Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Жеке текті қорлар

Дмитрий Васильевич БернацкийДмитрий Васильевич Бернацкий – 1912 жылы Белорусь ССР-інің Гомельск облысының М. Стрешень селосында туылған. 1937-1941 жылдары Қарақалпақ АССР-інде тұрып, бухгалтер болып жұмыс істейді. Соғыстың алғашқы күнінен бастап майданға аттанады. Соғыста Сталинград, Донское, Степное, Украина түбіндегі ұрыстарға қатысады. Капитан Бернацкий «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі, Ұлы Отан соғысының 1-2 дәрежелі ордендерімен, Қызыл жұлдыз орденімен марапатталады. Гвардия Капитаны Бернацкий неміс басқыншыларымен қанды шайқаста батыл ерлігі үшін Жоғары Кеңестер СССР-інің Жарлығымен 1945 жылдың 27 шілдесінде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін Бернацкийдің жанұясы Зырян қаласында тұрады. 

Брилин Павел ВасильевичБрилин Павел Васильевич (1913-1969жж.) - Кеңес Одағының Батыры. 

Ол Алтай өңірінің Родинский ауданының Лубягино селосындағы шаруа семьясында дүниеге келген, бірақ 1928 жылдан Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданының Соловьево селосында тұрған екен. Ұлты орыс. 1942 жылдан КПСС мүшесі. Білімі жеті жылдық орта мектебін бітірген. Армия қатарына шақырылғанға дейін Зырян кен басқармасында еңбек еткен. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйек айында аттанып, соғыс оты қайнаған армияға түседі. Москваны азат ету шайқасына қатысып, бес жерден жараланып контузия алады. 
Павел Васильевичке Кёнигсберг шабуылында жасаған ерлігі үшін сонымен қатар бірнеше дүркін шұғыл операцияларда жылдам шешім қабылдап, жаудың отыз шақты солдатын құртып ерекше ерлігімен Жоғары Кеңестер СССР-інің Президиумы Жарлығымен 1945 жылдың 15 сәуірінде Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ауыр жаралаған солдатты госпитальдан денсаулығына байланысты еліне қайтарады.
Зырян қаласына оралып КПСС-ның 25 съезд атындағы кенішінде еңбек етеді. Бірнеше дүркін мемлекеттік медальдардың кавалері, Ленин және 2 дәрежелі Отан соғысының, 3 дәрежелі Даңқ ордендерінің иегері, «Ерлігі үшін» медальімен  марапатталған. Ол 1969 жылдың 20 маусымында қайтыс болады. Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында жерленген. Ұлы Отан соғысының Батыры П.Т. Брилин атында Зырян қаласында көше бар. Кеңес Одағының Батыры медальі № 8738 19.04.45 жылы берілген. 

Кольцов Павел Фёдорович

Кольцов Павел Фёдорович - 1910 жылдың 18 қаңтарында Владивосток қаласында туған. Ол 7 сыныпты бітіріп, 1926 жылы еңбекке араласады. Алдымен Владивостокта кейіннен Омск қаласында шофер болып істейді. 1932 жылдан 1935 жылға дейін Қызыл Армияда қызмет етеді. Әскери қызметін аяқтаған соң Омск қаласына оралады. 1940 жылы Майкоп қаласына кетеді, онда механизация мектебіне түседі. Оқуын аяқтамастан 1941 жылдың 25 маусымда майданға аттанады. Ол соғыстың басында 277 автобатальон транспорт бөлімінің командирі, содан кейін 905 атқыштар полкі, 248 атқыштар дивизиясының 1-ші Белорусь майданында қызмет етеді. Ол “Қызыл жұлдыз” орденімен, “Варшаваны азат еткені үшін”, “Берлинді алғаны үшін” және “Германия түбіндегі шайқас үшін” медальдарімен марапатталды.  Кіші  сержант Кольцов  1945 жылы 17 сәуірде Кюстринский плацдармасының оң жақтағы фланг батальонын өзінің пулемет оғымен 85 жаудың көзін құртты. Біздің пехота  бірінші және екінші траншеяға бет алды. Бұл жолғы ұрыста Кольцов қолынан жараланса да 95 неміс содатын қырып тастады. Ал 1945 жылдың 27 сәуірінен 2 мамырға дейін Берлин көшесіндегі ұрыста Кольцов 100 жаудың көзін құртады. Жоғары Кеңестер СССР-інің Президиумы Жарлығымен 1945 жылдың 15 мамырында Кольцов Павел Федоровичке Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін 1945 жылдың қазан айынан Кольцов Майкопский ГЭС-інде жұмыс істейді (1949 жыдан КПСС мүшесі)
1953 жылдан Зырян қаласында тұрады Зейнеткерлікке дейін ол Зырян қорғасын комбинатында слесарь болып істейді. 
Аудан, қала бойынша  қоғамдық өмірге белсене араласады. Өзінің ерен еңбегінің арқасында бірнеше мадақтау қағаздары мен медальдері бар. 1953 жылдан бері Зырян қаласының батыс жағындағы көше Батыр атымен аталады.
Жақында ғана П.Ф. Кольцов өзінің 100-жылдық мерейтойын атап өтті. 

Копылов Иван Павлович - 1920 жылы Бұқтырма уезінің Соловьево селосындағы ұстаның жанұясында дүниеге келген. 1930 жылы ол әке-шешесінен айырылып жетім қалады. Үлкен ағаларының тәрбиесінде болып 1939 жылы Ташкенттегі экономикалық техникумын бітіріп, Мәскеудегі артиллерия училищесіне түседі. Соғыста Белоруссия шайқасының 787 атқыштар полк құрамындағы 222 Смоленск Қызыл Ту дивизиясында соғысты. И.П. Копыловтың ерлігін Отан жоғары бағалап 1945 жылдың 31 мамырында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін Ол Кеңес Армиясында қызмет етеді. 1952 жылы Әскери – артиллериялық академиясын аяқтап, бүкіл өмірін әскери қызметке арнады. Қазіргі кезде ол Мәскеу қаласында тұрады.  

Харин Михаил Терентьевич

Харин Михаил Терентьевич - 1923 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Респубикасының Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданының Снегирево селосында туылған. Білімі орталау. Колхозда жұмыс істеген.

1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1944 жылдың аяғында қызыл әскер – барлаушы Харин Венгриядағы Дунай өзенін азат етуде ерекше көзге түсті. Сонымен қатар өзінің әскерлерімен Венгрияның астанасы Будапешт қаласында неміс генералы отырған жеңіл машинасын соқты. Барлаушылар оны түрмеге алды. Жоғары Кеңестер СССР-інің Жарлығымен 1945 жылдың 24 наурызында Харин Михаил Терентьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медальімен  марапатталды. 1991 жылы 15 желтоқсанда қайтыс болып « Дальнее» қаласында жерленді. 

Бурнашов Александр АнфиногеновичБурнашов Александр Анфиногенович - Шығыс Қазақстан облысының Зырян поселкесінде 1914 жылдың 17 желтоқсан айында дүниеге келген. Білімі бастуыш. Мектеп бітірген соң колхозда, содан кейін Зырян кен басқармасында еңбек етеді.

1936 жылдың қаңтарынан Шығыс Қиырда қызмет етеді. Хасан өзенінің бойындағы ұрысқа қатысады. 1941 жылдың желтоқсан айында Александр Бурнашов кіші командирлер мектебіне оқуға және армияға шақырылады. 1942 жылы Брянск, Белоруссия түбіндегі ұрысқа қатысып «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальмен марапатталады. Аға сержант  Бурнашов Березина өзенінің Шатково селосында қайнаған соғыста жалғыз өзі жаудың 4 штурмалық қаруын, 5 автомашинасын қаншама жау солдаттарын қырып жояды. Осы жасаған ерлігі үшін Бурнашов Александр Анфиногеновичке 1944 жылы 25 қыркүйекте Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Соғыстан кейін еліне келіп кен байыту фабрикасында еңбек етеді. Ол 1974 жылы 18 желтоқсанда  қайтыс болады. Зырян қаласында ол батырдың атында саябақ бар.   

Дмитрий Васильевич Вагайцев

ШҚО ММ Зырян филиалы: 445 қ, 1-тізімдеме, 2 қ. 454 сақтау бірлігі. 1916-1985 ж.ж.

Дмитрий Васильевич Вагайцев (1920 ж. 26. 03 – 1985 ж. 19.02.) журналист, өлкетанушы, Катонқарағай ауданының «Луч» (Арай) газеті редакциясының хаттар бөлімінің меңгерушісі (1954-1976).Д.В. Вагайцеваның шығармашылық қызметінің құжаттары: Повестер - «Ветер с Белухи» (1953), «Быль у светлых гор» (1954), «У костра» (1957), «Выстрел над Бухтармой» (1978), «Коробок спичек» (1978), «Загадка» (1979); очерктер – «Железный Феликс» (М.В. Фрунзе туралы) (1962), «Писатель революционного дарования» (1963), «Знамя над степью» (1975), «Гудок в степи» (1976) (Жезқазған қаласы туралы); Пьесалар – «Надежные руки» (1953), «Сын Семиречья» (1954), «Тревожный рассвет» (1955), «Рядом с нами» (1956), «Мыргы» (1961), «Упорство» (1961), «Больное сердце» (1966), «Революцией призван» (1969), «Приказало сердце» (1977), «Перед бурей» (1978); драмалар – «Одним дыханием» (1970), «Три дня» (1978), «Стачка» (1978); репортаждар мен мақалалар (1943-1984). Д.В. Вагайцеваның: газет редакцияларымен (1954-1980),  А.Р. Беляевпен (1938-1941), О.М. Мануиловпен (1957-1966), Н. Ановпен (1957-1970), Ж. Омирбековпен (1957-1964), В.А. Белыймен (1962-1969) хат алмасуы. Д.В. Вагайцевтің өмірбаянына құжаттар: жеке басының құжаттары – куәлік, дипломдар, өмірбаяны, студенттік билет (1951-1968), рұқсат қағазы, мандаты, шақыру билеттері (1955-1972), құрмет грамоталары (1957-1976). Д.В. Вагайцевтың фотолары: Алматы қаласындағы кластастармен жеке және ұжымдық (1939), Алматы мұғалімдер институтының әдебиет факультетінің курстастарымен (1940), М.И. Ромм және Ш. Аймановпен (1959), Х. Кангожинмен, К.И. Сатпаевпен (1961), М.Ф. Гановичевпен (1970), С.Е. Черныхпен (1980), Н. Сегизбаевпен (1981), Н.А. Горбачевпен (1982).Мәскеу, Жезқазған, Алматы, Зырян қалаларының, Зырян және Катонқарағай аудандары ауылдарының фото репродукциялары (1959-1984).

Жақсыбаев Наби КульчамановичЖақсыбаев Наби Кульчаманович - Зырян қорғасын комбинатының директоры, техникалық ғылымның кандидаты, Социалистік Еңбек Ері, Зырян қаласының құрметті азаматы ( 1912-1975ж.ж) Қ. 159,т.1, іс 356, 1939-1975 ж.ж.

Шығыс Қазақстан облысының Зырян аудандық мемлекеттік мұрағатында Наби Кульчаманович Жақсыбаевтың жеке тектік қоры сақталған.

Жақсыбаев Наби Кульчаманович 1912 жылы ақпанның 12 күні Ақтөбе облысының Шалқар ауданының Екінші ауылының кедей шаруа жанұясында дүниеге келген. Оның әкесі мен ағасының үлкен шаруашылықтары бар болатын, арасында сол жердегі ауқатты адамдарға жалданып жұмыс істеді. 1915-1916 жылы холера жұқпалы ауруынан әкесі, ағасы қайтыс болды. Шешелері қалған үш ұлын ертіп Ақтөбе облысының Темирский ауданында тұратын әкелерінің ағасы - малшы Жақсыбайға келеді. Жақсыбай Набиді асырап алып, жеті жасынан жергілікті байдың малын бағуға жұмсайды. Осыдан барып Жақсыбаев ата- тегі шыққан екен.
Білім алуға құштарлығы артқан он төрт жастағы Наби орыс селосына оқуға түседі. Сол кездегі ауыр өмір тұрмысынан ол аштық - жалаңаштықты көп көреді.
1929 жылы мектепті бітіріп Қазақ педагогикалық институтына түседі. Ол семья жағдайына байланысты оқуды тоқтатуға мәжбүр болады. 1932 жылы Темирский аудандық атқару комитетінің жалпы бөлімінің орынбасары болып жұмыс істейді.
1932 жылдан 1939 жылға дейін Москвадағы алтын және түсті металдар институтында оқиды. Институтты аяқтаған соң Қазақ тау - кен институтында мұғалім болып, Ташкент облысындағы Аурахмат тау - кен комбинатында цех бастығы болып жұмыс істейді.
1942 жылдан 1963 жылға дейін Н.К. Жақсыбаев Оңтүстік Қазақстан облысының төрағасы болып, Ақтөбе обком партиясының, облыстық атқару комитетінің секретары қызметтерін атқарады 1953 жылдан Н.К. Жақсыбаев Қарағанды облысының Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің түсті металдар министрінің орынбасары болып, ірі тау- кен комбинаттарында қызмет жасайды.
1959 жылдан Н.Қ. Жақсыбаев Зырян қорғасын комбинатын басқарады.
Наби Кульчаманович ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін жетік меңгеріп, комбинаттың материальдық, техникалық мәселелерін шешіп, өндірістік жаңа технологиялар енгізуге, комбинат жұмысшыларының өмір- тұрмысын жеңілдету мақсатымен озық тәжірибелер алмасып оны дамытуда еңбегі зор болды.
Оның басшылығымен Зырян түсті металдар комбинаты бүкіл елдегі алдыңғы қатардағы өндірістік түсті металдар комбинаты болды.

Техникалық ғылымның кандидаты Жақсыбаев Наби Кульчаманович ғылыми тұрғыдан білімдар, үнемі жаңа шешімдер қабылдап, өзінің іздемпаздығымен қабілеттілігімен, ұйымдастырушылығымен күрделі проблемаларды жеңе білді.
Сонымен қатар, ол қарапайым, ақкөңіл жан еді.

Н.Қ. Жақсыбаев ел ішінде беделді, сыйлы болды, ол қаншама оқымысты кадрларды, инженер, мамандарды тәрбиеледі.
1966 жылы 20 мамырда СССР Жоғарғы Кеңестің Жарлығымен түсті металдарды дамытудағы жетістіктері үшін Социалистік Еңбек Ерінің атағы беріліп “Орақ пен балға” алтын медалімен, Ленин орденімен марапатталған.
Дарынды ұйымдастырушы, мәртебелі басшы Жақсыбаев Н.Қ. Қызыл Ту , Октябрь Революциясы, “ Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған.

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын дегендей, бұл үлкен адамның өмір жолы бәрімізге үлгі-өнеге.
Зырян Қалалық Кеңесінің еңбекшілер депутаттарының атқару комитетінің 1975 жылғы 4 қарашадағы № 515 “ Социалистік Еңбек Ері, Зырян қаласының Құрметті Азаматы Жақсыбаев Наби Кульчамановичтің есімін мәңгі сақтау туралы”
шешімімен Зырян қаласында Жақсыбаев атында көше берілген.
Ол 1975 жылы 20 қыркүйекте қайтыс болған. 

Егоров Александр ИвановичЕгоров Александр Иванович - ( 1926 ж.10.04- ) -  ақын, жазушы, журналист, Шығыс Қазақстан облыстық «Звено Алтая» әдебиет бірлестігінің бұрынғы төрағасы, Ұлы Отан соғысына қатысушы.
А.И. Егоровтың шығармашылық қызметі: АҚ жарияланған публицистика: очерктері, репортаж, әңгімелері, суреттемелері )1956-1957, 1998-2001ж,ж.), повестер мен романдар, әңгімелер, өлеңдер, қойылымдар
( 1984,1997,2001,2004-2005,2007,2010ж.ж.)
А.И. Егоровтың өмірбаяндық құжаттары: жеке құжаттары
( 1926, 1952-1997,2002ж.ж.) – тууы туралы куәлік, еңбек кітапшасының, әскери билеттің көшірмесі, ҚСРО Журналистер Одағының жарналық билеті,
«Ара » сатиралы журналының  бас редакторы орынбасарының куәлігі, өмірбаян, мақтау грамоталары мен алғыс хаттар.
А.И. фоталары: жеке және  туыстарымен, оқырмандармен, достарымен, бірге жұмыстас әріптестерімен түскен фоталары.
337 қор, 1т, 36 сақ. бір, 1926, 1943-2010

 

Алпыспаев Алдаберген Канапинович

Алпыспаев Алдаберген Канапинович, (1925ж. 20 қыркүйек- )

– Ұлы отан соғысына қатысқан, «Зыряновскстрой» трест басқармасының бұрынғы бастығы, Зырян қаласының Құрметті азаматы, дербес зейнеткер. 
Алпыспаев А.А өмірбаянынан құжаттар: Жеке құжаттары (1943, 1952- 1987,1993-1996гж.ж..) – қызметтік кітапшасы, еңбек, әскери билеті, партиялық билеті, депутаттық мандаты, республика көлеміндегі дербес зейнеткер, мақтау қағазы: әскерлерді тәрбиелеу және үйретудегі ерен еңбегі үшін берілген, Құрылыс саласында жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін Қазақ ССР-нің Жоғары Кеңес Президиумы ұсынған, құрылыс саласында, көп жылғы табысты еңбектері үшін жоғары жетістіктерге жеткені үшін Қазақ ССР-нің Жоғары Кеңес Президиумынынан, «Ерлігі үшін», ҚСРО мемлекеттік шекараны қырағылықпен күзеткені үшін, « Ерен еңбегі үшін», ордендері «1941-1945ж.ж. ҰОС-ның 40 жылдығына берілген неміс фашистерін қоршауға алуда көрсеткен табанды ерлігі үшін» (1947, 1958, 1973- 1974, 1977, 1979, 1985-1987, 2003ж.ж..); Өмірбаяны;
Алпыспаев А.К. туралы құжаттар . –газет беттерінен мақалалар « Красное знамя», 
« Заря Востока», «Рудный Алтай», «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» кітабы. (1968, 1970, 1974, 1991, 1993, 1995, 2000, 2003 г.г.) 
Алпыспаева А.К.фоталары : жеке және топпен, достарымен, студеттермен, депутаттар және әріптестерімен бірге түскен фоталары (1945, 1959, 1970, 1980 ж.ж.. )

Ф. 382, т. 1. 33, 12 сақ.бір. , 1925, 1943, 1945,1947, 1952-1987, 1993-1996, 2000, 2003, 2005, 2010 жылдары

Миков Владимир Феофанович (18.11.1937 ж. т.) - Зырян қорғасын комбинатының кен байыту фабрикасы тасқа ойып қашау цехінің негізін қалаушы, өлкетанушы, саяхатшы, минералдардың коллекционері, Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласының фотографы.

Владимир Феофанович Шығыс Қазақстан облысы Зыряновское ауылында дүниеге келген. Оның әкесі - Миков Феофан Ефимович, 1909 жылы дүниеге келген, Енисейской губерниясының, Минусинский уезі, Сагайский болысы Қаратұз ауылының тумасы, Ұлы Отан соғысы жылдары 1941-1945 ж. ж. механикалық цехта токарь болып жұмыс істей отырып, Зырян кен басқармасының дамуына зор үлес қосқаны үшін танымал адам болған. Ол сондай-ақ Қазақстанда қалыптасқан атты әскер дивизиясы үшін жүздер жасайтын Зырян кен басқармасында құрылған қару-жарақ цехында жұмыс істеген. Зыряндық шеберлер бұл жүздерді қорғаныс халық комиссариатының тапсырмасы бойынша  қиын жағдайларда, ескі станоктарда, қажетті жабдықтар жоқ, суық үй-жайларда дайындауға өз үлесін қосты. Ф.Е. Миковтың аты тыл гвардияшылары ретінде Зырян қаласының тарихында мәңгілікке қалады. Миков Владимир Феофановичтің анасы Сурова Екатерина Ивановна 1914 жылы 7 желтоқсанда Зыряновское ауылында дүниеге келген. Усть-Бұқтырма кенті (бұрынғы Бұқтырма бекінісі) ауруханасында медбике болып жұмыс істеген, ол сол жерде Ф.Е. Миковпен танысып, олар 1934 жылы үйленген. В.Ф. Миковтың шығармашылық қызметінің құжаттары: "Жұмысшылардың ар-ождан коэффиценті " мақаласы (1983ж.), жеке құжаттары: туу туралы куәлік, өмірбаян, аттестат, диплом (1937,1956,1964,2014 ж.), В.Ф. Миковпен жинақталған құжаттар: В.Ф. Миковтың басшылығымен туристік топ туралы, мақалалар циклі (1971,1976,1978,1979,1998 жж.), бейнелеу құжаттары: В.Ф. Миковтың суреттері, туристік топтармен, достарымен, қызметтес әріптестерімен, В.Ф. Миковтың ата-анасының суреттері, отбасымен, фотоальбом (1958-2014), В.Ф. Миковқа минералдар коллекционерлердің жазған хаттары (2008 ж.)

337 қ., 18 т. 14 сақ. бірл. 1958-2015 ж.ж.

Корж Виктор Маркович (16.08.1939 ж.т.) – Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласының фотокорреспонденті, Омбы қаласының тумасы, білімі жоғары гуманитарлық, ҚАЗМУ-дың журналистика факультеті, Қазақстан және КСРО журналистер Одағының мүшесі, 2004 жылдан бастап зейнеткерлік демалыста.

В. М. Корж шығармашылық қызметінің құжаттары: мақалалар, тарихи фотоальбомдар, М.Корждың  фотосуреттермен иллюстрацияланған, БАҚ жарияланған (1971,1988,2008,2013 ж. ж.),  еңбек және оқу қызметі құжаттары: өмірбаян, еңбек кітапшасы, куәлік, студенттік билет, С. М. Киров университетін бітіргені туралы дипломы,  дипломға қосымша көшірме жаршысы, кәсіподақ билеті.( 1958-2013ж.г., 1963,1969 - 1971,1983,1986,1990, 2011ж.г.), наградтау туралы құжаттар (1975,1985 жж.), В.М. Корж туралы құжаттар: фотографтың  тыныс-тіршілігін сипаттайтын мақалалар топтамасы (1982,1983,1989,1991,1995,2004,2006,2011,2013 ж. ж.), хат алмасу, кітап рецензиясы (2015ж.)

337 қ., 19 тіз. , 24 сақ. бірл 1950,1952,1959,1966-1967,1969,1972-1974,1976-1978,1980-1981,1983-1991,1997-1999, 2001-2013 ж.

Китляйн Александра Николаевна (01.01.1950 ж. т.) - педагог, «ҚР білім беру ісінің үздігі», жазушы, ақын мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық «Звено Алтая», Зырян қаласының «Бухтарминские радуги» әдеби бірлестігінің мүшесі.

Александра Николаевна Китляйн Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Шарчинский (қазіргі Мамонтовский) ауданы Корчино ауылында, 1950 жылдың 1 наурызда дүниеге келген.

Александра Николаевна Кутиха ауылында өткен «Алтын Тұрғұсын» Халықаралық өнер фестивалына, облыстық поэзиялық конкурстарға қатысқан.

2007 жылы мемлекеттік мұрағатының Зырян филиалымен белсенді араласа отырып , 2008 жылы тарихи – әдебиеттік зерттеулер нысанында «Қымбат менің Соловьево ауылым» атты кітабын жарыққа шығарды.

А. Н. Китляйн – қызықты тамаша адам, еңбекқор, айналадағы қоршаған әлемді  өзінің барлық мәнімен сіңіретін,  өмірді оның әр түрлі көріністерімен  жинақтауға, жалпылауға, талдауға  мүмкіндік береді. А. Н. әрине, адамдардың өзін-өзі бағалау сапасын көтеруде және оларды өмірлік мақсаттарын жоғары қоюға және өзін-өзі жетілдіруге итермелеп адамға деген сирек кездесетін ерекше қасиетке ие.

А. Н.Китляйн ның шығармашылық құжаттары: БАҚ жарияланған очерктер, мақалалар, репортаждар, (1985,1987,2003,2007-2008,2010-2012 жылдар), өмірбаяндық құжаттарына: өмірбаян, туу туралы куәлік, еңбек кітапшасы, дипломдар, алғыс хаттар ( 1950,1967,1974,1983-1985,1988-1989,1992-1995,2002-2006,2008,2010,2013 жылдар), мақалалар, жарияланымдар туралы А. Н. Китляйн: топтама мақалалар, әңгімелер, жарияланған әр түрлі уақытта, ол туралы, оның шығармашылығы (2001,2005,2007-2008,2012 жылдар), А. Н. Китляйнның хат алмасулары: отбасы мүшелеріне хаттары (1989,2011,2012 жылдар), бейнелеу құжаттары: жеке суреттер топпен, отбасымен,мұғалімдермен,балалармен(1959,1966-1969,1976-1978,1984-1986,1989,1990,2003,2006-2007,2011-2012 жылдары), А. Н. Китляйнның өз жұмыстары үшін және оны қызықтыратын мәселелері бойынша жинақталған құжаттар ( 1967-1978,1991-2007 жылдар).

 337 қ., 20 тіз, 12 сақ. бірл. 1958-2016 жылдар

Салиенко Владимир Георгиевич (01.01.1949 ж.т.) және Салиенко Наталья Юрьевна (21.02.1949 жылы туған) – Зырян қаласының атақты адамдары, өз қаласының нағыз патриоттары өзінің кәсіби қызметінде жоғары моральдық сапа мен қайсарлығымен,  өздерінің ерекше кәсіби шеберлігін көрсетіп, Зырян қаласының дамуына және қалыптасуына, Қазақстан Республикасы халық денсаулық сақтау саласының дамуы мен жақсаруына елеулі үлес қосқан. Бұл мыңдаған пациенттерге денсаулық сыйлаған және жас мамандармен тәжірибесімен бөліскен жоғары білікті мамандар.

Салиенко Владимир Георгиевич Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Баты ауылында 1949 жылдың 01 қаңтарында  дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысына Салиенконың отбасы Солтүстік Кавказдан келген. Салиенко (Успен) Наталья Юрьевна Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Самарское ауылында 1949 жылдың 21 ақпанында дүниеге келген.

Салиенконың отбасы дәрігерлер арасында ең үлгілі отбасылардың бірі болып саналады: адалдық, осы адамдардың бір-біріне деген шынайы сезімдері, берілгендік пен махаббаттары жастар үшін отбасылық қатынастарды құрудың эталоны болып келеді.

Фотоальбом «Салиенконың отбасы» (1958-1964,2014 ж. ж.) оқу қызметі туралы құжаттар, (1964,1966,1972,1974,1993,2003,2005,2011 жж.), марапаттау құжаттары (1969,2007,2014 ж.ж.), шығармашылық құжаттары: конференцияларда сөйлеген сөздерінің тезистері, (1972,2003,2004 ж. ж.), Салиенко жұбайлар туралы құжаттар: мақалалар, газет қиындылары (1976,2000,2002,2006-2009,2012-2014,2015 жж.), Салиенконың отбасымен жиналған құжаттар: - зыряндықтар туралы Салиенконың медицина қызметкерлері әріптестері дәрігерлері туралы «Заря Востока» газетіндегі мақалалар, (2000,2002-2003,2006,2008,2015 ж. ж.).

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru