерістерді оқып, өз деңгейлерін котеру үшін білулері керек, соған орай студенттермен жұмыс оларға ынталандыру береді. Студенттерге дәріс берудің алдында ұстаздар өздері оқып үйренеді өйткені, студенттердің аяқастынан қоятын сұрақтарына жауап қайтарулары керек екені бәрімізге де мәлім.
Колледждің әлі күнге дейін жұмыс атқаруының тағы бір себебі бұл тек қана орта білімді медицина мамандарының қажеттілігінен емес, бірақта, басқа заңгерлерге, экономисттерге тағы басқа колледждерге қарағанда, медицина саласында оқуын бітіріп, жұмыс атқармаса да, үй ішіне және басқа да туысқандарына үлкен көмегін тигізе алады. Президентіміздің айтуы бойынша орта буынды медицина – мамандарының болуы, бұл адамзаттың 80 жасқа дейін өмір сүруіне ықпал етеді. Аналар үшін балаларын ауруханаларға апарып жүрмей өздері ден саулықтарын қадағалап отыруы қажет. Сондай білім беру мекемелері аса қажет. Егер 12 жылдық білім беру саласына көшетін болсақ, онда оқушылар мектепті 18 жастарында ғана бітіреді. Жоғары медицина бөліміне түскен студент 7 жыл оқу қажет, әрі қарай ординатура сонда барлығы 10 жыл болып шығады. Қандай әйел 30 жасына дейін оқи алады? Әйел болғандықтан оған бас құру, нәрестені жарық дүниеге алып келуі керек. Ал медецина саласында кешкі және сырттай оқу бөлімі мүлдем жоқ. Міне, сондықтан да әйелдерде толық емес медициналық білім. Бұл болашақта тек қана ер азаматтар дәрігер болады деген мағынада. Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады, яғни колледжда білім беру- бұл құрылған жағдайдан шығуға жақсы тәсіл, әйелдер кейін жұмысқа тұрып халқына қызмет етеді. Жаман жағы бұл, басқа саладағы колледжді бітірген студеттер жоғары оқу орнына 3 курстан бастайды, ал медицинада жоқ. Медициналық коледжде 4 жыл бойы оқып, ауруханада іс – тәжірибеден өткен студенттер мектеп бітірушілерімен теңесіп қалады. Барлық колледж түлектері болмаса да, ең үздік бітірушілерге жоғары оқу орнына түскен кезде оқуын 2 курстан бастауына рұқсат етсе дұрыс болар еді. Бұл медицина қызметкерлерінің құқығына қысым көрсету. Бұны заңды түрде, яғни министерстводан, администрациядан, халықты жұмыспен қамту орталығынан және әр түрлі деңгейдегі депутаттар тарапынан бастамашылық шығуы керек.
Қазіргі таңда колледжде жаңа технологияны қолданып, студенттерге дәріс берілуде. Біз интерактивті тақта, жаңа заманға сай муляждарды, фантомдар, микроскоптар және тағы басқа да колледжге қажетті құрал-жабдықтарды алдық. Нарықтық қатынас болғандықтан қажетті құралдарды алуға өте ыңғайлы, өйткені сол құралдардың шығарушылары өздері бізге келіп немесе прейскуранттар мен прайс-беттерін жібереді. Акша болса –қысқа мерзім ішінде жеткізіп береді.
Әр аурухана жаңа технологияға сай құралдарымен жабдықталған, соған орай бағдарламашылары да бар. Дәрігерлерді қолданушы деңгейінде үйрететі, ал егерде құралға жөндеу қажет болса онда арнайы маманды шақырады. Осындай мамандарды бізде дайындай аламыз, бірақта мемлекеттік тапсырыс болмады, бұл сұрақ жоғарыда отырған шенеуніктерге мәлім емес. Міне осындай қарастырылмай тұрған сұрақтар өте көп, мүмкін қолында билігі бар азаматтар бұның шешімін табады.
ШҚО мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасының
«Мемлекеттік мұрағаты»
КММ Зырян филиалының
бас мұрағатшысы
Сауле Тлеубергенева