Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Кітапханада өлкетануды оқу

2014 жылдың 11сәүірінде Зырян қаласының орталық кітапханасында соңғы жылдардан кейін бірінші рет өлкетану оқуы өткізілді. «Зырян ауданының КОС» КММ директоры Гончарова  Галина Владимировна  және кітапхана методисті  Шаменова Елена Николаевна осының  бастамашылары болды.

Шараның дайындығында және өткізуінде үлкен еңбекті көп қажет ететін жұмыстың алдын алды.  Кітапханашылар қажетті мағлұматтарды жинау үшін мемлекеттік мұрағатқа және жергілікті мұражайларға барды. Ауыл-аймақтардан көптеген мағлуматтарды жинай отырып, жергілікті тұрғындардың естеліктерін жазып, ауыл жылнамаларын қолданып, ауыл педагог – тарихшыларымен қатар жұмыс атқарылды. Кітапханашылардың үздік жұмыстары өлкетану оқуында ұсынылды.

Е.Н. Шаменова, шараны ашқан кезде, қатысушыларға өлкетану туралы әңгімелеп берді: «Өлкетану -  бұл ғылым, тарихты, табиғатты, мәдениетті, күнделікті өмір салтын, халық тілін, сонымен қатар кішігірім территориялы экономиканы зерттейді.  Бұл облыс, аудан, қала, ауыл  және  үлкен қаланың бір ауданы немесе бір көшесі де болуы мүмкін. 

Ғылым ретінде, өлкетану өзінің зерттеуші – ғалымынан деректердің нақтылы зерттеліп және сарапталып, белгісіз немесе ұмытылған құжаттардың іздестіру, сонымен қатар, өзіндік терең құштарлықты талап етеді.соның өзінде де, басқа бір ғылымдарға қарағанда, үлкен мөлшерде болмаса да арнайы дайындықсыз келген адамға қол жетімді. Өзен, көлдердің атауын, көрші қалалар мен ауылдардың атауларын әр кім біледі және де оның өткенін де айтып бере алады.

Адамның міндеті — осы сияқты білімді жинақтау, бізді қоршаған ортаға деген қызығушылық таныту. Азамат атына лайықты болу үшін әр кім өз қаласы, ауылы бойынша қашан құрылып, не себепті солай атанды, халқы қай жақтарынан әйгілі екені жайлы біліп, кішігірім экскурсия өткізе алуы керек. 

Осы кезден бастап адам өзінің жерде жатқан біреу емес, керісінше халқының өткені мен қатар болашақ ұрпаққа қалдырған ізі белгілі болады. Өлкетанудың еркшелігі сондай, онымен айналысқан адамдар ылғи дағы еш бір жұмыс жазылмаған немесе бар мағлұматтар ұмытылған  құбылыстармен, дертермен қақтығысады. Осыған орай, зерттеушілер өз қатарластарының арасында бірінші ашушы болады.

Біздің ел басымыз өзінің жыл сайынғы Жолдаунда: «Біз, қазақстандықтар, бірегей халықпыз! Және біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, біздің қадірлеуге тұрарлық  және ғұлама Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – бұл біздің жалпы қазақстандық үйіміздің мемлекеттік  идеясы, арғы аталарымыздың арманы» деп айтты.

 

 

Қазіргі таңда біз тұрған өз жерімізді, өмір сүріп жүрген елімізді, осы жерде өмір сүріп жүрген халықты сүйіп, қорғау керектігіміздің уақыты келді, өйткені біз біртұтаспыз.

Біз өзіміздің болашағымызды мықты негізде құруымыз керек. Сондай негіз  – бұл патриотизм. Біз осы тақырыпты, яғни мүмкін моральді негіз мықты болады ма десек те, одан басқа ойлап таба алмаймыз. Бұл өз тарихымыз бен ғұрыптарымызға, халқымыздың рухани байлығына, біздің мыңдаған жылдар бойғы мәдениетімізге және жүздеген адамдардың тіршілік еткендгінің тәжірибесіне сонымен қатар, Қазақстан территориясындағы тілге құрмет.  Өз еліне және оның болашағына деген үлкен жауапкершілік.

Патриотизм – бұл жай ғана әдемі сөздер емес. Патриотизм – бұл ең алдымен іс, өз Еліңе, Қазақстанға, халқыңа қызмет ету. Және осы жайлы ешқашан ұмытпауымыз керек». 

Өлкетану – бұл көпқырлы және түрлі есепті, оқуда әр түрлі зерттеу түрлері ұсынылған.

«Әдебиетті өлкетану» бөлімінде  - «Зырян ауданының КОС» КММ директоры Гончарова  Галина Владимировна  жергілікті  жазушы – өлкетанушы А. Лухтановтың өмірі мен шығармашылығы фотоохота жайлы әңгімелеп берді.  Мемлекеттік мұрағатта жеке құрам жазушының қайраткерлігін анықтайтын құжаттары бойынша қызықты электронды презентация жасалды.

«А. Лухтанов: «Біреулерге қызық болып көрінетін шығар, бірақта сыпайы мектеп ұстазы, өз өмірінің көптеген уақытын бақшада отырып, құрт-құмырсқалардың мінездерін зерттеуде отыратын – Фабраның мысалдары қызықтырады.  Фабраны барша ел таныды. Оған ұқсас зерттеушілер әр ауыл – аймақтарда, қалашықтарда да бар. Бұндай адамдарды коргендер күліп, мазақ етеді және оларды «өз елінен емес» дейді. Олар шет жақтардан шыққан күлкілерге құлақ аспай өз жұмыстарын әрі қарай жалғастырады. Біреуі ауылының тарихын жазады, екіншісі күн сайын ауа райын жазады, үшіншісі өз бақшасында селекциямен айналысады. Соған орай мен жануарлардың фото түсірілімімен айналысып, олардың қылықтарын зерттедім, күнделікте – барлық жергілікті өлкеміздің табиғаты жайлы жазылған».

«Зырян ауданының Беделді адамдары» циклінде «Үлкен істер шебері» доклады белгілі гидроқұрылысшы, Бұқтырма ГЭС-нің құрылысшысы Михаил Васильевич Инюшинға арналған,  Серебрянка қаласының № 3-ші  балалар филиалының бас кітапханашысы  Панкова Ирина Петровна ұсынды: «Бұқтырма ГЭС –нің құрылысы қиын жағдайларда жүргізілген:қыста  400С аяз болса, жазда өте ыстық болғанқұрылыс материалдарының жеткіліксіздігі, Ертіс өзенінің қарсыласқаны, шатырлар мен вагондардағы өмір. Көп жылғы тәжірибесі бар гидро құрысшы Инюшинаның тынышсыз шығармашылық ойларымен байланыстырылған. Оның басшылығымен Бұқтырма ГЭС-інің құрылысшылары көтеген ұсыныстарды өңделіп, жүзеге асырылды. Екі түпкі ой қажетті әрі бағалы болды: көпір құрылысын қолданбай – ақ  Ертісті бөгеу және қатты бетонды қолданудың жаңа бетондау экономикалық тәсілін қолдану».

«Туған жердің жылнамасы» бағытына «Бұқтырма ГЭС-нің тарихы» тақырыбы бойынша Серебрянск қаласының кітапхана меңгерушісі  Шупанова Ольга Владимировна мәліметтерді ұсынды: «Бұқтырма ГЭС-інің энергиясын іске қосқаннан кейін, түрлі- түсті металдарды өңдеу мөлшері еселенді, Шығыс Қазақстан қалаларында ғана емес сонымен қатар, басқа да республикамыздың аумақтарында және Алтай өңірінде фабрикалар мен зауттар салына басталды».

Бородино ауылының кітапханашысы В.К. Машибаева Бородино ауылы бойынша тарихи мәліметтерді тыңдаушылардың назарына ұсынды: «Бородино ауылының аталуына байланысты тарихы өте қызықты. Бірнеше шаруалар жанұялары астық егу үшін ыңғайлы жерлерді қарастырып, өз алдарында Черемшанка өзенінің қасында орналасты. Жергілікті билік өкілдері  бұған қарсы тұрмақшы болып, шаруашылықтарын да бұзбақшы болған еді. Шаруалар өздері таңдап алған жерлерін бергілері келмей қарсылықтарын танытты. 1818 жылы аймақтың жерлері енгізілген Колывано-Воскресенских заводтарының басшысына олар  Иван Рыжковты  басты етіп елшімен бірге Барнауылға жіберді. Мүмкін олар өлкені және оның қажеттліктерін жақсы білетін, бұрынғы Зырян қайнарының жасауылы, П.К. Фролова басшысына үміт еткен шығар. Сондықтан ол шаруалардың қалаулары бойынша жаңа аулға ел кіргізуге рұқсат етті, алайда аылдың «Германка» атты атауын, 15 км. қашықтықта Ертіс өзенінің жағалауында дәп сондай атты казақ бекінісі орналасқандықтан, болдырмады және елшілердің үлкен қызыл түсті сақалдарына қарап, жаңа кентті Бородински етіп атауға әмір етті. Жақында Напалеонмен шешуші шайқас өткен, Мәскеу жанындағы Бородино ауылы туралы сыбыс, осы жағдайда өзінің маңызды рөлін ойнағанына күмән жоқ».

 

 

 Зырян ауданы Тұрғысын ауылының ескі діншілер жайлы Тұрғысын ауылының кітапханашысы А.Ю. Токмашева былай деп айтады: «Тұрғысындықтардың көбі ескі дәстүрлілер болатын. Өздерінің діндеріне өзге діншілерді де қабылдайтын. Ескідіншілердің дінің қабылдаған адам кержаққа да үйлене алатын, сонымен отбасының бтең құқылы мүшесі болады. Бір үстелдің басында отырып бір шыныаяқпен қолдана алатын. Өзгедіншілерді кержақтар менсінбейтін».

Ауылдың байырғы адамдары және олардың еске түсіргендері жайлы ақпаратты Зырян қаласының Орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Л.Н. Еськова «Бізге 43 жылдары төс белгіні,  ал күәліктерді 45 жылы ғана береді» атты баяндамасында былай деп ұсынады: Мен Средигорное ауылының тұрғыны А.А. Новикованың сөзінен, 1943-1944 жылдарының жазында, сол кезде ол комсамолды комсамолдық ұйымның хатшысымен бірге Зырян қаласынан Өскеменге жібергенін жаздым. Оны бұл сапарға ауылдың бүкіл тұрғындары жиналып, шығарып салды – оның үстінде қызыл түсті жейде, қара юбка болатын. Шашы болса – қара, жуан...  Онда А.А. Новикованы сүдігерді соқалағаны үшін Мақтау грамотасымен марапаттаған еді. 1945 жылдары кіші сіңлісі екеуі «1941-1945 жылдары Айбынды еңбек үшін» төс белгілерімен марапатталды. Ол кезде сіңлісіне 15, Аннаның өзіне 20 жас болатын. Бала кезін- ақ трактордың прицебінде жұмыс істеген».

Қазіргі заманның қоғамында Отанымыздың өткен тарихы және мәдениет өміріне деген қызығушылық артып келеді. Өлкеміздің тарихын білім беру ұйымдарының түлектері жақсы білулері тиіс, бұл олардың жалпы өмір жайлы білімдерінің берік негізі болып келеді. Мектеп бағдарламаларын жетік біле отырып, туған елді мекенінің тарихын білмеген адамды білімдарлы деп айтуға қиын. Адамдарды еліміздің тарихына және мәдениетіне белсенді және шығармашылық машықтау нысаны, оның өзінің кіші отанының тарихын зерттеу болып келеді. Өлкетану арқылы өсіп келе жатқан ұрпағымыздың бойында патриотизм, рухтандырушылық және азаматшылықтың сезімдеті тәрбиеленеді.   

 

 

Балалық шақ – адамдағы барлық өнегеліктік негізі пайда болатын өмірдің ұлы кезеңі. Нағыз бұл уақытта негізінде отандық тарих және ұлттық мұраға қатысуы жақтан, тұлғаның қарқынды дамуы өтеді. Бұл кезеңде баланың өз халқымен байланыстыратын сезімдері, мінез құлқы дами бастайды. Бұл байланыстың тамыры- табиғи болып келетін оқиғаларда, еңбек пен ерлікте, туған өлкесінің тарихында, өзі өмір сүретін болмысының егжей – тегжейлерінде, ғұрпында және адамдардың салтында.

Оқушылардың арасында жаңа идеяларды, жобаларды белсенді түрде қолдап, әлі де ашылмаған, беймәлім нәрселерді табуға ұмтылған оқушылар болды және әр қашан да болады. Біздің, ересектер ретінде балалардың белсенділіктерін дұрыс жолға салуымыз өте маңызды. Оның ішіндегі бір бағыты өлкетану болып келеді. Осы қызықты жұмысқа оқушыларды кеңінен еліктіру мақсатында, тарих мұғалімдерін, сынып жетекшілерін өлкетану оқуларына қатысуға шақырамыз. 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru