Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Шығыс айналымы» жолының 75 жылдық мерей тойы

Зырянға немесе Жаңа Бұқтырмаға алғашқы рет келген біздің өлкеміздің қонақтары, әсіресе тегіс жерлердің тұрғындары, автокөлік жолымен және әйгілі Осиновск асуынан өткенде міндетті түрде осы трассамен масаттанады.

Әрбір конферансье немесе әртіс әлбетте өзінің гастрольдік концертінің алғысөздерінде ирелең тау жолымен бас айландыратын қия берістен өткен кездегі бастарынан кешкен стрестен алынған эмоцияларымен бөліседі. Асуға көтерілу де толқытарлық, бірақ облыстық орталыққа және кері үйге қайтып сахаттануға баяғыда үйреніп қалған зыряндықтарға емес, жақсысы, жол енді бар болғаны мөлшерімен үш сағат уақыт алады.Осы жолдың пайда болу тарихын аға ұрпақтар біледі, ал жастарға түрлі мұрағаттық құжаттарда сақталған ақпаратты ұсынамыз.

75 жыл бұрын Шығыс Қазақстан және Семей облыстарының алшақ аудандарын Қазақ темір жолымен қосқан «Шығыс айналымы» жолының құрылысы басталған.  

1937 жылғы 21 наурызында Қазақ ССР ОАК Төралқасының қаулысымен Зырянға жұмыс кенттер санаты берілген. Кенттің тұрғындары Зырян кенішінің және байыту фабрикасының дамуына байланысты тез көбейе түсті.

Кенттің одан ары дамуына жолдың болмауы өте кедергі жасады. Көліктің жалғыз тұрақты түрі су көлігі болды – жүк Ертіс өзенімен баржа арқылы, ал қыс кезінде өзеннің мұзымен көлік-арбамен тасымалданды. Алайда навигацияның қысқа мерзімі ішінде өзеншілер үлкен дүрмектен түскен жүктерді өндеп үлгермеген, ал аттарда және шамалы автопарктарда көп мәшін өткізіп жіберу мүмкін емес еді.

Жолдың болмауынан Шығыс Қазақстанның тынысы тарылды. Жолдың тек жүзінші бөлігі ғана қиыршық таспен жабылған. Көктем және күз кездерінде көбі аудандар, оның ішінде Зырян ауданы да, жұмалап бүкіл әлемнен қол үзетін.

1940 жылғы 29 қаңтарда Кировск ауданының «Красный партизан» ауылшаруашылықартель мүшелері халқы көп жиналыста Шығыс Қазақстан және Семей облыстарының барлық колхозшыларына «Шығыс айналымы» қиыршық таспен жабылған жолды халықтық құрылыс әдісімен салу ұсынысымен шықты. Бұл ұсынысты Шығыс Қазақстанның барлық колхозшылары және кәсіпорындары қолдады. Бірінші кезекте жалпы ұзындығы 438 км құрайтын Өскемен – Бұқтырма – Малокрасноярка – Самарка - Көкпекті – Георгиевка жолы 1940 жылдың жазында салу шешілді.

Жол салуға техника ол кезде әлі боламаған. «Шығыс айналымы» жолының құрылысы бүкіл халықтық іс болды. Жол құрылысының тәжірбиесінде халықтық құрылыс әдісімен орындалған, осы үлкен жұмысына тендесі болған жоқ. Құрылысшыларға көмекке Қазақстанның барлық облыстарынан таңдаулы білікті инженерлі-техникалық жұмысшылар жолданды. Құрылысшы колхозшыларға арнап Свердловск облысы Нижний Тагил қаласынан және Красноярск қаласынан күректер, Жамбыл облысында кетпендер, Алматы облысында балталар және зілбалғалар даярланды.

Жылудың орнауына дейін үлкен дайындық жұмыс өткізілді: ағаш және құрал-саймандар даярланды, көк арбалар және әбзелдер жөнделді. Мамырдың ортасына таман қол арбалар, зембілдер, күректерге саптар, сырғанау тақтайлар әзірленді, жарылғыш заттардың қажетті қоры даярланды. Жол бригадирлерді, есепшілерді десятниктерді дайындау үшін қысқамерзімді курстар ұйымдастырылды. Колхозшылардың арасынан құрылысқа таңдаулылардың ең жақсылары тандалды.  

Көктемгі дала жұмыстары аяқталғаннан кейін 1940 жылғы мамыр айының аяғында екі облыстың 20 ауданынан 550 колхоздардың колхозшылары жолдың бірінші кезектегі ққұрылысына кірісті.  

Зырян ауданына ұзындығы 10 километр құрайтын Пихтов сайындағы жолдың ең көп еңбекті қажет ететін учаскелерінің бірі бекітілді. Қысқа мерзім ішінде 100 мың кубометрден астам таулы грунтты шығару және бірнеше көпір салу қажет болды.

Құрылыстың бірінші күндерінен бастап күндізгі  150-200% мөлшеріндегі өнімді орындап,  кейін 300-400 және одан әрі орындап, жұмысшылар әлеуметтік жарысқа кірісті.

1940 жылы 16 шілдеде құрылысшылар Отанына баянат жасады: «Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Шығыс айналымы» жол құрылысы» аяқталды». Колхозшылардың күшімен 42 жұмыс күннің ішінде  300 шақырым тас жолын, 190 көпір, 97 сүзгіш құрылғыларын салды.  2 717 40  куб метр жер жұмыстары, соның ішінде  324 825 куб метр құзды жерлер, 420 000 шаршы метр орман жер теліміндегі томарлард алып тегістеу, 254 990 куб метр гравилер және тастарды шығарды. Қазақстанның шығыс аймағында екі облыс бойынша, бірінші кезекте үлкен таға ретінде созылды. Алтай таулы өңірімен жүре Бұқтырма, Зырян, Кировск, Самар және соларға жататын аудандардағы көлік байланысын тұрғылықты  бейнемен жақсартып,  екі темір жолды және Ертістегі бес айлақты қосты.

Жол құрылысына Зырянның және ауданның  коммунистері, комсомолдары мен жастары қатысты.

Мемлекеттік мұрағатта 1983 жыл 19 шілдедегі № 86 «Шығыс Таңы» газетінде Тамараның естеліктері «Шығыс айналымы – қаһармандық трассасы» мақаласында Зырян ауданындағы жол құрылысы аймағы  жайлы жарияланған  газет сақталған.

Бұл ең қиын жол телімдерінің бірі болды.

1940 жылы «Шығыс айналымы» жол құрылысының жоспары құрылған еді. Райком партиясымен және райисполкоммен   кәсіп орындарынан адамдар тізімі, колхоздарда – бригаданың тізімдері бекітілді.  Көктем  егістігі біткеннен кейін,   толық құрамда  Самырсынды шатқалдағы штаб құрылысына келді. Олар осы жерде тапсырма алып, өз телімдеріне таралып кетті.

Құрылыс басшылығына штаб бастығы етіп партия райкомының бірінші хатшысы Александр Александрович Ухов тағайындалды, ол бұранда Зырян қаласына,  соғысқа дейінгі жылдары елдің халық шаруашылығына комунистік партия  жіберген 25 мыңдықтардың бірі болып, комсомолдық жұмысшы ретінде жолданған.  «Шығыс айналымы » жолы құрылыс штабында Донченко – райком партиясының  хатшысы, Мещеряков – НКВД аудан бөлімінің басшысы, райком комсомолынан Василий Панин олармен бірге жұмыс істеді. 

Үлкен мемлекеттік мағыналы болған жол құрылысында Голобоков  басқарған жолсапардың редакциясы, Евдокия Ушакова – корректор, Анастасия Шабуняева - әріп теруші және баспашы оолып жұмыс істеді.  

Баспа бетінің сегіздің бір бөлігі мөлшеріндегі газет «Шығыс айналымы» деп аталды.  Газет күнді шығып тұрды, және құрылысшылар бірінші күннен бастап болашақ жол жоспарының орындалуын  біліп отырды.  Евгений Семенов есімді техник болған радио байланысы да жұмыс істеді.  Медициналық пунктімен  Яков  Михайлович Степанчук басқарды.

Құрылыста  басқа да қызмет орындары әрекет етті: почта, тігін және етік шебер ханалары. Васса Зверева, Кругликова Таисия Андреевна  және тағы басқалары аспазшының қызметін еткен, асхана мен дүкендер де жұмыс істеді.  Құрылысшыларға мәдени түрде қызмет  және агитацияонды – басым жұмыс  үшін құрылысқа культбригада келді.

Райисполком және роно шешімі бойынша құрылысқа Киров атындағы мектептің пионерлік хоры келді. Балалар кеңес компазиторларының көптеген әндерін орындады.  Олар пионерлік, революциялық және басқа да сол кездердің атақты әндерін әндетті. 

Колхоз егістіктерінің стаханошылары және ерен еңбек екпінділері 1940 жылдың 23 мамырдағы құрылыстың бірінші күнінен бастап жоспарды 150 % - ға орындады.  «Украинец» колхозының  Возовикова бригадасы және «Первое мая» колхозының Фоменко бригадасы 200 пайыз мөлшерін берді.  Жарыс өз күшіне ене бастады.  Звеньевой Дмитрий Митрофанов  500 пайызға жеке тапсырманы  аяқтады. «Жалғастырылуда атағы үшін еңбек жарысы»,деп  - «Шығыс айналымы» газеті хабарлады.  «Свободный труд» бригадасының мүшелері Галактион Козлов және Алексей Пермяков  600 пайыздық  межіні аттаған күн  де келді.

Құрылыстағы негізгі орынды Зырян кенінің жарылысшылар бригадасы алды.  Жарылыс жұмыстарын епті жүргізгені мен қол еңбегіне жерді ыңғайлап беру еңбегіне көбі тәуелді болды.  Жарылысшылардың ішінде ең жақсылары А.И. Кравченко, Ф.С. Пластеев, А.Н. Тараканков, Чегдаев, А. Пирожков, техниктер Горяев болды. Күнделікті бригадамен орындалатын тапсырма 400 – 450 пайызды құрайды.  Олардың арасында әйел де болды  – жарылысшы Аустра Бирзе, жұмысты орындаудағы ептілігмен барлығын таң қалдырды. Ол құрылыста жұмыс істеп жүрген адамдардың арасында, еңбегі  сіңген  қадірмен пайдаланды.

 Строители дороги

 Соңғы жарылыстардың бірінде жолдың шетіне  үлкен валун құлап түсті. Аустра кітіп қалды, ал культбригаданың көркем жүргізушісі Григорий Иванович Бадажков тасқа ішінде кирка мен күрегі бар жұлдызшаны салды.  Бұл еңбекке деген өзгеше ескерткіш болды.  Біреу осы тастын астында сол бір жарылысшы әйелдің тозаңы жерленген деп айтты. Бұл аңыз әлі күнге дейін айтылып келеді. 

Осы трассада жұмыс істеп жүрген жүргізушілерге олардың ізашарлары, қазіргі кезде де бес борбайлы жұлдыз әшекейлеп,  тұрған үлкен тастың астында қыз қайтыс болғандығына  сенімділік сіңдірді.  Жарылыс жұмыстары кезінде адамдарды қауіпті жерлерден алып шығаратын.  Оған дәлел, әйелдердің ерекше мамандығы бар ержүрек қызды іздестірудің сәтсіз әрекеттері көрсетілген, облмеммұрағаттың құжаттарында Ленинградтың  түрлі ұйымдарымен алмасқан қатынас хаттар саталып жатқаны болып келеді.

«Шығыс айналымы» жолының құрылысына байланысты көптеген құжаттар Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында сақталған.  Бұл жерде құрылыс тракті жүрісі жайлы ақпарлар, стахановшілердің мінездемелері-  тізімі, жұмыстары үшін марапатталған және құрылыс құрмет Кітабіна еңгізілген адамдардың тізімдері бар.    Құжаттар өте қызықты, олар халықтың бас қосып бірге жұмыс істеуге болатындығына күәгерлік етеді. Ұжымдық  еңбек күші Зырян ауданының  және облыс орталығының арасында жақсы автокөлік байланысын орнатты.  Қолда қиын техниканың болмағанының өзінде де, киркалармен, күректермен, ломдармен  және қол арбаларымен адамдар қысқа ғана мерзім ішінде таулар алабында  еңбектеніп, үлкен ерлік жасаған. Қазіргі таңдағығы көліктермен сондай мөлшердегі жұмысты қысқа мерзімде жасап бітіру мүмкін емес.

Екінші кезектегі «Шығыс айналымы» 361,7 километрге дейін созылған трактіні одан да қысқа мерзімде -1941 жылы 26 жұмыс күн ішінде салып бітірді.

Бұл жолдың мағынасы Зырян ауданы үшін аса бағалау қиын.   Ұлы Отан соғысы жылдары Жеңіске жетудегі істе  қымбат стратегиялық нысана болып табылды.  Ауыр соғыс жылдарында, еліміздің түсті металлы қажет болған кен концентраттарын шығару жақсарды.  Соғыс жылдары көптеген жүктерді Галина Мезенинаға, Мария Кунгурцеваға, Евдокия Какаулинаға, Татьяна Акентьеваға, Евдокия Борзенковаға, Григорий Безменовқа, Михаил Рудаковқа, Михаил Полковниковқа апарып беріп келу керек болған.  Еліміз және майдан үшін қажет болған жүктерді, адамдар демалмай, кей- кездері ұйықтамай да алыс рейстерге шыққан.   75 жыл бұрын салынған жол, жыл сайын жақсарып келеді.  Осиновский  асуын айналып өтуге болатындай жол жобада бар. Аса  таңырқарлық  көріктің  жолмен кетіп бара жатып, сол бір алыстағы қырқыншы жылдардағы құрылысшыларға ойша құрметін көрсетпеген адамдар жоқ деп ойлаймын.                                        

Мәліметтерді жарияланымға әзірлеген 
Шығыс Қазақстан облысы
мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасының
«Мемлекеттік мұрағаты»
КММ Зырян филиалының бас мұғатшысы  

Тлеубергенева  Сауле

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru