Қорлар мінездемесі
Мемлекеттік архивтің Алтай филиалында Бұқтырма уездік ревкомитеті, Бұқтырма уездік атқарукомитеті, Зырян, Катон-Қарағай, Поздняков болыстық атқарукомитеті, уездік мекемелер сияқты қалалар мен аудандарда Кеңес өкіметін орнату кезеңін көрсететін құжаттар сақталуда. Архив құжаттары өнеркәсіптің даму тарихын көрсететін қорлар ерекше құнды болып табылады, өйткені Алтай ауданы - Кенді Алтайдың негізгі және көне тау-кен аудандарының бірі. Бұл «Лена Гольдфильдс Лимитед» ағылшын акционерлік қоғамының Алтай концессиясын Зырян басқармасының, Зырян қорғасын-мырыш комбинатының, Зырян шахтақұрылыс басқармасының, Бұқтырма цемент компаниясының, Первомай кеме жөндеу-кеме жасау зауытының, бұрынғы КСРО-да жалғыз Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауытының қорлары.
Алтай ауданы пайдалы қазбалардың үлкен қорына ие. Алтай филиалында Шығыс Қазақстан геологиялық басқармасының Зырян геологиялық-барлау экспедициясының, Богатырев, Шығыс-Ревнюшин, Медведск геологиялық-барлау партияларының, Зырян гидрогеологиялық партиясының құжаттары сақталуда. Алтай ауданы энергетикалық ресурстарға бай. Архивте сақтауда Бұқтырма ГЭС аудандық басқармасының қорлары бар
Архив қорлары Зырян және Серебрянск қалалық атқару комитетінің, әкімдіктердің, Бұқтырма,Зырян, Самар,Үлкен Нарын, Катонқарағай аудандық атқару комитетінің құжаттарын сақтайды. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, Байланыс және көлік және т. б. мекемелерінің құжаттары сақталады.
Ауыл шаруашылығының даму тарихы аудандық ауыл шаруашылығы мекемелерінің қорларында көрсетілген. Зырян ауданы үлкен өнеркәсіптік орманның бай қорына ие. Мемлекеттік архивте Зырян, Катон-қарағай орман өнеркәсіп шаруашылықтарының, Зырян, Катон-Қарағай, Самар, Үлкен Нарын аудандарының орман шаруашылықтарының құжаттары сақталуда.
Өнеркәсіп, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық құрылыс туралы «Зыряновскстрой» трестінің, құрылыс-монтаждау басқармаларының құжаттары баяндалады.
Ғылыми және жобалау-конструкторлық мекемелердің қорларында басқару құжаттарынан басқа ғылыми-техникалық құжаттама бар. Бұл Зырян қорғасын-мырыш комбинатының, Зырян геологиялық-барлау экспедициясының, Зырян Мемлекеттік селекциялық станциясының қорлары.
«Республика, Шығыс Қазақстан облысы және Бұқтырма өлкесінің аудандары, Серебрянск қ., Зырян қ. тарихы бойынша құжаттардың біріккен қоры», «революция және азаматтық соғыс ардагерлері, Кеңес өкіметінің белсенді қатысушылары, қызыл партизандар, Зырян қ., Серебрянск қ., Большенарым, Зырян, Катон-Қарағай, Самар аудандарының бірінші большевиктер, комсомол және пионерлер құжаттарының Біріккен қоры» Құжаттар коллекциялары белгілі бір қызығушылық тудырады.»
Архивте жеке текті 11 қор сақталуда.
Қор құрушылар арасында:
- ССРО журналистер Одағының мүшесі, өлкетанушы Вагайцев Д.М.;
- Денсаулық сақтау саласының үздігі, өлекетанушы, коллекционер, бақшашы, бірнеше газеттердің корреспонденті Вистриховский Р.Е.;
- Мектеп мұражайының ұйымдастарушысы, пионервожатый, еңбек пәнінің мұғалімі Денисенко Т.Д.
- Ұлы Отан соғысына қатасушы, жастар жұмысшы мектебінің директоры Еловицкий П.В.;
- Соцналистік Еңбек Ері, Зырян қорғасын – мырыш комбинатының директоры Еловицкий П.В.;
- Кәсіподақ қайраткері, Зырян қорғасын- мырыш комбнатының кәсіподақ төрағасы Ивенко В.П.;
- Өлкетанушы, фото-аңшы, жазушы-натуралист Лухтанов А.Г.;
- ШҚОММ Зырян филиалының мұрағатшысы, өлкетанушы, аудандық «Заря Востока», «Зыряновская Нива» газетінің штаттан тыс корреспонденті Шугаев В.Г.;
- Зырян қалалық Кеңестер депутатары еңбекшілерінің атқару комитетінің жауапты хатшысы- Л.А. Мозговая;
- Ұлы Отан соғысына қатысушы, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының қарулы күштері алғашқы ардагерлер ұйымының төрағасы- Ф.Ф. Урюмцев;
- Ақын, жазушы, журналист, Шығыс Қазақстан облыстық «Звено Алтая» әдебет бірлестігінің бұрынғы төрағасы, Ұлы Отан соғысына қатысушы- Егоров А.И.
- репрессияға ұшырағандардың бірлескен қоры- мектеп және балалар бақшасындағы неміс, орыс, қазақ тілдерінің мұғалімі- Е.А. Гильц.
Мемлекеттік архивте сақталған жеке қорлардың құжаттары баға жетпес қайнар көзі болып табылады, көрмелер, мектеп сабақтары, дәрістер, шығармашылық кештер, деректі фильмдер жасау кезінде жиі пайдаланылады.
Электрондық деректер базасы толықтырылуда, құжаттардың өшіп қалған мәтіндерін қалпына келтіру және аса құнды құжаттарды анықтау (01.01.2019 жылға 525 АҚҚ анықталды), фотоқұжаттар каталогы құрылуда, «Архивтік қор» АЖ деректер базасын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыс архивтері қызметінің басты бағыттарының бірі ҚР Ұлттық мұрағат қорын жинақтау, ведомстволық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау, мекемелердің іс жүргізуінде құжаттарды ұйымдастыру болып табылады. Мұрағат қоймаларында температуралық-ылғалдылық режимі сақталады.
01.01.2019 жылы архивте 779 қор, 334599 сақтау бірлігі бар, оның ішінде 157140 басқару құжаттары, жеке текті құжаттар – 2932 сақтау бірлігі, ғылыми-техникалық құжаттар-1130 сақтау бірлігі, 166960 сақтау бірлігі – жеке құрам бойынша құжаттар, фотоқұжаттар - 6375 сақтау бірлігі, фоноқұжаттар - 36 сақтау бірлігі, бейнеқұжаттар - 26 сақтау бірлігі, Картондалғаны- 153137- сақтау бірлігі.