Пономарев Леонид Фёдорович
Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Зырян ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ:
«Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Зырян, Серебрянск қалаларының Құрметті азаматтарының» құжаттар жинағы- №756,т.1, 21 сақ.бір.
Құжаттар жинағы 2012 жылы құрылды.
Пономарев Леонид Фёдорович (13.02.1929 - 28.04.2012ж.ж.) – Зырян қаласының құрметті азаматы, Зырян қорғасын комбинатының директоры, ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауераты, Қазақстан өнеркәсіп саласының еңбек сіңірген жұмысшысы - 1950, 1954, 1956, 1963-1989, 1990-1999, 2000-2005, 2010, 2012 №756,т.1, 21 сақ.бір.
Пономарев Л. Ф. өмірбаяндық жеке құжаттары: (1950, 1954, 1956, 1963-1989, 1993-1996 жж.)- оқу орындарын бітіргені туралы құжаттар: Бодайбин тау-кен техникумы, Томск политехникалық институты бітіргені туралы және оған қосымша оқу үлгерімдерінің тізімдемелері.
Еңбек, қоғамдық-саяси қызметтік құжаттары - «Еңбек ардагері» медаліне куәлік, кәсіптік білімін жетілдіру туралы курс, зейнетақы тағайындау туралы, ШҚ облыстық депутатының «Өнеркәсіп саласында сіңірген еңбегі» атағына куәлігі (1989-1994), ШҚ обком партиясының мүшесі, КПСС мүшесінің есеп карточкасы, еңбек кітапшасының көшірмесі, ҚСРО БХАШ көрмесіне қатысқаны туралы, неке туралы, Зырян ауданының 2004ж.16№02 № 6/2-III «Пономарев Л.Ф Зырян ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы мәслихат шешімі, Қазақстан түсті металлургия саласында еселі еңбегі үшін берілген, Қазақ ССР-і министрлігі, Қазақ ССР-інің түсті металлургия минстрлігінен, шығыс Қазақстан облысының атқару комитетінің мақтау қағаздары.
Шығармашылық қызметтік құжаттары: Зырян қаласының әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы тарихи альбом «Тұрғын үй-91» бағдарламасы (Зырян 1987г), Зырян кен орындары және негізгі жұмыстары туралы «Малеевск кен орны» тарихи альбом (1987ж.) Пономарев Л.Ф. туралы мақалалар – 1985, 1989, 2012ж.ж. Пономарев Л.Ф жеке, топ, туыстар, студенттер, Зырян қорғасын комбинатының жұмысщылар, достар, депутаттармен түскен фоталары (1970, 1980-1995, 2010 ж.ж.)